Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет24/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   113

74
оқушы босайды да, яғни есепті шешу алгоритмі тек қана компью-
терге «белгілі», мұндай жағдайда оқушы есептің шешу тəсілін 
іздеу үдерісінде кездесетін көптеген шығармашылық кезеңдерден 
өтпейді, бұдан шығармашылық іс-əрекетінің тəжірибесінің маңызды 
компоненттерін меңгермейді.
Сондықтан жалпы орта білім беруде қазіргі ақпараттық техноло-
гияларды жəне мультимедиа-ресурстарын пайдалана отырып, адам 
мен компьютердің интербелсенді өзара əрекетінің «шығармашылық» 
деңгейі адамның интеллектуалдық деңгейі мен мазмұнымен 
анықталады.  Бұдан адам мен мультимедиа-ресурстарды біріктіретін 
өзара əрекеттің негізінде тұлғалық білім жүйесі жататындығын 
білдіреді.
Оқу іс-əрекетінде оқушылардың белсенділігі мен өз 
бетімен жұмыс істеу қабілетінің артуы көп жағдайда оларда 
мультимедиа-ресурстарының тартымдылық жəне функционалдық 
мүмкіндіктері салдарынан туындайтын компьютерге деген 
тікелей қызығушылықтың бар болуымен байланыстырылады. Алай-
да, мұндай қызығушылықтың болуы əр кезде де болашақта оқу 
іс-əрекетіндегі шынайы мақсатқа жету құралы ретінде компью-
терге деген жанама қызығушылықтың қалыптасуына кепіл бере ал-
майды. 
Бұл жағдайда, негізінен, барлық тірі ағзаларға тəн күшті үнемдеу 
қағидасы орын алады: Интернет желісінен жүктелген дайын жоба-
лар, рефераттар, курстық жұмыстар жəне т.б. мультимедиа-ресурс-
тар мектепте үйреншікті жағдайға айналды.
Жалпы білім беретін жоспарда маңыздылығы төменірек топтық 
жəне жеке жобаларды даярлау кезінде мультимедиа-ресурстарын 
шамадан тыс көп қолдану белгілі бір қауіп төндіреді. 
Ал, енді, кейбіреулер үшін компьютер жай ғана қызықты 
ойыншық ретінде қабылдануы мүмкін, бұл кезде оқыту үдерісінде 
жиі кездесетін «ойынға тойған» оқушыларды да еске алуға болады.
Компьютер мен мультимедиа-ресурстары оқушыларды 
қалыптастыру мен дамытудың (тұлға ретінде; таным, практикалық 
іс-əрекет, қарым-қатынас субъектісі ретінде) қуатты құралы болуы-
мен қатар, керісінше, шаблондық ойлау, іс-əрекетке деген формаль-
ды жəне ықылассыз қарым-қатынасты қалыптастыруы мүмкін.
Сондықтан да жалпы орта білім беруде мультимедиа-
ресурстарының келешегін қарастырған кезде пəндік оқытудың рөлі 
де, өз пəнін жақсы білетін жəне оқушыларының оқу-танымдық іс-


75
əрекеттерін дамытуды басқара алатын мұғалімнің рөлі де төмен 
түсірілмеуі керек. Тек мұғалімді одақтас етіп, оны қарапайым мектеп 
сабағында қолдануға болатын арнайы мультимедиа-ресурстарымен, 
оларды қолдану əдістемесімен қаруландырып қана педагогикалық 
технологиялардың жаңа технологиялық негізінде ойдағыдай дамуға 
үміттенуге болады.
Оқушыларды оқыту үдерісінде мультимедиа технологияларын 
қолдану əдетте төрт негізгі бағытта қарастырылады:

