Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет2/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73

5
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мұғалімдер мен мамандандырылған қызметкерлер тарапынан мектептетәртіпті ұстап тұру  
және балаларды кемсіту  
110
Мектептен ауыстыру және шығару   
115
Әріптестері тарапынан балаға зорлық-зомбылық жасалғанына және оны кемсіткеніне  
куәгер болған мұғалімдер мен мамандандырылған қызметкерлер  
116
Дене жазасын қолдау 
117
Мұғалімдер салған  дене жазасына қарсы жауап қайтару 
119
Мұғалімдердің дене жазасын қолдануына қатысты саясат 
119
Мектептегі зорлық-зомбылыққа қарсы  күрестегі мұғалімдердің рөлі 
120
Мектептегі зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты оқулар/тренингтер  
120
Сауалнама толтырумен байланысты қиындықтар  
121
5-тарау: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕГІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН  
БАЙЛАНЫСТЫ ТӘЖІРИБЕСІ 
122
Мектеп директорларының демографиялық деректері 
124
Мектеп директорларының мектептегі зорлық-зомбылықты түсінуі  
125
Мектептегі балалар арасындағы зорлық-зомбылық пен кемсітушілік 
127
Мұғалімдер тарапынан балаларға жасалған зорлық-зомбылық және кемсітушілік 
129
Мектепте зорлық-зомбылық оқиғаларын тіркеу 
130
Мектептегі зорлық-зомбылық туралы ақпаратты ұсыну 
131
Мектепте зорлық-зомбылық көрген жағдайларда сырттан қолдау алу немесе араласу  
үшін балаларды бағыттау  
133
Мектептен ауыстыру немесе шығару 
136
Мектептегі зорлық-зомбылық мәселелері бойынша курстар/оқулар 
136
Мектептегі зорлық-зомбылыққа жауап айтару бойынша балаларды қорғау жүйесіндегі  
өзгерістер туралы хабардарлық 
138
ҰСЫНЫСТАР 139
Заңнамалық шаралар 
141
Алдын алу және араласу 
142
Деректер жинағы 
148
Ақпараттық-насихаттық қызмет 
148
Пайдаланылған дереккөздер жиынтығы 
148
ҚОСЫМША 149
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ТүСІНІКТЕМЕЛЕРІ 159


