67
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
«Менің сыныптастарымның бірі кейде маған
тіл тигізеді. Бұл қынжылтады. Біз бір-бірімізді
әзілдеп иықтан түйіп қаламыз. Бірақ бұған
ренжімейсің. Бұл бала кейде менің жыны-
ма тиеді, сондықтан мен балағаттап жауап
беремін». [127]
«Әрине, ондай болады. Біз әзілдеген кезде бір-
бірімізге дөрекі және жаман бірдемелер ай-
туымыз мүмкін. Барлығы әзілден басталады.
Сосын біз ренжіп дөрекі бірдеме айтып қаламыз.
Қалғандары жай ғана қосылады». [256]
Көптеген жағдайларда балалар сондай-ақ
әзілдеп сөзбен тиіскендерін және бұның басқа
адамды ренжіту үшін айтылмағанын, ешкімнің
де ренжімегенін айтты; дегенмен, осы тараудың
алдыңғы бөлімдерінде көрсетілгендей, мектепте
психологиялық зорлық-зомбылық көрген және
сөзбен қорлауды басынан өткізген көптеген бала-
лар қынжылып, жәбірленген, ал кейде өздерінің
сыныптастарының алдарында қорланған.
Балалар, сірә, өздерінің басқа балаларға жасай-
тын әрекеттерінің салдарын түсінуге қабілетсіз.
Төменде келтірілген үзінділерде балалар өздерінің
басқа балаларды жай ғана мазақтағаны немесе
оларды қалжыңдап не ойнап мазақтағандары ту-
ралы әңгімелейді; алайда, қалжыңдап немесе ой-
нап бір балаға немесе бір топ балаға тіл тигізу және
қорлау (яғни, психологиялық зорлық-зомбылық)
осы сөздерден жәбірленетін бала үшін қорланатын
және қынжылтатын жайт болуы мүмкін.
«Мен дөрекілік көрсетпей, қалжыңдап
мазақтайтынмын. Мен бұны өзімнің сыныпта-
старыма, төменгі сыныптардың балаларына
жасадым». [357]
«Мен әзілдеп күлетінмін, бірақ дөрекі сөздер ай-
тып, тіл тигізбейтінмін. Бұл – жай ғана сондай
ойын, қалжың». [356]
«Мен кейде себептен-себепсіз, жай ғана
қалжыңдап әдейі бірдемені әзілдеп айтамын;».
[338]
Көп жағдайларда балалар өздері басқа балаларға
тіл тигізген немесе бірдеңені қалжыңдап қорлаған
кездегі мақсаттары өздерінің сыныптастарын
күлдіру және оларды мазақ қылған балаға қарсы
психологиялық зорлық-зомбылыққа қосу болып
табылатынын айтты.
«Мен ешкімді әдейі қорлаған емеспін. Біреу жауап
беретін кезде тек қалжыңдап, барлығын күлдіру
үшін ол туралы күлкілі бірдеме айта саласың. Бұл
балалар менің сыныптастарым болатын. Басқа
балалар да бірнеше сөздер қосты және біз күлкіге
айналдырған балалармен бірге күлдік. Мұғалім
осыған бола ашуланды». [269]
«Мен өзімнен кіші баланы күлкіге айналдырдым,
оған тіл тигізіп қорладым. Біз сыныптастарыз
бәріміз оған күлдік». [257]
Соңында, кейбір балалар өздерінің келемеждеу
және жыныстық сипатта қысым көрсету ретінде
қыз балаларға қатысты психологиялық зорлық-
зомбылықты арнайы жасағандарын айтып берді.
Бір бала былай түсіндіреді: «біз кейде қыз бала-
ларды ренжітеміз және оларды айқайлауға және
жылауға мәжбүрлейміз» [341]. Басқа үш ер бала
былай толықтырды:
«Мен кейде қыздарға тіл тигіземін. Біз көңілді болу
әрі қыздардың мені күлдіруі үшін ойнаймыз». [273]
«Кейде біз өз сыныбымызда қыздарға күлеміз
және оларды мазақтаймыз ; бұл оларға тиісіп
ренжіту үшін жай ғана қалжың. Бұл көңілді.
Біздің сыныптың қыз балалары өте сұлу». [148]
«Мен қыз балаларға тиісіп, дөрекі сөздер айт-
тым. Бұл қалжың болатын. Менің сыныбымдағы
екі-үш бала да менімен бірге күлді». [349]
Қорқытып ақша тартып алу
Сұхбат жүргізілген 402 баланың арасында бір
бала ғана мектепте басқа балаларды қорқытып
ақша тартып алғанын мәлімдеді. Ол былай
түсіндірді:
«Мен 5-сыныптың оқушыларынан күш көрсетпей
ақша сұрадым. Кейбіреулері маған ақшаларын
берді. Менің жай ғана ішім пысты. Мен оның көңіл-
күйін бұзғым келді. Менің ыстық таммаққа немесе
дүкеннен Фанта алуға ақшам жетпеді». [398]
Кемсіту
Сұхбат жүргізілген балалардың сегізі өздерінің,
негізінен, баланың мүгедектігіне немесе оқуға
68
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
зорлық-зомбылыққа ұшырауымен және ата-
анаға бауыр басуымен, мектепке бауыр басу-
ымен, ашу-ыза мен жеке басының агрессияға
бейімділігімен қаншалықты дәрежеде байланы-
сты екенін анықтау үшін өткізілген болатын. 3.16
-кестеде балалардың отбасыларында зорлық-
зомбылыққа ұшыруы мен мектептерде зорлық-
зомбылық көрсету және кемсіту әрекеттерін
жасау арасындағы байланыс көрсетілген. Атап
айтқанда, отбасыларында зорлық-зомбылық
мәселесі бар отбасыларында тұратын балалар
үшін мектепте психологиялық зорлық-зомбылық
(27,4%) және күш көрсетіп (26,2%) зорлық-
зомбылық жасау ықтималдығы отбасыларын-
да зорлық-зомбылық мәселесі жоқ балалар-
мен салыстырғанда, екі есе жоғары (тиісінше,
10,9% және 13,3%). Сондай-ақ, отбасыларын-
да зорлық-зомбылық мәселесі бар отбасыла-
рында тұратын балалар үшін отбасыларындағы
зорлық-зомбылық мәселесі жоқ балалармен
салыстырғанда, мектепте сексуалдық тұрғыда
сөз айту мен қысым көрсету (6,0%) және кемсіту
арқылы зорлық-зомбылық көрсету (10,2%)
ықтималдығы үш есе жоғары (тиісінше, 2,1%
және 3,2%). Қорыта келгенде, отбасыларында
зорлық-зомбылық мәселесі бар отбасыларында
тұратын балалар үшін отбасыларында зорлық-
зомбылық көрмейтін балалармен салыстырғанда
(0,4%), мектепте басқа балаларды қорқытып
ақша тартып алу (1,7%) ықтималдығы біршама
жоғары болды. Бұл деректер АҚШ-та өткізілген
зерттеу тұжырымдарын растайды, ол зерттеу
бойынша отбасыларында зорлық-зомбылық
көремеген балаларға қарағанда басқаларға
зорлық-зомбылық көрсететін балаларға үйде
отбасы мүшелерінің бірі күш қолданғанын не-
месе олардың үйде зорлық-зомбылықтың
куәгерлері болғанын көрсетеді; бұл мектептегі
зорлық-зомбылық және мектептен тыс зорлық-
зомбылыққа ұшырау актілері арасындағы байла-
нысты орнатуға мүмкіндік береді (7).
Бұның алдындағы зерттеулер мектепте зорлық-
зомбылық жасайтын және кемсітетін балалардың
көбінесе, ата-аналарымен қарым-қатынастарының
нашар екенін көрсетті. Осы зерттеулерді қолдау
ретінде 3.16- кестеде ата-аналарына үйірлігі
жоғары балалармен салыстырғанда, ата-ана-
ларына үйірлігі төмен балалар арасында мек-
тепте басқа балаларға қатысты психологиялық
(23,5%) және жеке (21,2%) зорлық-зомбылық
жасау ықтималдығының айтарлықтай жоғары
екендігі көрсетілген (тиісінше, 13,1% және
қабілетсіздігіне байланысты мектептегі басқа
балаларға қатысты кемсіту танытқандарын айтып
берді. Бір бала былай түсіндіреді:
«Мен басқа балалармен бірге ақыл-ойы кенже
қалған баланы мазақтап күлдім». [186]
Мектепте зорлық-зомбылық
жасайтын және басқаларды
кемсітетін балаларға сипаттама
Талдау мектепте зорлық-зомбылық жасайтын
және басқаларды кемсітетін балалар арасындағы
демографиялық айырмашылықтар деңгейін
анықтау үшін жүргізілген болатын. 3.16- кесте-
де жыныстық белгісі бойынша бірнеше елеулі
айырмашылықтар көрсетілген. Атап айтқанда, ер
балалар арасында қыз балалармен салыстырғанда,
мектепте психологиялық (16,7%) және күш
қолданып (23,6%) зорлық-зомбылық әрекеттерін
жасау ықтималдығы өте жоғары (тиісінше 11,3%
және 8,1%). Ер балалар үшін сондай-ақ қыз ба-
лалармен салыстырғанда, сексуалдық сипатта
сөз айту (4,0%) мен кибербуллинг (1,5%) жасау
ықтималдығы біршама жоғары болды (тиісінше,
18% және 0,5%). Қорыта келе, ер балалар ара-
сында (5,2%) қыз балалармен салыстырғанда
(3,9%), сондай-ақ мектепте басқа балаларды
кемсіту ықтималдығы да жоғары.
Оқитын сыныбы бойынша, жоғары сыныптағы
балалар арасында (8–10 сыныптар) төменгі
сыныптардағы балалармен салыстырғанда
(5–7 сыныптар), мектепте психологиялық және
күш көрсету зорлық-зомбылығы ықтималдығы
айтарлықтай жоғары. Ал керісінше, төменгі
сыныптардағы балалар арасында жоғарғы
сыныптардағы балалармен салыстырғанда, басқа
балаларды кемсіту әрекеттері ықтималдығы
айтарлықтай жоғары болған.
Қала және ауыл мектептері арасындағы
айырмашылыққа келетін болсақ, 3.16-ке-
стеде ауыл мектептеріндегі балалармен
салыстырғанда, қала мектептеріндегі бала-
лар арасында психологиялық (15,5%) және
күш көрсету (17,2%) зорлық-зомбылығы
ықтималдығының айтарлықтай жоғары болғаны
көрсетілген (тиісінше, 12,1% және 13,9%).
Талдау сондай-ақ зорлық-зомбылық жа-
сау мен кемсіту балалардың отбасыларында
Достарыңызбен бөлісу: |