 
компьютер мен мультимедиа технологиялары зерттеу 
объектілері ретінде;
-  компьютер мен мультимедиа технологиялары оқу ақпаратын 
бейнелеу, сақтау жəне өңдеу объектілері ретінде;
-    компьютер оқушылардың өзара оқу əрекеттестігін ұйымдастыру 
құрылы ретінде;
- компьютер оқушылардың оқу іс-əрекетін басқару құралы 
ретінде.
Мультимедиа əр түрлі ақпаратты бейнелеу формасы ретінде 
оқу іс-əрекетін ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Мульти-
медиа-ресурстар визуалдық формада көрсетілген ақпарат бөлігін 
кеңейтумен байланысты мұғалімдерге оқу материалын (түрлі-
түсті динамикалық иллюстрациялар, дыбыстық сүйемелдеу, «тірі» 
сабақтар үзінділері жəне т.б.) ұсынудың жаңа мүмкіндіктерін аша-
ды. Ақпаратты алу, сақтау жəне өңдеудің электрондық тəсілдері оқу 
іс-əрекетінің жаңа түрлерін береді (оқу сайттарын жасау, сөздіктер, 
анықтамалықтар жəне т.б. құрастыру). Мектептер мен жекеле-
ген мұғалімдердің дайын мультимедиа-ресурстардың көмегімен 
электрондық кітапханалар, əр түрлі дидактикалық материалдарды 
автоматтандырылған құрастырулар жасау мүмкіндіктері пайда бо-
лады.
Сабақ барысында мультимедиа-ресурстарды қолдану арқылы 
мұғалім оқушылармен өзара оқу əрекеттестік формаларын икемді 
ауыстыруға (фронтальдық, топтық жəне жекелей формалардың ауы-
сымы; оқушының танымдық стилін ескеру негізінде оқытуды 
жекелендіру, оқушыға жеке жұмыс жасауға мүмкіндік беру жəне 
т.б.)   сонымен қатар, оқушылардың өзара оқу əрекеттестігінің жаңа 
формаларын қолдануға мүмкіндік алады.
Мектеп тəжірибесінде топтық жобалар сияқты өзара оқу 
əрекеттестігін ұйымдастыру формалары кеңінен қолданылып 
жүргені кездейсоқ емес. Топтық жобаларды жасау барысында 


76
ғаламдыққ желілер мүмкіндіктері, электрондық конференцияларға 
ұжымдық қатысу, рефераттар мен баяндамалар даярлау үшін 
мультимедиа-ресурстарын іздеу, презентациялар жəне т.б. жасау 
қолданылады. Мысалы, мұғалім өзінің қалауы бойынша жекелеген 
оқушылар, оқушылар топтары, аралас сыныптар арасында компью-
термен жанама қарым-қатынас негізінде тапсырмаларды ұжымдық 
орындауға арналған сюжетті-рөлдік ойындарды ұйымдастыра алады. 
Интербелсенді тақтаны қолдану мұғалімге жұмыстың фронталдық 
формаларын мүмкіндігінше интенсивтендіруге (қарқындатуға) жəне 
оларды неғұрлым тиімді етуге көмектеседі. Осының барлығы оқу 
үдерісінің эмоционалдық құраушысын күшейтеді, оқушылардың 
ізденіс іс-əрекетін жаңаша ынталандыруға жəне белсенді етуге 
мүмкіндік туғызады, оны оқушыларға тартымды етеді. 
3.2 Мультимедианы пайдалануда оқытудың 
педагогикалық тиімділігін арттыру
Ғылыми жəне оқу-əдістемелік жарияланымдарда оқу-танымдық 
іс-əрекеттерді басқарудың дəлелді мысалдары неғұрлым жиі 
сипатталады (жаңа материалды мазмұндау кезеңінде назар-
ды белсендіруге бағытталған жедел бақылау; меңгерілген білім, 
білік жəне дағдыларды қайталау жəне бекіту кезеңінде компью-
термен интербелсенді өзара əрекеттестік; аралық кезеңдердегі 
ағымдық бақылау жəне қол жеткізілген нəтижелердің қорытынды 
бақылауы; оқу үдерісінің өзін түзетумен қатар оқу материалын қайта 
құрылымдау жəне мөлшерлеу негізінде оның нəтижелеріне түзету 
енгізу).
Жалпы орта жүйе үшін мультимедиа-ресурстарын құру 
жəне оларды практикалық қолданудың принципиалдық сұрағы 
оқушылардың маңызды қажеттіліктеріне негізделген позитивті мо-
тивтер құруға арналған сəйкес əдістеменің мақсаттылығы болып 
табылады. Тек оқушылардың мультимедиа-ресурстарын қолдануға 
деген мотивациялары жоғары болған жағдайда ғана осындай ресур-
старды мақсатты қолдануға нəтижелі оқыту мүмкін болады. Муль-
тимедиа-ресурстармен жұмыс істеу тəсілдерін оқыту сипаттамасын 
анықтау үшін  оқушылардың мультимедиа-ақпаратпен жұмыс істеу 
барысындағы тəртіп мотивацияларының ерекшелігін қарастыру 
қажет. 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау