«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет33/33
Дата20.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21906
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

134

135


2-топ.

3-топ.

VIII.  Қорытынды:  -  Балалар,  бүгін  біз  не  үйрендік? 

Біздің  отбасымызға  кімдер  жатады  екен?  Үлкендер  мен 

кішілердің  қарым-қатынасы  қандай  болу  керек?  Отбасы 

берекесіне нелер керек екен?

 

Отбас 

берекесі 

Сыйлас-


тық 

            

Тату-тәтті  



            

Әдепті   



            

Тәрбиелі   



            

Білімді  

 

Отбасы 

берекесі 

                

Өнерлі  

Бауыр-


мал 

Мейі-


рімді 

            

Тәртіпті   



            

Өнегелі  



Кенжегүл ҚАБЫЛБАЕВА,

№49 орта мектептің мұғалімі.

Алматы облысы,

Кербұлақ ауданы, 

«Сарыөзек» кенті.



«ШЫБЫН МЕН КӨБЕЛЕК»

Сілтем:


Ана тілі оқулығы 4-сынып, жоспар, 

әдістемелік құралдар.

Жалпы 

мақсаты:


Оқушыларға Сейітқұл Оспанов туралы 

мағлұмат беру. «Шыбын мен Көбелек» 

мысалын түсініп оқып, ондағы негізгі ойды 

анықтауға, ойларын жүйелі баяндауға және 

ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, талдау, 

салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру. 

Жақсыны үйреніп, жаман әдеттерден аулақ 

болуға тәрбиелеу.

Күтілетін 

нәтиже:


Мысалдағы мәселені талқылауда оқытудың 

стратегиялары арқылы оқушының пәнге 

қызығушылығы, белсенділігі артады. 

Мысалдағы негізгі ойды анықтап, мазмұны 

бойынша қорытынды пікір айтуға және 

кейіпкерлерді салыстыра отырып, мінездеме 

беріп, өздеріне өмірлік сабақ алады. Сыни 

тұрғыдан ұсынылған әдістер негізінде 

нақты әрі саналы шешім қабылдауға 

үйренеді.

Сабақтың 

түрі, әдіс-

тәсілі:

Дәстүрден тыс топтық жұмыс, сыни 



тұрғыдан ойлау, ұжымдық, әңгімелеу, іздену, 

талдау, салыстыру, қолдану, бағалау.

Керекті 

жабдықтар:

ИБТ, суреттер, постер, маркер, стикер, бояу, 

парақтар.



Сабақ барысы.


136

137


Сабақ 

кезеңдері:

Мұғалімнің 

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдас-


тыру.

Психологиялық 

ахуал 

қалыптастыру. 



Топқа бөлу. Топ 

ережесін естеріне 

түсіру.

Оқушының қызығушылығы 



оянып, назары сабаққа 

ауады. 1-топ  – Ара. 2-топ 

– Шыбын. 3-топ – Көбелек. 

Оқушылар өзіне тиесілі 

орынына барып отырады. 

Оқушылар сұрақтарға 

жылдам жауап береді. 

Сұрақ-жауап арқылы 

сөйлеу қабілеттері артады. 

С.Оспанов жайлы ақпарат 

алады.

Жаңа 


сабақ.

С.Оспановтың 

«Шыбын мен 

Көбелек» атты 

мысалын өтеміз. 

Сейітқұл Оспанов 

жайлы ақпарат 

беру (слайд). 

Топтық тапсырма 

беріледі. 

Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар топпен жұмыс 

атқарады. 1-топ: мысалды 

оқиды. 2-топ: әңгімелейді. 

3-топ: сөздікпен жұмыс. 

Түсініксіз сөздерді түртіп 

алып отырады. 

Сергіту 


сәті. 

Ұжым-


дық 

жұмыс.


Мысалды талдау.

- Шыбын мен 

Көбелек неге 

келіспей қалды?

- Шыбын не деп 

мақтанды?

- Көбелек оған не 

деді?


Оқушылар сергіп, сабаққа 

ынтасы арта түседі. 

Оқушылардың ойы 

жинақталып, өз ойын 

дәлелдеп үйренеді.

- Қайсысының 

айтқаны дұрыс 

деп ойлайсың?

Рөлдік ойын.

Мысалды рөлге бөліп, 

сахналық қойылым етіп 

көрсетеді.

Шығармашылық 

тапсырма.

1-топ. Бес жолды өлең 

құрастырады.

2-топ. Шыбынның суретін 

салады.


3-топ. Көбелектің суретін 

салады. Оқушылардың 

шығармашылық қабілеттері 

арта түседі.

Қоры-

тынды.


1-топ. Пайдасы 

мен зияны.

2-топ. «Неге?» 

Бес сұрағын 

дайындайды.

3-топ. Кейіпкерге 

хат.

Оқушылар өз ойларын 



дәлелдеп үйренеді, сабақта 

алған білімдері жүйеленеді. 

Өздігінен қорытынды 

шығару қабілеті артады.

- Бүгінгі сабақты 

нелер туралы 

өттік?

- Сабақ ұнады ма?



- Несімен ұнады? 

Мысалдан қандай 

әсер алдың?

Үйге 


тапсырма

Мысалды 


оқып, 1-топ 

шыбынға, 2-топ 

көбелекке жұмбақ 

құрастырады, 

3-топ ұнаған 

кейіпкері туралы 

өтірік өлең 

құрайды.


Бағалау 

Әр топтың 

бағалауы. 

Мұғалімнің 

бағалауы.

Кері 


байланыс

Оқушылар сабақ жайлы өз 

пікірлерін жазады.



138

139


Дилбирим МИЧИТОВА,

Алматы облысының

Ұйғыр ауданындағы

«Долайты» орта 

мектебінің мұғалімі.

ЖУАН ЖӘНЕ ЖІҢІШКЕ               

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР

(5-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік – дауысты дыбыстардың 

жіктелуін  оқушылардың  өздерін  қатыстыра  отырып 

түсіндіру;  дамытушылық  –  оқушылардың  жалпы 

сауаттылықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, 

грамматикалық  талдау  дағдыларын  дамыту,  пәнге  деген 

қызығушылықтарын  арттыру;  тәрбиелік  –  оқушыларды 

адамгершілікке,  туған  жерін  сүюге,  сөз  өнерін  ардақтауға 

тәрбиелеу. 



Типі: аралас сабақ. 

Түрі: дәстүрлі. 

Әдісі:  түсіндіру,  сұрақ-жауап,  жаттығу,  салыстыру,  

талдау тестісі.



Көрнекілік:  тақырыпқа  байланысты  кесте,  үлестірме 

қағаздар.  



Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру.

Баба тілін қадірле,

Болашақтан түңілме!

Айналайын боздақтар,

Аралас тілге үңілме!    (Қожаберген жырау).

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тілдің 


қатысына 

қарай:


Жуан 

Тілдің ұшы кейін 

тартылып, үсті 

дөңестенуі арқылы 

жасалады.

а, о, ұ, 

ы, у

Жіңішке 


Тілдің ұшы ілгері 

созылуы арқылы 

жасалады.

ә, ө, ү, і, 

е, и, э, у

Оқулықпен жұмыс. 240-жаттығу. Жұмбақтың жауабын 

тап  және  жуан  дауысты  дыбыстардың  астын  бір,  жіңішке 

дауысты дыбыстардың астын екі сызыңдар.

Қыста үйге кірмейді, Көктем шықса, жүрмейді.

241-жаттығу. Ақылды сөзіне фонетикалық талдау.

Жаңа сабақты пысықтау.

Деңгейлік тапсырмалар:

I деңгей.

1) Жуан және жіңішке дауыстыларды жазып шық.

2) 242-жаттығу.

3) У дыбысының ерекшелігін айт және мысал келтір.

II деңгей. 

1) Дауысты дыбыстарға жұмбақ шығар.

Үлгі: Көкте бар,   Жерде жоқ.

          Көзде бар,   Қолда жоқ. (Ө).

2) Бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?

    Осы ертегі саған несімен ұнады? 

     Көлтауысар, Таусоғар, Саққұлақ, Желаяқ.

3)  Мақал-мәтелдер  жазып,  мағынасын  түсіндір  және 

жуан, жіңішке дыбыстардың астын сыз.

III деңгей.

1) Отан, еңбек сөздеріне фонетикалық талдау жаса.

2)  Айтылуы  жағынан  бір-бірімен  ұйқасатын  бірнеше                

сөз тауып жаз. Үлгі: түлкі-күлкі, бас-тас.

3)  Өлеңнің  авторы  кім?  «Туған  ел»  деген  тақырыпқа 

шағын шығарма жаз.



140

141


Жақсы кітап – жан кілті

Гүлбану ҚОСЫМОВА,

филология ғылымдарының докторы,

 профессор, ҚР Білім беру ісінің 

құрметті қызметкері.

 «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫН ЖАҢА 

ТӘСІЛДЕРМЕН ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ

Жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  ұстаз  Мақпырова 

Сандуғаш  қазақ  әдебиетінің  арғы-бергі  замандағы  заңғар 

жазушылары  мен  ұлы  ақындарын  оқыта  жүріп,  неліктен 

М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  романын  оқытуға    арнайы 

еңбек  жазды  деген  сұрақ  көкейге  келеді.  Зерделі  ұстаз 

Сандуғаш  Жайланқызы    ұлы  Абайдың  өмір  жолы  мен 

шығармашылығында  ұстанған  ұстанымдары  өзіне  дейінгі 

және  өзінен  кейінгі  ақын-жазушылардың  ұстанымдарына 

сәйкес  келетінін  тап  басып  таныды.  Абайдың  сөзін  роман 

арқылы  оқытса,  Абай  аңсаған  адам  мінез-құлқын  роман 

арқылы  қалыптастырса,  Абайдың  өмірге  көзқарасын 

М.Әуезов  көзімен  талдап  үйретсе,  онда  Шәкәрімді  де, 

Ахметті  де,  Мағжанды  да,  Бейімбетті  де,  Ілиясты  да,  

Сұлтанмахмұтты да және тағы басқа ағартушы тұлғаларды 

Абай жолы  осы деп оқытуға болатынын түсінді.

Абайдың тағдырын ақын өмір сүрген  дәуірімен,  Абайды 

түсінбеген орта мен оны, керісінше, пір тұтқан дос-жарандар 

келбетін  салыстыра  суреттеу    арқылы  М.Әуезов  ақынның 

өмірлік ұстанымдары мен арман-мүддесін айқындап берді. 

Осы  роман  арқылы  ұлы  Абайдың  шығармаларын  түсініп 

оқуға  мүмкіндік  туып  қана  қойған  жоқ,  Абайдың  балалық 

шағын,  азаматтыққа  аяқ  басқан  шағын  және  ақындық 

кезеңін айқындауға жол ашылды. Абайдың мінез-құлқы, іс-

әрекеті көрінетін осы барлық кезеңде ақынның тәлімгерлік, 

ағартушылық,  ұстаздық  әрекеті  ерекше.  Кітап  авторы 

Абайдың  ұстаздық  қарекетін  жазушының  толық  ашып 

көрсетпегендігін,  оны  Шәкәрімнің  бейнесін  романның  өн 

бойынан көре алмауымызбен байланыстырады. Бұл пікірі өте 

дұрыс, себебі жазушының қолын да, тілін де байлаған советтік 

дәуірдің саясаты, коммунистік партияның Шәкәрімге деген 

көзқарасы  болды.  Көзі  қырағы  ұстаз  романнан  Шәкәрімді 

іздей  отырып,  Шәкәрімнің  бейнесін  Дәрменнен  тапты. 

Шәкәрімнің  бүркемеленген  бейнесі  Дәрмен  болғандығын 

Мақпырова Сандуғаш  атақты абайтанушы ғалым Мекемтас 

Мырзахметұлының мына пікірімен дәлелдейді: «Әуезов көп 

ойын ашық айта алмады. Дұрысын да айтқызбады. Мәселен, 

эпопеяда  ...Абайға  жанашыр  болып,  үнемі  Абайдың 

жанынан табылатын Дәрмен деген жігіт бар. Өмірде ондай 

адам болмаған. Менің ойым, сірә, Шәкәрімнің қасиеттерін 

Мұқаң осы Дәрменнің образына жинақтаған тәрізді».  Бұл 

–  романды  оқыған  кезде,  оқытып  талдаған  сәтте  естен 

шығаруға болмайтын тың пікір, мәнді көзқарас. Себебі мектеп 

оқулықтарында  Абайдың  өмірі  мен  шығармашылығын 

оқытқаннан кейін, оның туысы және пікірлесі деп Шәкәрім 

Құдайбердіұлы  шығармашылығы    оқытылады.  Оқулық 

авторлары Шәкәрім мен Абайдың арасындағы жақындықты 

идея  бірлігінен  іздеуге  кеңес  береді,  Абайдың  мұраты  мен 

өмірлік  ұстанымдарын  Шәкәрімнен  тапқызады,  сондықтан 

оқырманның  «Абай  жолы»  романынан  Шәкәрімнің 

бейнесін іздеуі әбден орынды. Міне, осы күрделі сұрақтың 

шешімін  Мақпырова  Сандуғаш    Дәрмен  образына  көңіл 

бөлу  арқылы  табуға  болатындығын  көрсетті.      Дегенмен, 

романда  Абайдың  шәкірттері  өз  алдына  бір  топ  құрайды, 

Абай  сол  ақын  шәкірттерімен  сырласады,  мұңдасады,  ой-

көзқарасын бөліседі. Абай жаны өз дәуірінің бітім-болмысы 

мен  тіршілігіне  көңілі  толмағандықтан  жалғызсыраса  да, 

шәкірттерінің басы – жары Әйгерім, інісі Көкбай бастаған 

шағын орта Абайды қанаттандырды, қуат көзіне айнала білді. 

Кітап авторы «Көлемді туындыда Абайдың ақындық мектебі 

туралы сөз жоқ, бірақ шығармаға үңілсеңіз, ақындық мектеп 

идеясы бар» деген тың тұжырым жасай алған.




142

143


Талдау нысанына айналып отырған «Абай жолы» романын 

оқыту»  деп  аталатын  кітапта  автор  ұлы  жазушы  Мұхтар 

Әуезовтің  астарлап  айтқан,  жабық  сырдың  ұшын  ғана 

шығарып, оқырманына ой салған бейненің бірі – Құнанбай 

бейнесі  екендігін  жақсы  таныған.  Құнанбай  бейнесін 

жаңаша  танытудың  үлгісін  кестеге  түсіріп,  оқырманның 

бәрі бірдей бірден байқай алмайтын Құнанбай қалтарысын 

романның  әрбір  тарауынан  іздеп  табуы  –  нағыз  шеберлік. 

Романның «Қайтқанда» тарауындағы атақты қаралы оқиға – 

Қодар мен Қамқаны жазалау сәтіндегі Құнанбайға авторлық, 

психологиялық  мінездеуден  туатын  қасиеттер  –  жұртты 

иландыра білуі, шешіміне тас түйін беріктігі, қайта оралар 

қайырымы жоқ бір беткейлігі деп бағалауы, «Қат-қабатта» 

тарауындағы  Құнанбайдың  жанашыр  жақсыларын  жауға 

айналдырған әлсіз рулардың жерін тартып алу оқиғасындағы 

кейіпкердің  қимыл-әрекетін  суреттеуге  берілген  авторлық 

көзқарас тұрғысынан Құнанбайды айбынды, суық, ызғарлы, 

даугер әрі би деп баға беруі – қателік емес. Ал «Жолда» деп 

аталатын тараудағы Құнанбай мен Бөжейдің татуласу сәтін 

басқа  кейіпкердің  монологы  арқылы  берілген  мінездеуден 

Құнанбайды  ерекше  ұстамды,  бойын  бермес  тұйық,  берік  

деп,  «Бел-белесте»  тарауындағы  Құнанбайдың  Омбыға 

айдалуы  оқиғасын  авторлық  көзқараспен  берілген  тура 

мінездеуінен  Құнанбайды  қайратты,  жүрек  жұтқан  ерлік 

иесі, айла-тәсілге мол деп бағалауы Құнанбайды оқырманға 

жаңа қырынан танытады. 

Иә, Құнанбай – күрделі кейіпкер. Әуел баста Құнанбайды 

жағымсыз  кейіпкер  деп  тауып,  кейін  Құнанбайдың 

жағымды  кейіпкер  ретінде  оқытылуы  –  осы  қалтарысы 

мол күрделігінде. Құнанбай өмір сүрген заман тұрғысынан 

қарағанда,  бұдан  басқаша  болуы  да  мүмкін  емес.  Қазіргі 

қоғам тұрғысынан бағаласақ, Құнанбай – қатыгез де қатал, 

ата-баба  салтының  қорғаушысы,  талап  қойғыш,  қайсар  да 

тәуекелшіл, жұмбағы көп, шешуі қиын адам. Осы қасиеттерді 

Мақпырова Сандуғаш романның Құнанбай араласқан әрбір 

оқиғасынан  тауып,  жазушының  әке,  ата,  аға  сұлтан,  би, 

шешен  Құнанбайға деген көзқарасын талдауында үндестіре 

бере білген. Ол үшін психологиялық мінездеуді, портреттік 

мінездеуді,  іс-қимыл  әрекет  үстіндегі  бейнелік  мінездеуді, 

авторлық  таным  мінездеуін  шебер  пайдаланған.  Риза 

боласың.

Кітаптың  келесі  бөлімінде  Мақпырова  Сандуғаш 

оқушылармен  орындалатын  жұмыс  түрлерін  береді.  Бұл 

жұмыс түрлері – тура мінездеу, жанама мінездеу, монологтағы 

мінездеме, диалог үстіндегі мінездеме, портреттік мінездеме 

деп  бөлініп,  романнан  алынған  үзінділер  арқылы  көз 

жеткізілген. Мұндай мінездеулер басқа ақын-жазушылардың 

шығармаларын  оқыту  кезінде    кейіпкер  бейнесін  жасауға 

көмектесері  сөзсіз.  Романның  шешуі  күрделі  жұмбақ  

кейіпкері  –  Құнанбайдың  динамикалы  характерін  сызба 

ішіне  салып,  осы  қасиеттер  мен  мінез-құлықты  романнан 

табуға мүмкіндік беруі – көркем шығарманы терең байыппен 

оқытудың таптырмас тәсілі.

Кітапта  романның  бас  кейіпкері  Абайдың  ақындық, 

ағартушылық,  суреткерлік,  қарасөздің  шебері  екенін, 

шешендігін,  сыншыл  реалистік  болмысын,  күйші, 

сазгерлігін  А.Байтұрсынұлының,  М.Әуезовтің,  басқа  да 

зерттеушілердің  пікірі  тұрғысынан  нақтылап  беруі  де 

жұмыстың  салмақтылығын  арттырып  тұр.  Абай  бейнесін 

танытатын  тақырыптарды  жеке-жеке  сабақ  жоспары  етіп, 

үлгісін беруі, әсіресе, сабақты Абай өлеңдерімен ұштастыра 

жүргізуге ден қоюы оқытудың  жаңалығы деуге болады.

Сабақ  үстінде  қолдануға  болатын  жаңа  интербелсенді 

әдістерді  пайдаланудың  амал-тәсілдерін,  шығармашылық 

жұмыстың  түрлерін,  пәнаралық  байланысты  күшейтудің 

жолдарын,  ұжымдық  жұмыстың  түрлерін,  бір  сөзбен 

айтқанда, көркем шығарманы оқытудың ең тиімді әдістерін, 

құрметті ұстаздар, осы кітаптан таба аласыздар.

Шын  ризашылық  көңілден  «Жарайсың,  Сандуғаш!» 

дегім келеді. 




144

Бас редакторы – Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.

Қазақ тілі мен әдебиеті» – 

ай сайын шығатын республикалық ғылыми-

педагогикалық және әдістемелік жұрнал.

Құрылтайшы және шығарушы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» 

және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.



Жауапты редакторы – Рыскелді САБЫРБАЙ.

Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.

Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларындағы 

ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 

және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 

комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 

айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 

қою туралы №6266-ж Куәлігі берілген.

Басуға 10.01.2014 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32

Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.

Шартты басылым табағы – 8.0.

Есептік баспа табағы – 7.68. Таралымы – 4100.

Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75746.



Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы,

Гайдар көшесі, 123-үй. Қарасай батыр қиылысы.

Бас редактордың қабылдау бөлмесі және 

бөлімдер...............268-32-48.

Факс......................243-15-53.   

Электрондық пошта: Kazulagat@mail.ru.

Басылатын жері – ИП Асубаев С.Ш.

ЕЖЕМЕСяЧНЫЙ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ 

НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ И МЕТОДИЧЕСКИЙ 

ЖУРНАЛ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ 

ОТВЕТСТВЕННОСТьЮ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 

ӘДЕБИЕТІ» ЖӘНЕ «ҰЛАҒАТ»

 © «Қазақ тілі мен әдебиеті», №1, 2014 ж., 144 бет, Алматы.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Document Outline

  • _GoBack
  • _GoBack
  • _GoBack
  • _GoBack

жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау