68
Білім саласында қолданылатын телекоммуникациялық құралдар –
білімді ақпараттандыру құралы ретінде жəне телекоммуникациондық
желілерде ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін құрал ретінде. Білім
саласында қолданылатын телекоммуникациялық құралдар деп
отырғанымыз, серверлер, жұмыстық станциялар, желілер немесе
маршрутизаторлар жəне де арнаулы программалы қамсыздандыру
жəне ақпараттық толықтыруларсыз толық мүмкіндікті білім сала-
сында ақпарат алмасу мүмкін болмас еді.
Телекоммуникация құралдар қолдану арқасында білім саласы-
на электрондық пошта, телеконференциялар, ақпаратқа жойылған
рұқсат алу жəне басқалар сияқты əйгілі телекоммуникациялық сер-
вистер өтіп кеткен, олардың рөлі мен мүмкіндіктері келесі бөлімде
баяндалады.
2-тарау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Білімнің əртүрлі жылдарында ақпараттандырудың қандай техникалық
құралдары қолданылды?
2. Білімді ақпараттандыру құралдарының негізгі түрлерін атаңдар.
3. Білімге қарқынды енуі есептеу машинасының қандай типімен бай-
ланысты?
4. «Дербес» категориясына жатқызу үшін компьютерге қандай сипатта-
ма беруге болады?
5. Дербес компьютерлердің қандай сапасы білімді ақпараттандырудың
артықшылығын қамтамасыз етеді?
6. Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету дегеніміз не?
7.
Дербес компьютерлерді бағдарламалық қамтамасыз ету неден
тұрады?
8. Компьютердің аппараттық платформасы қандай болады? Аппараттық
платформаға мысалдар келтіріңдер.
9. Білім саласында қолданылатын дербес компьютерлер белгілеріне
қандай критериилер жеткілікті?
10. Компьютердің шалғай құрылғылары дегеніміз не?
11. Ақпараттардың түрлері (типтері) бойынша классификация негіздеріне
қандай критерийлер жатады?
12. Ассоциативтік ақпарат дегеніміз не?
13. Түзу ақпарат дегеніміз не?
14. Ақпараттың қандай түрлерін білесіңдер? Мысалдар келтіріңдер.
15.
Мультимедиа дегеніміз не? Мультимедиа құралдарын баяндап
беріңдер.
69
16. Мультимедиа термині неліктен көпмағыналы болып келеді?
17. Білім жүйесінің көзқарасы бойынша мультимедианың қандай
мүмкіндіктері маңызды?
18. Мультимедианы қолдану неліктен оқытудың сапасын көтереді?
19. Оқу үдерісіне мультимедиа құралдарын қолдану қалай əсер етеді?
Жауаптарыңды дəлелдеңдер.
20. Безендірілу түсінігін анықтаңыздар жəне мультимедиа жүйесіндегі
оның рөлін түсіндіріңіздер.
21. Интербелсенді дегеніміз не?
22. Білім саласында мультимедианы қолдануға мысал келтіріңдер.
23. Мультимедиа оқу үдерісінің қандай аспектілеріне оң əсер етеді?
24. «Виртуалды шындық» дегеніміз не?
25. «Виртуалды шындық» жүйесін мультимедиа құралдарына жатқызуға
бола ма?
26. Білімде «виртуалды шындық» жүйесін қолданудың мүмкін бағыттары
мен ерекшеліктерін атаңдар.
27. Адаммен қолданылатын ақпаратты алмастыру құралдарын атаңдар.
28. Компьютерлік желі дегеніміз не?
29. Телеқатынастық желі дегеніміз не?
30. Телеқатынастық желінің қандай түрлерін білесіңдер?
31. Ақпаратты алмастыру моделін түсіндіріңіздер.
32. Байланыс арнасы дегеніміз не?
33. Коммутация арналарының коммутация пакеттерінен айырмашылығы
қандай?
34. Бағыттауыш дегеніміз не?
35. Коммуникацияның ашықтығын қалай түсінесіз?
36.
Орталандырылған жəне бірыңғай желілердің айырмашылығы
қандай?
37. Сервер қандай функцияларды орындайды?
38. Ақпараттарды алмастыру хаттамасы дегеніміз не?
39. Интернет ауқымды желілер негіздеріне қандай принциптер жатады?
40.
Білім саласы телекомуникациялық құралдарды қолдануда қандай
мүмкіндіктерге қол жеткізді? Білім саласында қолданылатын
телекомуникациялық құралдар қандай? Мысалдар келтіріңдер.
70
3-ТАРАУ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕ МУЛЬТИМЕДИА
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Мұғалімдер мен оқушылардың мультимедиа
құралдарымен жұмысының психологиялық қырлары
Мектеп оқушыларын оқытуда мультимедиа технологияла-
рын пайдалану психологиялық жəне педагогикалық тұрғысынан
маңызды бірнеше мəселелерді туындатады. Мұндай аспектілердің
бірі мұғалімдер мен оқушылардың мультимедиалық ресурстар мен
компьютерлік техникамен қарым-қатынасының психологиялық
қырларын анықтауда болып табылады.
Философияда жəне психологияда адамның іс-əрекетінде өңдеуші
құралдарды пайдалануын, адамның дамуының негізгі шарттары
жəне көрсеткiшінiң бiрi деп есептейдi.
Іс-əрекет құралдарын жетілдіру, оның мамандануы, шаблондық
операцияларға бөлінуі жəне олардың əрі қарай автоматтануы
жəне т.б., сонымен қатар онымен байланысты еңбекті бөлу адам
өркениетін дамыту деңгейінің маңызды жəне айқындаушы сипатта-
малары болып табылады.
Дəл осы үдерістер еңбектің өнімділігін арттыруға, өнімнің
шығарылымын көбейтуге, оның сапасын жақсартуға, өзіндік
құнының төмендеуіне жəне т.б белгілейді. Генетикалық іс-əрекет
бастапқы формалары, субъекттің іс-əрекеті іс-əрекет құрылымы ту-
ралы біртұтас түсінікті құрайды, оған қатысты əрекеттер мен опера-
цияларды орындай алады.
Бұл тұтастықты мамандандыру жəне автоматтандыру
бөлшектейді, субъект өздері орындаған жеке əрекеттер нəтижесінде
саналы түсінеді жəне іс-əрекетті бақылайды. Сондықтан кез кел-
ген өндірістік саланы автоматтандыру жағдайында бірқатар
жұмысшылардың шығармашылық еңбегінің үлесін арттыру басқа
жұмысшылар орындайтын жаңа іс-əрекет түрінің пайда болуымен
сүйемелденеді.
Адамның ақыл-ой іс-əрекетін автоматтандыру ұзақ уақыт біраз
ауқымды болды. Ежелгі Грецияда жəне Римде, арифметикалық
есептеулер үшін қолданылған Абак XVIII ғасырға дейін батыс
Европада пайдаланылды. Өткен ғасырда пайда болған электрон-
Достарыңызбен бөлісу: |