Бақылау сұрақтары:
1 Тұлғаның қандай түрлері бар?
2 Тұлға типтерін анықтау үшін қандай өлшемдер, қандай әдістермен жасалады?
3 Дене өлшемдерін алудың белгіленген тұрақты мерзімдері бар ма?
4 Неліктен бойды бір мезгілде, бір құралмен өлшеген дұрыс?
5 Эрисман индексі нені бағалайды?
6 Білезік шеңберіне қарай тұлға типтерін, мінез ерекшелігін анықтауға бола ма?
7 Астеник, гиперстеник тұлғалар аурулылық белгілеріне жата ма?
8 Дене бітімі типтеріне сәйкес бойсалмақ мөлшерінің қалыпты мөлшерлері қандай?
№ 7 Зертханалық жұмыс
Тақырып: Тәуліктік тамақ рационын құру.
Жұмыс мақсаты: Жеке тұлғаның дербес ерекшеліктеріне сай тамақ рационын жасап, тиімді қоректенуін қадағалау машығын қалыптастыру, кестелерді пайдалана отырып, күнделікті қабылдап жүрген тағамының жұғымдылығын есептеуге, рацион құрамының құнарлылығын есепке алуға үйрету.
Жұмыс жоспары:
1 Тамақ рационы
2 Күнделікті қабылдап жүрген тағамының жұғымдылығын есептеу
3 Рацион құрамының құнарлылығын есептеу
Қажетті құрал-жабдықтар; Еңбек ауырлығына қарай энергия шығыны әр түрлі әлеуметтік топтар, жасына қарай энергия шығынына сәйкес теңдестірілген тарамдық заттар қатынасы өзгерістері, жеке тағамдық заттардың калориялылығы кестелері, ас қабылдау уақыттарына сай тағам мөлшерін бөлшектеу кестесі.
Асқазан автоматизмі - асқазанның өздігінен жиырылу және жұмыс жасау қызметі. Мысалы: жылы қанды жануарларды сойған соң, асқазанын тездете денеден бөліп алғанда, қарын бұлшық еттері өзіндік жиырылу дағдысынан жаңылмай, өзіндік жұмыс жасауын жалғастыра береді.
Диета - (грек. dialta - тұрмыс қалпы, тәртіп, лат. dies - күн) - емдәм, яғни тағамдық заттардың мөлшерін, химиялық құрамын, энергиялық құндылығын, ас ретінде дайындалу ережелерін толық ескере отырып, нақты тамақтану тәртібі, яғни тұрмыс қалпы. Диеталық дастарқандардың белгіленген нөмірлері және ас мәзірі:
№ 1 - қарын мен ұлтабар жарасы барларға; № 2 - созылмалы асқазан қабынуымен ауыратындарға; № 3 -төбет ашу; № 4 - ащы ішек пен тоқ ішек аурулары; №5-бауыр, өт жолы аурулары; № 6 - жүрек аурулары; № 7 -10 т.с.с. Мыс: асқазан бездері белсенділігін арттыруға екінші диеталық мәзір дайындалады. Оның құрамында: ақуыз - 100 г; майлар - 100 г; көмірсулар - 400-450 г; тұздар - 15 г; тағам құнарлығы - 2800-3000 ккал. Тамақтың азықтар: қатқан нан, кептірілген қытырлақ нан, арасына ет салынған таба нан, коже, балық сорпасы, майдаланған бауырдан жасалған құймақ, тартылған ет тағамдары, бұқтырылған картоп ботқасы, тұзсыз ірімшік, айран, өсімдік майын пайдалануға болады. Тағамды күніге 4-5 рет бөліп қабылдау қажет.
Нутриенттер - (лапг. nutrltio - нутриццио - қоректену) - ағза сіңіре алатындай дәрежеде ұсақталған тағамдық заттар бөлшегі: амин қышқылдары, глюкоза, май қышқылдары, глицирин т.с.с.
Рацион- (лат. ratio -ратио,ратионис - есеп, өлшем, шот) — тәуліктік тамақ қоры. Белгілі уақытқа есептелген тамақ құрамы мен азық мөлшері немесе жануарларға арналған есепті жемшөп мөлшері.
Теңдестірілген қоректенің - тағамдық нутриенттердің, тағамның басқа да физиологиялық маңызды бөліктерінің молекулалық құрамы ағзаның энергиялық және құрылымдық (пластикалық) шығынын өтегенімен, балласт заттары (талшықты заттар) жетіспеуінен ас қорыту жолының реттеуші қызметі жеткіліксіз болуы мүмкін, ішек микрофлорасы балансын бұзатындай тамақтану тәртібі. Теңдестірілген тамақтануда 50-ден астам алмастырылмайтын тағамдық құрамдастарды ескере отырып, ақуыз : май : көмірсу қатынастары бойынша тағам тағайындалады. Ой еңбегімен айналысатын жас әйелдер мен ер адамдар үшін қалыпты теңдестірілген қатынас -а:м:к = 1:1,1:4,1; ауыр дене еңбегімен айналысатындар үшін — а: м : к = 1:1,3 : 5; бүйрек қызметі жетіспестігі кезінде a : м : к = 1: 2 :10; денесін май басып, диетада жүргендерге -а:м:к=1:0,7:1,5; сонымен бірге жалпы ақуыз құрамында - 55% мал майы, барлық қабылданатын май құрамында - 30% өсімдік майы, тағамдық көмірсу құрамында - 75-80% крахмал, 15-20% жасұнық, 5% пектин болатындай тепе-теңдік сақталуы қажет.
Тағамдық заттардың биологиялық құндылығына қарай топталуы
- энергия шығынын есептеу жолдары: Дененің жас және бойға сай салмағы Ридс — идеалды дене салмағы деп аталады. Егер толық бойды – L1 деп белгілеп см-мен алсақ:
Достарыңызбен бөлісу: |