92
-
жолды безендіру оқушылардың
зейінін тұрақтандырады,
өзінің ашықтығы, қайталанбайтындығы арқылы жол адам-
ды қызықтырады; мұндай жолдар көбінесе оригиналды,
динамикалық өрнекті бейнелейді;
- безендіру элементтерінің көзге түсуі тек қана зейінді аударып
қана қоймай, сонымен қатар оны ұйымдастырады;
- вертикаль өлшенбейтін, шексіз,
жеңіл ретінде қабылданады;
- егер вертикаль төменгі бөлікті толықтырса немесе горизон-
таль негізінде тұрса, онда мүмкіндігінше тұрақты ретінде
қабылданады;
- горизонталь сенімділікпен, тұрақтылықпен ерекшеленеді;
- диагональ динамиканы, қозғалысты, дамуды белгілейді;
- нақты горизонтал мен вертикальда
құрастырылған композиция
тұрақтылыққа, статистикалық, мерекеге ұмтылдырады;
- диагоналға негізделетін композиция, қозғалысты, өзгерісті,
тұрақсыздықты бейнелейді;
- горизонталь вертикальға қарағанда композиция негізделген,
ауыр салмақты болып көрінеді.
Компьютерлік шрифтер каталогына енгізілген арнайы белгі-
символдар безендіру арсеналын кеңейтеді:
шартты белгілер,
бағыттауыштар, телефондар, крест жəне жарты ай, ойын картала-
рын, өрнек фрагментін белгілеу. Білім беру мультимедиа-ресурс-
тары дизайнында екі қарама-қарсы тенденцияны ерекшелеуге бо-
лады: безендіруді қолданудан толықтай бас тарту жəне оларды
артық қолдану. Біріншісі жəне екіншісі оқушылардың материалды
қабылдауын қиындатады. Мұндай безендіру түрінің ерекшелігі,
арнайы мағыналық ауыртпалыққа ие, мұның бəрі композициядағы
мағыналық байланыстың бұзылуына əкеліп тірейді.
Графикалық дизайнның белгілік табиғаты əмбебап. Бірақ ол
қолданылу саласына тəуелді модифацяланады. Оның қызметінің
принциптерін оқып-үйрену, сонымен қатар элементтер, олардың
заңдылықтарын кешенге біріктіру арасындағы байланысты тал-
дау жəне аяқталған шығарма білім беру мультимедиа-ресурсында
дайындаушылардың кəсіби қалыптасуы үшін қажет.
Білім беру мультимедиа-ресурстары интерфейсін жоспарлау мен
құруда жүйелік тəсілді қолдану жалпы орта білім беру жүйесінде
оқу үрдісінің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді,
оқушыларға
психологиялық жағдай құру. Мұның барлығы оқыту жəне тəрбиелеу
үрдісінің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.
93
3-тарау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Əртүрлі типтегі ақпаратпен жұмыс жасаудағы адам мен компьютердің
қарым-қатынасы қандай ерекшеліктері мен артықшылықтары бар?
2. Оқушыларды оқыту үдерісінде мультимедиа ресурстарды қолданудың
психологиялық артықшылықтарын атаңыз.
3.
Компьютермен жəне мультимедиа-ресурстармен қарым-қатынасы
үрдісінде оқушылардың ойлау стилі қалай қалыптасады?
4.
Мультимедиа-технологияларды қолдану қандай жағдайда оқыту
тиімділігін арттыруға əсер етеді, қандай жағдайда – жоқ?
5.
Оқушыларды оқытуда мультимедиа-технологияларды қолданудың
төрт бағытын атаңыз жəне сипаттаңыз.
6.
Мотив дегеніміз не? Оқушылардың оқуға мотивациясы қалай
қалыптасады?
7.
Оқушылардың мотивациясын арттыруда мултимедиа-ресурстар
қандай рөл атқарады? Жауапты негіздеңіз.
8.
Оқушылардың мотивациясын арттыруда
мултимедиа-ресурстарды
дайындау мен қолдануда нені ескеру қажет?
9.
Оқушыларды оқытудың дəстүрлі сынып-сабақ жүйесінің
артықшылығы мен кемшілігін атаңыз.
10.
Мультимедиа-технологияны қолдану жағдайында дəстүрлі мек-
теп сабақтары қалай жүргізіледі? Мұндай сабақтар қандай
артықшылықтарға ие?
11.
Мультимедиа-ресурстар интерфейсін қалыпастыруда қандай
ережелерді ұстану қажет?
12. Мультимедиа-ресурстар дизайнына мысал келтіріңіз. Мультиедиа-
ресурстар интерфейстерін оңтайландыратын элементтеріне назар
аударыңыз.
13. Кестенің қандай түрлерін білесіз? Білім беру мультимедиа-ресурс-
тарды қалыптастыру үшін қандай жағдайда кесте қолданылады?
14. Білім беру мультимедиа-ресурстарында қолданылатын сізге танымал
анимация эффектілерін сипаттаңыз. Анимация не үшін қолданылады?
94
4-ТАРАУ ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАНЫ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ƏДІСТЕРІ
4.1 Оқушылардың мультимедиа ерекшеліктерін
оқып-үйренуі
Көп жағдайда мультимедиа оқыту
құралынан оқу обьектісіне
айналуда. Осыған қарамастан оқушылар мультимедианы емес
оның жасалу ерекшеліктерін, қолданылған ресурстарын əртүрлі
жинақталған ақпараттарды меңгереді. Ереже бойынша, мұндай
оқыту мектептегі информатик курстарында жəне информатика жəне
қатынастық технологияларында қарастырылады. Осындай оқыту
əдістерінің мүмкін деген этаптарын қарастырамыз.
Мультимедияны оқыту үшін оның ақпараттары жəне
ерекшеліктерінен бастау керек екені белгілі.
Ақпарат (латын тілінен аударғанда «infarmatio»-мазмұндау,
білу) – бұл “химиялық зат”, «энергия»сөздерімен қатар тұра алатын
қазіргі ғылымның ең басты түсінігі. «Ақпаратты» түсіну үшін ең ба-
сты 3 интерпретация бар.
Ғылыми интерпретация. Ақпарат-бастапқы жалпы ғылыми са-
нат, ұғымдардың құрылымын жəне оны тану əдістерін оңай түсіну.
Абстрактілі интерпретация. Ақпарат-кейбір символдардың
тізбектілігі, сондай-ақ орындаушыларға бірге жəне бөлек жүктелетін
жүктелімдер.
Қазіргі кезде ақпарат термині терең жəне көп мағыналы. Көбіне
ол əртүрлі салаларда əртүрлі мағынаға ие:
- күнделікті өмірде адамдар қоршаған ортада болып жатқан
əрекеттер деп немесе кез келген арнайы құрылғылар деп
түсінеді.
- техникада ақпаратты хабалама ретінде немесе белгі, сигнал
деп түсінеді.
- ақпарат теориясында маңыздысы кез келген мəлімет емес,
белгісіздікті азайтатын мəлімет.
- кибернетика саласында Винердің айтуы бойынша, ақпарат-
ориентир
жасауға қолданылатын, белсенді əрекет, сақтау
мақсатымен, шарықтау шегіне жету, дамудағы білімнің бір
бөлігі.
- хабарлама теориясы бойынша бұл – ашылулар мəліметі деп
түсіндіреді.