59
0
5000
2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 9 ай
2014
9 ай
2015
4424 4274
3937
3297 3302 3241
4532
3875 3523
2704
776 1010
Кәмелетке толмағандар арасында құқыққа қайшы көріністер фактілерін
уақтылы анықтау және жолын кесу мақсатында ІІМ Кәмелетке толмағандардың
арасындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл және жас қылмыстық
топтардың қызметін жолын кесу жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған
бірлескен жедел-іздестіру және жедел-профилактикалық іс-шаралар жоспарын
іске асыруда.
Осы жоспар шеңберінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстарды
анықтау және жолын кесу, бопсалау және ақшалай қаражат жинау фактілерін
анықтау бойынша ІІМ бөліністері арасында жедел маңызды ақпаратпен алмасу
жүзеге асырылуда.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық қауіпсіздік бойынша
бөліністердің едәуір тәжірибелі қызметкерлерінің қатарынан тұрақты жұмыс
істейтін жұмыс топтары құрылды.
Кәмелетке толмағандар арасында алдын ала құқық бұзушылықтардың
алдын алу, сондай-ақ республикада жасөспірімдер қылмысының жай-күйіне
ықпал ету мақсатында
«
Жасөспірім», «Түлектер кеші» және «Каникул» жедел-
профилактикалық іс-шаралары және«Балалар түнгі уақытта»,
«Жасөспірім-Заң-
Қауіпсіздік», «Еңбекпен қамту», «Мен және менің полицейім» акциялары
өткізілуде.
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде ағымдағы жылы ІІО-ға 83 мың кәмелетке
толмаған, оның ішінде 67 мыңы - әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін
жеткізілді.
Сондай-ақ, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 5 мыңнан
астам жасөспірім қараусыз және панасыз қалғаны үшін жеткізілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық
мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін ағымдағы жылы
әкімшілік жауапкершілікке шамамен 45 мың ата-ана немесе заңды өкілі
тартылған.
Ағымдағы жылғы 9 айда полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік
органдармен бірлесіп, құқықтық тақырыптарда, оның ішінде балалардың
құқықтарын қорғау жөніндегі заңнаманы түсіндіруге бағытталған 83 мыңнан
астам
(2014 жылы – 80 мың)
сөз сөйлеу өткізген, оның ішінде 78 мыңнан астам
(2014 жылы – 75 мың)
– оқу мекемелерінде және 4 мыңнан астам
(2014 жылы – 4,2
мың)
– БАҚ-та.
60
Жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандардың тарапынан құқық
бұзушылықтардың алдын алу, ішкі істер органдарының есептерінде тұрған
жасөспірімдерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы
маусымда «Жұмыспен қамту» акциясы өткізілді.
Акция барысында бос уақытын ұйымдастыратын түрлі нысандарға
800 мыңнан астам кәмелетке толмаған тартылды, оның ішінде ІІО-да есепте
тұрған 2 мыңнан астам бала, сондай-ақ 3 мыңнан астам бала қолайсыз
отбасылардан.
Еңбек және жұмыспен қамту органдарына ІІО профилактикалық
есептерінде және тізімдерінде тұрған кәмелетке толмағандарды жұмысқа
орналастыру бойынша 800-ден астам қолдаухат жолданды.
Ішкі істер органдары мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қолайсыз
отбасыларда тұрып жатқан балалардың құқықтарын қорғауды арттыруға
бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.
Сонымен, 2015 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 17 мыңнан астам
бала тұратын 13 мыңнан астам қолайсыз отбасы ішкі істер органдарының
есебінде тұрады, олармен жағдайды сауықтыруға және отбасында балаларды
тұрмыстық зорлық-зомбылықтан және қатыгездік қарым-қатынастан қорғауға
бағытталған алдын алу жұмысы өткізілуде.
Білім ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, қолайсыз отбасылардың
тұрмыстық-тұрғынүй жағдайларына шамамен 11 мың тексеріс жүргізілді.
Өткізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде түзелуіне байланысты ішкі істер
органдарының есебінен 12 мыңнан астам бала тұратын 7 мыңнан астам қолайсыз
отбасы алынды.
Ағымдағы жылы түзелмеген, сондай-ақ өз балаларына қауіп төндіретін
шамамен 700 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды.
2005-2014 жылдардағы және 2014-2015 жылдардың 3-тоқсанындағы
ата-ана құқықтарынан айыру бойынша сот қабылдаған шешімдердің саны
0
200
400
600
800
1000
1200
1400
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
9 ай
2014
9 ай
2015
Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін 5 мыңнан астам
ата-ана немесе оларды алмастыратын адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
(Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 127-бабы),
кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу
бойынша міндеттерін орындамағаны үшін 588 (694,6%, 74) қылмыстық іс
қозғалды
(Қазақстан Республикасы ҚК 140-бабы),
оның ішінде екінші бөлігі бойынша
кәмелетке толмағандарға қатыгездік жасаудың 45 фактісі.