4
5
көшіп-қонуы басталды. Бұл аймақтарда ғұндардың
жергілікті тайпа ұйымдарымен ассимиляция процесі жүрді.
VІ ғасырдың ортасында олар Волга мен Дон аймағына енді.
Азов аймағы Солтүстік Қапқаздағы аландарды, Боспор
патшалығын жаулап алып, Доннан өтіп, Оңтүстік-Шығыс
Еуропадағы остгот патшасы Эрманарихтың көп тайпалы
державасын 375 жылы жеңіліске ұшыратты.
375 жылы халықтардың Ұлы Қоныс аударуына алып
келген бастама болды.Қазіргі таңда қазақстандық жалпы
тарих ғылымында мен бұл оқиғаларды орта ғасырлар тарихы
дәуірі мен өркениетінің бастамасы ретінде қарастырамын.
Осы уақыттардан кейін ғұндар Шығыс Рим империясы-
ның Балқандық шеткері аймақтарына бірнеше мәрте
тұтқиылдан бас салып отырды.Алғашында ғұндар мен
Батыс Рим империясының қарым-қатынасы бейбіт негізде
құрылды, себебі ғұндардың жалдамалы жауынгерлері,
әсіресе, 20-жылдары Рим әскерлерінің белгілі бір бөлігін
құрады. V ғасырда ғұндар Паннонияға орналасты да, бұл
аймақ ғұн державасының орталығына айналды. 40-жылдар-
да Еуропада сіңірген қолбасшылық өнеріне байланысты
әскердің жоғарғы қолбасшысы құрметті атағын алған ғұн
билеушісі Аттила (Еділ, шамамен 395 жылы туылған, 453
жылы қайтыс болған) Батыс Рим империясына байланысты
тәуелсіз саясат жүргізе бастады.
Ол билеген 434-453 жылдар аралығында Ғұн мемлекеті
барынша үлкен аймақтық кеңеюді басынан өткізіп,
қуаттылыққа ие болды. Грек және Рим деректері Аттиланың
бірнеше ұрпақ бойы ғұндардың билеген патша руынан
шыққанын көрсетеді. 434-жылы қаған Ругия (Руа) қайтыс
болғаннан кейін ғұндарға ағасы Мудузуктың балалары
Аттила және Бледа басшылық етті (кейбір деректер бойынша
Аттила мен Бледа туған аға-іні емес, туыстас аға-інілер). 444-
жылы Бледаның өлімінен кейін Аттила бірден-бір билеушіге
айналды. Сонау 435-436 жылдары Аттила басқарған ғұндар
Римге бағынышты болған Майн мен Рейн аралығындағы
бургундтар патшалығын қосып алады. Бұл оқиғалар
кейіннен Германияның белгілі эпикалық шығармасы болып
табылатын, Гомердің туындыларымен және «Ролланд
туралы жыр», «Игорь полкі туралы сөз» сияқты танымал
поэмалармен қатар орын алатын «Нибелунгтар туралы
жырдың» көрінісіне негіз болды. Осы және өзге де герман
эпосының шығармаларымен, Скандинавия сағаларында
Аттила (Этцель, Атли) Рим империясының қысымындағы
халықтарды азат етуші ретінде сипатталады...» («Дала мен
қала» газеті, №15, 21-сәуір, 2006 жыл).
Бесқала қазақтарының ауыз әдебиетінде Еділ (Аттила)
патша туралы аңыз-әңгімелер, өлең-жырлар кездеседі. Еділ
патшаның балалық-жастық шағы туралы аңыз-әңгімелерде
оның соғыс өнерін тоғыз жастан бастап үйренгені
сипатталады. Бала Еділді әкесінің аңшылық өнерге, соғыс
өнеріне баулуы қызғылықты баяндалады.
Белгілі ғалым Немат Келімбетов «Қазақ әдебиеті
бастаулары» деп аталатын кітабында «Қазіргі Қазақстан
аумағында әуелі таптық қоғамдардың қалыптасуына
еуропалықтарға «ғұндар» деген атпен мәлім көшпелі
тайпалар бірлестігінің ықпалы да күшті болды. Біздің
заманымыздың бірінші ғасырында ғұндар Арал теңізі мен
Каспий маңына шығып, ондағы аландар мен асарларды
батысқа қарай ығыстырып жіберді. Кейінірек олар Шығыс
және Орталық Еуропаға қоныс аударды...» деп жазды (А.,
«Ана тілі», 1998 жыл, 13-бет).
«...Тарихи деректер бойынша, ғұндар қазіргі Қазақстан,
Орта Азия мен Шығыс Түркістанда біздің заманымыздан
бұрынғы ІІІ-І ғасырларда жасаған түркі тілдес тайпалардың
арғы тегі болып табылады. Біздің жыл санауымызға дейін
ІІІ-І ғасырларда ғұндар бір орталыққа бағынатын, аса қуатты
6
7
мемлекет құрды. Олар Еділ мен Орхон өзендері аралығын,
яғни, Турфан, Бесбалық, Жетісу өңірінен бастап, Алтай мен
Саян тауларына дейінгі даланы, Арал және Каспий теңізі
жағалауларын мекен етті...» (47-бет).
Алма Қыраубаева ғұндардың батыры Еділ (Аттила)
туралы: «Бір кезде Еділ (Атилла) бастаған түркілер Шығыс
Рим империясын құлатқаны да тарихи шындық. Тарихтың
айтуынша (В.В.Бартольд): ғұндар Орталық Азиядан
Еуропаға бірінші ғасырдың соңынан бастап қозғалған.
Олар VІ ғасырдағы түркілердің атасы еді. Ғұндар V ғасырда
Еуропаға кірген. Онда Геродот айтқан Борисфен (Днепр)
өзенінде тұрған. Еділдің өлімінен кейін біразы Күншығысқа,
өздерінің ежелгі мекеніне қайта оралған...» (Ежелгі
әдебиет». А., «Өнер», 2008 жыл, 36-бет).
Белгілі ғалымдар Ә.Қоңыратбаев, Т.Қоңыратбаев
«Көне мәдениет жазбалары» атты кітабында ғұндардың
патшасы Еділ (Аттила) туралы былай деп жазады: «Біздің
дәуірімізге дейінгі ІV ғасырда Сібірде сақтар, Арал, Каспий
төңірегінде массагеттер, Алтай, Тянь-Шань аймағында
хұндер (ғұндар – ерекшелеген мен) тұрған. Сақтар Иран,
хұндер Қытай елдерімен көп жауласқан. Ақырында Саян
хұндері Еділге, Ордос хұндері Орталық Азияға кетеді.
Оларға Иран (Персофоль), Византия, Сасанид елдерінің
құлдық тәртібі жайлы болмаған. Бұған біздің дәуірімізге
дейінгі бес жүз жиырма тоғзыншы жылы Иран патшасы
Кирдің Сыр елін шабу, оның Яксарт жағасында мерт
болуы, ІV ғасырда Ескендірдің келуі айғақ. Кейін Иран
елімен татуласқан Рүстем батыр өзін сақ деп білген. Бұл
«Шаһнама» жырында бар. Олар Орталық Азиядағы егін
егіп, қой баққан шаруаларды айдап, Рим, Бабыл, Персефоль,
Аққад, Византияға апарып құл ретінде сатқан. Құлдардың
тамағы тайқазанда пісірілген арпа көже болды.Қытай
дуалын салған осы тұтқындар еді. Олардың тегі түркі тектес
хұндер болатын.
Иран, Византия елдеріндегі қанаушылық Қытайдан
да асып түскен. Құлдар саны азайса, оларды мұнда
жаңадан айдап әкеліп отырған. Осы негізде ата-анасы,
бауыры, қызынан айырылған еркін көшпелі елдердің
күні қараң, тұрақсыз болған. Спартак, Маздақ, Мұқанна,
Хұрзад бастаған құлдар мен диқандар қозғалысы тегін
емес. Батысқа ауған хұн тайпаларының басты жауы құлдық
империялар болған еді. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда
Ругила бастаған Алтай-Саян хұндері Шығыс Европаға қарай
ағылады. Олар Қытай елінен зорлық көрген еді. Тан, Ся
династиялары хұндерді жиі-жиі шауып тұтқындайды. Ордос
жері Қытайға өтіп, үйсін (вэйчен) тайпалары қараборбай
құлға айналады. Көшпелі елдер әрі-бері көшіп Азияның
барлық түкпіріне барады. Үздіксіз соғыстар жүргізеді.
Рим бүкіл Европаны қансыратса, Шығыс елдерін Иран,
Сасанид патшалары билейді. Хұндер бірлесіп, енді сол
империялармен шайқасады. Ругила Дон бойына орналасып,
үлкен мемлекет құрады. Орталығы – Сардин. Карпат, Днестр
елі вестгот, остгот, Герман тайпалары деп аталған. Олар
Скифияға ауыз салған. Бір жағынан Рим империясымен де
жау болған. Ругила өлген соң билік оның інілері – Ахтар
мен Мундзук қолына өтеді. Ахтардың баласы Бледа таққа
отырады. Бірақ өзі қарымсыз, қызқұмар адам болған. Оның
тұсында хұн ордасы әлсірей бастайды. Бледаны Мундзук
баласы – Атилла өлтіріп таққа мінеді. Ол Папиония,
Херсонес жорықтарын ашып, Рим әскерін жеңеді.Ең соңғы
жолы Атилла Каталония соғысын бастайды.
Бұл 451 жылы Карпат түстігінде болған жойқын
соғыс еді. Каталония шайқасында бүкіл Батыс Европа
елдері – Франк, Келт, Аморция, Литиция, Бургун, Саксон,
Рипарцион, Рим бірлеседі. Рим әскерін Аэци бастаған.
Ол басында Риммен жауласып келсе де, Атилла келгенде