1 I
Бастауыш баяндауыш
Тұрлаулы мүшелер сияқты тұрлаусыз мүшелердің де бірнеше түрі бар екенін, ол жайында жоғары сыныптарда оқитындарын оқушыларға ескертеді.
Оқушылардың осы сабақтағы білім дағдыларын бекіту үшін мұғалім олардан тек тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлем айтуды, содан соң тұрлаусыз мүше қосып ол сөйлемді толықтыруды талап етеді. Оқушылардың айтқан сөйлемдерін тақтаға жазғызып, талдатады.
қандай? Үлгі: Асан - оқушы. Асан - үлгілі оқушы.
Бұлт қоюланды. қайдағы? қандай?
Аспандағы сұрғылт бұлт қоюланды.
Оқушылардың тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер жайындағы білімін тиянақты ету үшін, оқулықтағы 339-жаттығу орындалады. Оқушылар сұрақтың керекті орнына қойып, көшіріп жазады. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қойып, олардың қай сөйлем мүшесімен байланысып түрғанын айтады.
Сөйлем мүшелері жайында өтілген материалдар қайталанады. Сөйлем мүшелері туралы оқушыларға берік дағды беру мақсатында оқулықтағыға қосымша мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады.
1. а) Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне қарай талдайды. Өзара байланысып түрған сөйлем мүшелерін сызықпен көрсетеді. қандай? не? қайтті?
Үлгі: Жаңбырлы көктем басталды.
2. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне қарай талдап, сөйлем мүшелерінің қай септікте тұрғаның үстіне қыстырып, олардың байланысын сызықпен көрсетіңдер.
Оқушылар диханшыларға көмектесті. Олар алма жинады. Садық бұтактардан алмаларды үзді. Кұлтай алмаларды себетке салды.
Таб. септ. нені?
Үлгі: Біз бейбітшілікті қолдаймыз.
3. Сұрақ қойып өзара байланысып түрған сөйлем мүшелерін тауып,
оларды теріп жазыңдар.
1. Асқар өзенге келді.
Ол өзен жағасындағы қайыққа отырды.
2. Оқушылар егіс басына барды.
Олар егіншілерге көмектесті. Үлгі: Асқар келді. (баст. — баян.)
Өзенге келді. (түрлаус. мүше - баян.)
Мүндағы сөйлем мүшелерінің қай септікте түрғанын, қай сөз табында екенін ауызша айтады.
4. Берілген текстегі сұрақтардың орнына тиісті сөйлем мүшелерін
қойып, сөйлемдерді толықтырады. Олардың қай сөзбен байланысып
тұрғанын сызықпен көрсетеді.
Біз бүгін (нені?) тазаладық. Дэмеш (нені?) жуды. Қайрат (немен?) су тасыды. Мен таза (немен?) (нені) сүрттім. Апам (кімге?) тамақ эзірледі.
Керекті сөздер: шүберекпен, терезені, шелекпен, бөлмені, еденді, бізге.
Үлгі: Біз бүгін бөлмені тазаладық.
5. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне қарай талдайды. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызықпен көрсетеді.
Дала
Даланы қалың шөп жапқан. Олардың арасынан қызыл, жасыл, көк, сары гүлдер көрінеді. Шөп пен гүлдерден жүпар иіс шығады. Кең даланың таза ауасы денеңді сергітеді.
сын е. зат е. ет.
нені? қандай? не? қайтеді?
Үлгі: Даланы қалың шөп жапқан.
зат е.
т ^ т
6. Сұрақтардың орнына тиісті сөйлем мүшелерін қойып, сөйлемді толықтырады. Оның қай сөйлем мүшесімен байланысып түрғанын сызықпен көрсетеді.
От (қайтіп?) лаулап жанды.
Балапан (қайдан?) үядан үшты.
Астық (қайда?) кырманға жөнелтілді.
Оқушылар әңгімені (қалай?) қызығып тындады.
(Қашан?) кеше оқушылар жиыны болды.
(Қандай?) ызғарлы қыс болды.
Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне қарай талдайды. Сөйлем
мүшелерінің қай сөз табы екенін, қандай тұлғада тұрғанын айтады.
Алтын күн аспаннан сүлу жерге мейірін төкті.
Биік таулар көкшіл бұлтқа оранды.
Күннің алтын шұғыласы төңіректі қүбылтады.
Құрылысшылар биыл он бес түрғын үй салды.
Ескек жел көк теңізді ақырын қозғайды.
Алыстан бұлдырап екі көл көрінді.
Үлгі: Бригадир егінді аралап көрді
Бригадир көрді. (баст. - баянд.)
Егінді көрді. (түрлаусыз мүше - баянд.
III. Бастауыш мектепте сөйлемді ойын әдісімен оқыту жолдары
ІІІ.І Ойын теориясы және бастауыш мектепте сөйлемді оқыту барысында дидактикалық ойындарды іріктеу
Ойын - бұл сан-қырлы философиялық-психологиялық құбылыстың бөлшегі, адамның коршаған ортаға, мэдениетке қатасы зерттелсе, психологиялық жағынан ойын адамның белгілі бір кезеңдегі (балалық жағындағы) жетекші іс-әрекеті тұрығысынан карастырылады. Сонымен қатар көне заманнан бері ойында балаларға ойын құбылысын танып білуде алдымен оның философиялық-психологиялық-педогогикалык касиеттерін жетік зерттеуді қажет етедІ.
Ойынның мән-мағынасьш, оның теориялык анықтамасын айқындауда элі күнге бірізділік, біршақты қаланған пікір жоқ. Ойын сөзі әр халықта әр түрлі мағынаға ие. Мысалы, қазақ тілінде ойьш көбіне жас балаларға ересектер арасындағы әзіл-оспаққа қатысты болса, еврей тілінде ойын әзіл мен күлкіге, неміс тілінде рахатқа, ежелгі рим халықтарында қуанышқа, мереке сөздерінің мағынасымен ұштасып отырады.
Тіптен, ойынды әр ғылым өзінің зерттеу нысаналарына қарай түсіндіреді. Мәселен, 1983 жылы "Советская Энциклопедия" баспасынан шыққан "Филосифиялық энциклопедиялық сөздікте осы сөзге қатысты мынадай анықтама береді: "... широкий круг деательности животных и человека, противопоставляемьтй обычно утилитарно - практически" - деп ойындар мен жануарлардың практикалык іс-әрекеттер жүйесінде карама-карсы еркін іс-әрекетін білдіретіндегін көрсетеді.[5,195].
Ойынның әлеуметтік қызметін түсіндіре келе, оны мэдениеттану ғылымының зерттсу объектісі ретінде карастырады: "Игра во всей полноте историки-философского и теоретико-эстетического содержания- проблема общих теории культуры ... интерес ... о челевеческой деятельности к игре связен с открытием в этом феномене ряда функций, весьма важных для строя культурной деятельности и практической ориентацией человека в мире"..[6,154].
Психологиялық ғылымында ойында іс-әрекеттердің /ойын, еңбек, оқу/ бірі ретінде қарастырады, Мәселен, қысқаша психологиялық сөздікте ойын өмір тәжірибесін үйретуге арналған іс-әрекеттердің бірі делінеді; "форма деятельности в условных ситуациях, направленная в социалъно закрепленных способах осуществления предметных действий..." .[7].
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне карасты шыккан субъектерде ойын сөзі кездесіп тұрғанымен, ойынның мән-мағынасына түсініктеме беріп, оған арнайы зерттеу жүргізілмеген. Жалпы әдіскер ғалымдар ойынның сабаққа тигізетін пайдасы мол екендігімен келіседі.
Ойын күрделі қүбылыс. Ойын анықтамасын айқындау ойын теориясын түсінуге септегін тигізеді. Ойынды ғылым өздерінің зерттеу мақсаттары мен объктілеріне қарай түсіндіреді. Бұл ойынды қай қырымен, көзқараспен алып қарастырып зерттеуіне байланысты. Жалпы ойының шығуы сиқыршылық, табынушылық әдетімен немесе организмнің тұрмысынан болатын биологиялық қажетсінумен байланысты еңбек процесі [9,449].
Ойынға біржақты анықтама беру осы кезең еңбектеріне тән болғанымен, қазіргі кезеңде оған жан-жақты түсініктеме беріп, әр қырынан түсіндіру керек.
Ойын сөзінің негізгі мағынасы жалпы өмірді тану, болашақ өмірге керек дағдыларды қалыптастыру, уақытты қызық өткізу деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, ересектер мен балалардың жалпы адамдардың арасындағы байланысты көрсетеді. Сондықтан ойын анықтамасын түсіну үшін, оны оқыту процесінде қолдану үшін оны үш жақты зерттеу қажет. 1) ойынның онтогенезі мен филогенезін қарастыру, яғни ойын туралы ой-пікірлер, ойынның шығу тегі, ойын теориясының даму жолы; 2) ойынның түрлері және оның ішкі бірліктері, олардың бір-бірімен байланысы, адамдар мен жануарлардың ойындарының айырмашылықтары мен ерекшіліктері; 3) ойынды педагогикалық үрдісте қолдану, яғни ойынның тәрбиелік жақтары мен оқыту процесіне тигізер нәтижелері. Ойынның үшінші жағы келесі тармақтарда айтылатын болғандықтан, бұл тармақта ойынның онтогенезі мен қүрылымдық сипаты қарастырылады.
Ойының шығу тарихына үңілсек, алдымен көз алдымызға шахмат және карта ойындары келеді. Көне Үнді елінде дүниеге келген, кейінірек бүкіл элемді жаулап алған шахмат ойыны о баста соғыс жүргізу тактикасы мен стратегиясын үйретуге құрал болған. Шахмат ойынында патша (король), патшаның таңдаулы әскері (ферзь), атты әскер (ат), піл әскері (офицер), кем әскері (ладья) және жаяу әскерлер бір-біріне соғыс жүргізеді. Бертінге дейінгі шахмат соғыс өнерін үйрететін бірден-бір құрал ретінде саналып келеді. XVII ғасырдан кейін ғана бұл ойын бүкіл халықтық сипат алды. Карта ойындарының қай ғасырда пайда болғанын ешкім дэл кесіп айта алмайды. Бұл ойын адамдардың тарихымен құрдас болып есептеледі.
Ойын жөнінде айтылған пікірлер элем мэдениетімен тығыз байланысты. Сонау ерте замандағы эллиндік және римдік халықтар өмір сүрген дэуірлердің өзінде-ақ ойынды оқыту үрдісіне енгізу туралы пікірлер айтылған. Философиялық тұрғыдан ойын туралы пікірлерді грек ойыншылары Гераклит, Платондардың еңбектерінен табуға болады. Антик дәуірінің ғалымдары; ойынды Гераклит шексіз элемге тенесе, Платон "Мемлекет" деген еңбегінде үйретуші қүралға, өмірге, трагедия мен сезімге, жалпы алғанда космостық әлемге теңеген. Философ К.Г.Исулов осы проблемаға арнайы тоқталып, сол кезеңдегі пікірлерге мынандай пікір білдіреді:
"Классическая античность включает игру в ряд категорий универсального содержания, наделенных философским смыслом и выполняющих важные мировозренческие функции. Игра разведена в ранг онтологической категорий; обнимая своим содержанием разные определение бытия, игра постепенно превращается в термин этихи и психология, слушит определение природы личных отношений. "Играющее дитя" Гераклита образно представляло идею зыбкой гармонии космоса; Сократу в операциях с игрой открывалась форма деятельного вмешательства в жизнь, а в сфере словесной - возможность использовать иранического взгляд на мир в дидактических целях (в виде философического научения свободной интелектуально-диалогической игре с вещами и менниями о них); для софистили и стоцизма игра лежала в основе ролевой жизни индивида. Платон же (а через него - Платон) освоивает игру во всем ее смысловом обьеме" [10.154].
Сонымен антик ойыншылары ойынды адам мен өмір арасындағы байланыс, ойынды әлемнің бар болмысына жалпы ұғыммен теңеуі философия ғылымының зерттеу объектісімен туындап отыр. Себебі: "Дүниені, анық құрамына кіретін бөлімдерін философия жекелеп, бөлшектеп емес, тұтас күйінде қарастыруға сол әдіспен солардың бәрін қамтитын жалпы заңдылықтарды ашуға тырысады. Сол сияқты адамның әр түрлі құрамдық жақтары мен қырларын (биологиялық құрылысын, психологиясын әлеуметтік сипатын, моральдік күйін т.б.) жеке-жеке шұғылданбайды, ең маңызды, адамды адам ететін сапалық қасиеттердің жалпылық байланыстарын, тұтастығын қарастыру арқылы оның ерекше қоғамдық мәнін өзіне мақсат санайды". [11,166.12].
Философия ойынды бүкіл әлемге, бар болмысқа теңегенімен, олар ойынды үйретушілік қызметі мен эмоциональдық қырын айқындап береді. Ойын феноменін түсірдіруге бірнеше анықтамалар (теориялар) қалыптасқан.
Соның біріншісі неміс ғалымы К.Гроос адамдар мен хайуандардың ойындарынан ата-бабаларынан қаланған инсттинктердің келешек өмірге алдын -ала бейімделуі дайындалуы деп түсіндіреді. Карл Гроос өзінің "Душевная жизнь ребенка" еңбегіндегі ойын адамдар мен жануарлардың келешек өмірге дайындатуға арналған жаттығулар живнтығы түрғысынан қарастырылады. Ойын арқылы адамдар өзін-өзі дамытады, өзін-өзі болашаққа жетелейді. Ғалымның пікірі бойынша ойын еңбектен бұрын пайда болған, сондықтан хайуандар ересек өмірдегі өмір сүру формаларына дайындалу үшін ген арқылы қаланған инстинктер өмірге керек функцияларды іске асырады [13].
К.Гроостың теориясы ойынның бүкіл түбірін ашып бермесе де, ойынның мағынасын, ойын анықтамасын анықтап бергене елеулі еңбек.
Шынымен де бүлдіршінің ауызы жыбырлап ойнағаны оның сөйлеуге дайындалып жатқанын, аяғын қимылдатып ойнағаны жүруге талпынысын білдіреді. Бірақ кейінірек кезеңде балалар тек инстинк арқылы ойнамайды, олар үлкендердің қимылын қайталайды.. Мәселен, балалардың арасындағы түрлі өміргеді жағдайларға қатысты "Дәрігер", "Сатушы", "Жүргізуші" больш ойнайды. Бұл К.Героостың келешек өмірге дайындығы түрғысынан емес үлкендерге еліктеуден туындап отырған құбылыс. Сондықтан К.Героостың теориясы ойының мазмұның толық ашып бермейді.
Ойын туралы қаланған екінші торияның авторы - ағылшын ғалымы Г.Спенсер, ойынды балалардың ағзасында басы артық энеогияның эсерінен, күшінің тасуынан пайда болады деп түсіндіреді. Ғалымның пікірінше артық күштер ойын нәтижеге, мақсатқа байланысты болмайды. Қандай әрекет түрі сияқты ойын да көп күш жұмсауды қажет етеді. Сондықтан балаларда ойнауға деген талпынысы бар уақытта болмайды. [14]. Осындай пікірді неміс ғалымы Ф.Шиллер айтқан. Ол ойын адамның өмірде жүзеге асыра алмаған тілегін (желания) ойын кезінде іске асыруды деп санайды. Ф.Шиллер Г.Спенсердің көзқарасымен келісіп — ойын артық күштерді сыртқа шығарушы құбылыс ретінде қарайды [19].
Г.Спенсер ойын фономенін толық ашып бермесе де, ойынды іс-әрекет деп таныды. Бұл сол кезеңдегіойынды түсінуде үлкен жетістік. Кеңес ғалымы Д.Н.Узнадзе Г.Спенсердің пікіріне былай дейді: "... почему расходование избыточной энергии должно проходить именно в виде определенных движений? Почему игра ребенка имеет не вытекают из теории Спенсера" [16,5]. Расында балалар ойынды күші тасығаннан емес, ойынның оң эмоционалдық қасиетіне байланысты ойнаса крек. Балалар ойын ойнау арқылы басқа әлемге енеді, қиялданады, ересектердің қимылын қайталайды. Мысалы, балаларға кірпіш машинаға, тастардың үйімдісі үйге, орындықтың арқалығы немесе тақтай атқа айналып оның қиялымен соның таусуынан емес, ересектерге еліктеуінен туындайтын құбылыстар. Сондықтан Г.Спенсердің ойын теориясы біржақты түсіндірілген теория.
Ойын жөніндегі тағы басқаларға үқсамайтын пікір-нидерланд ғалымы И.Хейзинганың көзқарасы. И.Хейзинга "Hoto Ludens" деген еңбегінде ойынды бүкіл мэдениеттің, өнердің негізі деп атайды.
Ол ойынға поэзияны, би өнерін, ғылым және салт дэстүрдің барлығын кіргізеді. Ғалымның пікірінше "Игра есть добровольная действие, совершенное внутри принятим, но абсолютно обязательным правилом, с целью заключенной в нем самом, сопроваждаемое чуством напряжения и радости, а также сознанием "иного бытия" нежели "обыденная" жизнь И.Хайзинганың көзқарасы бойынша салт-дәстүрлік және мәдениеттік әдеп-ғұрыптардың барлығына ойын тұрғысынан баға беруге болады. Әсіресе ойынмен туыстас рольдік өнерлерге (театр, би өнері т.б.) ойының өмірдегі көрінісі. Мұны мына сөзінен көруге болады:
"Отношение танца к игре есть не соучастие, в отношении части к целому
есть рождество сущности. Танец есть особенная и весьма совершенная
форма самой игры как танцевой" [17]. Ойын мен өнердің
жалғастыратын, біріктіруші дәнекері ол қиял. Өнерде қиялдың негізінде шығармашылық пайда болса, ойында осы шығармашылықтың алғы шарттары айқын байқалады. Ойынның өнерге қатыстылығы Д.Б.Элькониннің "Психология игры" атты еңбегінде Дж.Соллидің пікірінен анық байқалады. Дж. Солли "Интерес, представляемой игрой ребенка заключается в том, что в ней видимым образом обнаруживается плоды его сокровенной фантазии. В своем творчестве фантазия может исходит из окружающей действительности: ребенок видит, например, песок, камешки". Но это только побочные условия. Источник игры заключается в стремлении осуществить привлекательныю мысль, отсюда, как мы ниже увидим, близко родоство игры с искуством вообще. Какое нибудь представления является господствующей силой, оно в данное время настоящая ides jixe, a все приспособиться к нему. Это более сильная и более обширная деятельность фантазии к игре, желанием быть чем нибудь, играть какую — нибудь роль" [18, 146-147].
Келесі бір ойын жөнінде көзқарастың авторы грузин ғалымы Д.Н.Узнадзе. Ғалымның пікірі бойынша балалардың бойында бір функциялар қоршаған орта негізінде және биологиялық даму барысында қызметке араласады. Сол арқылы бала өседі, жетеледі. Ғалым өзінің теориясы туралы былай дейді: "Согласно нашей теории, положение дел следует представить таким образом. У ребенка определенного возраста настолько созревает внутренние возможности тех или иных функций, что он переживает определенную фукциональную тенденцию. Как только функция встречает в среде соответствующие условия, точное же ???? проявляется функциональная тенденция. До зтого момента различные виды действия системы этих функций в поведии взростых остаются вне внимания ребета. С этих же пор они становятся причиной, побуждающей функциональную тенденцию ребенка к анологическому действию и вызавают операций игры, более или менее соостветствуюшие поведению взрослых " [16,13].
Д.Н.Узнадзенің айтқан ойын ішкі биологиялық функциялардың сыртқы ортаға эсері деген анықтамасынмен келісуге болады. Бірақ мәселе мынада: ойын жалпы ішкі функциялардың сыртқы ортаға ғана әсері болса, онда ойынның басты ерекшеліктері қандай деген сұрақты шешу қажет болады. Бұл жерде ойынды жүзеге асырушы іс-әрекетке қатысты барлық кұрамды бөлектер мен жеке-жеке жіктеп олардың әрқайсысына бөлек өзіндік анықтама берілуі керек. Алдымен ойыннның ішкі бірліктерін қарастырудан бұрын ойынның өзіндік қасиеттерін алуға тура келеді. Ойын дегеніміз немесе ойынның пайда болуына мына жағдайлар әсер етеді:
1) Ойын іс-әрекетті жүзеге асыру үшін баланың бойында
энергетикалық күш болуы қажет (бұл жерде энергетикалық күшті біз
баланың ойнауға деген құлшынысы, талпынысы тұрғысынан түсінеміз).
Бала өзінің бойындағы күшті жұмсап, ойын арқылы қанағаттанады.
2) Ойын адамдардың генінде қалаған инстинкті жетектеуші. Балалар
ойнау арқылы өмір тәжирбиесімен танысады, келешек өмірде қажет
дағдылар мен біліктерді қалыптастырады.
3) Ойын балалардың қиялынан туындайды, ойын бала
шығармашылығы. Оның қиялы ойын арқылы шарықтайды, ересектерден
көрген іс-әрекетті қайталайды.
4) Ойын қоршаған ортаға қарай түрленеді және пайда болады. Мүны
ертеректе баллардың ойындарында бүгінгі күннің заттары (машина, түрлі
соғыс құралдарының көшірмелері) болмағандығымен дәлелденеді. Қазақ
халқының ертеректегі ойындары оның көшпелі счалт-дәстүріне
байланысты шыққан. Мысалы жамбы ату, көкпар, асық ойыны т.б.
Ойынның осындай қасиеттері айқындалғаннан кейін оны жүзеге саырушы, ойынның негізгі мазмұны, мәні болып табылатын, іс-әрекетті іс жүзіне асырушылар ойын бірліктерін анықтау қажет. Оларға біздің ойымызша мыналар жатады, яғни ойынның құрамдас бөлектері мыналар:
Ойын мақсаты
ойын тәртібі
ойын мазмұны
ойын құралдары
Ойын мақсаты — сыртқы объективті өмірді сезінуден, қоршаған орта әсерінен туған сондағы (қиялды) түрлі ойын құралдары негізінде іске асырушы. Ойын мақсаты адамның сезімен пайымдауынан және қоршаған ортаны қабылдауынан түрліше өзгеруі мүмкін. Қандай ойын болмасын онда онын мақсаты болады.
Ойын тәртібі ойынның мақсаты мен мазмұнынын белгісі бір заңдылықтарға бағынуы. Ойын тәртібі ойын мақсаты мен мазмұнына қарай өзгеріп отырады. Осыған араб ойын тәртібі ойынның негізін жасайтын, оны іске асырушы өзен, ойынның жүзеге асыруының қажетті шарты.
Ойын мазмұны - сыртқы өмірден алған эсерден іс-әрекеттің жүзеге асу жоспары. Ойын мазмұны ойын мақсаты, тәртібі және қүралдары негізінде іс жүзінде асады. Ойын мазмұнда баланың сырттан алған жерлері мен өзінің ішкі пайымдаулары аралас жатады. Екеуі бірігіп ойын мазмұнын құрайды. Сонымен қатар ойын мазмұнына ішкі түрткі мен сыртқы түрткінің эсері болады.
Ойын құралдары баланың ойынды жүзеге асыру барысында пайдаланатын психологиялық және физикалық құралдар. Ойын құралдарына қиялды, ішкі тәртіп және бақылауды, сонымен қатар өмірден кетіп қалуы және қабылдау, ес, ойлау операцияларымен қатар осы психологиялык операцияларға сүйеу болатын ойыншықтары жатады. Балалар өмірдегі түрлі ойыншақтар арқылы өздерінің ойдан шығарған әлемдеріне енеді.
Бұл бөліктердің бір-бірімен байланысын мынадай өрнек түрінде көрсетуге болады:
Ойын түрлері
Ойын тәртібі
Ойын құраладары Ойын мазмұны
Бұл өнеректе ойын максаты мен тәртібі ойын құралдарына әсер етуі негезінде ойын мазмұнынын өзгерте алады. Ойын құралдарына негіз болатын адамның ойлау қабілеті мен ойыншықтар. Бұл жерде негізгісі ойлау қабілеті болады да, ойыншықтар екінші рольдік қызмет атқарады. Ойлау ойынның тірегі ғана емес, сонымен қатар бүкіл іс-әрекеттің негізгісі болып табылады. Егер ойын мақсаты - О, ойын тәртібін - Т, ойын құралдарын - Қ, Ойын мазмұнын - М әріптерімен белгілеу арқылы мынадай математикалық ойын шығаруға болады. О+Т+Қ=М. Ойын мақсаты бір ойында біреу емес бірнеше болуы мүмкін. Мысалы, сабақ барысында әрбір ойында дамытушылық, тәрбиелік, қатысымдылық және т.б. да мақсаттар бірге отырып ойын тәртібін жасап шығарады. Осы қосындыға ойын кұралдары бірігіп, ойын тәртібін жасап шығарады. Осы қосындыға ойын құралдары бірігіп, ойын мазмұнын іске асырады. Нәтижесінде О, ТО2+ОЗ+О4...Оп+Тқ=М.
Бұл ойын біріліктері есептелсе, енді оның болғандықтан ол ең алдымен өмір тәжірибесін қайталаудан, өзіндік меңгеруден пайымдауынан пайда болады. Сондықтан ойын мынадай кезеңдерден тұрады:
Ойынның пайда болуы.
Ойынның бала санасындағы көрінісі.
Ішкі мотив.
Ішкі тәртіп.
Қиялға берілуі.
1. Ойының пайда болуы.
Ойынды жүзеге асыратын ең бірінші фактор балаларға сыртқы, қоршаған ортаның әсер етуі, яғни ойынның пайда болуына орта эсері болуы қажет, сол әсердің нәтижесінде бала санасында бейнеленуі
психологиялық операцияларға сүйеу болатын ойыншықтары
жатады. мазмұны
2. Ойынның бала санасындағы көрінісі.
Санаға түскен әсердің баланың миында меңгерілуі, пайымдалуы. Бала бұл кезеңде орындайтын іс-әрекетін санасында бейнелейді. Іс-әрекеті сатыланып қалыптасуы жүзеге асыру теориясын қалаған П.Я.Гальперин, А.А.Люблинская, А.А.Богоявленский, Монинскаялардың қандай іс-әрекет сыртқа шығу үшін ол алдымен санада бейнеленуі қажет деген тұжырымдарының дұрыстығы көрінеді. Бұл кезеңде бала санасында ойын мақсаты туындайды.
3. Ішкі мотив
Баланы өзіндік шешім қабылдауға итермелейтін түрткі. Бұл түрткі бір нәрсемен айналысуға, сол өзінің жасаған іс-әрекетінен рахаттану сезімнен алуынан пайда болады. Ойын баланы, өзінің ең эмоциональдық күйіне тартатын баланың ойнауға ішкі мотивінің жоғары деңгейінде болуының кепілі бола алады.
4. Ішкі тәртіп.
Ойын әрекетінде келесі саты — баланың ойнау барысындағы ішкі тәртібі. Бұл ішкі тәртіп баланың қай іс-әрекеті. Қашан, нені, неден кейін істеу керек деген өзіндік жоспары барлығымен ерекшеленеді, ішкі тәртіп ойын мақсаты мен ойын тәртібінің негізінде жүзеге асады.
5. Қиялға берілу.
Баланың ойын ойнау барысын өзінің ішкі элеміне ену процесі. Бұл кезеңде бала өзі жасап алған кейіпкердің бейнесіне енеді. Қаласа дәрігерді, қаламаса жүргізушіні, бірде сатушыны, келесісіне өзінің әкесімен не шешесімен ойнайды. Бұл ойынның кезеңдерінің соңғысы болып табылады. Себебі бұл кезеңде бала ойнап отырады.
Енді осы ойынның түрлеріне тоқталып өтейік
Қайталама ойындар
Еліктеме ойындар
Конструкторлы құрылыс ойындар
Кубиктер
Конструкторлы ойыншықтар
Пластилиннен жасалған кейіпкерлер
Режиссерлік ойынттяп
Аққала салу ойындары
Құмнан үй, ғимарат салу
Дидактикалық ойындар
Жеке
Топтық
¥жымдьқ
атанды.
Ойындарын зерттей келе, ойындардың төрт түрлі деңгейін
бірінші деңгейі — адамдар арасындағы карым-қатынасты көрсететін ересектердің қимылдарына еліктеуден туған, екінші адамға бағытталған ойындар. Мысалы: қуыршақты тамақтандыру, ұйықтату т.б.
екінші деңгейі - ересектердің қимылдарын басынан аяғына дейін қайталаудан тұратын ойындар. Мысалы: тамақ пісіру т.б.
үшінші деңгей - ересектер арасындағы қарым-қатынасты рольдерге бөліп ойнау. Мұнда балалар ересектердіц қимылын ғана келтіріп қоймай, олардың сөйлеу мәнерін де, ым-ишарасын да, қайталайды.
Төртінші деңгей — мұнда балалар ойын құрлысы мен сюжетін өз білгенінше өзгерте алады. Бұл ойында өзінің ролін өзгертпей, басқа рольде ойнап жатқан балалардың сөздерін, қимылдарын, жалпы ойынның сюжетін өз қиялынша өзгертеді. Ойынды бүтінде сюжетін өз қиялынша өзгертеді. Ойынды бүтіндей сюжетті — спектакль ретінде құрастырады [18].
Д.В.Элькониннің әр деңгейі бір ойыннан онда ғалым ойын түрлерін былай жіктеген:
Еліктеме ойындар.
Қайталама ойындар.
Имитациялық ойындар.
Режиссерлік ойындар.
Тағы бір ғалымның тұжырымы бойынша, ойын мына түрлерге бөлінеді.
Жарыс ойындары
Музыкалық ойындар.
Әдеби шығармашылық ойындар.
Тақырыптық ойындар [22,48].
Рас соңғы түжырым мектептегі озат мұғалімнің тәжірибесінен алынған дидактикалық ойындардың түрлеріне жатады. Бірақ, мұның өзі кейінгі кезеңде ойын түрлері туралы біржақты пікір жоқтығын, аталған мәселенің қаншалықты даулы екендегін көрсетсе керек. Әр ғалым ойын түрлерін бөлгенде әр түрлі белгілерге сүйенеді және бұл жерде айға таңба басқан белгіден гөрі түсініксіздік басым.
Біз ойындарды бөлген кезде алдымен табиғи және жасанды ойындар деп екіге бөлінеді. Бұл жерді табиғи ойындар адамдар мен хайуанаттардың екеуіне ортақ болса, жасанды ойындары деп екіге бөлдім. Бұл жерде табиғи ойындар адамдар мен хайуанаттардың үлесінде ғана. Табиғи жасанды ойындар тек адамдардың үлесінде ғана. Табиғи ойындарға хайуанаттардың бір-бірімен және сәбидің анасына уілдеуі, күлуі жалпы анасымен ойнауы жатады. Жасанды - ойындар адамның санасы арқылы қоршаған ортаның әсерін қайталау, еліктеу тұрғысында жасалатын іс-әрекеттер жиынтығы.
Жасанды ойындар іштей:
а) Абстрактілі ойындар.
ә) Интитациялық ойындар.
б) Функционалды ойындар.
в) Конструкторлы ойындар.
г) Режиссерлік ойындар.
ғ) Дидактикалық ойындар.
1. Абстрактілі ойындар - Өмірде жоқ ойындар тек адамдардың санасының
жемісі ойдан шығарылған ойындар. Абстрактілі ойындарға карта, лото, х,у, ойындары жатады.
2. Интитациялық ойындар - баланың қоршаған ортадан алған әсерін қайталуы. Бұл жерде үлкендердің қимылдары, ересектер арасындағы қарым-қатынас, түрлі іс-қимылдарды қайталау, соларға еліктеу іс-әрекеттері жатады. Бұл ойындардың басты айырмашылықтары мұнда ойын рольдерге бөлініп, сюжеті белгіленеді. Интитациялық ойындарға театрландырылған, әскери, спорт, іскерлік ойындары жатады.
3. Функционалды ойындар - Бұл ойындардың басты ерекшеліктері мұнда
балалар ойыншықтармен қоршаған ортадағы қимылдарды қайталау. Сол әсер алған қимылдарға еліктеуі арқылы әрекет жасауы жатады. Мысалы, көшеде жүріп жүрген түрлі транспорт құралдарын дыбыстарын, қимылдарын айнытпай ойыншық арқылы қайталауы.Бұл ойындар дыбыстық тұрғысыннан қайталауы (баланың күшікке ұқсап дыбыс шығарып, қимылдарын келтіруі) еліктеме ойындар және тек қимылдарды бейнелеуі қайталама ойындар (транспорт қүралдарының жүруі т.б.) болып жатады.
4. Конструкторлы ойындары - Балалар заттардан (нәрселерден, мысалы, кубиктерден, тасталханнан) қүрылыс жүргізеді. Бұл ойындардың басты айырмашылығы қандай? Мағынасы, мәні жоқ кубиктер алғаш конструкторлы майда бөлшектердің арасынан таба отырып, өмірде бар шындықтын бейнесін салады.
5. Режиссерлық ойындар - Бұл ойындар ойнау барысында балалар бүкіл ойыншықтарды өзінің санасындағы әсерге қарай біріктіреді. Мысалы, балалар көбінесе үйлердің жағына ағаш қойып, қора салып, оның ішіне мал қояды. Ойынның басты ерекшелігіне дайын ойыншықтар іріктеу, баптау және бірімен-бірін байланыстырып қою [21].
6. Дидактикалық ойындар - оқыту процесінде балаға оқу материал "білдірмей" меңгертуге арналған педогогикалық құралдың бірі. Дидактикалық ойындар балаларды оқуға қызықтырады, оқытудың эмоционалдық аспектісі іске асырады. Ойын барысында балалар жаңа сабақты түсінеді, күнделікті сабақта пассив балалардың өздері дидактикалық ойындарды қолданғанда оқыту үрдісіне белсене араласады. Ойындар оқушылар санасына қарай жеке, топтық және ұжымдық болып бөлінеді.
Қорыта келгенде ойын - баланың сыртқы дүниеден әсерленуі арқылы жүзеге асатын, ойын бірліктері мен кезеңдерінің байланысу заңдылықтары арқылы іске асатын, тек адамзатқа ғана (жасанды ойындар) тән іс-әрекет ойынды қоғамның болуы шарт болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |