52
2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша білім басқармаларының
деректеріне сәйкес республикада 31 725 жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар (2014 жылы - 32362) тіркелген
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
орналастырудың жыл сайынғы мониторингі аталған санаттағы балаларды орнын
басатын отбасыларға тәрбиеге беру оларды орналастырудың басым формасы
болып табылатындығын көрсетті.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
жалпы санынан 21 803-і қазақстандық отбасыларда қорғаншылық пен
қамқоршылықта (в 2013 ж.- 21350), 1731-і – патронаттық тәрбиеде (в 2013 г. -
1820), 8 191 – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған ұйымдарда (2013 жылы - 9192) тәрбиеленуде.
Жетім балаларға арналған ұйымдарда қабілеттіліктерін жан-жақты
дамытуға, оларды үйірмелер, спорттық, техникалық, көркем-эстетикалық,
экологиялық-биологиялық
бағыттағы
секциялардың
жұмысы
арқылы
әлеуметтендіру үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Барлық мекемелер педагогикалық мамандармен толықтай қамтылған.
2008 жылдан бастап Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған ұйымдары директорыларының республикалық кеңесі
жұмыс істейді. 2015 жылы Кеңестің екі көшпелі отырысы Қостанай және
Жамбыл облыстарында өткізілді.
Кеңестің қызметі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды тәрбиелеудің отбасылық формаларын дамыту саласында балалар
интернаттық мекемелердің барлық әлеуметтік институттармен өзара қатынасын
кеңейтуге және нығайтуға мүмкіндік берді.
Қамқоршылыққа және тәрбиеге балаларды қабылдайтын мемлекеттік
мекемелер санының төмендеу үрдісі белгіленді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарының желісі 2014 жылғы қазаннан бастап кезеңде
8 бірлікке қысқарды (2013 ж. - 188).
Қорғаншылық және қамқоршылық органдарында 346 қызметкерлер, оның
ішінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі 256 маман мен 90 әдіскер
жұмыс істейді.
Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жоспарлы жұмысының
нәтижесінде 2015 жылы 2 322 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалар анықталды.
Оның ішінде 1858 – тірі ата-аналары бар әлеуметтік жетімдер.
Бұрынғысынша, әлеуметтік жетімдіктің негізгі себептері ата-ана құқығын
айыру, ата-ана құқығын шектеу, ата-аналардың тәрбиелеуден, оқытудан және
бағудан бас тартуы, ата-аналардың бас бостандығынан айыру орындарында
болу, ата-аналардың асырап-алуға келісім беруі болып табылады. Ата-аналық
құқықты айыру, баланы туыстарынан оқшаулау бұрынғыша оны қорғаудың
жалғыз шарасы болып табылады.
Ата-аналардың қайтыс болу себебі бойынша 464 бала анықталды.
53
2014 жылғы қазаннан бастап кезеңде балалар үйлері мен сәбилер үйлерінен
отбасыға 2077 бала тәрбиеге берілді, бұл жалпы тәрбиеленушілердің санынан
22,5% құрады (2013 жылы - 21,7%), оның ішінде қорғаншылыққа
(қамқоршылыққа) - 528, патронатқа- 207, асырап алуға - 332, туған
отбасыларына – 1010 бала қайтарылды.
Дағдарыстың алғашқы сатындағы отбасылармен жұмыс балалардың туған
отбасыларын сақтауға және қолайсыз отбасыларда тұратын балалардың санын
азайтуға мүмкіндік береді.
Білім
және
ғылым
министрінің
2015
жылғы
5
мамырдағы
№220 бұйрығымен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының
жанындағы қиын өмір жағдайындағы балалардың ата-аналарына отбасы
қолайсыздығының профилактикасы бойынша әлеуметтік және психологиялық
көмек көрсету қызметтерінің жұмысын регламенттеу бойынша әдістемелік
ұсынымдар бекітілді.
2015 жылы қазақстандық азаматтар 1041 баланы, шетелдік азаматтар 34
баланы асырап алды.
Балалардың туған елінде өмір сүру мен тәрбиеленуге құқығын қорғай
отырып, ҚР азаматтарының өз отбасыларына баланы асырап алу мүмкіндігін
іске асыруға жағдай жасай отырып, заңнамалық тұрғыда қазақстандық
азаматтардың бала асырап алу процедураларын жүргізуге айырықша басым
құқық бекітілді. Шетелдік азаматтарға балаларды асырап алуға, егер балаларды
Қазақстан азаматтарының отбасыларына беруге немесе туыстарымен асырап алу
мүмкіндігі болмаған жағдайда беріледі.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау бойынша шаралар
жүйесінің маңызды жасаушысы бұл қызметті материалдық ынталандыру болып
табылады.
2015 жылғы қаңтардан бастап жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған адамдарға 75 АЕК мөлшерінде
(148 650 тенге) біржолғы мемлекеттік жәрдемақы төленуде.
Сонымен бірге, қорғаншылар мен қамқоршыларға баланы ай сайын күтіп-
бағуға 10 АЕК мөлшерінде, патронаттық тәрбиешілерге 9-10 АЕК мөлшерде
жәрдемақылар мен тәрбиешіге біліміне еңбек өтіліне сәйкес еңбекақы төленеді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
орналастырудың отбасылық нысандарын насихаттау мақсатында, бірнеше жыл
қатарынан «Анашым мені тапшы» акциясы «Ризашылық – Доброта во благо
детям...!», «Қуан, сәби», «Қамқоршы күні» республикалық қайырымдылық
мерекелері өткізіледі.
«Ұлағатты жанұя» ҚҚ, «Үйге жол» телевизиялық хабарлары эфирге
шығуының арқасында орналастыруға мұқтаж балалар туралы ақпарат алатын
адамдардың аясы елеулі түрде кеңейді, бір жылдан аса ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеп жатқан отбасының оң тәжірибесі
насихатталуда.
Республика азаматтарын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
отбасыға қабылдау жаңдайлары туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүзеге