Қандай келісім мемлекеттік шартқа сәйкес жарналарды жинақтап зейнетақы төлейтін коммерциялық ұйымдар емес құрылады?
МЕЗҚ
МЗЕҚ
ЕЗМҚ
ЗЕМҚ
ҚЕМЗ
Тақырып – 10. Коммерциялық банктер операциялары.
жоспар
1.Банктердің функциялары мен түрлері.
2. Коммерциядық банктердің делдалдық операциялары
Сұрақ 1
Тәуелсіздік жылдары кезеңінде Қазақстан нарығында қаржы делдалдығының функциясын орындайтын қаржы институттарының желісі қалыптасты. Ондағы маңызды орынға банктер ие. Олардың пайда болу тарихы көне замандарда жатыр. Мысалы, Ежелгі Вавилонның тас кестелеріне жазылған борыш қолхаттарын кездестіруге болады, ал Флоренция және Венецияда ақша мен асыл тастарды сақтау бойынша қызмет түрі болған. Ақша айырбасы бойынша қызмет көрсету көптеген қалалар мен әлем елдерінде XIV ғасырдың соңында кеңінен тарады. Банктер негізінен сауда мен есеп айырысуға қызмет етті. Олар өнеркәсіп капиталымен жеткілікті дәрежеде байланыста болмады, Олардың несие ақшасын шығару секілді маңызды функциясы дамымады. Олар өз қызметін біртіндеп жетілдірді әрі түрлендірді, осы заманғы банк жүйесіне тән жаңа әдістерді енгізді.
Бүгінгі таңдағы коммерциялық банктер — бұл ҚР зандарына сәйкес депозиттік, ссудалық және басқа да операцияларды жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалар.
Анықтамасынан көрініп тұрғандай, банктің негізгі тағай-ындалуы ақша қаражаттарын несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға орналастырудағы делдалдықта жатыр. Нарықтарға ақша қаражаттарын орналастыруды банктермен қатар басқа да қаржы және несие мекемелері жүзеге асырады. Олар: инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т.б. Банктердің қаржы нарығының субъектісі ретіндегі екі негізгі белгісі болады:
• қарыздық міндеттемелерінің косарланған айырбасы, яғни олар өздерінің қарыздық міндеттемесін (депозиттерін, жинақ сертификаттарын және т.б.) орналастырады. Ал осының негізінде жұмылдырылған қаражагғы басқалар шығарған қарыздық міндеттемеге, бағалы қағаздарға орналастырады. Бұл банктерді өзінің қарыздық міндеттемесін шығармай, қаржы нарығында өз қызметін жүзеге асыратын қаржылық брокерлер мен дилерлерден айрықшалап көрсетеді;
• заңды және жеке тұлғалардың алдында борыштың тіркелген сомасымен шартсыз міндеттемені өз мойнына алу. Мәселен, клиенттің қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, депозит сертификаттарын шығарғанда пайда болатын міндеттеме. Бұл банктерді өз акциясын шығарудың негізінде ресурстарын жұмылдыратын әр түрлі инвестициялық қорлардан айрықшалап көрсетеді. Борыш сомасы бойынша тіркелген міндеттеменің банктер үшін аздаған қауіпі болады. Өйткені ол қандай жағдайда болмасын толық төленуі керек, сонымен қатар инвестищіялық қор ретінде өзінің активтері мен пассивтері құнының өзгерісімен байланысты барлық қауіпті өз акционерлеріне бөліп беруі қажет.
Жаңа міндеттемелерді жасаудың және оларды басқа контрагенттердің міндеттемелеріне айырбастаудың барлық процесі банктің қаржы делдалдығының негізін құрайды. Нарықтық экономикада мұндай түрлендіру айрықша маңызды. Ол ұсынылатын және талап етілетін сомалық, мезгілдік, табыстылық және т.б. сәйкессіздіктерден пайда болатын жинақтаушылар мен қарыз алушылардың тікелей қарым-қатынасындағы қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді.
Банктердің өзіндік ерекшеліктеріне қарай оларды екі негізгі түрге бөлуге болады: эмиссиялық және эмиссиялық емес.
Эмиссиялық — бұл айналымға ақша белгілерін шығаруына айрықша құқығы бар орталық банк. Әр елдерде ол ұлттық банк, халықтық банк, резервтік банк деп әр түрлі аталады. Ол Қазақстаңда ҚР Ұлттық банкі деген атауға ие. Оның басты міндетгеріне айналымға ақша шығару, банктердің арасында ақшалай тауардың саудасын жүргізу, банк жүйесінің эмиссиялық несие және есеп айырысу қызметін басқару жатады. Ол еліміздегі банктік жүйенің жоғарғы деңгейін құрайды.
Эмиссиялық банк аса ірі қаражатқа ие. Ондай ірі қаражат банктердің бірде біреуінде жоқ. Бұл оған басқаларына көмек көрсетуіне және олардың қызметін басқаруға мүмкіндік береді. Қалған банктер эмиссиялық болып табылмайды. Өйткені олар айналымға ақша шығарудың айрықша құқығына ие емес.
Ұлттық банктің негізгі функцияларына мыналар жатады:
• Эмиссиялық — бұл орталық банктің ең маңызды функцияларының бірі. Қазіргі заманда қолма-қол ақшасызға қарағанда қолма-қол ақшаның маңызы артық болса да, банкнот эмиссиясы өз мәнін жоғалтпайды. Өйткені қолма-қол ақша төлемдерінің көп бөлігі үшін және борыштық міндеттемені түпкілікті өтеуге қаражатты қажет ететін несие жүйесінің өтімділігін қамтамасыз ету үшін бұрынғыша қажетті болып қала береді.
• Коммерциялық банктердің кассалық резервтерін шоғырландыру және сақтау функциясы. Оның мәні мынада: ұлттық несие жүйесіне мүше болып табылатын әрбір коммерциялық банк Ұлттық банктің резервтік шотында оның салым ақша мөлшеріне арақатынасымен анықталған соманы сақтап қоюға міндетті.
• Елдің ресми алтын-валюта резервін сақтайтын дәстүрлі функциясы.
• Үкімет органдарына несие беру және олардың есеп айырысу операциясын орындау. Мемлекеттік бюджеттерге жартысына дейін және одан да көп елдің ЖЮ шоғырланады. Сол себепті Ұлттық банк үкіметтік меке-мелер мен ұйымдардың, жергілікті үкімет органдарының шотын жүргізеді, осы шотқа олардың қаражатын шоғырландырады және оның төлемін жүзеге асырады.
• Мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады.
• Мемлекетке қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тікелей ссуда формасында немесе мемлекеттік облигацияларда сатып алудың формасында несие береді.
• Үкіметтік органдардың тапсырмасы бойынша алтынмен және шетелдік валюталармен операцияларды жүзеге асырады.
• Ақша саясатының (ол ең алдымен ақша массасының өзгерісін реттейді) және несие саясатының (несие мөлшерін, пайыздық мөлшерлеменің деңгейін және ссудалық капитал нарығының басқа көрсеткіштерін реттейді) шаралар жиынтығын білдіретін ақша-несие саясатын жүзеге асырады.
Коммерциялық баиктер көбінесе өздері салым ақша түрінде алатын ақшалай капиталдың есебінен өнеркәсіп, сауда және басқа да кәсіпорындарды несиелеу бойынша әмбебап операцияларды орындайтын жеке және мемлекеттік банктерді білдіреді.
Коммерциялық банктердің функциялары:
• мерзімсіз депозиттерді шоғырландыру (ағымдағы шоттарды жүргізу) және осы банктің атына жазылған чектерді тәлеу;
• кәсіпкерлерге несие беру;
• барлық ұлттық шаруашылықтың ауқымында төлем ай-налымын ұйымдастыру әрі есеп айырысуларды жүзеге асыру және т.б.
Коммерциялық банк — бұл шаруашылық есеп принципімен әрекет ететін заңды тұлға болып табылатын, шаруашылықты дербес жүргізетін субъект. Өнеркәсіпке, ауыл шаруашьшығына, құрылысқа қарағанда банктер өндіріс саласында емес, айырбас саласында әрекет етеді. Олар ресурстарды тартады, несие береді, яғни қайта бөледі, тауарлардың алмасуына ықпалын тигізеді.
Орындалатын функциялардың санына карай коммерциялық банктерді әмбебап банк және мамандандырылған банк деп белуге болады.
Әмбебап коммерциялық банк — бұл көптеген қаржылық опе-рациялар мен қызмет көрсетулерді орындайтын несие мекемесі. Бүгінгі таңда олар өз клиенттеріне 200-ге жуық әр түрлі өнім-дері мен қызмет түрлерін ұсына алады. Мұндай кең аукымды әртараптандырыліан операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерінен айырылмауға және өте қолайсыз конъюнктұра жағдайында да пайда алуына мүмкіндік береді.
Мамандаидырылған банк — бір немесе бірнеше функцияны орындайтын, сонымен бірге нақты экономика саласында өз қызметін жүзеге асыратын несие мекемесі.
Банкті функциялық мамандануына қарай инвестициялық, инновациялық, ипотекалық банктерге бөлуге болады.
Инвестициялық және инновациялық банктер — облигациялық займдарды, акцияларды және баска да бағалы кдғаздарды шығару әрі ұзақ мерзімді ссудаларды ұсыну арқылы ақша қаражаттарын ұзақ мерзімге шоғырландыруға маманданады. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімді салымға қаражаты жетіспеген кәсіпкерлер мен қаражатын ұзақ мерзімге салатын салымшылардың арасындағы делдалдық мекемені білдіреді. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады. Алайда олар тек технологиялық жаңа енгізулердің (инновацияның) әзірленуін және игерілуін несиелейді.
Ипотекалық банктер жердің және жылжымайтын мүліктің кепілімен қаражатты ұзақ мерзімге тарту және орналастыру бойынша несие операцияларын жүзеге асырады.
Бұл банктердегі пассивтің көп бөлігін ипотекалық облигациялар, акциялар және бағалы қағаздар құрайды.
Салалық және аймақтық банктердің мамандану деңгейі, олардың активтері мен пассивтерін қалыптастырудағы өзіндік ерекшелігі көбінесе өздерінің қызмет салаларына, сондай-ақ ендірістік процестің басқадай ауыткуларымен құрылған әр түрлі салалық ерекшеліктерімен байланысты болады.
Банктерді аймақтық белгілері бойынша аймақтың, тұтас елдің қажеттілігіне қызмет көрсететін жергілікті банк және халықаралық банктер деп бөлуге болады. Әрине, бір жақты маманданған немесе бір салаға ғана қызмет ететін банкті кездестіру қиын, тек қысқа мерзімді несиелерді берумен ғана айналысатын немесе өнеркәсіп кәсіпорындарына ғана несие берумен шұғылданатын немесе тек бір ғана аймақтың клиент-теріне қызмет көрсететін банктер болмайды емес, болады, бірақ тәжірибеде мұндай банктерді кездестіре алмайсыз. Осы заманғы экономикада көбінесе өзінің негізгі қызмет бағытын сақтай отырып, әр гүрлі операцияларды орындай беретін банктерді коптеп кездестіруге болады. Оларды тек өздерінің негізгі қызмет бағыттарына қарап ажыратуға болады.
Банктерді меншік сипатына қарай мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік, жекеше, муниципалды, аралас деп бөлуге болады. Банк капиталын меншіктеу тұрғысынан алғанда мемлекеггік банктің мемлекеттік белгісі өзінің негіз қалаушысы болып табылады. Мұнда бастапқы сәтке олардың мемлекеттік ұлттық мүддеге бағыныштылығы жатады (мысалы, эмиссиялық банк жүйесі арқылы ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету, коммерциялық банктердің мемлекеттік жүйесі арқылы қандай да бір аймақтың немесе саланың даму бағдарламасын қаржыландыру). Бұл банктердің басты ерекшелігі: олардың бастапқы капиталы көбінесе акционерлік болуында, өйткені ол басқа меншік формасына жататын бөлікті де қамтиды. Алайда бұл оның мемлекеттік сипатына нұқсан келтірмейді. Өйткені ол ең алдымен ел экономикасының тиісті салаларындағы кәсіпорындарды дамыту үшін құрылған.
Қазіргі заманғы банк ісінде ең кең тараған меншік формасы — акционерлік, құрылтайшылық формалар. Бұларға әр түрлі заңды және жеке тұлғалар қатысушы бола алады. Тіпті мемлекеттік меншік формасындағы мемлекеттік банктің өзіне заңды тұлғалар, мысалы, басқа банктер құрылтайшы бола алады. Бұл жағдайда оның капиталы акционерлік болып табылады.
Кооперативтік банктің құрылтайшылары мен жарнашыларына (пайшы) тиісті кооператив одақтары жатады. Әдетте бү-лар жарғылық капиталына қарай және қызмет ауқымына қарай ең ұсақ банктер болып табылады. Тек. кооперативтер ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындар да кооперативтік банктердің иесі бола алады.
Сұрақ 2.
Депозит ретіндегі уақытша бос ақша қаражаттарын жеке және заңды тұлғаларға несиеге беру арқылы, қайта бөлу функциясын жүзеге асыратын банк ақша қаражаттарын артық субъектілер ақша қаражаттарына мұқтаж субъектілердің арасындағы өзіндік өзгешелігі бар делдал ретінде алға шығады.
Мұндағы ерекшелік мынада: қажетті ресурстары бар тұлға оны гиісті кепілдемесімен қарыз алушыға нақты мерзімге пайызбен бергісі келеді. Әрине, осы заманғы экономикада несие беруші мен қарыз алушының мүдделері бір жерден шыға бермейді. Яғни мүдделердің сәйкес келуі сирек кездеседі. Бұл арада сұраныс пен ұсынысты ескеру арқылы мәмілелерді жүзеге асырудың мүмкіндігін қамтамасыз ететін делдал-банк байланыс-тырушы буын ретінде алға шығады. Жекелеген несие беруші-лерге қарағанда банк әр түрлі қарыз алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады әрі оларға ездерінің қалауы бойынша несие түрін, мерзімін, пайызын т.б. таңдау мүмкіндігін береді. Өйгкені банктер орасай зор ресурстарға ие әрі осы ресурстарды пайда әкелетіндей дұрыс орналастыра алады.
Банктің негізгі функцияларының біріне — ең алдымен кімнің кімге қарыз болуына қарай сатып алушыдан сатушыға ағылатын ақша қаражаттарына делдалдық еткен кездегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру жатады. Ақша қаражаттарының қолма-қол ақшасыз айналысы вексель, чек, банкнот, төлем карточкасы және әр түрлі төлем құжаттары секілді қаржылық құралдармен ғана мүмкін болады. Бүгінгі таңда банктер олардың әр түрін ұсынып жүр. Есеп айырысудағы делдалдық - әмбебап коммерциялық банктердің ең ауқымды функциясы болып табылады. Осыған орай, бүгінгі таңда банктер ел ішінде және одан тыс әр түрлі ақшалай аударымдарды жүзеге асырып жүр.
Банктер қаржы делдалы ретінде мынадай операцияларды орындайды:
• несиедегі делдалдық;
• есеп айырысудағы делдалдық;
• кастодиандық делдалдық;
• брокер-дилерлік делдалдық қызмет және т.б.
Банктер биржалардың міндетті қатысушысы болып табы-лады. Олар биржалық операцияларды дербес ұйымдастыра ала-ды, әрі бағалы қағаздар саудасы бойынша операцияларды да дербес орындай алады.
Коммерциялық банктер өз клиенттеріне әр түрлі депозит түрінде ақша сақтаудың қолайлы формаларын ұсынады, бұл
өтімділікте клиенттің қажетгілігін қанағаттандыра отырып. олар-дың сақталуын қамтамасыз етеді.
Банк бұдан басқа мына қызметтерді жұзеге асырады:
• пассивті операцияларды;
• активті операцияларды;
• меншікті операцияларды.
Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған және эмиссияланған қаражаттардың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
Меншікті қаражатқа акционерлік, резервтік капитал және бөлінбеген пайда жатады. Олар бұл жерде өте маңызды рөл атқарады, себебі өзіндік капиталдың кемуі кейде банкті банкротқа ұшыратады. Коммерциялық банктің активті операциясының негізгі көзіне тартылған қаражат жатады.
Акционерлік капитал, яғни банктің жарғылық қоры акцияларды шығару және орналастыру арқылы құрылады. Әдетте, банктер өз қызметінің даму шамасы мен ояерацияларының ұлғаюына қарай жаңа акцияларды жүйелі түрде шығарып отырады,
Резервтік капитал немесе банктің резервтіх қоры пайдадан аударып отырудың есебінен калыптасады, ол болжанбаған залалдарды және бағалы қағаздар бағамының құлдырауынан орын алатын ысырапты өтеуге арналған.
Бөлінбеген пайда — резервтік қорға аударымдарды аударудан және дивидендтерді тәлеуден кейін қалатын пайданың бөлігі.
Айтып кеткеніміздей, тартылған қаражат коммерциялық банк ресурстарының негізгі бөлігін құрайды. Бұлар депозиттер, сонымен бірге контоқорренттік және қорреспонденттік шоттар.
Банктің негізгі тартылған ресурстары ретінде клиентгің барлық салым ақшасын білдіретін әр түрлі депозиттер алға шығады. Онда орналастырылған қаражаттың көздері әр түрлі болады. Бұл кәсіпорын шотындағы, жұмысшылар мен қызмет-керлердің еңбекақы шотындағы, мемлекеттік мекемелердің шо-тындағы уақытша пайдаланылмайтын қаражат. Депозиттер талап етілгенге дейінгі, мерзімді және жинақ салымдарына бөлінеді (бұлар осы кітаптың I бөлімінде толығырақ айтылған).
Банктерде төлем операцияларын жүргізуге біршама шығын кетеді. Алайда ол (шығын) кем немесе артық деңгейде талап етілмелі шоты бар клиенттердің өз қаражаттарын толық пайда-ланбауына қарай өтеледі. Әдетте түрлаулы деп аталатын қалдық болады, оны банк өзінің коммерциялық мақсаттары үшін тартады, яғни пайда алу мақсатында қысқа мерзімді несие, ссуда белгілі бір мөлшерде берілуі мүмкін.
Банкаралық несиелер, яғни басқа банктен алынған ссудалар банк ресурстарының маңызды көзі болып табылады. Коммерциялық банк оны Ұлттық банктен қайта есептеу және вексельдерді қайта кепілге салу формаларында ала алады.
Контокоррент — бірыңғай шот. Ол арқылы банк пен клиент арасындағы барлық есеп айырысулар мен несие операциялары жүргізіледі. Егер клиентте қаражат болатын болса, онда бұл шот пассивтік болып табылады, клиенттің қаражаты болмаса да ол банкке төлем тапсырмасын берсе немесе чек жазса, онда шот активке айналады.
Банктер қаражатын ұзақ мерзімге салатын клиенттерді іздестіреді. Бұл банкке пайда әкеледі. Оған айналысқа шығарылған банктің қаражаттары: облигациялық займдар, банктік вексельдер және т.б жатады.
Активтік операциялар банк ресурстарын орналастырумен байланысты. Оған ең алдымен несие операциялары жатады. Несие берудің мерзімі белгілі бір мезгілге берілетін мерзімді несие және банктің алғашқы талап етуі бойынша қайтарылуы тиіс онкольдық несие деп бөлінеді.
Ссудамен қамтамасыз ету тұрғысынан вексельдік, тауарлық, қор және банктік операциялар бөліп көрсетіледі.
Вексельдік операциялар вексель есебі бойынша операцияға және вексель кепілімен берілетін несие операциясына бөлінеді.
Вексель есебі (дисконттау) оларды банктердің өтеу мерзімі біткенше сатып алуды білдіреді. Банк өз кезегінде, егер ол қаражатқа мұқғаж болса, бұл вексельдерді өзі Ұлттық банкте қайта есептей алады. Вексельді есептегеннен кейін банк оның иесі болады әрі оны айналысқа шығарған немесе оны есепке, нақты ақша сомасына ұсынған тұлғаға төлейді. Бұл операция үшін банк клиенттен есептік пайыз немесе дисконт деп ата-латын нақты пайызды өндіріп алады. Дисконт — вексельде белгіленген сома мен вексельдің иесіне төленген соманың арасындағы айырмашылық.
Банктің активтік вексель операцияларына акцептік және авальдық операциялар жатады.
Акцептік операцияның мағынасын былайша түсіндіруге болады: банк клиентке өзі акцептейтін, яғни ол бойынша өз есебінен төлемді кепілдендіретін вексельді жазып берудін құқығын ұсынады. Ал оны пайдаланұға алған клиент банкке вексельдің мерзімі біткенше вексель төлемі бойынша тиісті соманы енгізуге міндеттенеді.
Вексельдік несиені пайдаланудың маңызды формасына аваль жатады. Бұл жағдайда вексель бойынша төлемді вексельдің иесі өзі (тікелей) орындайды, ал аваль бұл арада тек төлем кепілдігі ретінде ғана қызмет етеді. Вексельдің иесі ол бойынша төлемді жүзеге асыра алмаса, онда төлемнің жауапкершілігі авальды койған банкке жүктеледі.
Банктің маңызды активтік операцияларының түріне тауарлық несие жатады. Ол тауардын және варрант (тауардың сақталуы үшін қоймаға алынғаны туралы куәлік), темір жол жүк құжаты, коносамент (жүкті көмеге қабылдау туралы пороход қоғамының куәлігі), жүкті тиеу туралы жүк құжат секілді тауарға ілеспе құжаттардың кепілімен берілетін қарыз болып табылады. Нарық жағдайында тауарлық қамтамасыз етумен несие беру арқылы банктер үлкен тәуекелге барады, өйткені ол белгіленген мерзімінде қайтарылмаса банк тауарға тиым салып, оны сатады. Содан кейін тауарды сатудан түскен түсімнің есебінен юшентгің берешегін жабады. Алайда бұл арада мынадай мәселе бар: тауар барльгқ жағдайда өтпей қалуы мүмкін.
Банктің активтік операциясының тағы бір түріне қор операциясы жатады. Оның объектілері — әр түрлі бағалы қағаздар. Бұл операция бағалы қағаздармен қамтамасыз етілетін және банк өз есебінен сатып алатын несие түрінде болады.
Бағалы қағаздармен қамтамасыз етілетін несие, әдетте олар-дың нарықтық құнының толық бағамы мөлшерінде емес, оның белгілі бір бөлігінің мөлшерінде (50-60%) беріледі.
Сонымен қатар банктің бағалы кағаздардағы инвестициясы болады, оның нәтижесінде банк бағалы қағаздар портфелін иеленеді. Мұндай сатьш алудың мақсаты — осы қағаздарды одан ары қайта сату немесе ұзақ мерзімді капитал салымы.
Банктің беретін несиесін төмендегілер де қамтамасыз ете алады: жылжымайтын мүлік, басқа банктің немесе сақтандыру ұйымының сақтандыру кепілдігі.
Банктің аса маңызды делдалдық оиерацияларына инкассалық, аккредитивтік, аударымдық және комиссиялық сауда опе-рациялары жатады. Сенімді (трастық) операцияның да алар орны айрықша. Ол сырттай делдалдыққа ұқсас, алайда оның да, лизингтік операцияның да аясынан шығып кетеді.
Инкассалық операция аты айтып тұрғандай операция болып табылады. Ол арқылы банк өз клиентінің табыс етуі бойынша ақшалай және тауарлщқ есеп айырысу құжаттарымен ақшаны алады. Инкассаға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар, шетелдік валюта және т.б. қабылданады. Банк инкассалық операцияны орындағаынан кейін мөлшері операция түріне қарай болатын комиссияны өндіріп алады.
Аккредитив — бұл аккредитивтік хатта көрсетілген шарттарды орындағанда компанияға немесе тұлғаға белгілі бір соманы тәлеу туралы тапсырма. Мұндай операцияға мыналар қатыса алады:
• аккредитивті ашу туралы тапсырма берген клиент;
• аккредитивті ашқан банк;
• аккредитив ашылған және оның шарттарының орындалуын қадағалап отырған банк;
• пайдасына аккредитив ашылған тұлға (бенефициар немесе алушы).
Аударым операциясы банкке енгізілген алушының ақшасын басқа орында (басқа елді мекенде) жүрген оған аударуды білдіреді. Ол банк чегін жіберу арқылы немесе қорреспондент-банкке аудару жолымен жүзеге асырылады.
Банктер жеке тұлғалар үшін мынадай сенімді (трастық) операцияларды орындайды:
• мүліктік құқықтан уақытша айырылған тұлғалардың (жетім-жесірлер, кәмелетке толмағандар) мүліктерін уақытша басқару;
• мұрагердің мүддесі үшін қайтыс болған тұлғаның мүлігін басқару;
• капиталды көп пайда алу мақсатында басқару (акцияға, жылжымайтын мүлікке ақша салу);
• құндылықтарды сейфтерде сақтау және т.б. Компаниялар үшін жүзеге асырылатын сенім операцияларының аударым операцияларынан айырмашылығы мынада: банк облигациялық займ бойынша кепілгер ретінде, нарыққа шығарылған акцияларды тіркеу және трансферт бойынша агент (атаулы акция бойынша меншік құқығын беру) ретінде алға шығады және т.б.
Банк операциясының бір түріне — лизингтік операция жатады. Банктер немесе лизингтік компаниялар өнеркәсіп. көлік және басқа да кәсіпорындарға машиналарды, құрал-жабдықтарды, өзге де негізгі қорларды ұзақ мерзімді пайдаланұға белгілі бір жалдау ақысын белгілеумен береді. Банктер өз есебінен әр түрлі негізгі құрал-жабдықтарды сатып алып, оларды жалға береді. Банктер немесе лизингтік компаниялар жалға берілген мүліктің меншік иелері болып қалады. Банктердің лизингтік операцияларды жүзеге асыру барысында көретін (табатын) пайдасы былайша алынады: екеуі нақты мерзімге (уақыт аралығына) берілсе де жалдау ақысының шамасы ұзақ мерзімді несиенің пайыздық мөлшерлемесіне карағанда жоғары болады. Оның үстіне бұл арада клиенттің төлем кабілетсіздігше байланысты орын алатын ысырап тәуекелі болмайды. Өйткені келісімшартғың шарттары бүзыла қалған жағдайда банк жалға берілген мүлікті өзіне кері қайтарып алуға құқылы.
Факторинг — бұл төлемдерді өндіріп алу бойынша және клиенттің табыстауымен бухгалтерлік есепті жүргізу операциясы. Мамандандырылған филиалдарды немесе компанияларды ұйымдастыратын коммерциялық банктер факторингтік олерацияларды белсенді жүзеге асырып жүр.
Мынаны айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстанның банк жүйесінде коммерциялық банктердің әртараптану деңгейінің төмендігі байқалып отыр. Отандық банктер негізінен әмбебап банктер болып табылады. Еліміздегі зандар оларды (банктерді) өздері жүргізіп отырған операция түрлері бойынша мамандандыруды қарастырмаған. Алайда кейбір банктер өздерінің атауымен өз функцияларын (функциялық ерекшеліктерін) белгілеген: «Каспииский», «Нефтебанк», «Түрғын үй құрылыс банкі» және т.б.
2003-2015 жылдарға арналған ҚР Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес, екінші деңгейлі банктерге тәуекелдікті қорпоративтік тұрғыдан басқару жүйесін енгізу жоспарында банк секторын одан ары дамытумен қатар (бір деңгейде) белгілі бір банк қызметін көрсету бойынша мамандандырылған банктерді құру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Мысалы, тұрғын үй құрылысының жинақ ақша жүйесі аясында мамандандырылған ипотекалық банктерді құру өзекті мәселе болып табылады және т.т.с.