Сурет 10. Қазақстан бағалы қағаздар нарығының негізгі сегменттері
Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оның өзінің оған төл онда жұмысты ұйымдастырумен ережелері бар нарығы болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табыады, өйткені бағалы қағаздар – бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы топ олардың осы қасиетімен айқындалады және рынок бағалы қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай беруімен сипатталады.
Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қарызсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны – қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаз нарығының дамуы бағалы қағаздың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.
Сұрақ – 3.
Дүние жүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, әлеуметтік бағыттағы рыноктық экономиканың ұйымдық құрылымында бағалы қағаздар нарығының болуының мәні зор. Бағалы қағаздар нарығы – жалпы мемлекеттік инвестициялық саясатпен байланысқан индустрия. Ол тиімді, максималды әрі жедел пайдалануы мақсатында инвестициялық ресурстардың бөлінуін, сонымен қатар оның экономиканың келешекті салаларында шоғырлануын қамтамасыз етеді. Бағалы қағаздар нарығының мәні өндірістің құлдыруына жол бермеуде және қаржы жүйесінің сауықтандыруында маңызды мағынаға ие. Бұл рыноктың дамыған сатысында қоғамдық өндірістің тиімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика жүзеге асады. Қоғамдық өндіріс көбіне қоғамдық сұранысқа сәйкес келеді.
Бағалы қағаздар нарығы нақты меншік иелері ретінде заңды және жеке тұлғалардың белсенділігін арттыруға жасайды. әлеуметтік бағыттағы рыноктың экономика жағдайында ел тұрғындарының әлеуметтік – экономикалық жағдайы басты мәселе. Бағалы қағаздарды шығарушы өндірісін кеңейтуге мүмкіндік беретін қосымша ресурстары боллғанда ғана пайда табады. өндірістің кеңейюі нәтижесінде жаңа жұмыс орындары пайда болады, бұл өз кезегінде экономиканың жоғарлауына және көрсетілген қызмет аймағының кеңейтуіне әкеледі, ал бұл қайтадан жаңа жұмыс орындарының және экономикалық ресурстардың пайда болуын туғызады. Бағалы қағаздар мемлекеттік және өндірістік тапсырыстарды шешу мақсатында, сонымен қатар шығңындарын жабу мақсатында ресурстарды тарту үшін мемлекеттік және жеке ұйымдар арқылы шығарылады. Бағалы қағаздар нарығының эмиссиясы нәтижесінде алынған қаражаттардың эмитентпен тиімді пайдаланылуы, оның шығарған бағалы қағаздарын сатып алған адамдар үшін тиімді болады.
Жаңадан шығарылған бағалы қағаздар бірінші немесе бастапқы рынокта айтылады. Акциялар мен облигациялар бірінші рынокта сатылғанда эмитент өіне қажетті қаржы рерустарын алады да, бағалы қағаздар бастапқы сатып алушылардың қолына түседі. Бастапқы инвесторлар қолындағы бағалы қағаздарын қайта сатып ақшасын өсіммен қайтарып алады. Бағалы қағаздарды қайта сату олардың қайталама нарығы толық қызмет атқаратын болса, онда бастапқы рынокта тиімді қызмет атқарады. Қайталама рынок механизмі, немесе бағалы қағаздарды кез келген сатып өткізу мүмкіншілігі инвестолрлардың оларға деген сенімін арттырады. Ал бұл қоғам ресурстарын өндірістің дамуына толық жұмылдыруда өз себебін тигізеді.
Қайта сату нарығында бағалы қағаздардың биржалық айналымы жіне биржадан тыс айналымы бөлініп қалыптасады.
Биржаға кез келген компания еркін түрде жіберіле бермейді. Ол үшін биржада тіркелуі борлады. Биржада тіркелуі үшін компания оның заңмен анықталған тәртіптерін орындауы тиіс.
Биржа өзінің беделін сақтау және нығайту мақсатында акцияларды өтімді етуге, оны өздері белгілі де ірі компаниялармен жұмыс істеуге ұмтылады. Егер компания биржада тіркелген болса, онда бұл компанияның акциясы биржалық бағамдама алғанын енмесе акциясы тұрақты сұранымға ие болғанын білдіреді. Кампанияның биржада тіркелуі осы комапнияның қалыптасқан рынокта өз орнын көрсетеді.
Биржаның негізгің белгілері төмендегідей:
-тұрақты және ұйымдастырылған түрде қызмет атқарады;
-сауда келісімдері тауарсыз жүргізеді;
-іскерлік келісімдер бірін бірі алмастырады, тұрақты да жаппай сұранымға ие тауарлар бойынша жасалады.
Бағалы қағаздар нарығынның өркениетті нарығын қалыптастыруда және дамытуда бірқатар ұйымдастырушы – экономикалық мәселелер маңызды. Бәрінен бұл инвестор қаражаттарды салуына негізделген таңдау жасауға мүмкіндік беретін ақпараттардың толықтай ашылуын білдіретін бағалы қағаздар нарығының бірінші нарығына өркениетті келбет беру. Бұған бірінші рынокта болып жатқан жағдайлардың барлығы бағындырылуы керек. Бағалы қағаздар эмиссиясының тіркелу үшін құжаттардың дайындалуы, оның тіркелуі, эмиссия жобасының жариялануы, Бағалы қағаздар нарығынның орналастырылуы және жазылыс нәтижелерінің мемлекеттік органдар тарапынан реттелуі, бақылауы мемлкетпен жүргізілген, сондықтан бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу механизмі келесі бағытта жүзеге асады:
Мемлекет бағалы қағаздар нарығын реттеп ұйымдастыратын заң жүйесін қабылдайды. Бұл заңдар:
-акционерлік қоғамдардың қалыптасу тәртібін анықтайды және реттейді;
-бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан түсетін пайдаға салық кесімдерін реттейді;
-биржаның қызметтін және бағалы қағаздармен жүргізетін операциялар түрлерін анықтайды.
Мемлекеттік мекемелері рынок субъектісі ретінде бағалы қағаздар нарығына шығады. Қаржы ресурстарын жинау үшін мемлекет облигациялар, қазыналық міндеттемелер сияқты бағалы қағаздарды айналымға шығарады.
Ұлттық банктің ақша – несие саясаты арқылы бағалы қағаздар нарығында ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, қор рыныгында жағдай айналымдағы ақша көлемін реттеумен және несиені қолдау саясатымен тығыз байланысты. Ақша массасын қысқа мерзімде реттеу үшін Ұлттық банк қазыналық міндеттемелерді сатады және қайта сатып алады. Бағалы қағаздардың бұл түрін комерциялық банкілерден басқа ірі фирмалар, зейнет ақы қорлары, сақтандыру компаниялары сатып алады. Облигацияды сатып алғанда олар көбіне чек түрінде төлейді ұлттық банк бұл чектерді төлеуге комерциялық банкіге ұсынады, сондықтан олардың төлем қорлары белгілі сомаға қысқарады. Бұл облигациларды Ұлттық банк сатып алғанда коммерциялық банктердің резервтері өседі. Нақты экономикалық жағжайға байланысты мемлекеттік қеғаздар сатылады немесе сатып алынады. Мысалы, елде жұмыссыздық деңгейі жоғары болса, онда банк ашық рынокқа шығып мемлекеттік қағаздарды көптеп сатып алады және сонымен бірге резервтерін арттырады. Бұл өз кезегінде ақшаны арзандатады, несие алу жеңілдейді, іскерлік белсенді лігі артады, инвестиция өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады.
Бағалы қағаздар нарығында Ұлттқы банкінің есептеу пайызы ықпал етеді. Ұлттық банк басқа банктерге несие бере алады. Бұл «міндеттемелерді есептеу» деп аталады. Есептеу келісім, яғни қарыз төлемін төмендетіп Ұлттық банк міндеттемелер есебін қолдайды, оны көтеру арқылы банк бұл ұмтлысты әлсіретеді. Есептеу ставкасы жоғарлаған күні пайыз келісімі өседі, ал акциялар мен облигациялар курсы төмеенді және керісінші, есептеу ставкасы төмендегенде акциялар мен облигациялар курсы өседі.
Міндетті резерв қорларының нормасы да бағалы қағаздар нарығына әсер етеді. Банк несиені тез қысқарту үшін міндетті резерв нормасын өсірді. Ал егер несиені кеңейту қажеттілігі туындаса, банк резерв мөлшерін қысқартады.
Несие ұсынысы өскенде қарыз пайызы төмендейді , ақша алу жеңілдейді. Осы мынадай іс-әрекеттің нәтижесінде, акциялар мен облигациялардың пайызы банк пайызынан жоғары болса, олар күрт көтеріледі.
Резерв нормасы өскен болса, ақша алу қиындайды, қарыз пайызы өседі, ал акциялар мен облигациялардың төлем пайызы төмен болса күрт төмендейді
Банк резевтерін өзгерту қаржы саясатының өте қуатты құралы екені белгілі. Сондықтан, банк міндеттемелерді есептеуу және қысқа мерзімдік облигацияларды сату сияқты емес, резерв нормасын өте сирек екі - үш жылда бір рет ғана өзгертеді.
Ұлттық банктың бағалы қағаздар нарығына ықпал жасау жолымен акцияларды сатып алуға, несие беруге де болады. АҚШ- та федералды резерв жүйесі акция сатып алушылар үшін міндетті түрде өз қорынан төленетін қаржы мөлшерін белгілейді; ал қалған соманы олар несие арқылы төлей алады екен.
Бағалы қағаздар нарығына мемлекет бюджеттің тапшылығыда әсер етеді. Бюджет тапшылығын толтыру мақсатында мемлекет облигациялар шығарады. Осыған байланысты мемлекет қарыз пайызының төмен болуына мүдделі. Банк пайы төмен болғанда, мемлекеттік қағаздарды арзан пайызбен орналастыруға болады. Пайыз мөлшерін төмендету үшін айналымдағы ақша массасын арттыруға тура келеді. Ал бұл болса, жоғары пайызбен шығарылған акциялармен облигациялардың курсын өсіретін болады.
Банктердің, корпарациялардың және тұрғындардың қолында өзгермелі пайызды облигациялар өте көп жиналған жағдайда мемлекет қарыз бойынша пайыз деңгейін төмендетіп ұстап тұру үшін жеңіл несие алу саясытын жүргізеді. Мұндай әрекет бұның алдында келтірілген жағдайда ұқсас, жоғары пайызда акциялармен облигациялардың курсын көтеруі мүмкін.
Сонымен, бағалы қағаздар дегеніміз, сәтін салса, байланыстың ең бір төте және кауіпсіз жолы. Батыста бағалы қағаздар нарығы әбден дамыған. Мәселен инвистицияда әрбір үй иесі акция ұстаушы болып есептеледі. АҚШ – та ұлттық байланыста төрттен бір бөлігі бағалы қағаздар нарығына шоғырланған. Бағалы қағаздар нарығы өзінің құрылымы, техникалық қамтуы, сату және есеп айырысу формасы, тағы басқа да ерекшеліктері жағынан тауарлық және азық – түлік рыноктеріне мүлдем ұқсамайды. Олар әдетте мемлекеттік (мемлекет шығаратын бағалы қағаздар), корпаративтік (акционерлік қоғамдар мен компаниялар шығаратын бағаны қағаздар) басып үшке бөлінеді. Мемлекетпен жергілікті атқарушы органдар (облыс, қала, аудан әкімдері) шығаратын бағалы қағаздар көбінесе облигация, вексель, займ түрінде келеді. Бұлар негізінен бюджеттің алқылықтарын толықтыр, арнаулы бағдарламаларды қаржыландыру, экономикалық белсенділікті реттеу мақсатында шығарылыды.
Сонымен, капиталдың жоғалмайтындығына мемлекет пен оның жергілікті атқарушы органдары кепілдік беретіндіктен мемлекеттік пен муниципальдық бағалы қағаздар сенімділігі, әдетте өте жоғары болып келеді. Сондай – ақ бұларға салықтың ең жеңілдікті түрі қоданылады немесе салық салынбайды.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың осындай артықшылығына қарамастан акционерлік қоғамдармен компаниялар шығаратын корпаративтік бағалы қағаздар, яғни акциялар бағаны қарыздардың арасындағы ең кең тараған түрі болып табылады. Себебі акциялардың курсы мемлекеттік баағаны қағаздарға, сондай – ақ банк депозиттерінің пайыздық ставкаларына қарағанда жедел өзгеріп отырады. Сол арқылы олардан мол пайда қаратуға болады.
Сондай – ақ, акция ұстаушыарға қоғамның табысынан дивиденттерде төленуі мүмкін. Бірақ бұл қоғам үшін міндетті шарт болып табылмайтындықтан акционерлер негізгі кірісті өкп ретте, жоғарыда айтқанымыздай, акциялардың өсу курсынан қаратады.
Ал енді қаржы секторының құрамдас бір бөлігі болып табылатын бағалы қағаздар нарығыныың өз ішіміздегі даму жағдайына келер болсақ, өткен ғасырдың тоқсанынышы жылдарынан бастап өрбіткеніміз жөн. Себебі 1991-1994 жылдар аралығында еліміздегі бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғамдарға айналдырады. Қор нарығының бұдан басқа да элементтерімен институттары, соның ішінде Қазақсатан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы құрылып, жұмыс істей бастайды. Бұл кезеңнің өзіне тән ерекшелігі нарықта негізінен мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру жөніндегі акциондар ғана өткізіліп отырады.
Мұнан кейінгі кезеңде (1995-1998 жылдар) Қазақсатан Республикасында бағалы қағаздар нарығын дамыту туралы алғашқы бағдарлама қабылданып, соған сәйкес қор нарығының заңдық базалары қалыптастырып, нарықтық инфрақұрылымдарын құру жұмыстары толық аяқталса, үшінші кезеңде (1999-2000 жылдар)негізгі назар шаруашылық субъектілерін бағалы қағаздар нарығына тарту мәселесіне айналды.
Кейінгі жылдарда да осы іс жалғасын тауып, рыноктың инвестициялық тартымдылығын арттыру, ауқымын кеңейту мақсатындағы жұмыстар жүргізіліп келеді.
Қазақстан Республикасы батыс елдерінің бірқатар қаржы инесмтиция құрылымдарымен келісімге келіп, өзінің орта мерзімдік облигацияларын европада орналастырады. Қазақстан бағалы қағаздарды нарығы толыққанды дамып, жоғары деңгейде қызметт ету үшін ұлттық өндіріспен ішкі ұлттық рынок жүйесін теерңдету қажет. Қазақстан эконмикасын өндірістің құрылымының одан әрі жетілуі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып, экономиканың нақты секторына жұмсауды қажет етеді. Одан қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүкіншілігні нығайтып, олардың салымшыларға беретін сақтандыру кепілдікутерін жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Бағалы қағаздар нарығының дамуы және оның тиімді жұмыс жасауы Қазақсатндағы ұлттық капитал мен табыстардың өсіп шоғырлануына тікелей байланысты.
Сонымен, бағалы қағаздар нарығы ұлттық экономиканы одан әрі дамытуда қолданылатын өте қуатты да икімді құрал екені белгілі.
Қазақстанда құрылған қор нарығының инфрақұрылымдары ТМД елдері арасында ең үздіктердің бірі болып табылады. Бірақ олар қаржы секторымыздың тағы бір құрамдас бөлігі сақтандыру қызметімен салыстырғанда да біздегі бағалы қағаздар нарығы халық арасында оншама танымалдыққа ие бола алмай отыр.
Қазіргі кезде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының даму деңнейі жақсарып келеді теп айтуға болады, осы қуатты мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қасында корпоративтік бағалы қағаздар, яғни акциялар шығарумен тарату мәселелері қараастырылып келеді.
Мемлекеттік бағалы қағаздар негізінен жинақтаушы зейнетақы қорлары секілді арнаулы ұйымдар ортасыда ғана таратылады. Міне осындай себептерге, яғни еліміздегі бағалы қағаздар нарығыныңң тор ауқымдылығына байланысты біздің халқымыз өздерінің қолында басты артық қаржысы болса, оны сақтау мен көбейтудің қаржы секторындағы бірден бір сенімді жолы тек банк депозиттері ғана деп біледі.
Сонымен экономикалық қарқынды дамуының нәтижесінде онвң әр саласы бойынша үлкен өзгерістерге жол ашылып отырғанымен Қазақстандағы қор нарығы зәірге оның кәсіпқой қатысушылары мен қаржы топтарының арасында ғана өріс алып келе жатқандығы сенімді (13). Көптеген кәсіпорындар мен қарапайым халық бұл рыноктан тысқары қалуда. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстандағы қор нарығының қазіргі жағдайы мүшелерінің саны шектеулі мөлшерден аспайтын жабық акционерлік қоғамның жұмысын еске салады. Оның қыры мен сыры, даму барысы көпшілікке мәлім емес. Егер, қор нарығының қалыптасуы осылай сызылмайтын сипат алып, жағдай өзгерісіз қала берсе, мұнда өзі экономиканың тежеуші факторының біріне айналмақ.
Міне, осы жағдай қазіргі күні ел басшылығын Қазақстанның қор нарығынан үміт күшті инвесторларды да алаңдатуда. Осы рынокты дамыту, әсіресе корпоративтік бағалы қағаздар нарығының тартымдыығына қол жеткізу еліміздің алдындағы кезек күттіретін міндеттердің бірі болып оытр. Мұны Елбасының аталған мәселесіне байланысты үкіметке талаптыы күшейте түскендігінен байқауға болады. 2006-2007 жылдарға арналған бағдарлама әзірленді., бұл бағдарлама ел экономикасын дамытдың маңызды бағыттардың бірі ретінде аатп көрсетеді.
Жаңа бағдарлама бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытудың тұтастай шаралар жүйесін қамтиды.
Бағдарламаның түпкілікті мақсаты рынокты жандандару, оның ашықтығымен тиімді қызметіне жеткізу, бағалы қағаздар шығарудың мүмкіндіктерін әрі кеңейте түсу болып табыалды. Ал оның нәтижесі халықпен кәсіпорыдардың уақытша бос қаражаттарын бағалы қағаздар нарығына шоғырландырудан және бұл қаржы ресурстарын мұқтаждарға беруге ықпал етуден көрінбейді.
Бақылау сұрақтары
1.Бағалы қағаздар нарығы деген не.
2.Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
3.Бағалы қағаз түрлеріне тоқталу.
Тест тапсырмасы
1.
Бағалы қағаздар мен ақшалай қаражаттар мәмілесін жүргізетін және өзіне сеніп тапсырылған бағалы қағаздарды сақтандыруға және есепке алуға байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға қалай аталады?
а.Кастодиан
b. Инжиниринг
с. Брокер
д.Джоббер
е. Дилер
2.
Кастодиан қызметі
а.Бағалы қағаздарды сақтау, есепке алу
b.бағалы қағаздарды сату
с.депозит
д.несие алу
е.бағалы қағаздарды эмиссиялау
3.
Құңды қағаздар нарығының қатысушыларын көрсет
а.Эмитентер
b.Сатып – алушы
с.Инвесторлар
д.а және с дұрыс
е. а, b, с дұрыс
4.
Қазақстан территориясында айналымда ақша нарығының қаржы құралдарымен қандай операциялар жүргізеді?
а.Чек беру
b Қолма-қол ақша беру
с.Төлем карточкаларын пайдалану
д.Вексель беру
е.Барлығы дұрыс
5.
Инвестиция жұмысының субъектілеріне жатпайтын нұсқаны көрсет
а.инвесторлар
b объектіні пайдаланушылар
с.мемлекеттік және халық аралық ұйымдар
д.шетел заңды тұлғалары
е.бағалы қағаздар
Есеп 1
Акцияның номиналдық құны 150000тг.
Акцияның бағамдық құнын табу керек. Егер дивиденттің мөлшері - 16% , ал банк ставкасы 20%
Шешуі: А.б.= 16%*150000/20% *100= 120000
Есеп 2
Акцияның номиналдық құны 2000000тг.
Дивиденттің мөлшері - 14% , ал банк ставкасы 18%
Акцияның бағамдық құнын табу керек.
Есеп 3
6. Акциялардың номиналдық құны – 100 000 тг
Дивиденттік мөлшері – 12%
Банк ставкасы – 30%
Акцияның бағамдық құнын табу керек
Есеп 4
2007 жыл үшін дивиденттер деңгейі бойынша акциялар кірістілігін жекелеген элементтері бойынша салыстыру керек.
Есептің кіріс мәліметтері келесідей болады:
акция номиналы (NA);
сату бағасы (CP);
жылға есептеу бойынша жарияланған дивиденттер (Div).
Есепті шешу нәтижелерә келесі кестеде қалыптасуға тиіс:
Дивиденттер деңгейі бойынша акция кірістілігі
Эмитент
|
Акция номина-
лы
( тенге)
|
Сату бағасы
( тенге)
|
Жылға есептелген жарияланған дивиденттер
|
Дивиденттер бойынша кірістер
|
NA
|
CP
|
в % Div
|
в тенге DivR
|
DN номина-лына
|
DF
нақты
|
КБ «Жаңырту»
|
10000
|
17780
|
400 %
|
|
|
|
Нұрбанк
|
10000
|
22900
|
400 %
|
|
|
|
Торебанк
|
5000
|
5600
|
320 %
|
|
|
|
Құрлысбанкі
|
1000
|
2015
|
653 %
|
|
|
|
КБ Алматы
|
1000
|
2482
|
736 %
|
|
|
|
Алтынбанк
|
1000
|
1000
|
325 %
|
|
|
|
БТА
|
50000
|
27050
|
360 %
|
|
|
|
Казком
|
1000
|
1200
|
153 %
|
|
|
|
1.Шығыс көрсеткіштерді есептеу үшін келесі формулалар бар:
DirR(i)=NA(i)*Div(i);
DN(i)=Div(i);
DF(i)=DivR(i) / CP(i),
мұнда i=1,N, N – эмитенттер саны
2. Шығыс құжатында жазуларды, дивиденттер бойынша нақты кірістердің ұлғаю тәртібін сақтап жазыңдар.
3. Жеке EXCEL жұмыс парағында әр эмитенттің дивиденті бойынша шеңберлі диаграмма құру керек. Графикте кірістіліктің мәнін көрсету керек, аңызын шығару және график атауын жазу қажет. Онда әр эмитенттің акцияларының номиналдарының мәнідерін және сату бағаларын гистограмма, ал нақта кірістілгін сол диаграммада линейлік график түрінде көрсету керек.
4. Дивиденттер деңгейі бойынша акция кірістілігінің бастапқы құжаты негізінде келесі мәндердә есепте:
- барлық эмитетенттер бойынша акцияны сатудың орта бағасын;
- акцияны сатудың максималды бағасын, сәйкес эмитеттің атауын;
- акцияны сатудың минималды бағасын, сәйкес эмитеттің атауын;
- дивиденттер деңгейі бойынша акцияның максималды нақты кірістілігін, сәйкес эмитеттің атауын;
- дивиденттер деңгейі бойынша акцияның минималды нақты кірістілігін, сәйкес эмитеттің атауын;
Есептеулер нәьижелерін келесі құжат түрінде толтыр:
Есептеу көрсеткіштері
|
Мәні
|
Акцияны сатудың орташа бағасы
|
|
Акцияны сатудың максималды бағасы
|
|
Акцияны сатудың минималды бағасы
|
|
Акцияның максималды нақты кірістілігі
|
|
Акцияның минималды нақты кірістілігі
|
|
5. Есептеулер нәтижелері мен диаграммаларды басуға шығаруды дайында.
Тақырып 8. Сақтандыру нарығы
Сақтандыру нарығының мәні және функциялары
Қазақстандағы сақтандыру нарығының құрылымы
Сұрақ 1.
Қаржы нарығынық ең маңызды салаларының бірі — сақтандыру нарығы. Сақтандыру дегеніміз — екі жақ тәуекелге бара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруға келісімін береді. Сақтандыру адамдарды әр түрлі қауіп-қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғаудың бұрыннан келе жатқан әдісі. XVIII ғасырдың ортасында-ақ мүліктер мен жеке бас-тарды сақтандырудың 100-ден аса түрін жүзеге асырып үлгірген көптеген кәсіпқой сақтандыру қоғамдар пайда болды.
Кесте 6. Сақтандыру нарығының қатысушылары мен функциялары
Сақтандыру нарығының қатысушылары
|
Сақтандыру нарығының негізгі функциялары
|
Сақтанушылар
Сақтандырушылар
Сақтандыру делдалдары
Сақтандыру инфроқұрылымының ұйымдары
|
реттеуші - нарық, басқалар сияқты мемлекет тарапынан реттеліп отырады
коммерциялық - сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды камтамасыз етеді
бағалық - компанияның сақтандыру қызметінің бағасын белгілеуді қамтамасыз етеді
сенімділік - сақтандыру операциялары қолайсыз, тағы басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді
|
Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңында сақтандырудың трансшегаралық деп аталатын түрі де карастырылған. Трансшегаралық сақтандыруда сақтандыру сый-ақысы республикада да, одан тыс жерлерде де жүргізіле береді. Сақтандырудың мұндай түрін жүргізудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңымен және республикамызда бекітілген халықаралық келісімдермен анықталады. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдық-резидентінің өзі қабыл-даған сақтандыру тәуекелін қайтадан сақтандыру үшін елден тыс жерлерге беру — қайта сақтандыру ұйымының ҚР резиденті еместерге тікелей немесе ҚР сақтандыру брокер-резиденті арқылы, егер осы ұйымдардың рейтингісі болған жағдайларда берілуі жүзеге асырылуы мүмкін.
Сурет 11. Сақтандыру түрлері
Сұрақ 2.
Қазақстандық сақтандыру нарығының құрылымы оған қатысушылар мен сақтандыру салалары арқылы көрсетілген.
Аталған нарықтың қызметі ҚР Конституциясына, ҚР Азаматтық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» Заңға негізделген нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ ҚР баска да нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті, сақтандырушы, сақтандырылған, табыс табушы, актуарий, өкілеттілігі бар аудиторлық ұйым (өкілеттігі бар аудитор), өзара сақтандырушыға байланысты басқа да жеке және заңды тұлғалар сақтандыру нарығына қатысушылар болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |