63
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
қансырап жәбірленген балалар туралы айтады.
«Бір ұл екіншісінің мұрнын бұзды, оның мұрнынан
қан кетті». [272]
«Оның мұрнын бұзып, жейдесін жыртты». [250]
«Мен есімнен тандым. Көп қан жоғалттым; ау-
руханада емделдім». [379]
«Менің қолдарым шығып кетті». [42]
«Мен өз қолымды сындырдым, сүйектері шыты-
нады. Маған таңғыш салды». [387]
Кейбір зорлық-зомбылықтың құрбаны болған
балалар дем ала алмай қалды немесе алған
жарақаттары мен зақымдарына байланысты
бірталай уақыт естерінен танып қалып жатты. Бір
бала оны былай түсіндірді: «Мен талып түстім»
[394]. Басқа балалар былай толықтырды:
«Менің кеудемнен ұрды, сосын дем алу қиын болып
қалды». [402]
«Ол есінен танып құлады да мұрнынан қан
кетті». [285]
«Олардың біреуі ұрып-соққаннан есінен танып
қалды; ал ұрған баланың қолынан қан ақты». [126]
Бірнеше бала сондай-ақ басқа тиген соққыларды,
құлап түсу және баспен құлауды, мидың
шайқалуын қоса алғанда, жәбірленген балалар
алған бас жарақаттары туралы да айтты.
«Оған зақым келтірді және оның басы мен қолдары
көгеріп кетті. Ол басымен соғылды». [262]
«Оны басынан ұрды. Оның беті ісіп кетіп, көгерді
және жейдесі жыртылды. Ол бір апта бойы мек-
тепке бармай жүрді». [257]
«Ол құлап түсіп басын үстелге соқты. Одан қан
кетіп, ауруханаға алып кетті. Миы шайқалған».
[54]
Жоғарыда берілген үзінділерде көрсетілгендей,
барынша ауыр дене жарақаттарын алған
жәбірленген балалар өздерінің дене
жарақаттарына байланысты бірнеше күн және
апталап сабаққа бармаған. Екі бала былай дейді:
«Оның киімдері бүлініп жыртылды, ал беті
көгеріп кеткен және ол бір апта бойы мектепке
бармады». [204]
«Біреуі екіншісін қатты ұрып, мұрнын бұзды. Оны
медициналық пунктке алып келді, ол сосын мек-
тепке бір апта бармады».[140]
«Менің миым шайқалды. Ауырған соң мектепке
бармадым. Маған секіруге және жүгіруге болмай-
тын еді». [392]
Балалардың зорлыққа қарымта реакциясы
Мектепте зорлық құрбандары болған кейбір
балалар мектепте өздеріне зорлық жасаған
адамдарға қарымта реакция жасап қорғанғысы
келгендерін мәлімдеді. Мысалы, бір бала өзінен
мектепте қорқытып ақшасын тартып алған бала-
дан “есесін қайтару үшін” “Мен сол ақшаға өзі
тұрған кезде көрсетіп тамақ сатып алып жедім”
деп түсіндірді. [398]
Одан басқа, мектептегі басқа балалар тарапынан
психологиялық зорлық-зомбылық (тілдеу, келе-
междеу және қорлау) құрбандары болған кейбір
балалар өздерін тілдеген балаларға да солай
жасап қарымта жауап қайтарғандарын айтты.
Бір бала былай түсіндіреді: «Ол маған ұрысқан
кезде мен де оны жермен-жексен еттім» [206].
Басқа бала былай толықтырды: «Мен де олар-
ды тілдедім» [315]. Бір бала былай айтады: «Біз
де оларды ызаландырамыз, бұл да кек қайтару
сияқты». [347]
«Есе қайтару» – бұл, көбінесе, кейбір жәбірленуші
балалардың мектепте өздеріне зорлық жасай-
тын балаларға қарсы тұру үшін пайдалана-
тын стратегиясының көшірмесі секілді өзін-
өзі қорғау. Кейбір жағдайларда балалар есе
қайтару үшін жеке әрекет етеді, ал кейде олар
достарының көмектеріне жүгінеді.
«Мен достарым арқылы өзімді қорғай аламын.
Мен өзімді қорғау үшін күшті достар таптым,
жоқ, мен ешкімнен қорықпаймын». [391]
Барынша азын-аулақ жайттарда балалар
психологиялық зорлық-зомбылық көрген кез-
де, өздерін ренжіткендерге “есе қайтару” үшін
физикалық зорлық-зомбылықты қарымта
ретінде қолданғандарын айтты. Мұндай
64
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
жағдайларда өздерін және өздерінің ар-
намысын қорғауға тырысатын балалар зорлық-
зомбылық деңгейін күшейтеді; онда ересектер-
ге қай баланың жәбірленуші және қайсысының
зорлық-зомбылықтың себепкері екенін анықтау
қиын болады. Төменде берілген дәйексөздердің
әрқайсысында жәбірленген балалар
психологиялық зорлық-зомбылыққа өздерінің
қалай физикалық зорлық-зомбылықпен әрекет
еткендерін әңгімелеп берді.
«Бір күні бір бала маған әлдебір дөрекі сөз айтып,
қашып кетті. Менің өш алғым келді және келесі
күні оны ұрып-соқтым». [235]
«Бір оқушының маған тілі тиді, мен оны иығынан
жұдырықпен қойып қалдым». [229]
«Бір бала мені ызаландырды. Біз мектептен кейін
кездесіп, мен оны бір-екі рет ұрып алдым». [212]
«Мен біріне-бірі ат тағатын балалармен
келіспеймін. Мен дауласып ұрысамын, бірақ керек
болса, төбелесе де аламын». [191]
Кейбір жәбір көрген балалар физикалық зорлық-
зомбылықты бастан кешкен жағдайда күш
қолданып “есе қайтара алатындарын” айтып
берді. Бір бала оны былай түсіндірді: «Мен оған
қарымта соққы бердім» [128]. Бұдан басқа, басқа
жәбірленген балалар былай түсіндірді:
«Егер маған біреу тиіссе, мен жауап беремін.
Мен өзіме не істесе, солай есе қайтарғанды жек
көремін». [371]
«Мен былтыр сыныптасыммен төбелестім. Ол
менен кейінгі партада отыратындықтан, мені
үнемі арқамнан қаламмен түртіп отыратын.
Бұған шыдай алмадым да, оны мектептен кейін
күтіп тұрып, есемді қайтардым. Ол енді маған
тиіспейді. Менің достарым маған бұдан былай
тиіспеуі үшін оны қалай теуіп жатқанымды
көріп тұрды». [229]
«Мен өзімді әлдекімнің қандай да бір қорлауына
жол беретін адам емеспін. Ол мені бір рет ұрды
және мен де оны бетінен екі рет ұрдым. Енді мені
ешкім қорлай алмайды, себебі мен өзімді қорғай
аламын». [158]
Айыптылар мектептегі зорлық-
зомбылық туралы айтады
Балалармен жүргізілген сұхбаттың мақсаты
олардың мектептегі басқа балаларға жасаған
зорлық-зомбылық әрекеттері туралы білуді
көздеді. Балалардың мектепте психологиялық
және физикалық зорлық-зомбылық әрекеттерге
баруына басым мән берілді, бірақ кейбір бала-
лар мектепте ақша не басқа заттарды қорқытып
тартып алу, сексуалдық мағынадағы сөздерді
айту, қысымшылық көрсету мен кемсітудің бар
екені туралы айтты. Сұхбат жүргізілген 402
баланың арасында көбісі (55,0%) мектеп-
те өздерінің қандай да бір зорлық-зомбылық
әрекеттерді жасамағандарын мәлімдеді; де-
генмен, балалардың 45,0%-ы мектептегі
әртүрлі зорлық-зомбылық әрекеттері туралы
әңгімеледі. Бұдан басқа, балалардың 34%-
ы мектепте зорлық-зомбылық әрекеттерін
жасаған кезде өздерінше әрекет еткендерін,
ал 20%-ы балалар тобымен бірге әрекет
еткендерін айтты.
Күш қолдану
Сұхбат жүргізілген 402 баланың арасында,
38,0%-ы (3-тен 1-і) мектепте басқаларға күш
қолданғандарын және балалардың кемінде
10,0%-ы басқа балалардың өздеріне қарсы
зорлық-зомбылығынан қорғану үшін ғана күш
қолданғандарын айтты. Кейбір балалар үшін
мектепте басқа балаларға қарсы күш қолдану
тек қана ермек болған. Шынында да, төменде
берілген дәйексөздерде екі бала келемеж-
деу үшін мектепте күш қолданғандары туралы
айтқан.
«Мен кішкентай балалар келе жатқанла олар-
ды аяғынан шалып құлататынмын, маған сон-
дай кезде күлкілі болатын. Бұл біздің мектепте
кеңінен таралған. Кішкентай ұлдар өздерінен
кішілерді шалып құлатады. Бұл ойын сияқты.
Тек жылауықтар ғана жылайды. Кімнің нағыз
еркек емес екені бірден белгілі болады». [16]
«Мені ұрмайтын. Мен кімге болса да тілімді
тигізіп, ұрып, күлдіру үшін аяғынан шалып
құлататынмын. Мен мұндай әрекеттерді жиі
жасадым. Күн сайын дерлік, ал егер мен бұлай
жасамасам, көңілсіз болар еді. Жоқ, мен қатты
Достарыңызбен бөлісу: |