75
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мектептегі зорлық-зомбылыққа
қатарластардың жауап қайтаруы
Балалардан олардың өздері куә болатын
зорлық-зомбылық жағдайларына әдетте қалай
әрекет ететіндері туралы сұрадық. 3.20-кесте-
де балалардың 30,3%-ы (3-тен 2-сі дерлік)
өздерінің зардап шеккен немесе басқа бала
не балалар тобы мазақтайтын балаға мектеп-
те “ешқашан” көмек беруге тырыспағандарын
айтқаны көрсетілген. Бұдан басқа, балалардың
51,1%-ы (2-ден 1-і) өздерінің зардап шеккен не-
месе басқа бала не балалар тобы мазақтайтын
балаға мектепте “кейде” ғана көмек беру-
ге тырысқандарын айтты.
Таң қаларлық, бірақ
балалардың 18,3%-ы ғана мектептегі зорлық-
зорлық көріп жәбірленген балаларға “өте жиі”
көмектесетіндерін айтқан.
Балалардан, сондай-ақ олардың бір баланың
немесе балалар тобының мектепте басқа бала-
ны ренжітіп немесе мазақтап жатқанда соңғы
рет не істегендері жайлы сұрадық. 3.20-кесте-
де балалардың 20,0%-ының (5-тен 1-і) кетіп
қалғандарын және араласпағандарын, ал 4,3%-
ы қарап тұрғандарын, бірақ араласпағандарын
айтқаны көрсетілген. Балалардың 2,1%-ының
басқа баланы ренжітіп/келемеждеп жатқан
балаларға қосылғаны және 1,7%-ының осыны
ойнап айтқандары таң қалдырады.
Салыстыру үшін, балалардың 36,6%-ы ғана (3-
тен 1-і) ренжітіп және/немесе келемеждеп жатқан
балаға арашаға түскендерін және көмектесуге
тырысқандарын айтты. Одан басқа, балалардың
34,8%-ы ғана (3-тен 1-і) зорлық-зомбылықты
тоқтату үшін мектептен үлкендерді шақырғандары
туралы хабарлады. Балалардың 19,2%-ы ғана
ренжіткен және/немесе келемеждеген
баладан
оның өзін-өзі қалай сезінетінін сұраған.
Балалардан сондай-ақ өздері куә болған
мектептегі зорлық-зомбылық жағдайлары ту-
ралы кімге хабарлағаны туралы сұрадық. 3.20-
кестеде балалардың 32,4%-ының (3-тен 1-і)
зорлық-зомбылық жағдайлары туралы ешкімге
хабарламағанының байқалғаны көрсетілген.
Егер олар біреу-міреуге зорлық-зомбылық
жағдайлары туралы айтқан болса, балалардың
20,9%-ы өздері куә болған зорлық-зомбылық
туралы досына немесе басқа оқушыға, 11,2%-
ы ата-аналарына және 6,3%-ы ағасына немесе
апасына айтып берген. Балалардың 26.2%-ының
ғана (балалардың 4-тен 1-і) мұғалімге
айтқандары, 9,1%-ының мектеп директорына/
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына айтқаны және
3,5%-ының мектеп күзетшісіне/мектептегі поли-
ция инспекторына айтып бергені таң қалдырады.
Аталған тұжырымдар балалардың көбісінің
мектептегі зорлық-зомбылық
жайттары туралы
мектеп персоналына немесе әкімшілікке хабар-
ламайтындарын көрсетеді.
3.20-кестеге қосымша ретінде 3.21-кестеде
сұхбат жүргізілген 402 баланың арасында куә
болған (36,6%) және мектепте зорлық-зомбылық
(22,9%) көрген балалардың көп бөлігінің
мектептегі зорлық-зомбылық туралы ешкімге
хабарламағаны көрсетілген. Балалар сұхбат беру
барысында түсіндіргендей, олар мектепте зорлық-
зомбылық жасайтын адамдар тарапынан болатын
кек қайтарудан қорыққандықтан, араласқылары
келмейтіндіктен, мектептегі зорлық-зомбылық ту-
ралы көбіне ешкімге ештеңе айтпайды.
«Мен ешкімге айтқан жоқпын; маған бұл керек
емес. Аз білсең, тыныш ұйықтайсың. Менің әлі
өмір сүргім келеді». [379]
«Мен ешқашан ешкімге ештеңе айтқан емеспін.
Оларды жазаламайды, тек оларға ұрысады да,
кейін олар саған тағы шабуыл жасайды». [373]
«Жоқ, мен ешкімге айтпаймын. Мен қорқамын
да, жай ғана алыстан қарап тұрамын». [321]
«Мен ешкімге айтқан емеспін. Ол ешкімге
айтқан емес, себебі егер айтып қоятын болсаң,
онда ұрып-соғады». [247]
«Жоқ, біздің арамызда мұндай жоқ және егер
де айтып қоятын болсам, сыныптастарымның
маған қарсы шығуы мүмкін. Біреу-міреуге айтып
қою – бұл өсек және мұндай өсекшілерді жек
көріп, мәселені шешуге шақырады.» [164]
«Мен ешкімге айтқан жоқпын; әйтпесе маған
күлетін болады және мені жек көріп кетеді. Біз
егер шағымданатын болсақ бізді қабылдамайды;
бұл сатқындық болып саналады». [164]
Мектептегі зорлық-зомбылық көрген балалар
сондай-ақ өздері көрген зорлық-зомбылық туралы
ешкімге айтпайтындарын мәлімдеді, себебі олар
бұл жағдайды одан әрі ушықтырудан қорқады.
76
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
зорлық-зомбылық құрбандары болғаны туралы
оларға айтуға қорыққандарын хабарлады.
«Мен біреу-міреуге айтуға қорықтым және
бұны жолға қою үшін ата-анамның мектепке
келуінен де, содан кейін өзімнің шынында зардап
шегетінімнен қорықтым». [130]
«Мен ешкімге айтпаймын. Мен анама шу
шығаратындықтан айтпаймын. Егер мен анама
айтсам, ол мектепке келіп маған тіл тигізетін
балаға ұрысатын болады». [241]
Құрбан болған кейбір балалар өздерін жалғыз
сезінетіндерін және өздерінің ата-аналарымен
немесе мектептегі басқа балалармен қарым-
қатынастарының соншалық жақсы емес екенін
айтып берді. Олар сондықтан барлығына бәрібір
болатынын немесе оларды қорғау үшін ешкімнің
3.20-кесте. Мектептегі зорлық-зомбылыққа қатарластарының жауап қайтаруы (сауалнама
жүргізу)
Іріктеме
N=4207
n
%
Мектепте басқа бала (балалар) ренжіткен және/немесе келемеждеген балаға көмек беруге
тырыстыңыз ба?
Ешқашан
1274
30,3%
Кейде
2148
51,1%
Өте жиі
768
18,3%
Мектепте басқа бала (балалар) ренжіткен және/немесе келемеждеген
баланы көрген кезде соңғы
рет сен не істедің?
Мен қастарынан өтіп кетіп, араласқан жоқпын
849
20,2%
Мен қарап тұрдым, бірақ араласпадым
183
4,3%
Баланы ренжітіп/келемеджеп жатқан балаларға қосылдым
87
2,1%
Мен бұған қалжың ретінде қарадым
72
1,7%
Мен ренжітіп/келемеджеп жатқан балаға араластым және көмектесуге тырыстым
1540
36,6%
Мен оны тоқтату үшін мектептен ересек адамды шақырдым
1464
34,8%
Мен ренжіткен/келемеждеген баладан өзін қалай сезінетінін сұрадым
808
19,2%
Болған оқиуға туралы сен кімге хабарладың:
Мен болған оқиға туралы ешкімге хабарлаған жоқпын
1361
32,4%
Мен өзімнің досыма/құрбыма немесе басқа оқушыға айтып бердім
879
20,9%
Мен мектептегі
мұғалімге айтып бердім
1103
26,2%
Мен мектеп директорына/тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына айтып бердім
383
9,1%
Мен мектептегі күзетшіге/мектептегі полиция инспекторына айтып бердім
146
3,5%
Мен өзімнің ата-анама айтып бердім
470
11,2%
Мен өзімнің ағама/апама айтып бердім
267
6,3%
«Мен бұдан кейін жаман болатындықтан,
ешкімге айтпаймын». [322]
«Жоқ, мен ештеңе шығармаймын. Егер біз бұл
туралы біреу-міреуге айтып қойсақ, бізбен ешкім
сөйлеспейтін болады». [211]
«Мен ешкімге айтқан жоқпын, мен айтуға
қорықтым». [209]
«Жоқ, мен ешкімге айтқан жоқпын. Маған
бұның жақсылықпен аяқталмайтынын ескерт-
кен». [72]
Құрбан болған кейбір
балалар сондай-ақ ата-ана-
лары мәселені директормен немесе мұғалімдермен
бірге шешу үшін мектепке баратындықтан
және бұл олардың мектептегі жағдайларын
ушықтыратындықтан, өздерінің мектептегі