Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 4,25 Mb.
бет7/17
Дата01.01.2018
өлшемі4,25 Mb.
#6865
түріПротокол
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Сурет 8. Бірлестірілген несиені берудің сызбасы

Бірлестірілген несие — банк тобын құратын кепіл банк арқылы ұйымдастырылады. Мұнда топтың құрамындағы әрбір банк несие сомасының белгілі бір бөлігін береді.

6. Ипотекалық несие — сатып алынған үйдің немесе жердің кепілімен банк беретін орта мерзімді және ұзақ мерзімді несие. Ипотекалық несие — қаржылық қызмет көрсету нарығының ең серпінді дамып келе жатқан бағыттарынық бірі. Бүгінгі таңда Қазақстаңдағы үлкен мәселе болып саналатын «баспана мәселесін» шешудің бірден-бір жолына айналды. Жылжымайтын мүлік саласындағы мамандар ұзақ мерзімді ипотекалық несиенің жүйесін

Вексельді кепілге алып берілетін қарыздар- мерзімді болады, егер де вексель иесі алдын-ала келісілген мерзімге бакіден оларды сатып алуға міндетті болса, немесе онкольдық (несие беруші кез келген сәтте өтеуді талап ете алатын несие) болса, онда қарыздарды қайтаруды банктің кез келген уақытта талап етуге құқы бар.

Вексельді кепілге ала отырып, банк қарыздың ең жоғары мөлшерін және шот бойынша қарызбен қамтамасыз ету арасындағы пайыз қатынасы, пайыз мөлшерін және банк коммисиясын анықтайды. Несиелік шартта банктің қарыз сомасын өтеу үшін вексель берушінің сол вексельді төлеуге арналған сомасын пайдалану құқы айтылған, ал егер ондайлар болмаса есеп айырысу шотына көрсетілген қызыметтер мен тауарлар сатудан түскен түсім сомасын пайдалана алады.

Коммерциялық банктердің несиелік қызыметті атқаруы – несиелік механизмді үнемі жетілдіруді, қарыздарды берудің қарапайым техникасын қамтамасыз ететін несиелеу әдістері мен формаларын енгізуді, несиелік операциялардың еңбек сыйымдылығын төмендеуді білдіреді.

Қазақстан Республикасында несиелеу: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңдарымен, сондай-ақ Ұлттық банкімен 1994 ж. 11 ақпанда бекітілген «Қазақстан Республикасы эканомикасын қысқа мерзімдінесиелеу» Ережесімен реттеледі және жүзеге асады. Бұлар банктердің барлық меншік формалары мен түрлеріне қатысты.

Қысқа мерзімді қарыздар беру ресми мәртебесі бар банктермен жүзеге асады, ол мәртебе Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсаты мен банктік операцияларды жүргізуге лицензиясының бар болуымен анықталады.

Қарыз несиелік қабілеті бар қарыз алушыларға беріледі. Егер олардың мерзімі ұзақ болмаған болса, онда қарыздар бойынша мерзімі өткен қарыздары болған жағдайларда да беріледі.

Қарыз беру үшін қарыз алушының беделін; бұрын алған қарыздарды өз уақытында қайтаруын; болмаса өтімділігін; барлық қарыздық міндеттемелерді өтеуін; меншікті айналым қаражаттарының барлығын алдын ала зерттеп білуі қажет.

Қарыздарды беру жекелеген қарыздық дербес шоттар бойынша жүргізіледі. Оо шоттар несиенің бағытталуы бойынша (несие шифр) ашылады. Мұндағы өңімді сатудан түскен түсім мен басқа да түсімдер есеп айырысу шотына аударылады. Қарыз ақшалай қаражат жоқ кезінде тауар-материалдық құндылықтар, көрсетілгенқызыметтер үшін ақшалай-есептік құжаттарды төлеуге, сондай-ақ қолданылмаған қарыз қалдығы мөлшерінде чектік кітапшаны жәнет аккредитивтер ашу үшін беріледі.

Қарызды пайдаланғаны үшін төлем ақының (пайыздық) мөлшері төмендегілерге байланысты қойылады: несиені пайдалану мерзіміне, қарыз алушының төлей алмау тәуекеліне, несиелік ресурстар үшін төлем мөлшеріне, объект сипатына, бәсекелес банктердің мөлшерлемесіне және басқа да факторларға байланысты.



Бақылау сұрақтары
1. Несие дегеніміз не.

2. Несие ұсыну және инвестициялық іскерлік.

3. Несиелік одақтардың ұйымдық құрылымы.

4. Меншіліктік кұрылым және несиелік одақтарды басқарудың құрылымы.

5. Несиелік одақтардың депозиттік, несиелік және басқада қызмет көрсету түрлері.
Тест тапсырмасы

1.

Несиелік одақтардың міндеттемелері қалай қалыптасады?

А) Чектік емес шоттар

В) Сақтандыру шоттары мен чектік шоттар

С) Зейнетақы қоры

Д) А,В дұрыс

Е) дұрыс жауабы жоқ

2.

Несие арқылы қандай операциялар орындалады?



  1. Ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерді жүргізу

  2. Бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтарын мен табыстарын жұмылдырады

  3. Сақтандыру , делдалдық, инвестициялық операциялар

  4. Барлығы дұрыс

  5. Дұрысы жоқ

3.

Коммерциялық несиелерді қамтамасыз ету – бұл?



  1. Ақша құралдарымен толтырылған төлемді кейінгі шегеру, яғни шаруашылық субъекттілерін несие арқылы несиелеуді іске асырады

  2. Операцияларын іске асыру процесіндне, оған қатысушылар арасында әр түрлі есептеуді іске асыруға көмектеседі

  3. Ақша міндетімен толтырылған төлемді кейінге шегеру, яғни шаруашылық субъектілерін вексель арқылы коммерциялық несиелеуді іске асырады

  4. Шаруашылық субъектілері және онда жұмыс істейтін тұрғындар арасында іске асырады

  5. Операцияларын іске асыру процесінде, оған қатысушылар арасында бірегей есептеуді іске асырады

4.

Несие қандай формада беріледі?



  1. Тауар, акша

  2. Пайыз

  3. Тек ақша

  4. Тек тауар

  5. Айырбастау

5.

Өзара несиелеу институттары болып табылады:



  1. Сақтандыру қоры

  2. Несие одағы

  3. Ком.банк

  4. Қаржы институттары

  5. Барлығы дұрыс

1есеп.

Банк клиентке жылдық 15%-бен, сомасы 140 000 несие берді. Жыл аяғында клиент қандай сома қайтарады.


2 есеп.

Несие 150000 теңге 2 жыл мерзімге беріледі. Жылдық пайызы 18%. Қайтару төлемдері әр жыл сайын төленеді. Бірлік қайтару төлем көлемін анықтаңдар.



3 есеп
Лизингтік операция бойынша схема берілген. Операцияның негізгі этаптарына мінездеме беріңіз.

1 лизинг алушы мен лизинг беруші арасындағы келісімді жасау және лизингтік тіркеуді;

2 Жабдықтаушы мен лизинг беруші арасындағы лизингтік объектіні сату-сатып алу

келісімді жасау;

3 Лизинг алушыға лизинг объектіні жабдықтау;

4 Лизинг алушыдан лизинг берушіге төлемдерді жүргізу;



Есеп 4

Төлемдердің графигін келесі шарттарға қарап құр:

Несие сомасы – 192000 теңге

Несие бойынша мөлшерлемесі – 30%

Несие мерзімі – 180 күн

Несие берілген күні - 1 ақпан 2003 ж.

Ерекше шарттар – несие пайдалану жөніндегі пайыз әр ай сайын төленеді. Негізгі қарыз сомасы әр ай сайын бірге, тең мөлшерде төленеді.


Тақырып – 6. Валюталық нарық және оның құралдары
Жоспар:


  1. Валюта нарығы түсінігі және оның құрылымы.

  2. Валюталық операциялар және олардың мінездемелері.


Сұрақ 1.

Валюталық нарық қаржы нарығының, оның әртүрлі құрамдары арасында өзара қатынасты қамтамасыздандырудың маңызды бөлігі болып табылады. Бұл валюта тұтынушы мен сатушы арасындағы құқылық және экономикалық ара қатынасты орнатуға жәрдемдесетін механизм. Ол мәмлені келесі негіздерде іске асыруға көмектеседі:

1. бөлшек сауда мәмілелері. Бұл ретте банк сату-сатып алу кезінде клиентпен тікелей іс қатынасында болады.

2. банкаралық көтерме сауда мәмілелері. Бұл ретте екі банк бір бірімен валюталық брокерлер көмегімен іс қатынасын жасайды және нәтижесінде банкаралық нарық пайда болады.

Ұлттық валюталық жүйе елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру формасы болып табылады. Және ұлтық заңдылықпен анықталады. Оны келесідей негізгі элементтер мінездейді:


  1. ұлттық валюталық бірлік

  2. ресми алтын валюталық резервтер құрамы

  3. валюта паритеті және валюта курсын қалыптастыру механизмі.

  4. валюталық кері айналымдық шарты, валюталық шектеулердің болуы немесе болмауы.

  5. елдің сыртқы есептеулер тәртібі.

  6. ұлттық валюталық нарық және алтын нарығы режимі, елдің валюталық қатынасын реттеу.

Бұл жүйенің айырмашылықтары елдің экономикасының дамуының шарттарымен және дәрежесімен анықталады. Халықаралық сауда мәмілелері екі немесе одан да көп ұлтық нарықтар арасында іске асырылады. Бұл жағдайда әртүрлі сауда орталықтарының банктері бір бірімен ара қатынаста болады.

Валюта – ұлттық ақша бірлігінде көрсетілген кез келген төлем құжаты немесе ақша міндеттемесі және халықаралық есептеулерде қолданылады. Ол шет елдікте болады – банкнот, қазналық билеті түрлерінде болады. Әр мемлекетте елдің бар ақша – несиелік жүйесін басқаруды іске асыратын орталық банк болады. Ол ақша эмиссиялаудың монополиялық құқығына ие болады, коммерциялық банктердің уақытына бос құралдыһарын және міндетті резервтерін сақтайды.

Валюталық нарықтың негізгі тауары – шет ел валютасында белгіленген кез келген қаржылық талап. Қазақстан бүгінгі күні валюталық нарық тек шетел валюталары операцияларымен шектелген.

Валюталық айырбас – ол бір елдің валютасын басқа елдің валютасына айырбастау. Валюталық нарықтың негізгі қатысушылары – банктер, экспортерлар, трансұлттық компаниялар, қаржы мекемелері, инвесторлар, үкіметтік агенттер, кәсіпорындар және жеке тұлғалар.

Валюта нарығының қатысушылары келесідей функциялар тақарады: ақша аударымдары, хеджерлеу, клиринг және несие. Ең қарапайымы – ақша аудару. Хеджерлеу кезінде валюта нарығының қатысушылары потенциалдық шығын тәуекелі аясында валюталық позициядан қорғауға ұмтылады. Мысалы теңгенің курсы долларға қарағанда өсуі мүмкін, бұл ретте сатып алыңған тауардың долларлық құнының өсуі мүмкін. Бұл жағдайда, ол теңгені сатып ала отырып хедждеуді сіке асыра алады. Бұндай теңгені форвардтық сатып алу, тауардың долларлық құнын фиксациялады және валютаның курсының өзгеруі кезінде қорғанысты қамтамасыз етті.

Валюталық нарық халықаралық төлемдер өткізу кезінде клирингтің иеханизмімен қамтамсыз етеді. Ол басқа қаржылық орталықтарда орналасқан банк – корреспонденттерде сақталатын шет ел валютасындағы депозиттер айналымы арқылы іске асырылады:



  1. мезгілсіз салымдар құралдары телеграфтық немесе электрондық аударулар

  2. ұсынушыға жазылған банктік вексельдер

  3. коммерциялық тратталар

Валюта курсіне әсерін тигізетін келесідей негізгі факторлар бар:

  1. ұлттық жалпы өнім

  2. сатып алу қабілеті паритеті бойынша валюта курсы

  3. шынайы проценттік ставка деңгейі

  4. инфляция

  5. өнеркәсіптік өндірістің индексі

  6. жұмыссыздық

Кесте 1. Валюта нарығының міндеттері мен түрлері

Негізгі міндеттемелер

Валюта түрлері

Валюта статусы

  1. ұлттық

  2. шет ел

  3. резервтік

Заттық формасы

  1. қолма-қол

  2. қолма-қол емес

өзара қайта айналымдық режимі

  1. еркін конвертациялау

  2. бөлшек конвертациялау

  3. конвертацияланбайды

Валюта курсының режимі

  1. оның валюталық паритеті арқылы бекітілген курсы

  2. өзгермелі курс

  3. қатты немесе жұмсақ валюта



Сурет 9. Қазақстанның валюта нарығының құрылымы.
Кез-келген мемлекетте «валюта» түсінігі анықталған мағынада қолданылады және статусы бойынша келесідей жіктеледі:

Кесте 2. Валютаның жіктелінуі



Негізгі сипаттамалары

Валюта түрлері

Валюта мәртебесі

- ұлттық

- шетелдік

- резервтік


Заттай формасы

- қолма-қол ақша

- қолма-қол ақшасыз



Өэара қайтымдылық режимі

- еркін айырбасталатын

- ішінара айырбасталатын

- айырбасталмайтын (жабық)


Валюта бағамының режимі

- оның валюталық бірдейлігі арқылы белгіленген (тіркелген) бағам

- өзгермелі бағам

- тұрақты немесе тұрақсыз валюта



Сұрақ 2.

Валюталық операциялар – шетел валютасында жазылған төлем құжаттары мен ақша нарығынды котировкаланатын шетел валюталарымен жүргізілетін операциялар. ҚР территориясында валюталық операцияларды резиденттер және резидент емес тұлғаларда уәкілеттенген банктер мен банктік емес қаржы ұйымдары арқылы, сол сияқты айырбастау пунктері арқылы іске асыра алады. ҚР-да жоғары аталған ұжымдарсыз шетел валютасын сатып алуға, сатуға және айырбастауға тиым салынған.

Валюталық операцияларды келесі критерилер бойынша жіктеуге болады:


  1. объектісі бойынша:

а) шетел және ұлттық валюталармен операциялар

б) шет валютасындағы құнды қағаздармен операциялар

в) қымбат бағалы металдар мен тастар бойынша операциялар

2. субъектілер бойынша:

а) жеке және заңды тұлғалардың операциялары

б) мемлекеттік, әкімшілік – территориялық және муниципиалдық құрылымдардың операциялары

в) шетел мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың операциялары.

3. іске асыру режимдерінің саны бойынша:

а) іске асырудың құқықтық режимі, резидентік статусқа тәуелсіз әмбебап операциялар

б) іске асырудың құқықтық режимі резиденттік статусқа тәуелді жекешелендірілген операциялар.

4. іске асыру территориясы бойынша:

а) ішкі


б) шетелдік

5. валюталық операциялар іске асырылатын шеңбер ішіндегі құқық қатынасы түрлері бойынша:

а) қаржылық-құқықтық - салықтың төлемдері бар арналған аударымдар.

б) әкімшілік құқықтық – шетел валютасында айыппұлдар төлеу.

в) азаматтық-құқықтық – резидент импортердің келісімшарт негізінде тасушы ұйым-резиден пайдасына аударылатын валюталық төлемдер.

г) халықаралық-жеке құқықтық резиденттердің экспорттық-импорттық сыртқы сауда контрактілері бойынша резидент емес тұлғаның пайдасына берілетін валюталық аударымдар.

Біздің елдің заңдылығына сәйкес валюталық операциялар табылады:


  1. валюталық құндылықтарға меншіктілік құқығының ауысуына және басқа да құқықтарға байланысты операциялар

  2. ҚР-на кіргізу немес жіберу, сол сияқтя ҚР-нан аударудың әртүрлі әдістері. Валюталық құндылық – ол шетел валютасы, номиналы шетел валютасында көрсетілген құнды қағаздар мен төлем құжаттары: құйма латындар, ұлттық валюта, номиналы ұлттық валютада көрсетілген құнды қағаздар емн төлем құжаттары, егер олармен резиденттер мен резидент емес тұлғалармен операциялар өткізген жағдайда. ҚР-да валюталық операциялар ҚР «Валюталық реттеу туралы» заңы негізінде іске асырылады.

Бақылау сұрақтары

1.Валюта нарығы дегеніміз не.

2. Қазақстанның валюта нарығының құрылымы.

3. Жалпы валюта түсінігі.



Тест тапсырмасы
1.

Қандай қаржылық нарық, валюталық құндылығы объектінің тауарға айналатын нарығын көрсетеді



  1. Ссудалық нарығы

  2. Құнды қағаздар нарығы

  3. Несие нарығы

  4. Алтын нарығы

  5. Валюталық нарық

2.

Валюталық операцияларды қалай жіктеуге болады



  1. шетел, ұлттық валютамен операциялар

  2. қымбат бағалы металмен операциялар

  3. қымбат тастармен операциялар

  4. шетел валютасындағы құнды қағаздармен операциялар

  5. барлық жауабы дұрыс

3<.test>

Банктер,биржалар,экспортер мен импортерлер қаржы немесе инвестициялық мекемелер,үкімет ұйымдары қандай нарықтың субъектілері болып табылады?

a) Алтын нарығы

b) Капитал нарығы

c) Валюталық нарық

d) Тауар нарығы

e) Дұрыс жауап

4<.test>


Қаржылық нарық қандай 4 нарыққа бөлінеді:

  1. Валюталық, алтын, ақша, құнды қағаздар нарығы

  2. Валюталық, ссудалық, капитал, алтын нарықтары

  3. Валюталық, алтын, ақша, капитал нарықтары

  4. Валюталық, капитал, ақша, құнды қағаздар нарығы

  5. Реттеуші, ақпараттық, бөлу, ынталандырушы

5 .

Валюта нарық субъектілеріне жатпайтынын тап.



  1. Банктер

  2. Биржалар

  3. Құнды қағаз

  4. Үкімет

  5. Экспортер, импортер


1есеп

900 000 АҚШ доллар сомасына несие берілді, жылдық пайыздық мөлшерлемесі 20%, несиенің жалпы сомасы 2 этапта өтеледі: 400 000 АҚШ доллар 90 күннен кейін, ал қалған  500 000 АҚШ доллар 180 күннен кейін. Регрестивті әдіс бойынша пайыздық жалпы мөлшерін анықтандар.


Шешімі:

400 000 ×20 ×90

——————— =20 000 дол. АҚШ;

100 ×360

500 000 × 20 ×180

———————— =50 000дол.АҚШ;

100×360

20 000 + 50 000=70 000 дол.АҚШ;


Есеп 2.

1000 000 АҚШ доллар сомасына несие берілді, жылдық пайыздық мөлшерлемесі 18%, несиенің жалпы сомасы 2 этапта өтеледі: 300 000 АҚШ доллар 90 күннен кейін, ал қалған  700 000 АҚШ доллар 180 күннен кейін. Регрестивті әдіс бойынша пайыздық жалпы мөлшерін анықтандар.



Есеп 3

Вексель бағасын (ВБ) анықта, вексель валютасы − 120 000 АҚШ дол,вексель бойынша пайыз мөлшерлемесі 25 %, келісім мерзімі 1080 күн.



Есеп 4

Банк экспорттерге несие берді, несиенің толық өтеу мерзімін анықтаңыз.Пайдалану мерзімі – 180 күн, жеңілдік кезеңі – 90 күн, өтеу мерзімі 90 күн.




Тақырып 7. Бағалы қағаздар нарығы, оның функциялары және құрылымы

Жоспар
1.Бағалы қағаздар және олардың түрлері.

2 Бағалы қағаздар нарығы оның мәні және негізгі белгілері

3 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу


Сұрақ 1.

Жекешелендіру — елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және қолхоздық-қорпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.

Жекешелендіруді ҚР Мемлекеттік мүлік жөніндегі Мемлекеттік комитеті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталған комитеттің аумақтық органдары жүзеге асырады.

Қазақстаңда жекешелендіру процесін реттейтін құқықтық актілердің тұтас жүйесі бар. Ол 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы «Жекешелендіру туралы» Заңды, 1996 жылдың 27 ақпанында қабылданған «1996-1998 жылдарына арналған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті қайта құрылымдау және жекешелендіру бағдарламасын», сондай-ақ, Министрлер кабинеті, Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет қабылдаған көптеген нормативтік актілерді қамтиды.

ҚР жекешелендіру бағдарламасына сәйкес республиканың барлық кәсіпорын қызметкерлерінің саны мен саласына қарай төрт топқа бөлінді. Олардың әрбіреуі үшін жекешелендірудің әр түрлі тәсілдері қарастырылады:

• жергілікті аукциондар арқылы ұсақ кәсіпорындарды сату;

• орта және ірі кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;

• жеке жобалар бойынша аса ірі кәсіпорындарды жекешелендіру;

• ауыл шаруашылығы салаларындағы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу секторындағы жекешелендіру.

Қазақстаңда меншік реформасы негізгі үш кезеңнен өтті.

Бірінші кезең (кіші жекешелендіру) 1991 жылдан 1992 жылға дейінгі уақытты қамтыды және негізінен сауда объектілері мен қызмет көрсету салаларын сату, сондай-ақ мемлекеттік меншікті еңбек ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден аса ірі және шамамен алғанда 4000 шағын кәсіпорын экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті.

Бұл арада тек әрбір бесінші кәсіпорын ғана мемлекет иелігінен алынып, жеке меншікке өтті, негізінен ауыл шаруашылығы, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар жекешелендірілді. Кіші жекешелендірудің аясында 11 000 нысан сатылды, бұл көрсеткіш оның шамамен 2/3 бөлігін құрады. Сондай-ақ бір мезгілде сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету салаларындағы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды орын алатын кәсіпорындардың 84%-ы жекешелендірілді.

Реформаның екінші кезеңі 1993 жылдан 1996 жылдың басына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл кезендегі жекешелендірудің қағидасы жекешелендіру купонын халыққа таратып беруге негізделді. Халық бұл купонды арнайы инвестициялық қорға салу құқығына ие болды. Купондар, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алу үшін пайдаланылды.

Қазақстанның барлық азаматтары (балаларды қоса алғанда) купон кітапшаларын алды. Бұл арада халықтың материалдық жағдайындағы айырмашылықтарды жарым-жартылай өтеу мақсатында қала халқына 100 купон бойынша, ал ауыл тұрғындары үшін 120 купон бойынша есептелді. Ұлттық банктің желілері арқылы купон кітапшаларын таратып беру 1993

жылдың соңында аяқталды. Тұтастай алғанда 15,5 млн аса купон кітапшалары таратылып, халықтың шамамен 90%-ы қамтылды. Инвестициялық купондар жеке иелерінің атына тіркелді және Чехия Республикасында пайдаланылған ваучерлік жекешелендіру сызбасындағы секілді жеке иелерінің атына тіркелген инвестициялық купондар сатуға немесе сатып алуға жатпады. Купондар тек оның (купон) орнына өз акцияларын шығаратын жекешелендірудің инвестициялық қорына (ЖИҚ) ғана салынатын болды. ЖИҚ өз кезегінде купондық аукционда мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алды. Оған шамамен 170 лицензияланған ЖИК, қатыса алады (3-кесте).

Кесте 3. Қазақстанда купондық аукциондарда сатылған АҚ-ның салалық құрылымы



Салалар

АК,-ның жалпы санынан үлесі, %-бен

Газ өнеркәсібі

1

Геология

4

Ғылыми-зерттеу институттары

3

Жөндеу кәсіпорны

12

Жеңіл және жергілікті өнеркәсіптер

13

Металлургия

1

Мұнай өнеркәсібі

1

Машина жасау

3

Агроөнеркәсіп секторы

14

Құрылыс

15

Көлік және телекоммуникация

13

Химия өнеркәсібі

2

Энергетика

1

Көтерме сауда

17

Жаппай жекешелендіру бағдарламасына кірген шаруашылық жүргізуші субъектілер алдымен 100% акциясы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Содан кейін 10%-ға дейін компания қызметкерлеріне артықшылықты акциялар тү-рінде берілді. Осыдан кейін 51% немесе одан да көп акция ЖИҚ үшін купондық аукцион арқылы сатуға шығарылды, бұл арада мемлекетке ең көп шамада 39%-ы қалуы тиіс болды.

1994 жылдың мамырынан 1996 жылдың ақпан айына дейін Қазақстаңдағы 22 купондық аукционда 1700-ден аса кәсіпорын сатуға ұсынылды. Онда номинал құны 1261,5 млн теңгені күрайтын кәсіпорынның жарғылық қорын көрсететін акциялар сатылды.

Республика халқына берілген купондардың жалпы саны — 1,5 млрд, оның 1131,5 млн халық ЖИҚ-қа табыс етті. Барлық жиналған купон аукциондар барысында өтелді.

1996 жылдың басында жекешелендірілген кәсіпорындардың шамамен 60% жарғылық қоры жеке меншік иелеріне берілді (кіші жекешелендірудің объектілерін қоспағанда). Фармацептикалық компанияларды жекешелендіру процесінің нәтижесінде республикадағы барлық дәріхананың 57%-ы жеке меншікке өтті. 1997 жылы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы 2900-дан да көп объектілер жекешелендірілді. Осылайша, 1991 жылдан бастап 17 мыңнан да көп кәсіпорындар мен ұйымдар меншік иелерінің қолына өтті.



Үшінші кезең — жеке жобалар бойынша жекешелендіру. 5000-нан асатын адам жұмыс істейтін аса ірі кәсіпорындар мен айрықша маңызы бар мемлекеттік кәсіпорындар, мәселен, кен өндіруші өнеркәсіптер немесе табиғи монополиялар жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде жекешелендірілуі керек болатын. Тұтастай алғанда бұл санатқа шамамен 170 кәсіпорын кірді.

Мұндай тәсілдердің мақсаты — әрбір кәсіпорынның жағдайына барынша назар аударатын шешім қабылдау. Жаппай жекешелендіру бағдарламасына қарағанда мұнда мемлекет ұлесін және инвестордың жеке меншік үлесін анықтаудың үлгілері болған жоқ. Әрбір компанияның сатылу әдістері де бір-бірінен өзгеше болды, алайда олардың басқарылуы үшін халықаралық тендер мен келісімшарттарды жүзеге асыру кезделді.

Ауыл шаруашылығы салалары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу секторында да жекешелеңдіру аз жүргізілген жоқ. Мемлекетгік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар саны шамамен 4000 болды. Мемлекеттік кәсіпорындар ұжым-дастырылып, ұжымның жекелеген мүшелеріне жер берілді.

Агросервис пен ауыл шаруашылығы әнімдерін қайта өңдеу секторының мемлекеттік кәсіпорындары да осы бағдарлама бойынша акцияларды ұжымға, жеке қызметкерлерге және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берумен жекешелендірілді. Мұнда баға инфляцияға қарай түзетіліп, қолайлы деңгейде белгіленді. Бірнеше ірі қайта өңдеу кәсіпорындары жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде сатылды.

Қазақстан—2030 даму стратегиясында көзделген міндеттердің біріне республикадағы агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпор-ындардың, орта және шағын кәсіпорындардың, жылжымайтын мүліктің ясекешелендіру процесін толық аяқтау жатады.

1999-2000 жылдарға арналған меншікті жекешелендіру және мемлекеттік тұрғыдан басқару бағдарламасына сәйкес кен өндіру, көлік, мүиай өңдеү, темір жол және әуе көлігі, энергетика кешені, уран өндірісі секілді стратегиялық маңызы жоғары экономика салаларындағы нысандардың меншіктік құқығын мемлекет өзінде қалдырды. Үкімет экономиканың нақты салаларын мемлекет иелігінен алудың негізгі бағыттарын анықтап, реттеуші заңдық және әкімшілік базаларды дамытудың стратегиясын жасады (4-кесте).

Кесте 4. Жекешелендірілген нысандардың саны


Жылдары

Кіші жекеше-лендіру

Жаппай жекеше-лендіру

Ауыл шаруашы-лығындағы жекеше-лендіру

Жеке

жобалар бойынша жекеше-

лендіру


Барлығы

1994

2748

-

918

-

4147

1995

2477

147

513

5

3142

1996

3393

497

138

28

4056

1997

5590

1122

18

47

11876777

1998

2539

514

9

11

3073

1999

2153

161

4

0

2318

2000

1581

129

11

3

1724


жүктеу 4,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау