Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады


III. 2 Бастауыш мектепте сөйлемді меңгертуге арналған



жүктеу 5,88 Mb.
бет4/24
Дата14.05.2018
өлшемі5,88 Mb.
#13071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

III. 2 Бастауыш мектепте сөйлемді меңгертуге арналған

ойындар

Қазіргі кезеңде дидактиканың кімді, калай, және нені оқыту қажет деген сүрағы орта мектептегі окыту үрдісіне (процесіне) де тікелей байланысты. Себебі, бүгінгі қоғымның дамуы, ғылымның және техниканың алға басуы мектеп оқушыларының сана-сезімін, ойлау туғызды. Мектептегі оқыту процесінде жүргізілген өзгерістер тек жеке тұлғаның тағдырын ғана өзгертіп қана қоймайды, сол арқылы бүкіл еліміздің ертеңгі күнгі әлеуметтік экономикалық тұрмыс деңгейіне эсер ететіндігі белгілі. Мүны Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 желтоқсан айында болған білім қызметкерлерінің 1-ші құрылтайында анық түсіндіріп, былай деген болатын. Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры үстаздың қолында. Сондықтан еліміздің көркейтіп дамуында мектеп мұғалімдерінің оқушыларды қалай оқытып тәрбиелейді елдік тұрғыда стратегиялық міндетке жатады.

Оқушылардың тек интелектісін дамытумен ғана қалып, олардың рухани кажеттіліктерін қалыптастыруына, эмоционалдық жактарының жетілуіне, оқуға деген ішкі қажеттіліктерінің оянуына баса көніл аудармайды. Бұл жас оскін ұрпақтың интеллектісі жоғары, бірақ жанындағы адамдарға жаны ашымас "тас бауыр" етіп қалыптасуына әкеледі. Мұны ғылымда инфантилизм құбылысы деп атайды. Керісінше жанүяларында әке-шешелерінің үрыс-керісінен балаларда эмоционалдық қасиетінің басты ролге шығу кездері де болады. Мүндай кезеңде эмоционалдық аспект интекллектіні тежеп, өмірге өкпелі, тұйық балалар өсіп жетіледі. Мұның арты оқушылардың қылмыстық топтарға қосылуымен аяқталатыны даусыз. Сондықтан орта мектепте оқушылардың интеллектілік және эмоционалдық қасиеттерін қатар дамытып оқыту қажет. Өткен ғасырда орыс халқының көрнекті педагогы А.В.Занков зертханасында жүргізілген эксперименттер балалардың эмоционалды касиеттерін дамытып оқыту оң нэтижеге жететіндігін дәлелдеп берді. А.В.Занков бұл тұрғысында былайша ой қорытады: "Отработка экспериментального обучения выявляло эмоциально - волевую сферу школьники, его духовные потребности" (. Сонымен қатар мүндай оқыту оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, эмоционалдық қасиеттерінің қалыптасуына оң эсер етеді дейді: "... одним из важнейших условий эффективности обучение является развитие нравственных качество и эстетичесских" чувств, воли, формирование духовных потребностей, в частности внутреннего побуждения к учению" (4,115).

Біздің диплом жұмыстарымыз оқушылардың интеллектісі мен эмоционалдық қабілеттерін қатар дамытуға болатындығын, оқыту үрдісіне ойын элементтерін пайдалану казак тілін сапалы оқыту жолы екендігін көрсетті. Сондықтан сабақ үстінде ойын элегенттерін пайдалану арқылы оқушылардың эмоционалдық қыры дамытылып жетіледі. Бұл үшін бастауыш мектепте сөйлемді оқыту барысында мынадай ойындарды пайдаланған жөн.



«Өз орныңды тап» ойыны. Балалар екі топқа бөлінеді. Бірі - сөз таптары, екіншісі, - сөйлем мүшелері. Әр топтағылардың зат есім, етістік, бастауыш, баяндауыш сияқты өз аттары болады. Мұ,алім сөйлемді оқиды. Бір оқушы сөйлемді тақтага жазады.

Ойының мақсаты: - балалар сөйлемнен өздерін табу. «Бастауыш» бастауыш болып тұрған сөзді, «баяндауыш» та өз атын тауып, оның астын шартты сызықпен сызып, үстіне сұрағын жазады.

Ал сөз таптары -зат есім, етістік те өз орнын тауып, үстіне аттарын қысқартып жазады.

Зат е. ет.

кімдер? қайтті?

Балалар қоянды қуды.

Басқа балалар да өз дәптерлеріне жазып отырады. Осылайша бірнеше сөйлемдер талданады.

Баяндауышты меңгертуде мына ойын тиімді

Баяндауыштың осы белгілерін оқушыларға таныту үшін сабакта «Сөз қуаласпақ» ойыны жүргізіледі. Ойының тәртібі: партаның бір қатарындағыларға - «басгауыш» екіншісі «баяндауыш» деп ат қойылды. «Бастауыштар» сөйлемде бастауыш болатын сөздерді атайды, «баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды. Мұғалім сөйлемдердің кейбіреулерін оқушыларға талдатады.

Бұл ойын , біріншіден, оқушылардың сабақ үстіндігі белсенділігін арттырса, екіншіден, баяндауыштың негізгі белгшілерін олардың саналы үғынуына көмегін тигізеді.

Баяндауыш болатыы сөз таптары туралы түсінік беру үшін, алдымен өтілген сөз таптары оқушылардың есіне түсіріледі. Содан соң таблицадағы сөйлемдерді оқушыларға талдата отырып, баяндауыштың көбінесе сөйлем соңында келетіні, баяндауыш болатын сөз табы етістік екені, кейде сөйлем соңына тұрып, бастауыштың кім, не екенін көрсететін зат есімнің баяндауыш болатыны, баяндауыштың сынын, санын білдіретін сан есім, сын есімдердің де баяндауыш болатыны баяндау әдісімен түсіндіріледі.





Баяндауыш болатын сөз таптары

Сөйлемдер

Баяндауыш болып тұрған сөз табы








Сәуле қызық кі

тап оқыды

етістік

Сәуле - оқушы




зат есім

Ол тоғызда




сан есім

Біздің

сыныптың

сын есім

оқушылары тәртіпті.







Соңынан оқушылардан:

Қандай соз таптары баяндауыш болады.



Етістік, зат есім, сан есім, сын есім баяндауыш болады.

Етістік, зат есім, сан есім, сын есім қай уақытта баяндауыш болады.

Сөйлемнің соңына келсе. Баяндауыш болады деген сұрақтарға жауап алынады.

Оқушылардан баяндауышы әр түрлі сөз таптарынан болатындай мысал келтіру талап етіледі. Мәселен, Болат - инженер. Сәуле -тазалықшы. Бақытжан тәртіпті. Біздің сынып таза т.б. Оқушылар бұл сөйлемдерді ауызша талдайды.

Үлгі: Сэуле - тазалықшы. Сәуле - бастауыш, тазалықшы -баяндауыш, бастауыш та, баяндауыш та - зат есім. Бақытжан тәртіпті. Бақытжан - бастауыш, Бақытжан (қандай?) тәртіпті — баяндауыш сын есім.
Синтаксистік касса ойыны. Оқушыларға синтаксистік талдау жүргізудің тәртібі үйретіледі. Ол үшін бастауыш жайында өткен материалдарды қайталау кезінде ойын элементті пайдаланылады.

Оқушылар сөйлем құрауға арналған карточкасы мен сұрақ карточкасы таратылады. Мұғалім сөйлемдерді айтады. Оқушылар сөйлемдерді карточка бойынша қүрайды. Бір оқушы класс кассасымен, ал басқа оқушылар өз орындарында өз кассасымен жұмыс істейді. Сөйлем құрап болған соң, бастауышты тауып, оның сұрағы жазылған карточкасы тиісті карточкаға салады. Бұл ойынды керісінше де ойнауға болады. Яғни сөйлемде бастауыш берілмей, оның сүрағы ғана беріледі де, бастауыш жеке карточкаға жазылады. Ал балалар сөйлемнің мағынасы мен берілген сүрағына сэйкес бастауышты алып, өзінің кассасына салады.

Үлгі: Қарға қанатын қакіты. He?

Құлындар одан үрікті. Нелер?

Баяндауыштың негізгі белгілері оқушылардың бастауыш пен сөз таптары жайындағы білім дағдыларына сүйене отырып, әңгіме әдісімен түсіндіріледі. Сонымен бірге ойша қорытудың индуктивтік тәсілі де пайдаланылады.

Тақтаға таблица ілінеді.





Баяндауыш

Мысалдар

Сұрақтары

Құстар сайрайды Үйректер суда жүзіп жүр. Жұмысшылар егін екті

не істейді? қайтті? не істеді?

Мұғалім оқушыларға сейлемдердегі бастауыш пен баяндауыштың іс-әрекетін, қимылын білдіріп тұрған сөздерді тапқызады.

Үлгі: Құстар сайрайды. Нелер? - құстар - бастауыш, құстар ен істейді? - сайрайды - бастауыштың іс-әрекетін білдіріп түрған сөз. Барлық сөйлем осылай талданған соң, мұғалім:

Балалар, біз бүгін тағы бір сөйлем мүшесін - баяндауышты өтеміз. Жаңағы өздерін айтқан бастауыштын ісін, қимылын білдіретін сөздер баяндауыш болады. Сонымен, қандай сөз баяндауыш болады екен? Бастауыштын ісін, қимылын білдіретін сөз бастауыш болады. Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді екен?

He істейді? қайтті? қайтеді? Деген сұрақтарға жауап береді, - деп оқушылардың байқаған фактілері бойынша әздеріне қорытынды жасатады.

Оқушылар үнемі жазу жұмысынан жалығып кетпес үшін, әр түрлі грамматикалық ойындарды ұйымдастыруға болады. Грамматикалық ойын: «Өз орныңды ran».

Ойынның тәртібі: Сөйлем құрамындағы сөздер және оған қойылатын сұрақтар жеке-жеке карточкаларға жазылады. Балалар да соған қарай екі топқа бөлінеді: бірі - сөздер, екіншісі - сұрақтар. Карточкалар алдымен ойынға қатысатын оқушыларға таратылады. Мұғалім бір сөйлемді «Біз ауылда тұрамыз) айтады.

Сөйлемге керекті карточкаларын ұстап балалар орындарынан тұрады. Әр сөз (әр бала) өзіне тиісті сұрақты шақырады, сұрақ жазылған карточкасы бар бала тиісті сұрақты әр сөзге тапсыруға тиіс. Сұрақты алған соң балалар оң қолындағы сөздерді төменгі қатарда, сол қолыңдағы сұрақтарды жоғары қатарда ұстайды, сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екеніп айтады.

Үлгі: кім? қайда? қайтеміз?

Біз ауылда түрамыз.

Осылайша бірнеше сойлемдер талданады.

Бастауыш жайында түсінік бергенге дейін оқушылар сөйлемде кім, не туралы айтатынын корсететін сөздер, яғни бастауыш болып тұрған сөздерді сөйлем ішінен даралап көрсетуге дағдыланады.

Сөйлеммен оның түрлері жайында өткенді қайталау сабақтарында ойын элементтерін де енгізуғе болады. Мәселен, сабақта мына тәрізді білімділік және тәрбиелік мәні бар ойындар жүргізіледі.

«Кім жеңеді» ойыны. Партаның қатарларына: «Хабарлы сөйлем», «Лепті сөйлем», «Сұраулы сөйлем» деп ат қойылды. Оқушылар атына сэйкес сөйлем айтады. Қай қатар көп сөйлем айтса, сол қатар жеңген болып есептеледі.

«Тыныс белгісін тап» ойыны. Оқушыларға леп, сұрақ, нүкте белгісі қойылған карточкалар таратылады. Мұғалім әр түрлі сөйлемдерді айтады. Оқушылар оған сэйксс тыныс бслгісі бар карточкаларды көрсетеді. Ойын парта бойынша жарыс түрінде өткізіледі.

«Жұмбақ шешу» ойыны. Мұғалім жұмбақтарды айтады. Оқушылар оның мазмұнына қарай шешуін табады. Бұл жұмбақтарды оқушылар жаттап алады.

Өзім сөзден тұрамын, Аяқталған ойды қүрамын.

Өзім сөзден түрамын, Хабар мен нүкте жиғаным.

Мен де сөзден тұрамын: Сұраулы ойды құраймын, Өзгеден жауап сүраймын.

Қуану, ренжу, өкіну! Мақсатым соны сездіру. ¥ранды да айтамын, Қарқындап барып қайтамын.

(Сөйлем)

(Хабарлы сөйлем)

(Сұраулы сөйлем)

(Леп белгісі)

2-класта хабарлы сөйлемді оқушыларға творчестволық жұмысты орындата отырып ұғындыруға болады. Көктем көрінісі бейнеленген сурет бойынша творчестволык жұмыс жүргізіледі. Бұл «Сөйлем жалғастыру» ойыны арқылы орындалады. Балалар ойынды бастау үшін Көктем мезгілі.

Көктсм шықты. Көктем басталды деген сөйлемдерді айтады. Тақтаға Көктем басталды деген сөйлем жазылады. Содан соң тақырыптагы мазмұнын кеңете, жалғастыра айтылған сөйлемдердің нәтижесінде шағын әңгіме шығады. Оқушылар әңгімеге «Көктем» деген тақырып қояды.



Көктем

Кектем басталды. Күн жылынды. Жер көгерді. Қызғалдақтар ғүлдеді. Көшеде су ағып жатыр. Өзенде сең де жүре бастады.

Осы сөйлемдер арқылы әңгіме әдісімен хабарлы сөйлем түсіндіріледі. Ол үшін оқушыларға мынадай жетекші сұрақтар беріледі.

Балалар, тақтадағы сөйлемдер бізге нені хабарлап тұр?

Көктемнің басталғанын хабарлап тұр.

Оқиғаның, іс-әрекетін білдіріп тұрған мұндай сөйлемді қандай сөйлемдер дейміз

Хабарлы сөйлемдер.

Хабарлы сөйлемдер нені білдіреді?

Хабарлы сөйлемдер іс-әрекетті, оқиғаны хабарлайды.

Дұрыс, балалар, енді бір оқушыға сұрақ қоямын, ол маған жауап қайтарады. Сендер оның қандай сөйлеммен жауап бергенін және біздің сөйлемдеріміздегі дауыс ырғағының айырмашылығын байқап отырыңдар, - деп мұғалім әлгі оқушыға бірнеше сұрақ қояды.

Балалар, бұл оқушы қандай сөйлсммен жауап берді?

Хабарлы сөйлеммен жауап берді.

Біреу сұрағанда сендер қандай сөйлеммен жауап бересіңдер?

Хабарлы сөйлеммен жауап береміз.

Оқушылардың айтқан сөйлемдері қандай дауыспен айтылды?

Ақырын айтылды, жай айтылды. — деген балалардың әр түрлі жауаптарына мұғалім:

Жоқ, балалар, оқушының дауыс сөйлем аяғында бәсеңдеп барып тоқтады, - деп түзетеді де, хабарлы сөйлемнің негізгі белгілерін жинақтап оған мынадай анықтама бсрсді:

«Хабарлы сөйлем хабарды білдіреді. Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады».

Сұраулы сөйлемнің негізгі белгілерін де осылайша оқушылардың бақылауы, әңгіме әдістерімен түсіндіругс болады.

Мысалы, оқушылардың бір таблицада берілген сөйлемдерді оқиды, екіншісі оған жауап береді.

Сыныптағы басқа оқушылар таблицадағы сөйлемдерді көшіріп, олардың әрқайсысының тұсына жауабын жазды. Жетекші сұрақтардың көмегімен сұраулы сөйлемнің сұрақ мағынасын, өзінен соң дауап керек ететінін, сұраулы сөйлемдегі сұрақты білдіретін сөздің көтеріңкі дауыспен айтылатынын, оның соңына сұқ белғісі қойылатынын хабарлы сөйлеммен салыстыра отырып түсіндіреді.

Қорыта айтқанда осындай ойындар арқылы бастауыш мектепте грамматиканы сапалы түсіндіруге болады.

Өзім сөзден тұрамын, Аяқталған ойды қүрамын.

Өзім сөзден түрамын, Хабар мен нүкте жиғаным.

Мен де сөзден тұрамын: Сұраулы ойды құраймын, Өзгеден жауап сүраймын.

Қуану, ренжу, өкіну! Мақсатым соны сездіру. ¥ранды да айтамын, Қарқындап барып қайтамын.

(Сөйлем)

(Хабарлы сөйлем)

(Сұраулы сөйлем)

(Леп белгісі)

2-класта хабарлы сөйлемді оқушыларға творчестволық жұмысты орындата отырып ұғындыруға болады. Көктем көрінісі бейнеленген сурет бойынша творчестволык жұмыс жүргізіледі. Бұл «Сөйлем жалғастыру» ойыны арқылы орындалады. Балалар ойынды бастау үшін Көктем мезгілі.

Көктсм шықты. Көктем басталды деген сөйлемдерді айтады. Тақтаға Көктем басталды деген сөйлем жазылады. Содаы соң тақырыптагы мазмұнын кеңете, жалғастыра айтылған сөйлемдердің нэтижесінде шағын әңгіме шығады. Оқушылар әңгімеге «Көктем» деген тақырып қояды.



Көктем

Кектем басталды. Күн жылынды. Жер көгерді. Қызғалдақтар ғүлдеді. Көшеде су ағып жатыр. Өзенде сең де жүре бастады.

Осы сөйлемдер арқылы әңгіме әдісімен хабарлы сөйлем түсіндіріледі. Ол үші оқушыларға мынадай жетекші сү_рақтар беріледі.

Балалар, тақтадағы сөйлемдер бізғе нені хабарлап түр?

Көктемнің басталғанын хабарлап түр.

Оқиғаның, іс-әрекетін білдіріп түрған мүндай сөйлемді қандай сөйлемдер дейміз№

Хабарлы сөйлсмдер.

Хабарлы сөйлемдер нені білдіреді?

Хабарлы сөйлемдер іс-әрекетті, оқиғаны хабарлайды.

Дұрыс, балалар, енді бір оқушыға сұрақ қоямын, ол маған дауан қайтарады. Сендер оның қандай сөйлеммен жауап бергенін және біздің сөйлемдеріміздегі дауыс ырғағының айырмашылығын байқап отырыңдар, - деп мұғалім әлгі оқушыға бірнеше сұрақ қояды.

Балалар, бұл оқушы қандай сөйлсммен жауап берді?

Хабарлы сөйлеммен жауап берді.

Біреу сүрағанда сендер қандай сөйлеммен жауап бересіңдер?

Хабарлы сөйлеммен жауап береміз.

Оқушылардың айтқан сөйлемдері қандай дауыспен айтылды?

Ақырын айтылды, жай айтылды. — деген балалардың әр түрлі жауаптарын мұғалім:

Жоқ, балалар, оқушының дауыс сойлем аяғында бэсендеп барып тоқтады, - деп түзетеді де, хабарлы сөйлемніц негізгі белгілерін жинақтап оған мынадай анықтама бсрсді:

«Хабарлы сөйлем хабарды білдіреді. Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады».

Сұраулы сөйлемнің негізгі белгілерін де осылайша оқушылардыц бақылауы, әңгіме әдістерімен түсіндіругс болады.

Мысалы, оқушылардың бір таблицада берілген сөйлемдерді оқиды, екіншісі оған жауап береді.

Сыныптағы басқа оқушылар таблицадағы сөйлемдерді көшіріп, олардың әрқайсысының түсына жауабын жазды. Жетекші сұрақтардың көмегімен сұраулы сөйлемнің сұрақ мағынасын, өзінен соң дауап керек ететінін, сұраулы сөйлемдегі сұрақты білдіретін сөздің көтеріңкі дауыспен айтылатынын, оның соңына сұқ белғісі қойылатынын хабарлы сәйлеммен салыстыра отырып түсіндіреді.

Қорыта айтқанда осындай ойындар арқылы бастауыш мектепте грамматиканы сапалы түсіндіруге болады.








Қорытынды

Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаца технологиялар енгізілуде. Жаа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға ұмтылыстан туған үрдіс. Мұндай үрдістен білім беру салалары да шет қалған жоқ. Соның әсерінен қазақ оқушыларының білімдері әлемдік білім бәсекесіне түсе алатындай болуы үшін оқыту процесіне жаңа технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдер көптеп енуде. Бұл білім беру саласында оқушыға жаңа көзқараспен қарауды үйретті. Мұндай көзқарас оқушының жеке басының дамуына, тұлға ретін қалыптасуына, әдеби тілде сейлеуіне, оқытуды демократияландыру мен ізгілендіруге ықпал етті. Сондай көзқарастың бірі - ойын технологиясы. Ойын технологиясы арқылы оқушылардың білімі, танымы, шығаршылық қабілеті артатынын, қазақ тілінің заңдылықтары мсн ерекшеліктерін сапалы меңгеретінін, оқушылардың тіл мәдениеті жетілетінін, сөйлем заңдылықтарын дұрыс меңгереді. Осының нотижесінде қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді әдістемесі үсынылды.

Мүнда қазақ тілі сабағында қолданылатын дидактикалық ойындардың тиімді түрлері анықталыи, олардың алдына өзіндік белгілері мен алдына мақсаттары айқындалды. Оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен білімін көтеруде ойындардың өзіндік ерекшеліктері, тиімділігі және түрлері сараланып, нәтижеде дидактикалық ойындардың мынадай негізғі белгілері ажыратылды:


  1. Ойын мақсаты;

  2. Ойынның қатысымдық қызметі;

  3. Ойын ұзақтығы;

  4. Ойын ережесі;

  5. Ойынға қатысушылар саны;

  6. Ойын мазмұны;

  7. Ойынға қажетті көрнекілік құралдар.

Осындай негізгі белгілерге ие оқушылардың теориялық білімін бекітіп, оз білімдерін практикада орынды қолдануға дағдыландыруға үйрететін дидактикалық ойындардың алдына өзіндік нақты мақсаттар қойылды. Дидактикалық ойындар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастырады және оны дамытады. Ойындар оқушыларға оқу материалын түсіндіруде, игерген білімдерін бекітуде, қолданылды. Ойындар іштей алгоритмдік және эвристикалық болып бөлінді. Ойындардың алдына мынадай мақсаттар қойылды:

  1. Қазак тілінен игерген заңдылықтар мен ережелерді бекітуге;

  2. Тілдік фактілерді салыстыруға;

  1. Зацдылықтарды өз бетінше іздеп айқындауға;

  2. Өтілгсн материалдарды есіне түсіруге тиіс.

Сонымен қатар дидактикалық ойындар оқушылардың өздігінен ойлауына, меңгерген білімін жүйелеп, жинақтауға, жаңа білімді меңгерту барысында проблемаларды шешуге дағдыландырады. Ойындарга: жұмбақтар, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, метағраммалар, логорифмдер, шарадалар, сканвордтар оқушыларды қызықтыруға әрі оқытуға арналған т.б. ойындар біріктірілді. Бұл ойындар мынадай мақсаттарда қолданылды:

  1. Қазақ тілінің заңдылықтарын өздігінен анықтауда;

  2. Тілдік тұлғалардың неғізгі ерекшеліктерін игертуде

  3. ;

  4. Проблеманы дұрыс шешуге үйретуде;

  5. Оздігінен пікір айтуға, көзқарас білдіруге дағдыландыруда ;

  6. Оқушылардың продуктивті ойлауын жетілдіруде пайдаланылды.

Оқыту әдістемесі оқушыларға дидактикалық жаттығуларды жецілден ауырға қарай дсңгейлеп беру, қазақ тілін біртіндеп жетілдіруді меңгертудің амал-тәсілдерін қарастырды.

Қорыта айтқанда сөйлемді қазіргі заман білім беру технологиясымен меңгерту оң нәтиже береді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. Алматы, 1965, 66-6.

  2. Мусаев К. Некоторые наблюдения над развитием морфологии казахского языка, в послеоктябрьский период. Исследования по тюркологии. Алма-Ата, Наука, 1969, стр. 214.

  3. Гаджиева Н.З. Основные пути развития синтаксисической стуктуруры тюркских языках. М., 1973, стр.65

  4. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналиткалық форманттары, 1975, 20-6.

  5. Айдаров Г. Язык орхонского памятника билькагана. Алма-ата, 1966, стр.49.

  6. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. Алматы,
    1965, 146-6.

  7. Балақаев М.Б. основные типы словосочетания в
    казахском языке Алма-Ата, 1957 стр.19.

  8. Джапаров А. Грамматическая структура
    словасочетания в современном киргизском
    языке. М., 1955.

  9. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. 1975, 390-бет.

  10. Сергалиев М. Синонимия
    синтаксических конструкций в современном
    казахском литературном языке. Наук. Алма-Ата, 1987.

  11. Оралбаева Н, Мадина Г, Әбілқаев А. Қазақ тілі. Алматы,
    1982.

  12. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. — Алматы,
    1955-415

  13. Дербісәлиев Ә. Әл-Фарабидің эстетикасы. Оқу
    құралы, -

  14. Алматы, 1980-68.

  15. М.Жұмабаев Педагогика. - Алматы, Ана тілі. 1992 -
    135-12 6.

  16. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы, Ана тілі
    1992-446

  17. Сембаев Қазақ совет мектебінің тарихы.

  18. Жиенбаев С. Бастауыш мектепте кітап оықту
    методикасы. - Алматы, 1939-65.

  19. Волков И.П. Творчествоға баулимыз. Педагогикалық
    ізденіс. - Алматы, 1990 - 105-534 6.

  1. Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарға әдебиетті оқыту
    методикасы. - Алматы, Мектеп 1962 - 122

  2. Ақшолақова Т. Көркем шығарманың эстетикалық
    табиғатын танту - Алматы, Мектеп, 1975 — 184.

  3. М.Әуезов Шығармалар жинағы. 20 том - Алматы:
    Жазушы, 1985-173-473.

  4. Философиялық сөздік. Изд. Полит. Литер. М., 1963 -
    272.

  5. 23. Қоянбаев Р.М, Қоянбаев Ж.Б Педагогика. -
    Астана, 1998

  6. 24. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары,

Алматы, Дәуір, 2000. - 85.

26. Гроос К. Душевная жизнь ребенка пер. С немецкого -


Киев, 1916-242 стр.

  1. Спенсер Г. Основания психологии Спб. - 1987 - 440 стр.

  2. Хейзинга И. Homo Luclens (человек играющии) пер. С
    нидерланского языка В.В.Ошисс М.: Эксмо - Пресс, 2001 - 352 стр.

  3. жүктеу 5,88 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау