Бақылау сұрақтары
1. Қаржы делдалдығының артықшылығы неде?
2. Қаржы делдалдарының негізгі санаттары қандай?
3. Депозиттік мекемелердің ерекшелігі неде?
4. Жинақ мекемелерінің ерекшелігі неде?
5. Зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанішларының қаржы нарығындағы рөлі қандай?
6. Каржы делдалдарын мамандандырудың артықшылығы неде?
Тақырып – 3. Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары.
Жоспар
Ақша нарығының түсінігі мен функциялары.
Ақша нарығының құрылымы және қаржылық құралдары.
Ақша нарығының төлем құралдары.
Сұрақ 1.
Шаруашылық субъектінің қаржылық іскерлігінде оның ағымдық өтімділігін қамтамасыз етуде, ақша нарығының қаржылық құралдарының ролі зор болады да, ол тауар мен қызмет көрсетудің сатушылары мен сатып алушылары арасындағы ақша құралдарын бөлудің және қайта бөлудің механизмін қамтамасыз етеді. Ақша кез келген қаржылық құралдарын негізі б.т. Эволюция процессінде олар өзгеріске ұшырап отырады және бүгінгі күні олардың жағдайы аяқталмағанда және дамудың ақырғы фазасы емес. Тарихи жағдайда ақшалар, жалпы тауар әлемінен бөлініп, басында өздері де спецификалық тауарға ақшаға айналды. Тарихи даму кезеңінде ақшаның тауарлықформасы жойылып, жаңа формаға ауысты.
Қазіргі заман этапында банктік ақшалар п.б. – қарыздық міндеттемелер туралы арнайы жазулар. Олардың п.б тауарлық қатынастардың болумен байланысты және тауар айырбасы процесін қолдау үшін қажет. Ақша-тауар қатынасы келесідей схемада беріледі:
Өндіріс
А – Т Т’ – A’
Жұмыс күштері
Сурет 2. Ақша тауар қатынастары
Көрсетілген тауарлық айналыстың бөлінуі ақша қатынастардың дамуымен, жинақтау құрамы және төлем құралы сияқты ақшаның функциясының п.б.-мен дамуы, тікелей бартелік операцияларды өткізу мүмкіндігін күрт азайтты.
Ақшаның қажеттігі оның еңбектің 2 жақты міңездемесіндегі қайшылықтарды жоюына байланысты. Ақшаның алғашқы формасы әртүрлі қабықшықтар(ракушкалар), мал және т.б. түрлері болды. Кейіе оны алтын, күміс және мыс монеталары айырбастаса, оларды эз кезегінде кредиттік ақша деп аталатын формалар айырбастады.
Тарихи бірінші кредиттік ақша түрі – вексель болды. Ол мерзімі өткеннен кейін қарыз алушыдан берушінің көрсетілген соманы талап ету мүмкіндігін беретін қарыз міндеттемесі түрінде болды. Сонымен қатар вексель басқа тұлғаға да өткізім алатын. Сол себепті ақша сипатқа ие болды., бірақ жалпы эквивалент ролін атқарған жоқ.
14ғ-дың аяғында кредиттік ақша түрінде банкнота п.б-ды да, ол банкирге берілетін вексель түрінде болды. Басында банкнотаны кез келген банк эмиссиялайтын, кейін бұл эмитент рөлін мемлекет өзіне алды.
Бүгін тәжірибе жүзінде тауар алтынға теңелмейді, ол несиелік қағаз ақшаларға байланыстырылады.
Ақша функциялары:
Құн өлшемі.
Айналым құралы.
Төлем құралы
Жинақ құралы.
Әлемдік ақша.
Аталған ақша функциялары негізінде төмендегідей ақша нарығы функцияларын шығаруға болады:
Төлем функциясы – операцияларды іске асыру процесінде оған қатысушылар арасында әртүрлі есептесулерді іске асыруға көмектеседі.
Коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету функциясы – ақша міндетімен толтырылған төлемді кейінгі шегеру, яғни шаруашылық субъектілерін вексель арқылы коммерциялық несиелеуді іске асырады.
Есептік және т.б. функциялар бар.
Қаржы нарығы қатысушылар арасында, ақша айналысы кезінде құралдарды қайта бөлу сұрағы бойынща белгілі қатынастар туындайды. Ол ақша қатынастары деп аталатын жүйе құрайды да төмендегідей қатысушылар арсында арнайды:
Шаруашылық субъектілері және онда жұмыс істейтін тұрғындар арасында.
Сала және кәсіпорын бөлімшелері арасында.
Жабдықтаушы мен төлеуші арасында.
Шаруашылық субъектілері мен мемлекет арасында.
Мемлекеттік, аймақтық, жергілікті бюджеттер және бюджеттен тыс қорлар арасында.
Шаруашылық субъектілері және несие жүйесі арасында.
Шаруашылық субъектілері және биржалар, сату ұйымдары, мүліктік қорлар және басқа да құралдар немесе қаржылық-несиелік жүйелердің тізбектері арасында.
Оының бәрін ақша ресурстарының қорларға құйылу процесі көрсетеді, оның ішінде капиталды қалыптастыру, оны бөлу, пайдалану және экономикалық-әлеуметтік дамуды бағалау да кіреді.
2-сұрақ.
Ақша нарығының бар құрамымен Қазақстандық қаржылық нарықтың ерекшеліктерін ескере отарып төмендегідей схема түрінде көрсетуге болады.
Сурет 3. Қазақстандағы ақша құралы нарығының негізгі сегменттері.
Қазақстан территориясында айналымдаақша нарығының қаржылық құралдары мен келесідей операциялар жүргізіледі:
Қолма-қол ақша беру(банкнота).
Чек беру.
Вексель беру және оларды инкоссамент бойынша өткізу.
Төлем карталарын пайдалану.
Қарыздық қолхаттардың айналымы.
Қолма – қол ақша төлемі олрды банкнота және монета түрінде беру жолымен іске асырылады.
Чектермен есептесу – төлеушінің өз банкіне чек ұстаушының шотынан белгілі бір соманы аудару туралы жазбаша нұсқауы әлем тәжірибесінде ақшалық және есептеулік чектер деп айырады.
а) Ақша чектері – оны ұстаушыға банктер қолма-қол ақша алу үшін пайдаланады (еңбекақы, шаруашылық қажеттіктер, жолсапар шығыны және т.б.).
б) Есептеулік чектер – қолма – қол емес есепайырусыда пайдаланады.
Төлем тапсырыстары мерзімді, мерзіміне дейін және мерзімнен шегерілген болып бөлінеді. Мерзімді төлемдер төмендегідей варианттармен іске асырылады:
Аванстық төлемдер, яғни тауар жөнелтілгенге дейінгі төлем.
Тауар жөнелтілгеннен кейінгі төлемдер, яғни тауарды тікелей акцептеу жолымен.
Ірі саудаласу кезінде бөлшек төлемдер.
Төлем талап тапсырмасымен есеп-айырысу келісім-шарт негізінде жіберілген тауар құны көрсетілген құжаты банкті қатыстырмай тікелей жіберу негізінде сатушының сатып алушыға төлем туралы талабы бар есептесу құжаты.
Аккредитив(несиесіне сенімшілік) банктің саатып алушының тапсыруымен сатушы пайдалана беретін шартты ақша міндеттемесі: аккредитивтік, ақшалық, құжаттық былай бөлінеді:
Ақша аккредитиві-аты бар құжат. Ол сатып алушыға анықталған мерзімде ақша төлеу туралы бұйрығы бар банк эмитенттің басқа банкке жіберетін құжаты. Ал есептесу үшін құжаттық аккредитив пайдаланады.
Шақырып алынатын және шақырылмайтын.Шақырылып (қайтарылып) алынатын сатушымен алдын ала келіспей ақ банк эмитент өзгеретін немесе жоятын аккредитив. Шақырылмайтын да пайдалана ашылған тұлғалардың келісімсіз аккредитив өзгертілмейді.
Расталған және расталмаған. Расталған аккредитив – басқа банк жағынан қосымша төлем кепілдігі бар. Расталмаған аккредитивте ондай кепілдік жоқ.
Аударымдық (трансферабельдік) аккредитив бірнеше шарушылық субъектілері – төлеушілер толық немесе бөлшектеп пайдаланады.
Револьверлік (ағымдағы айналым) немесе қайта орнына келетін аккредитив – тұрақты қысқа жабдықтар үшін есеп айырысуға қолданады, ол контрактіде анықталған график бойынша өтеді.
Жабылған (депондалған) және жабылмаған (кепілдендірілген). Жабылған аккредитив ашылған екзде төлеушінің меншікті құралдарын және берілген несиені сатушының банктегі жеке «Аккредитивтер» баланстық шотына аударады және оның мерзімі банк эмитент міндеттердің мерзімінің жұмысына байланысты болады. Жабылмаған аккредитив – жоғарыда көрсетілген ақша құралдарының жабуы жоқ түрі және ол бойынша жабдықтаушыға төлемдерді банк кепілдейді.
«Қызыл айтуы бар» аккредитив түрі бар. Оған кез келген аккредитивті жатқызуға болады, тек онда банк орындаушы сатушыға белгілі бір сомада аванс беру мүмкіндігі қарастырылуы керек.
Экономиканы ақшалық несиелік реттеуді вексельді сататын және сатып алатын нарықтық ролі ерекше. Оның маңызы, экономикаға ақшаның құйылуының бірқалыптығын сақтауда болады. Төлемнің шегерілуін қамтамасыз ете отырып олар сатып алушылардың объектісі ретінде нарықта айналады.
Қазақстанда жаңа технологиялар енгізумен байланысты. Төлем картларын пайдалану мүмкіншілігі туындайды. Төлем карталары дебеттік және кредиттік болып бөлінеді. ҚР ҰБ-сі төлем карточкасын шығаруды лицензиялайтын жалғыз орган (төлем карточкасы бойынша ережені №331 24.08.00 жылы ҚР ҰБ шығарған) Төлем карточкасын келісім-шарт негізінде береді. Және оның төмендегідей шарттары бар:
Төлем карточкасын беру шарттары.
Оны пайдаланып төлем жүргізу шарттары.
Қосымша карточкалар берілген тұлғалар тізбегі.
Төлем карточкасын қайтарып алу және блокировкалау шарттары.
Төлем карточкасын дайындау мерзімі немесе оны беру туралы келісім-шарт мерзімі.
Екі жақтың құқығы мен міндеті.
Жақтардың жауапкершілігі.
Сұрақ 3.
Қазіргі кезде ақша құралдарының негізгі айналымы қолма-қол емес түрде өтеді. Олар негізінен коммерциялық банктер арқылы іске асырады және сол мезетте көрсетілген қызмет үшін ақы алынады. Бұл жерде қолма-қол емес есептесу нарығы пайда болады.
Ақша айналымы төмендегідей төлем құжаттары көмегімен іске асырылады:
Төлем тапсырысы.
Төлем талап тапсырмасы.
Аккредитивтер.
ҚР-ң заңдылық актілері анықтаған басқа да төлем түрлері.
Қолма-қол емес төлемдер төмендегідей жолдармен іске асырылады:
Төлем құжатын беру немесе көрсету. Онда ақша міндеттемесі немесе ақша төлеу туралы нұсқау көрсетіледі.
Ақша төлеу туралы нұсқауы бар төлеу құжатын немесе электрондық хабарламаны беріп жіберу.
Төлем тапсырысымен есептесу шаруашылық субектілері арасында есептесуді жүзеге асырудың ең қарапайымы ол шаруашылық субъектілерінің өз шотына белгілі бір соманы аудару туралы тапсырма жазылған күннен кейін 10 күн ішінде заңды болады да, тек төлеушінің шотында ақшасы болса ғана қабылданады.
Аккредитивтер мыналарға бөлінеді:
1. Ақшалай және құжаттандырылған. Ақшалай аккредитив - эмитент-банктің басқа банкке жөнелтетін және белгілі бір мерзімде сатып алушыға ақшаны төлеу туралы бұйрықты қамтитын атаулы құжат. Есеп айырысуда құжаттандырылған аккредитив қолданылады.
2. Қайтарылып алынатын және қайтарылып алынбайтын. Қайтарылып алынатын - бұл, мысалы, келісімшартта карастырылған шарттар сақталмаса, эмитент-банк сатушымен алдын ала келісіп жатпай-ақ өзгертуі немесе күшін жоюы мүмкін немесе эмитент-банк аккредитив бойьшша төлемге кепілдік беру мерзімінен бұрын бас тартқан жағдайда өзгертілуі немесе күшін жоюы мүмкін аккредитив.
Әрбір аккредитив оның қайтарылып алынатынға немесе қайтарылып алынбайтынға жататынын анық көрсетуі керек. Мұндай нақты нұсқауы жоқ аккредитив қайтарылып алынғанға жатады. Оның шарттарын өзгерту туралы барлық өкімін төлеуші сатушыға эмитент-банк арқылы ғана бере алады. Ол эмитент-банк сатушының банкіне (орындаушы банк) хабарлайды, ал сатушы банк өз кезегінде сатушыға хабарлайды.
Қайтарылып алынбайтын аккредитив тұлғаның келісімінсіз өзгертілмейді немесе күшін жоймайды, өйткені ол оның пайдасына ашылған. Сатушының, егер оның шартында қарастырылған болса, аккредитивті орындау мерзімінен бұрын бас тартуға құқығы бар.
3. Расталған және расталмаған. Расталған аккредитив баска банк тарапынан қосымша кепілдікке ие болады. Оны растайтын банк, егер эмитент-банк төлемді жүзеге асырудан бас тартатын болса, аккредитивтің шар-тына сәйкес құжаттарды төлеу міндеттемесін өз мойнына алады. Расталмаған аккредитивтің көрсетілген кепілдігі болмайды.
4. Аудармалы (трансферабельдік) - бірнеше төлеуші-шаруашылық жүргізуші субъектілер толық немесе бөлігі пайдалануы ықтимал аккредитив.
5. Жаңартпалы (ағылшынша геуоіуег - айналдыру) немесе жаңғыртылмалы әдетте келісімшартта тіркелген график бойынша жүзеге асырылатын тұрақты, қысқа жеткізімдер үшін есеп айырысуда қолданылады. Ол төлемнің толық сомасына емес, оның бөлігіне бола ашылады және тауарлардың кезекті партиясы үшін болатын есеп айрысулардың шамасына қарай автоматты түрде жаңғыртылады.
6. Өтелген (депозитке салынған) және өтелмеген (кепілдендірілген).
Өтелген - бұл аккредитивті ашу барысында эмитент-банк төлеушінің өзіндік қаражатын немесе оған берілген несиені эмитент-банк міндеттемесінің барлық әрекет ету мерзімінде «Аккредитивтер» жеке баланстық шотына, сатушы банкісінің өкіміне аударады.
Өтелмеген аккредитивтердің ақша қаражатын өтеу нұсқауы болмайды. Ол бойынша жабдықтаушыға төленетін төлемде банк кепілдік етеді. Бұл жағдайдатөлеуші өзіне кепілдігі бар аккредитив қоюы үшін өз банкіне өтініш береді. Эмитент-банк әдетте аккредитивті, корреспонденттік қатынастарды банк пен оның арасында орындайтын шартты белгілеумен төлем қабілеті бар, бірінші сыныпты клиенттерге қатысты оның өтінішін қанағаттандырады.
Аккредитивтің «қызыл ескертпелі» аккредитив дейтін түрі болады. Оған белгілі бір сомаға дейін сатушыға атқарушы банкінің аванс беруін қарастыратын аккредитивтің кез келген түрі жатуы мүмкін. Эмитент-банк «қызыл ескертпелі» аккредитивті аша отырып, төленген аванстардың сомасын, тіпті егер осыдан кейін Жөнелтім болмаса да атқарушы банкке өтеуге міндеттенеді. Банктер мұндай аккредитивті қамтамасыз етілмеген несие түрі ретінде бағалайды және оны сирек жағдайларда ғана береді.
Құжаттандырылған аккредитивтің көмегімен есеп айырысу көрсетілген.
Сурет 4. Аккредитивтермен есеп айырысу
Суретте мыналар келтірілген:
1. Тауарды жеткізу туралы келісімшартты бекіту.
2. Сатып алушы аккредитивті ашұға өзіне қызмет көрсететін банкке тапсырма береді.
3. Аккредитивтің ашылуы туралы сатып алушының банкісін авизирлеу.
4. Аккредитивтің ашылуы туралы сатып алушыны авизирлеу.
5. Тауарды жеткізу.
6. Құжаттарды табыстау.
7. Сатушыға несиені ұсыну.
8. Құжаттарды салып жіберу.
9. Төлем.
10.Сатып алушыға құжаттарды табыстау.
11.Құжат акцепті.
12.Аккредитив несие болған жағдайда сатып алушынын шотынан ақша алынады.
Осылайша, ақша нарығының төлем құралдары ақша ресурстарын қайта бөлуді және ауыстыруды жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады. Жоғарыда айтылып кеткендей, олар арқылы ел ішінде де, одан тысқары жерлерде де ақша айналымының негізгі үлесін қамтитын қолма-қол ақшасыз айналым жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |