Асхатқызы Аида кя 8 Бастауыш



жүктеу 25,6 Kb.
бет1/3
Дата26.01.2022
өлшемі25,6 Kb.
#35029
  1   2   3
4Синт.АсхатқызыА.


Асхатқызы Аида

КЯ 18 3


Бастауыш. Ол сөйлемнің негізі, сөйлемде айтылған ойдың синтаксистік субьектісі. Оның грамматикалық тұлғасы- сөздің атау тұлғасы. Сұрақтары – кім? не? кімі? несі? кімің? нең? қайсысы? қаншасы? нешеуі? нешесі? кімге дейін? неге дейін? кімге шейін? т.б. Сұрақ жалаң қойылмайды. Әр кез баяндауышпен қабаттаса қойылады. Мысалы, Тау беткейінен бір топ қара көрінді. –Не көрінді?   Қазақ тілінде жалпы алғанда бастауыш бола алмайтын сөз жоқ. Тіпті шылаулар да, тіпті кейде жеке дыбыстар да бастауыш бола алады. Бірақ, негізінен, бастауыш қызметін зат есім атқарады. Сол сияқты оның орнына жүретін есімдіктер (жіктеу, сілтеу, кім, не сұрау есімдіктері). Олар түбір тұлғасында, көпше формада, тәуелдік формада бола береді.  Бастауыштың басты белгілері:

1)ол ойдың иесі;

2)іс-қимылдың кімге қатысты болуы;

3)басқа мүшелерге бағынбайды;

4)атау тұлғада келуі;

5)сұрақтарының тұрақтылығы;

6)баяндауышпен байланысы (қиысуы).

       Қазақ тілінде бастауышы жоқ, қатыспаған, бірақ іс-әрекет иесі ретінде бастауышты жоқтатапайтын сөздер (яғни, іс иесі) болады. Ғылымда оларды логикалық бастауыш деп атайды. Мысалы: Менің оқығым келеді. Саған бұл жерден кету керек.   Ал атау тұлғада тұрып, істің иесі болатын бастауыш грамматикалық бастауыш болады; екеуі бір сөйлемде кездеспейді. Сөйлемдерде логикалық бастауыштар шығыс, барыс, ілік жалғауларында келеді. 

     Бастауыштың жасалу жолдары:

1. Зат есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Оның барлық түрлері бастауыш бола береді. Олар құрамына қарай дара, күрделі болады. Атау, көптік, тәуелдік формаларында кездеседі. 

2. Сын есім табиғатында анықтауыш қызметінде жұмсалса да, олар кейде субстантивтеніп, дара, күрделі бастауыштар бола алады. Мысалы: Жаңа – ескіге өлшеуіш. Жақсылар мен жайсаңдар келді. Бас бәйгеге ірі қара тігілді.

3. Сан есім (есептік, реттік, жинақтық, болжалдық) морфологиялық өзгерістерге ұшырап, тәуелдену арқылы бастауыш болады: Төртеу түгел болса, төбедегі келеді… Үшеуі келді. Екіншісі ақ көңіл кісі екен. Екі-үшеуі қатарласып келеді. Жиналғандардың оннан бірі ауыл адамдары екен.

4. Есімдіктің жіктеу, өздік есімдіктері жиі, сұрау, сілтеу, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері (сирек кездеседі): 

Мен сенің қателіктеріңді қайталамаймын. Өз қатеңді өзің түсін. Мұны сезген ешкім жоқ. Бұл – колхоз бағы. Сендерге не жетпейді? Бәрі ұмыт болады т.б.

5. Етістік – (есімше, қимыл есімі) негізгі сөздер мен көмекші етістіктер де кездеседі. Олар да заттық мағынаға ие болуы керек. Есімше де есімдерше түрленіп, сөйлемде анықтауыштық қатынаста атау тұлғада бастауыш болады.

6. Үстеу, одағай, еліктеуіш бастауыш болады. Бүгін - өткеннің нәтижесі. Еріншектің ертеңі бітпес. 

Одағай грамматикалық байланысқа түспейтін сөз табы, алайда олар да кейде заттанады.

Аллаңнан ойбайым жақсы. Құстардың қиқулары құлақ тұндырады. Қарқын басылды. Балғаның тарсылы саябырлады т.б.

7. Тұрақты тіркестің бастауыш болуы.  Директордың табалдырығын тоздыру басталды. Тапа-тал түсте із жасыру оңай емес. Ішінде іліп алары жоқ.

8. Бар, жоқ сөздері бастауыш болады.                                                                                     

Бастауыш дара, күрделі, үйірлі б/ды. Үйірлі баст-дың құрамында бастауыш- баяндауыш ыңғайындағы сөздер тобы б/ды. М: Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар.Мен көрген бұл кісі емес.

Сөйлемде бастауыш әр түрлі сөз табынан бола береді:



  1. Зат есімнен болады.

  2. Есімдіктен болады.

Мысалы: Бұл - менің келешектен күткен үмітім.

  1. Сан есімнен болады.

Мысалы: Алты екіге бөлінеді

  1. Заттық мағынада қолданылып, атау тұлғада тұрған сын есім, есімше және тұйық етістіксөйлемде бастауыш бола алады:

Мысалы: Жақсы (сын есім) - көпке ортақ(мақал). Оқыған (есімше) білер әр сөзді.(Абай). Отанды қорғау (тұйық етістік) - абыройлы іс.

  1. Заттық мағынаға ие болып, бастауыштың сұрауына жауап беретін үстеу, одағай, шылау сөздер де бастауыш бола алады. Бірақ бұлар сөйлемде өте сирек кездеседі.

Мысалы: Жалқаудың ертеңі бітпес(мақал). Сенің опырмайың қашан қалады? Және - жалғаулық шылауы.
     


жүктеу 25,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау