Тақырып: Тамыр соғысын тыңдау және лүпіл санын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: тамырдың соғу жиілігін өлшеу дағдысын қалыптастыру;
Жұмыстың жоспары:
1 тамыр соғысы ның жиілігі
2 пульс.
Қажетті құрал-жабдықтар: Секундомер.
Тамыр соғысы (пульс - лат. pulsus-пулсус-соққы, түрткі) дегеніміз - артерия қабырғасының жүректің сол қарыншасының систолалық жиырылуына сәйкес қан ағысының кезекті қозғалыс толқынына сай бүлкілдеп соғуы.
Пульс - (лат.pulsus-пулсус-соққы, түрткі) - жүрек жиырылуына үндес, яғни жүрек соғысымен бірдей артерия қабырғаларының кезекті түрде кеңейіп толқынды соғуы. Қолмен басып қарап, саусақпен сипап сезуді пальпация деп атайды (медицинаға Әбуғалисина - Ибн-Сина енгізген ұғым). Қалыпты жағдайда ересек адамның тамыры минутына 60-80 рет соғады, тамыр соғысы неғұрлым аз болса денсаулық деңгейі солғұрлым жоғары болады.
ЖЖЖ-нің (жүректің жиырылу жиілігі) жасқа байланысты сандық көрсеткіштері
Жұмыс бағыты. Өзіндік жұмыс:
- сұрақтарға жауап беріп, өз пульсін табу, өлшеу. Өзгелердің пульсін анықтау тәртібі;
- "қаралушыны" отырғызу немесе жатқызу;
- оның қолын еттерге күш түспейтіндей етіп орналастыру;
- "қаралушының" сол қолы білезігінің шыбығына бармақ тұсынан оң қолдың 2-4 саусақтарының жұмсақ табанын тигізіп, бармақты қол сыртына қойып жайлап қыса отырып, пульсті табу және оның бір минут ішіндегі соғу жиілігін үш қайтара өлшеу. Осы ретпен үш рет 10 немесе 15 секундтегі пульс жиілігін санап, оны 6 не 4-ке көбейту арқылы минуттік өлшемге аударып екі өлшемді салыстыру, өлшенген лүпіл сандары сәйкестігін, яғни өлшеу дұрыстығын тексеру. ЖЖЖ-нің артериялық қысымға датынасын анықтау.
Жұмыс нәтижесі: Өлшемдерді кестеге жазу, тамыр соғысы жиілігінің нормаға сәйкестігі туралы шешім жазу.
Жұмысты қорытындылау: Жұмысты орындау есептері мен қорытындылары туралы оқытушымен пікір алысу, жұмыстарыңызды бағалату.
Бақылау сұрақтары:
1. Тамыр coғy жиілігі жасқа байланысты өзгере ме?
2. Қалыпты тамыр соғу жиілігі қандай?
3. Тамыр соғысының жиілеуі нені білдіреді?
4. Тамыр соғысының сиректігі нені білдіреді?
5. Тамыр соғысын қандай нүктелерден өлшеуге болады?
6. Тамыр соғуын өлшейтін артериялар қалай аталады?
7. Жүректің жиырылу жиілігі жасқа байланысты қалай өзгереді?
№ 5 Зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |