Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Искендирова С.К., Омаров С.Х
Жусупов Р.С.
Қаржылар нарықтары және делдалдар пәні бойынша оқу құралы
Қаржы, есеп және аудит, менеджмент, маркетинг мамандықтарына арналған
Кокшетау
2009
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ Рассмотрено и утверждено
ҒӘК отырысында на заседании НМС
Бекітілген КГУ им.Ш.Уалиханова,
№ 2 Хаттама Протокол № 2
25.01.2007 ж. от 25.01.2007 г.
Жасағандар: Искендирова С.К., э.ғ.д. , доцент, «Қаржы және несие» кафежрасын меңгеруші
Омаров С.Х., экономика магистры, «Қаржы және несие» кафедрасының аға оқытушысы.
Жусупов Р.С., магистрант, «Қаржы және несие» кафедрасының оқытушысы.
Рецензия берушілер: э.ғ.д. Искендирова С.К., э.ғ.к. Балабекова А.К.
«Қаржы және несие» кафедрасының мәжілісінде қаралды.
10.09.2008 ж., Хаттама № 1
Экономика факультетінің Оқу - әдістемелік Комитеті қолдады
12.09.2008 ж., № 1 хаттама.
© Кокшетауский университет им. Ш.Ш. Уалиханова, 2008
Кіріспе
Қаржы нарығы, нарықтық экономиканың маңызы өте жоғары құрамдас бөлігіні болып табылады. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында елімізде қаржы нарығын қалыптастыру мен дамытудың маңызын айшықтап тұрып, баса көрсеткен. Казақстанның 2030 даму стратегиясына сәйкес аталған қаржы нарығын дамытудың ең ұтымды жолдары мен болашағы қарастырылған. Бұл ретте Алматы қаласын Кіндік Азия аймағының қаржылық орталығына айналдыру жоспары өзекті мәселе болып отыр және батыл қадамдар да жасалып жатыр. Нарықтық өткір бәсеке жағдайында елімізде қаржы делдалдары рөлін атқаратын коммерциялық банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы корлары сияқты және т.б. қаржы институттары түрлерінің саны мен сапасы жағынын қарқынды дамып, көбею үдірісі байқалады.
Аталған «Қаржы нарықтары және делдалдық» пәні әлемдік қаржы нарығы үдірісі мен еліміздегі оның даму процестерін қарастыратын оқу курсы болып табылады.
Курстың бағыты – студенттерді қаржылық нарықтар мен қаржылық қорлардың негізгі аспектілерімен таныстыру. Қаржылық нарықтар мен қаржылық қорлардың даму тарихымен қоса әр-түрлі тақырыптар қарастырылады. ҚР-ның казіргі дәуірдегі қаржылық жүйесі зерттеледі. Сонымен қатар теориялық материалдарды оқу құралдарын құрастырып дайындау, іскерлік ойындар өткізу, әр-түрлі есептер шығару арқылы тәжірбие жүзінде іске асырылады. Бұл курста негізгі акцент студенттердің өзіндік жұмысына негізделеді.
Пәнді оқу міндеттері - әртүрлі қаржылық институттарды қарастыру, олардың ұсынатын қызметтерін білу, баға қалыптастыру әдістері мен оларды басқару стильдерін зерттеу, ішкі және халықаралық қаржы нарықтарында тиімді іскерлік стратегияларын қарастыру, әр түрлі елдердің қаржылық институттарының жұмыстарымен танысу, Қазақстанның қаржы нарығының жұмыс ерекшелітерімен танысу, қаржы делдалдарының іскерліктерін зерттеу және талдау, нарықтың қаржылық құралдарының мүмкіндіктері мен арналымдарын білу, қаржы институттарының (делдалдардың) мүмкін тәуекелдерін бағалай білу және олардың теріс әсерлерін минимизациялау жолдарын анықтау мәселелері.
Курстың мақсаты - студенттер курс аяғында қазіргі заманның қаржылық жүйесі негіздерімен, қаржылық басқарумен, қаржылық бақылаумен, қаржылық нарықтармен таныс болуға тиісті. Курстың аяқталуы кезінде студенттің қолында бар тақырыптар бойынша оқу – тәжірбиелік материалдар болуға тиісті.
Аудиториялық сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары.
№
|
Тақырып атаулары
|
Сағаттар
|
Тақырып
сабақ/
сағат
|
Тәжір.
сабақ/
сағат
|
1.
|
Қаржы нарығының теориялық негіздері және оның құрылымы
|
2
|
1
|
2.
|
Қаржы делдалдығы және қаржы делдалдары
|
1
|
1
|
3.
|
Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары
|
2
|
1
|
4.
|
Депозиттық нарық
|
2
|
1
|
5.
|
Несиелік нарық
|
2
|
1
|
6
|
Валюталық нарық және оның құралдары
|
2
|
1
|
7.
|
Құнды қағаздар нарығы, оның функциялары және құрылымы
|
2
|
2
|
8.
|
Сақтандыру нарығы
|
1
|
1
|
9.
|
Зейнетақы нарығы
|
1
|
1
|
10
|
Банктер және олардың қаржылық-делдалдық іскерлігі
|
1
|
1
|
11.
|
Зейнетақы қоры
|
1
|
1
|
12.
|
Инвестициялық қор және оның іскерлігі
|
1
|
1
|
13.
|
Сақтандыру компаниялары
|
1
|
|
14.
|
Арнайы маманданған қаржылық – несиелік институттар
|
1
|
|
15.
|
Қор биржалары
|
2
|
1
|
16
|
Қаржылық нарықты реттеудің жалпы түсінігі
|
1
|
1
|
17
|
ҚР-да қаржылық нарықты мемлекеттік реттеудің органдары
|
1
|
|
18
|
Қаржылық нарықтың өзін-өзі реттеуші ұйымдары
|
1
|
|
19
|
Әлемдік қаржылық нарықтың жалпы түсінігі
|
1
|
1
|
20
|
Әлемдік валюталық нарық
|
1
|
|
21
|
Құнды қағаздардың халықаралық нарығы
|
1
|
|
22
|
Әр түрлі елдердің зейнетақы нарықтары
|
1
|
|
23
|
Әлемдік ипотекалық нарық
|
1
|
|
|
ҚОРТЫНДЫ (сағат)
|
30
|
15
|
Тақырып – 1 Қаржы нарығының теориялық негіздері және оның құрылымы
Жоспар:
Қаржы нарығының теориялық негіздері.
Қаржы нарығының функциялары.
Қаржы нарығының құрылымы.
Сұрақ 1.
Қаржы нарығы – капиталға сұраныс пен ұсыныс шеңберін-де делдалдардың көмегімен кредиторлар мен қарыз алушылар арасында капиталды қайта бөлу механизмдері жүйесі.
Тәжірибе жүзінде ол ақша құралдары ағылып меншік иесінен қарыз алушыға және кері бағытта бағыттайтын қаржы – несие институттарының жиынтығы.
Қаржылық қатынастар кез келген дамыған елдің экономикалық негізі болып табылады.
Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі олардың өзіндік сипаты бар сферасын құрайды және қаржы нарығы деп аталады. Нарықтық экономика жағдайында, қаржылық нарық елдің нарықтық қатынастар жүйесінің бір бөлігі болып отыр. « Қаржылық нарық » түсінігі әлемдік тәжірибе мен әр мемлекеттің экономикасының дамуының ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі көрсетіледі.
Ол – ақша, депозиттік, несиелік, валюталық, қорлық, сақтандыру, зейнет қорлары нарықтарының қаржылық құралдары мен сауда жасауының ұйымдастырылған жүйесі. Бұл жерде негізгі рольді қаржы институттары ойнайды. Олар ақша құралдары ағынын меншік иесі мен қарыз алушыға бағыттайды. Бұл арада тауар ретінде төлем құралдары мен құнды қағаздар аталады. Кез келген нарық сияқты, қаржы нарығы қаржы қорларын сатушы мен тұтынушының арасында тікелей байланыс орнатуға арналған.
2-сұрақ.
Қаржы нарығының негізгі функциялары:
1. Реттеуші – оның көмегімен, мемлекеттік басқару органы жағынан, сол сияқты ұйымның өзіндік реттеу жағынан нарықты реттеу іске асырылады.
2. Ақпараттық – қаржы нарығының бар қатысушыларының тең және толықтай ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету.
3. Бөлу – қаржы нарығының инструменттерінің айналымы ақша құралының экономикалық бір саласынан басқа саласына құйылуына қол жеткізеді.
4. Баға қалыптастыру – нарықта қаржы құралдарының бағасы сұраныс пен ұсыныстың әсері арқылы, тәуелсіз бәсекелестік шартында іске асырылады.
Бос ақа қорларын әр түрлі инвестицияларға айналдыру процесі қаржы жүйесімен іске асырылады, және қаржы нарықтары мен қаржы институттарының іскерліктеріне тікелей байланысты болады. Қаржы ресурстарын аккумуляциялау және орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі ролі, ең тиімді тұрде құралдарды жеке меншіліктен қарыз алушыға жеткізу болса, қаржы нарықтарының міндетіне қаржы қорларын сатушы мен сатып алушының арасында қаржы активтерімен және міндеттемелермен сауда өткізуді ұйымдастыру болып табылады.
Шаруашылық субъектілерінің ақша ресурстары - әліқаржы нарығы болмайды. Қаржы нарығы, ақша ресурстары мен шаруашылық субъектілері арасында қатынас туындағандатікелей пайда болады. Сол себепті, қаржы нарығы – ол ең алдымен, бос ақша капиталдарының және жинақтардың әр түрлі экономика субъектілері арасында саудаласу арқасында іске асырылатын, қозғау және қайта бөлуге байланысты пайда болатын ақша қатынасы.
Жоғарыда көрсетілген, қаржы нарығының функцияларының алға шарты мынадай ставкалардан тұрады:
Қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекет ролін максимум қысқарту
Барлық формадағы шаруашылық субектілерінің, бәсекелестікті дамыту және монополизмді шектеу мақсатында, толық дербестігі болу.
Бюджет дефицитін қаржыландыру үшін елдің Орталық банкінің саудалық қорын пайдалануды доғару. Бұл проблеманы мемлекеттік займ шығару,облегация айналымы мен басқада міндеттемелер шығару арқалы өткізу.
Шаруашылық субъектілері және тұрғындардың ақша кірістерін тұрақты өсіре отырып, құнды қағаздарға инвестициялау.
3 – сұрақ.
Әр елде өзіндік қаржылық нарықтың құрылымы тәң болады.
Сейтқасымов Г.М. басқаратын бір топ Қазақстандық ғалымдардың көз қарасы бойынша: қаржылық нарық, бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтырып отыратын, бірақ дербес болатын нарықтардан тұрады. Олар төмендегідей құрамда болады:
1. Айналымда жүрген қолма –қол ақша және оның функциясын атқаратын қысқа мерзімді құралдар ( вексель, чек және тағы басқа) нарықтары. Ақша нарығы инфляция әәсеріне ұшырап отырады. Егер инфляция шегінен шығып кетпесе, ол оң роль ойнайды. Мысалы егер ІҰӨ жыл сайын 5 %, ал айналымдағы ақша саны 7%, онда өскен ІҰӨ өткізуді жеңілдетеді, экономикадағы позитивтік процестерге оң ықпалын тигізеді. Ал егер мысалы; ІҰӨ 5 % өсіп, айналымдағы ақша саны 10% және оданда көп мөлшерге өссе, онда үдеген ( галапирующии ) инфляция пайда болады да, қалыпты экономикалық процесті бұзады.
2. Сcудалық капиталдар нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банктік несиелер. Қазіргі кезге дейін Қазақстанда арзан қысқа мерзімді несиелер болған емес. Елдегі жұмыс істейтін коммерциялық банктер оларды топ сенімді қамтамасыздандыру мен жоғары пайызға ғана береді. Ұзақ мерзімді несилер, негізгі фондтарды модернизациялау мен құру үшін қажет және оны жүзіп жүретін ( период бойында қайта қаралып отыратын ) пайыз ставкасымен беріледі.
3. Көптеген жылдар бойы Қазақстанда құнды қағаздар нарығы мұлде болмаған, тек 90 -шы жылдардың басында ғана дүниеге келді, және ол мемлекеттік қатынастардың өзгеруіне тікелей байланысты. Қазіргі күні мемлекет бюджет дефицитінжабу үшін жиі жағдайларда, ақша белгілерін эммисияламай, мемлекеттік құнды қағаздарды шығаруға ұмтылады, мысалы мемлекеттік қысқамерзімді мемлекеттік міндеттемелер. Құнды қағаздар нарығын 2 позициядан бағамдауға болады: әр түрлі көздерден ақша құралдарын кез келген нарыққа салу.
Сонымен құнды қағаздар нарығы – бос капиталдарды салудың көптеген сфераларының бірі, сол себептіоған оларды тарту үшін бәсекелестікке кіруге тура келеді.
Қаржы нарықтарының жұмыс істеуін талдау оны белгілі түрде сегментациялауды, бөлшектеуді, өз тәртібі мен жұмыс істейтіндерге бөлуге тура келеді. Ковалев С. Анықтамасы бойынша төмендегідей схема беріледі.
Тез (шапшаң
Своптық
Сурет 1. Ковалев С бойынша қаржы нарығының құрылымы.
Валюталық нарық - ол валюталық құндылығы объектілердің тауарға айналатын нарығы:
шет ел валютасы
құнды қағаздар ( чек, вексель, акция, облигация ) және басқада қарыздық міндеттемелер
құнды металдар ( алтын, күміс, платина, т.б ) және табиғи қымбат тастар ( алмаз, рубин, изумруд )
Валюта нарығының субъектілері: банктер, биржалар, экспортерлер мен импортерлер, қаржылық және инвестициялық мекемелер, үкімет ұйымдары.
Алтын нарығы – бұл алтын қорын жинақтайтын және толтыратын, базисті ұйымдастыратын және өнеркәсіптік өндіріс қолданатын мақсатта алтынды алып сатуға байланысты экономикалық қатынастар сферасы.
Капитал нарығы - өз кезегінде ссудалық капиталдар нарығы және үлестік құнды қағаздар нарығы болып бөлінеді. Бұл бөліну тауарлар сатып алушы мен қаржы құралдарының элементіарасындағы қатынастарды мінездейді. Егер қаржы құралы ретінде үлестік құндықағаз болса, онда қатынас меншіктілік қатынасы негізінде болады, ал қалған жағдайларда бұл несиелік қатынас.
Ссудалық капитал нарығында – мерзімдік, қайтарымдық және ақылық шартында ұсынылатын ұзақ мерзімді қаржылық құралдар айналады. Ол ұзақ мерзімді банктік ссудалар жәәне қарыздық құнды қағаздар нарықтарынан құралады. Құнды қағаздар нарығында өзіндік құнды қағаздар және олардың орын басушылар ( сертификаттар, купондар т.б ) шығарылады, айналады және жұтылады. Құнды қағаздар нарығының қатысушылары болып табылады: Эмитенттер - өздеріне қажет ақша құралдарын тарту мақсатындақұнды қағаздар шығаратын тұлға, сатып алушы – кіріс алушы үшін мүліктік және мүліктік емес құқыққа ие болуы үшін сатып алады және инвесторлар - өздері қойған нысандарға қол жеткізу үшін.
Көптеген әлемдік экономистер қаржы нарығы құрылымына сақтандыру полисі және зейнетақы шоттарын нарықтарын, ипотекалық нарықты кіргізеді.
Бұл нарықтар өзінің қаржылық құралдары менинституты бар айрықшанарық және келісім-шарт негізінде жұмыс істейді.
Капиталдар нарығы құрамында ипотекалық нарықтың болуы дамыған елдерде кездеседі және бірнеше жағдайлармен шартталған.
1. Ипотекалық несиелер әр қашан жер учаскісі немесе ғимарат ( квартира, жеке үй ) түріндегі нақты кепілдікпен қамтамасыз етіледі.
2. Ипотекалық несиенің стандарттық параметрлері болмайдым ( әр түрлі номиналдар, жабу уақыты және т.б ) және сол себепті екінші сатыдағы нарықта қиын өткізіледіү
3. Ипотекалық нарық дамыған елдерде басқа ұзақ мерзімді капиталдар нарығына қарағанда ранайы мемлекеттік органдармен қатаң реттеледі.
Бақылау сұрақтары
1. Қаржы нарығы дегеніміз не.
2. Қаржы институттары мен және қаржы жүйесі.
3. Қаржы жүйесінің функциялары.
4. Қаржы делдалдарының типтері.
5. Қаржы реформаларының себептері.
Тест тапсырмасы
1.Әлемдегі тәжірибемен әр мемлекеттің экономиканың дамуын ерекшелене
байланысты көрсететін түсінігі
Қаржылық нарық
Экономика
Қаржы
Ақша құралдар
Қаржылық қор
2. Қаржы нарығының қандай 4 негізгі функцияларына бөлінеді?
Реттеуші, ақпараттық, бөлу, ынталандырушы
Реттеуші, ақпараттық, бөлу, баға қалыптастырылуы
Реттеуші, ынталандырушы, бөлуші, ақпараттық
Реттеуші, ақпараттық, бөлуші, ынталандырушы
Валюталық, ссудалық, капитал, алтын нарықтары
3.Қаржы қатынастары кез-келген дамыған елдің несі болып табылады?
Экономикалық негізі
Экономикалық мақсаты
Экономикалық міндеті
Қаржы анықталған түрі
Қаржылық негізі
4. Кез-келген нарық сияқты қаржы нарығы, қаржы қорларын кімдер арасында тікелей байланыс жасауға арналған?
Сатушы мен сатып алушы
Сатушы мен өндіруші
Сатушы мен тұтынушы
Сатып алушы мен тұтынушы
Дұрыс жауап жоқ
5. Қаржылық нарық қандай 4 нарыққа бөлінеді:
Валюталық, алтын, ақша, құнды қағаздар нарығы
Валюталық, ссудалық, капитал, алтын нарықтары
Валюталық, алтын, ақша, капитал нарықтары
Валюталық, капитал, ақша, құнды қағаздар нарығы
Реттеуші, ақпараттық, бөлу, ынталандырушы
6. .Коволев С. бойынша қаржы нарығының құрылымының дұрысын тап ?
Әлеументтік – экономикалық нарық.
Экспорт нарығы.
Әлемдік нарық.
Валюта, капитал, алтын, ақша құралдар нарығы
Импорт нарығы.
Тақырып 2. Қаржы делдалдығы және қаржы делдалдары
Жоспар
1. Қаржы делдалдығы туралы түсінік
2. Қаржылық делдалдардың негізгі санаттары
1- Сұрақ.
Кез келген мемлекеттің қаржы жүйесі қаржы ресурстарын шоғырландырады және орналастырады. Олар бұл функцияны неғұрлым тиімді орындаса, әркімнің өз жоспарын соғұрлым жүзеге асыратын нақты мүмкіндігі болады. Осылайша қоғамның әл-ауқатына және өндірістің жоғары деңгейіне қол жеткізе аламыз.
Каржы нарығының тауарын сату-сатып алу, мәселен, белгілі бір мерзімге ақша қаражаттарының келісілген сомасын қайтару секілді қаржылық міндеттемелермен жүзеге асады. Несие берушінің қаржы міндеттемесіне ие болуы үшін оның белгіленген мерзімде нақты ақша қаражаттарын алатын құқықка ие болуы керек.
Мұндай міндеттеме қаржылық талап деп аталады. Оны делдалдар түпкілікті инвесторға бұдан былай тартымды болмайтындай етіп қайта құрады. Қаржы нарығында тікелей қаржыландырудың жетіспеушілігі байқалды, ал оны толықтыру үшін делдаддар пайда болады. Олардың көмегі арқылы несие беруші мен қарыз алушының арасындағы қиындықтар жойылады. Олар тікелей қаржылық талапты сатып алып, оны басқа сипаттамасы (өтеу мерзімі, номинал құны) бар тікелей болмайтын талапқа айналдырады да сатады. Түрлендірудің мұндай процесі делдалдық атауына ие, ал субъектілер қаржылық делдалдар немесе қаржы институттары деп аталады.
Қаржылық делдалдар көптеген артықшылықтарға ие. Ең алдымен, олар өз ісін жетік білуіне қарай мәмілелерді ауқымының тиімділігі есебінен үнемге қол жеткізуге болатын мөлшерде жүзеге асырады. Екіншіден, қаржылық делдалдар трансақщіялық шығындарды оңай азайтады. Үшіншіден, олар ақпаратқа қол жеткізетін көптеген мүмкіндіктерге ие және олар онын. шынайылығын оңай анықтай алады.
Қаржылық делдалдарға уақытша бос ақша қаражаттары бар (несие берушілер) экономикалық субъектілер де, ақціа қаражаттарына мұқтаж (қарыз алушылар) субъектілер де мүдделік танытады, өйткені олар қаржылық делдалдардан нақты артықшылықтары мен пайдасы бар қаржы өнімдерін алады.
Төртіншіден, делдалдар несие нарығының қауіпін азайтуға септігін тигізетіндіктен, олар уақытқа қарай немесе басқаша жолмен бірлестірілген несиені беру барысында несие берушілерге салым ақшаны қаржылық құралдардың түрлері бойынша бөлу арқылы қауіпті әртараптандырады. Қаржы делдалдары болмаса, несие қауіпі жоғарылап кетеді. Тек делдалдар ғана қарыз алушының төлем қабілеттілігін тексеретін жүйені жасайды және өз қызметін тарататын жүйені ұйымдастырады, оның бұл әрекеті де несие қауіпі мен несиелеу шығынын кемітеді.
Бесіншіден, қаржы институттары өз клиенттерінің өтімділік деңгейінің тұрақты болуын және қолма-қол ақшаны алудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді, өйткені қаржы институттарының өздері қолма-қол ақша формасында өз активтерінің белгілі бір үлесін ұстау мүмкіндігіне ие. Екінші жағынан, мемлекет кейбір қаржы институттары үшін өтімділікті реттейтін заң нормаларын белгілейді. Мәселен, коммерциялық банктер үшін резервтеудің нормативтері арқылы орталық банктің және кассаның шотта-рында ақша қаражаттарының ең аз шамасындағы қалдығын қол-дау заңмен қамтамасыз етіледі.
Делдалдандырылған қаржыландырудың сызбаларын жүзеге асырудың нәтижесінде несие беруші де, қарыз алушы да өз пайдаларын алады:
• қаржы делдалдары қолайлы жағдайда қарызды дайын күйінде беретін несие берушілерді іздестірудің мәселесін оңайлатады;
• экономикалық, жағдай қалыпты болатын болса, қарыз алушының несие мөлшерлемесі қаржы делдалдарының көмегінен әдетте төмен болады, өйткені олар салымшының несиелік тәуекелділігін кемітеді және қаражатты тарту үшін ең төмен мөлшерлеменің белгіленуіне себепші болады. Делдалдың шығынымен бірге мөлшерлеменің бұл сомасы орналастырудың мөлшерлемесін тікелей несиелеу кезіндегі мөлшерлемеден жоғары белгілеудің қажеттілігін тудыратындай үлкен болмайды; қаржы делдалдары барлық салымшылардың өз салық ақшаларын бір мезгілде талап етпейтіндіктен және делдалға қаражаттың түсуі уақытқа қарай бөлінетіндіктен орын алуы мүмкін несие берушінің өтімділігіне артықшылық берудің және қарыз алушының ұзақ мерзімді ссудасына артықшылық берудің арасындағы қарама-қайшылықты толықтырады; қаржы институгтары несиеге клиенттерден жинақталған қаражаттың есебінен ірі соманы бере алады.
2 - Сұрақ.
Тәжірибеде қаржылық делдалдардың мынадай топтары бөліп көрсетіледі:
• депозит типіндегі қаржы мекемелері;
• жинақ мекемелері;
• инвестициялық қорлар;
• басқа да қаржы ұйымдары.
Осылардың ішінде депозит типіндегі қаржы мекемелері кеңінен тараған. Тартылған қаражат банктік, тұтынушылық және ипотекалық несиелерді беру үшін пайдаланылады. Бұл топтың негізгі институтына коммерциялық банктер, жинақ институттары және несиелік одақтар жатады.
Қаржы нарығында бос ақша қаражаттарды уақытша тарту және әр түрлі несиелерді беру бойынша көптеген қызмет түрлерін ұсына алатын коммерциялық банктер маңызды рөл атқарады. Елдің ақша-несие жүйесінде маңызды орын алатындықтан оларды мемлекет қатаң бақылап отырады.
Сондай-ақ қаржы нарығында ұсақ жинақтар мен табыстарды шоғырландыратын жинақ мекемелері де маңызды орын алады: жинақ банктері мен кассалары, өзара жинақ банктері (АҚТТТ-тағы әр түрлі кооперативтік банк мекемелері), сенім-жинақ банктері (Ұлыбритания), ссудалық-жинақ қауымдастықтары (АҚШ), несие кооперативтері (одақтар, қауымдастықтар).
Жинақ банкі — бұл кассалық есеп айырысу қызметі бойынша жұмысты ұйымдастыратын, бағалы қағаздар мен операцияларды, еркін айырбасталатын валютаны сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын, азаматтарды несиелейтін, шағын сомаға салым ақшаны қабылдайтын мемлекеттің несие мекемесі.
Келісімшарт негізінде әрекет ететін жинақ мекемелеріне сақтандыру компанияларын және зейнетақы қорларын жатқы-зұға болады. Олар сақтандыру полисі иелерінен және зейнетақы қорында шоты бар азаматтардан қаржыны тұрақты алуымен, яғни тұракты қаржы ағынына ие болуымен сипатталады және қаражатты табысы жоғары болатын ұзақ мерзімді қаржылық құралдарға инвестициялай алады.
Инвеапициялық қорлар өздерінің бағалы қағаздарын (акцияларын, инвестициялық пайларын) инвесторға сатады және алынған қаражатты тікелей қаржы міндеттемесін сатып алу үшін пайдаланады. Олардың негізгі түріне өз пайын инвесторға сататын және түскен қаражатқа көбінесе акциялар мен облигацияларды сатып алатын пай (өзара) қорлары жатады. Пайдың құны өзгеріп отырады (әдегге, өседі) және бұл инвесторға, егер ол пайды пай қорына сататын болса, табыс алуына мүмкіндік береді.
Экономикасы дамыған елдердің қаржы нарығында пай қорларының маңызы жоғары. Мәселен, АҚШ-та ең серпінді дамып келе жатқан инвестициялық қорға алғаш рет 1972 жылы пайда болған ақша нарығының пай қорлары жатады. Олардың айырмашылығы мынада: оларды номинал құны 1 млн доллар және одан жоғары болатын және төлемсіздік тәуекелі төмен қысқа мерзімді бағалы қағаздарға инвестициялайды. Көптеген инвесторлар мұндай бағалы кағаздарға олардың құнының жоғары болуына байланысты қол жеткізе алмайды. Ақша нарығының пай қорлары ұсақ инвесторларға нарықтың пайыз мөлшерлемесі бойынша өз салымынан табыс алуына мүмкіндік береді және мұнда қаражаттың қайтарылмай қалу тәуекелі аз болады.
Қаржы делдалдарының соңғы тобына әр түрлі типтегі қаржылық компаниялар жатады. Олар ақша қаражаттарының негізгі бөлігін қысқа мерзімді міндеттемелерді коммерциялық қағаз түрінде сатудан алады. Бұл компаниялардың қызметі заңдық және атқарушы үкімет органдарының нормативтік актілерімен реттеледі:
Қаржы компанияларының мынадай түрлері бар:
• несиелік және лизингтік операцияларға мамандандырылған компания;
• бөліп-бөліп тәлеу құқығымен тұтыну несиесін беруші компания;
• бөлшек сауда кәсіпорындарына несие беруші компания-лар.
Қаржы делдалдарымен жүзеге асыратын операциялардың мөлшері артып келді. Бұл арада дамыған елдерде қызмет мөлшерінің салыстырмалы тұрде өзгергені және бір мезгілде жекелеген қаржылық институттардың актив мөлшерінің де салыстырмалы түрде өзгергені байқалады. Мәселен, АКДІ-та соңғы 30 жылдың ішінде өзара және мемлекеттік зейнетақы қорларының үлесі айтарлықтай өсіп, ал депозиттік институттардың үлесі кеміп кеткен. 1975 жылы қаржылық делдалдардың жиынтық қаржы активтерінде коммерциялық банктердін үлесі 40%-ды құраса, 1998 жылы ол шамамен алғанда 27%-ға дейін кеміген, ал өзара қордың үлесі 2-ден 19%-ға дейін өскен. Банк жүйесінен ақша-несие ресурстарының құйылуына тек нақты нарықтық күштер ғана емес, сонымен бірге өзіндік капиталдың мөлшеріне қатаң талап қойған және сақтандыру шығындарын арттыру бойынша ережесі белгіленген АҚШ банктерінің өз саясаты да әсерін тигізеді. Қазақстаңда соңғы жылдары қаржы делдалдарының нарықтағы үлесі айтарлықтай өсті. Мұнда 2000 жылға дейін оның негізгі көпшілігін коммерциялық банктер, зейнетақы қорлары және сақтандыру компаниялары құрса, соңғы жылдары әр түрлі несие серіктестіктері мен қаржы компанияларының саны біршама артқан.
Достарыңызбен бөлісу: |