6
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Алғысөз 
Бұл есеп Норвегияның Сыртқы істер министрлігінің қолдауы бойынша Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің 
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесімен ынтымақтастығының 
нәтижесі болып табылады және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  оқу орындарындағы 
балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпараттан тұрады. Есеппен 
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде танысуға болады. 
Зерттеу жүргізу қажеттілігі әлемнің көптеген елдерінде балалар уақытының басым бөлігін мектепте 
өткізетін болғандықтан туындады. Ата-аналар мен балалар мектеп балалардың оқуы мен дамуы-
на  қолдау көрсетіп, ықпалын тигізетін қауіпсіз әрі қолайлы орта болады деп күтеді. Өкінішке қарай, 
әлемде көптеген бала мектепте кемсітушілікке, зорлық-зомбылыққа ұшырайды, бұл олардың мектеп-
ке баруына, оқуға деген қабілетіне, академиялық үлгеріміне, сондай-ақ психоәлеуметтік саулығына 
кері әсерін тигізеді. Мектептегі зорлық-зомбылық сондай-ақ балалардың оқуын ерте тастап кетуіне 
ықпал етеді. Соның салдарынан мектепте зорлық-зомбылыққа тап болған балалар өз құқықтарынан, 
оның ішінде білім алу құқығынан да айырылуы мүмкін.
«БҰҰ-ның балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша дүниежүзілік баяндамасына» 
сәйкес, мектептерге жұмысқа мұғалімдерді қабылдау барысында әр елдің үкіметтері Бала құқықтары 
туралы конвенцияны ратификациялаған кезде білім беру мекемелеріндегі зорлық-зомбылықты қоса 
алғанда, балаларды зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғау бойынша міндеттемелерімен 
бірге қабылданатын зорлық-зомбылық пен кемсітушілікті болдырмау, гендерлік теңдік, төзімділік пен 
өзара сыйластық қағидаттары басшылыққа алынуы тиіс. Мұның үстіне барлық балалардың сапалы 
білім алуға қол жетімділігін қамтамасыз ету БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттарының ажыратылмас 
бөлігі болып табылады, оған қол жеткізу үшін мектептер кемсітушілік пен зорлық-зомбылық қаупінен 
тәуелсіз қауіпсіз әрі жайлы ахуалды қамтамасыз етуге тиіс. 
Бұл есеп Қазақстан мектептеріндегі балаларға, оның ішінде балалар арасындағы және мектеп 
қызметкерлері тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық сипаты мен деңгейін көрсетететін бастапқы 
мәліметтерді қамтиды. Оқушылар мен мектеп қызметкерлерін қоса алғанда, зерттеуге қатысқан мек-
тептерге толық құпиялылық пен аты-жөндерін көрсетпеу мүмкіндігі берілген.  Бұл баға Қазақстандағы 
бүкіл оқу орындардың  репрезентативтілігіне  баға беруге ұмтылмайды, оның үстіне  ол еліміз бой-
ынша мектептердегі балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық деңгейінің болжамды бағасын 
көрсетеді. 
Зерттеу қорытындылары мен одан келіп шығатын ұсынымдар мектептердегі балаларға қатысты 
зорлық-зомбылықты келешекте бағалауға, оның алдын алуға және шара қолдануға арналған ұлттық 
іс-қимыл жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық ретінде қызмет атқара алады. Мүдделі тараптар, 
оның ішінде мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар, өзге де азаматтық 
қоғам институттары тартылатын кең ауқымды іс-қимыл шеңбері қолға алынға тиіс екені анық.
Зерттеуге қатысып, бізбен уақытын және тәжірибесін бөліскен балалар мен мектеп қызметкерлеріне, 
зерттеуді жүргізуге қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
министрлігіне,  өңірлерде  мәліметтерді жинауға көмектескен «Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы» 
зерттеу компаниясына және зерттеуді жүргізіп, осы есепті дайындаған халықаралық кеңесші доктор 
Робин Н. Хаарға алғысымызды білдіреміз. 
Асқар Шәкіров
Джун Кукита
Қазақстан Республикасындағы  
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
 Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі


7
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Халықаралық кеңесші туралы  
Доктор Робин Хаарр 15 жылдан астам уақыт бойына зерттеулер, мониторингтер, бағалаулар жүргізе 
отырып, ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен жұмыс жасап келеді, әлеуетті арттыру 
жөніндегі саясатқа, бағдарламалар мен тренингтерге қатысты ұсыныстар әзірлейді. Ол балалар мен 
әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, адам саудасы мен олардың еңбегін қанау мәселелері бойынша 
зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету қызметтерімен, балаларды қорғау және балаларға 
институционалдық қамқорлық көрсету жүйелерімен, әділеттілікке қол жеткізу және әділет сот жүйесінің 
шара қолдануы, сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтары мәселелері бойынша көп жұмыс 
атқарып келеді. Осы мәселелер бойынша ол ЮНИСЕФ, БҰҰДБ (ПРООН), БҰҰ-Әйелдер, ХЕҰ, ЕҚЫҰ, 
ЮСАИД, Швейцария даму және ықпалдастық жөніндегі агенттігі, АҚШ Мемлекеттік департаменті/
АҚШ елшіліктерімен бірлесе жұмыс істеді. Доктор Хаарр Азия мен ТМД/ОШЕ елдерінде, сондай-
ақ Африкада қызмет атқарды. Оның балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, гендерлік 
зорлық-зомбылық, адамды қанау, адам саудасы мәселелерін шешу, балаларды қорғау мен зорлық-
зомбылық құрбандарына қолдау көрсету қызметтері, әділеттілікке қол жеткізу мәселелеріндегі 
өз ісіне шексіз берілгендігі, көшбасшылығы саясатта және балалар мен әйелдер, отбасылар мен 
қоғамдастықтар үшін пайда әкелетін бағдарламалар әзірлеуде маңызды өзгерістер жасауға мүмкіндік 
берді. 
Доктор Робин Хааррмен robinhaarr@yahoo.com электронды поштасы арқылы байланысқа шығуға 
болады. 
 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау