«Қазақ тілі мен
әдебиеті» және
«Ұлағат»
жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігінің
ай сайын
шығатын
Республикалық
ғылыми-
педагогикалық,
әдістемелік
жұрналы
Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ...
АБАЙ.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
МЕН
ӘДЕБИЕТІ
1958 жылдың
наурыз айынан
бастап шығады
1/2014
ҚАҢТАР
МАЗМҰНЫ
Таным табиғатында
Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ. Ежелгі ғұндар................................................3
Көкейкесті көзқарас
Баянғали ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ. Дарындылықтың жұмбағы шексіз... .........14
Мөлдір ЗАХАРОВА. Кембридж
университеті тәсілдерін
қолданудың тиімділігі................................20
Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Роза НҰРМАҒАМБЕТОВА. Етіс, оның түрлері......................................27
Әсима ҚАЙЫРҒАЛИЕВА. Синонимдер................................................32
Алтынай СӘРСЕНҒАЛИЕВА. Қос нүкте.....................................................38
Гүлжәмила ҚАЛМАҒАМБЕТОВА. Есімдік. Өздік есімдігі...............................42
3
Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Гүлнара ЕСЕНҒАЛИЕВА. «Қаракөздерім,
Шуақты мынау өмірде шөліркеп
жүрген мейірге...»...........................................47
Айсұлу ӘЛИАСҚАРҚЫЗЫ. «Қыз Жібек» жыры.........................................53
Гүлжан СӘДУАҚАСОВА. Махамбет. «Қызғыш құс»...............................61
Баян АБЫЛХАПОВА. Жамбыл – айтыс шебері.................................65
Асылтас ТҰҢҒАТАРОВА. Әбіштің «Автомобиль» повесі.......................69
Мәншүк САРБАСОВА. Мағжан Жұмабаев. «Қазақ тілі»...................73
Жанар ӘЗІМХАНҚЫЗЫ. «Менің атым – Қожа»....................................78
Зәуреш СИПИТАНОВА. Шерхан Мұртаза. «Бесеудің хаты»...............80
Оқулыққа қосымша
Ғалия ШӘРІПЖАНОВА. Ыбырайым Маманов қос қызметті
-дай, -дей аффиксі туралы..............................85
Гүлсім ДӘРКЕНБАЕВА. Рухани қазынамызды жас
ұрпаққа жеткізу................................................94
Көмекші құрал
Патима ӘЛІМБЕКОВА. «Мағжантану» таңдау курсына
арналған жұмыс дәптері...............................100
Сыныптан тыс сабақ
Сана БАЙШОРАЕВА. «Алтыбақан аясында» атты
театрландырылған сабақ.............................110
Гүлмира КӨЛБАЕВА. Нұрлы шақ....................................................116
Марат ҚҰСПАНҰЛЫ. Бала Мұхамедқалидан ақын
Мұқағалиға дейін.........................................120
Жұлдыз ОҢҒАРБАЕВА. «Алтын қақпа»..............................................125
Жас маманға жәрдем
Фарида РЫСҚАЛИЕВА. Қосарлама қос сөздер..................................128
Гүлаям ЖАНХОЖАЕВА. Тіл дамыту: «Отбасы берекесі»..................131
Кенжегүл ҚАБЫЛБАЕВА. «Шыбын мен Көбелек»................................135
Дилбирим МИЧИТОВА. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.....138
Жақсы кітап –
жан кілті
Гүлбану ҚОСЫМОВА. «Абай жолы» романын жаңа тәсілдермен
оқыту құралы................................................140
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
Құсиын Айтқалиев, Шәмша Беркімбаева, Қанипа
Бітібаева, Жанғара Дәдебаев, Гүлтас Құрманбаева,
Мекемтас Мырзахметұлы, Қуандық Мәшһүр Жүсіп,
Нұрша Оразахынова, Бақтияр Сманов, Жансейіт Түймебаев,
Рақымжан Тұрысбек, Нұргелді Уәлиұлы.
Таным табиғатында
Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ,
Аймақтық менеджмент
Академиясының профессоры, ф.ғ.к.
Тараз қаласы.
ЕЖЕЛГІ ҒҰНДАР
«Қазақстан тарихы» атты бес томдық кітаптың бірінші
томында ғұндар бірлестігі туралы былай деп жазады:
«Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әр түрлі тайпалар немесе
этникалық-саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның
қоғамдық өміріне бір орталыққа бағынғысы келмейтін
қуатты күштер, кең-байтақ жердің әр түрлі аудандары
арасында берік саяси және экономикалық байланыстардың
болмауы зор ықпал жасады.Алғашқы кезде біршама бірлік
ғұн қоғамындағы фратрияаралық (Фратрия – ертедегі
көптеген халықтардың ру-тайпалық құрылымындағы
тайпалық бөлімшесі, басқаша айтқанда, бірнеше рулардың
жиынтығы.) ұйымның ерекше түрі болуы арқылы орнаған...»
(А., «Атамұра», 2010, 247-бет).
Профессор Қалмақан Жұмағұлов «Дүниенің төрт
бұрышын тітіренткен Аттила» атты ғылыми-танымдық
мақаласында былай деп жазды: «...ІV–V ғасырлардағы
Еуразия, Еуропадағы халықтардың Ұлы қоныс аударуына
қуатты серпін берген түркі тайпа ұйымдары – ғұндар,
Қазақстан тарихында, әлем тарихында өте маңызды орын
алады... Ғұндар Еуропаға Орталық Азиядан келді. Б.з.д. ІV
ғасырда қытайлықтар оларды өздерінің қауіпті қарсыластары
ретінде көрсетеді. Ғұндардың әскери көсемдері Хань
империясымен соғыста бірталай жетістіктерге жетті.
Б.з. ІІ ғ. бірінші жартысында ғұн тайпаларының Шығыс
Қазақстанға және Жетісуға, кейін Батыс Сібір, Орал, Каспий
жағалауларына және Волганың арғы жағындағы далаларға