Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет27/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73

59
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
балалардың ата-аналарына бауыр басуы жоғары 
балалармен салыстырғанда (7,7%), жыныстық 
сипаттағы пікір білдіру мен қысымшылықдың 
(16,5%) құрбандары болу ықтималдығы барынша 
жоғары болған. Ақырында, ата-аналарына бауыр 
басуы жоғары балалармен салыстырғанда ата-
анаға бауыр басуы төмен балалар үшін қорқытып 
алушылық (4,7%) және кибербуллинг (4,7%) 
құрбандары болу ықтималдығы әлдеқайда жоғары 
болған (тиісінше 1,7% және 2,1%). Ата-анаға 
бауыр басуы төмен балалардың аталған тарауда 
жоғарыда көрсетілгендей, өз отбасыларындағы 
тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жиі хабар-
лайтынын ескертіп өткен маңызды.
3.15-кестесінде сондай-ақ мектепке бауыр ба-
суы төмен балалардың мектепке бауыр басуы 
жоғары балалармен (39,2%) салыстырғанда, 
мектепте психологиялық зорлық-зомбылық 
(60,9%) құрбандары болу ықтималдығы жоғары 
екендігі көрсетілген. Мектепке бауыр басуы 
төмен балалар мектепке бауыр басуы жоғары 
балалармен салыстырғанда, мектептердегі 
жеке басынушылық (41,8%) және кемсітушілік 
(31,2%) құрбандары болу ықтималдығы екі 
есе жиі болған (тиісінше 20,6% және 15,5%). 
Мектепке бауыр басуы төмен балалар мектепке 
бауыр басуы жоғары балалармен салыстырғанда, 
мектептерде алты есе жиі қорқытып алушылық 
(7,6%) және кибербуллинг (8.8%) құрбандары 
болған (тиісінше 1,7% және 2,1%). Бұл дерек-
тер олардың мектептегі өзге балалар тарапынан 
зорлық-зомбылық және кемсітушілік құрбандары 
болып табылуының мектепке балалардың бауыр 
басуынатеріс әсер ететінін көрсетеді. 
Қорытындысында, 3.15-кестесінде ашу-ыза 
мен жеке басынушылыққа бейімділігі жоғары 
балалардың мектептегі зорлық-зомбылық пен 
кемсітушілік құрбандары болу ықтималдығы ба-
рынша жоғары екенін көрсетеді. Атап айтқанда, 
ашу-ызаға бейімділігі жоғары балалар ашу-
ыза деңгейі төмен балалармен салыстырғанда, 
екі есе жиі психологиялық (60,2%) және жеке 
басынушылық (35,6%) құрбандары болған 
(тиісінше 31,95% және 15,6%). Сондай-ақ 
жеке басынушылығы жоғары балалардың 
жеке басынушылыққа бейімділігі төмен бала-
лармен салыстырғанда, екі есе көбірек жеке 
басынушылық (34,1%) және психологиялық 
зорлық-зомбылық (53,4%) құрбандары болу 
ықтималдығы айтарлықтай барынша жоғары 
болған (тиісінше 34,5% және 16%). Келесі 
бөлімде балалармен жүргізілген сұхбаттан 
алынған деректер мектептегі психологиялық және 
жеке басынушылық құрбандары болып табыла-
тын балалардың өздеріне қоқан-лоққы көрсеткен 
балаға (балаларға) өте жанға батар іс жасауды 
қалайтынын және ашу-ыза сезімін білдіретінін 
көрсетеді. Осылайша, ашу-ызаға және жеке 


60
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
басынушылыққа жоғары бейімділік, қоқан-лоққы 
себебі емес, оның нәтижесі болып табылады.
Ашу-ызасы жоғары балалар ашу-ыза пайда бо-
луы төмен балалармен салыстырғанда, екі есе 
көп жыныстық зорлау құрбандары (17,7%) 
және екі есе жиі – кемсітушілік құрбандары 
(28,8%) болған (тиісінше 4,7% және 11,0%). 
Сол уақытта жеке басынушылығы жоғары ба-
лалар жеке содырлық үрдісі төмен балалар-
мен салыстырғанда, екі есе көп жыныстық зор-
лау құрбандары (14,9%) және айтарлықтай 
жиі – кемсітушілік құрбандары (22,5%) болған 
(тиісінше 5,8% және 13,5% с).
Ақырында, ашу-ызасы жоғары балалар ашу-
ызасы төмен балаларға қарағанда, төрт есе көп 
қорқытып алушылық құрбандары 4,2%) және 
үш есе көп кибербуллинг құрбандары (1,4%) 
болған. Одан басқа, жеке басынушылығы 
жоғары балалар жеке басынушылық деңгейі 
төмен балалармен салыстырғанда, екі есе жиі 
қорқытып алушылық құрбандары 3,1%) және 
үш есе көп кибербуллинг құрбандары (4,0%) 
болған (тиісінше 1,4% және 1,7%). Балалармен 
жүргізілген сұхбаттың, атап айтқанда, мектептегі 
зорлық-зомбылық және кемсітушілік құрбандары 
болған балалардың жәбірлеуді қайталайтынын, 
озбырлық жасаған тұлғаларға қатысы бойынша 
жиі ашу-ыза білдіретінін және оларды жәбірлеген 
балаға (балаларға) жан ауыртар залал келтіруді 
қалайтындықтарын көрсететінін қайта ескертіп 
кету керек. Осылайша, мектептегі зорлық-
зомбылық және/немесе кемсітушілік құрбандары 
бола отырып, баланың ашу-ызаға және жеке 
басынушылыққа бейімделу ықтималдығын арт-
тырады, бірақ керісінше емес.   
Мектептегі зорлық-зомбылықтың 
балаларға әсері
Мектептегі зорлық-зомбылықтың куәсі болған 
балалардан зорлық-зомбылық құрбаны болған 
балаға не болғаны туралы сұрадық. Бұдан басқа, 
мектептегі зорлық-зомбылық құрбаны болған 
балалардан олар зорлық-зомбылыққа түскенде 
не сезінгендерін, оларға қандай дене жарақаты 
келтірілгенін және олардың зорлық-зомбылық 
жасаған тұлғадан (тұлғалардан) кек қайтарғысы 
немесе оларға қатысты жәбір көрсеткісі 
келетіндіктерін сұрадық. Сұхбат жүргізілген және 
мектепте зорлық көрген 402 баланың арасында 
47,0%-ы бұның олардың көңіл-күйлеріне теріс 
әсер еткенін, 9,0%-ы күшпен зиян келтірілгенін 
айтты. Бұдан басқа, 10,0%-ы өздеріне озбырлық 
жасаған тұлғаларға “есесін қайтарғандарын” 
айтты. Жәбірленген үш бала басқа мектепке 
ауысқандары туралы айтты. Сұхбат жүргізілген 
және мектептегі озбырлыққа куәгер болған 402 
баланың арасында, 13,0%-ы жәбірленген балаға 
күшпен залал келтірілгенін көрген.
Кезекті бөлімдерде жағымсыз көңіл-күй 
әсерлерін, дене жарақаттарын және мектеп-
те озбырлық жасаған тұлғаларға “қайтарылған 
есені” қоса алғанда, озбырлық жәбірін көрген 
балаларға мектептегі теріс әсерді анықтау 
мақсатында балалармен болған сұхбатта 
жинақталған деректер талданады.   
Көңіл-күйге әсер ету
Жоғарыда ескертілгендей, мектепте зорлық 
көрген балалардың жартысы дерлік бұның 
өздерінің көңіл-күйлеріне теріс әсер еткенін ай-
тып берді. Жәбірленген көптеген балалар ашу-
ыза, ыңғайсыздық сезіну, қорлану, масқаралану 
және реніш сезімін білдірді. Балалардың көбісі 
оларын ашық айта алмағандықтан, сезімдерін 
іште сақтап қалды.
«Мен сабырлы әрі тыныш болдым, бірақ ішім 
ашу-ызаға толы еді». [401]
«Мен ұялдым және жаным түршікті». [380]
«Мен өзімді шерменде сезіндім». [340]
«Қатты ұялдым». [339]
«Мен өзімді жәбірленген және ашулы сезіндім. 
Өзімді өте нашар сезіндім». [245]
«Мен ашулы болдым және шерменде секілді 
сезіндім». [111]
«Мені тілдеген кезде, қатты қорландым. Мені 
ұрған кезде, ашу-ызаны сезіндім». [101]
«Мен 1-2 рет ашуландым, бірақ соңынан тыныш-
талдым». [352]
Кейбір жәбірленген балалар тіпті оларға 
соншалық көңілсіз болғанын және өздеріне 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау