«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет30/33
Дата20.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21906
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

120

121


Марат ҚҰСПАНҰЛЫ,

Баламер Сахариев атындағы

орта мектептің мұғалімі.

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы, 

«Бақты» ауылы.



БАЛА МҰХАМЕТҚАЛИДАН АҚЫН 

МҰҚАҒАЛИҒА ДЕЙІН

Мақсаты:  1)  Мұқағали  Мақатаевтың  өмірімен, 

шығармашылық  еңбегімен  таныстыру,  ақынның  бұрын 

сирек  жарияланған  өлеңдерін  оқушылар  назарына  ұсыну; 

2)  поэзияны  сүюге  үйрету,  оның  құдіретін  сезіндіру;  3) 

ақынның  шығармалары  арқылы  шындықты,  сұлулықты 

қадірлей білуге тәрбиелеу. Көрнекілік: Мұқағали портреті, 

ақынның кітаптары қойылған бұрыш,  «Ер ақын, ерен ақын, 

ерекше ақын» деген плакаттағы жазу, ақын-жазушылардың 

Мұқағали  туралы  айтқан  пікірлері,  естеліктері,  домбыра, 

магнитофон. 



1-жүргізуші:

- «Ойлы жас, өлең менің сырласымдай, 

  Сырлассам да құмарым тұр басылмай. 

  Айтып өткен ақында арман бар ма,

  Жүрегінің түбіне кір жасырмай» деп ақын өзі айтқан. Ол 

артына көптеген отты жырлар мен мұңды өлеңдер қалдырды.



2-жүргізуші:  -  Мұқаметқали  (Мұқағали)  Мақатаев 

Алматы  облысы,  Нарынқол  ауданының  Қарасаз  ауылында 

1931  жылы  9  ақпанда  дүниеге  келген.  Ол  өзінің  «Менің 

анкетам» деген өлеңінде өзі туралы қысқаша былай дейді

(Екі оқушы диалог түрінде өлеңді мәнерлеп оқиды):

- Туған жерің?

- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. 

- Туған жылың? 

- 1931. Құрдасымын Шәмілдің. 

- Жынысың кім? 

- Еркекпін ғой, еркекпін

  Және дағы тәуірмін.

- Мекен-жайың? 

- Мекен-жайым – жер менің,

  Жерде жүрген ақын деген пендемін. 

  Қалам, қағаз, уақыт бер аздаған, 

  Мен өмірді жырлау үшін келгенмін! 

1-жүргізуші: Ол     өзінің     өмірінде     ауылдық     кеңестің     

хатшысы,  әдебиет  пәнінің  мұғалімі,  республикалық    

газеттің    тілшісі, қазақ    радиосының дикторы, «Жұлдыз» 

жұрналының  әдеби  қызметкері,  Жазушылар  одағы  поэзия 

бөлімінің жастар жөніндегі кеңесшісі міндеттерін атқарды. 

Көптеген жыр жинақтарын оқырман қауымына ұсынды.



2-жүргізуші:  -  Ол  аударма  саласында  да  ерінбей  еңбек 

етті. Орыс тілін өте жетік білген. Дантені Шығыс халықтары 

ішінде  ең  алғаш  аударған  –  Мүқағали.  Уайтмен,  Шекспир 

сынды  классиктерді,  Н.Тихонов,  Роберт  Бернс,  Аветик 

Исаакиян, Акоп Акопиян, Файзоллла Ансори, Федор Моргун, 

Евгений  Евтушенко  сынды  әр  ұлттың  белді  ақындарын 

қазақ  тілінде  сөйлетті.  Бүгінде  Мұқағали  Мақатаевтың  35 

мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп 

оқитын жырына айналды.

1-жүргізуші: 

Ақынның 


түрлі 

себептермен 

жарияланбаған өлеңі – “Құдайы қонақпын”.



122

123


1-оқушы: 

- Құдайы қонақпын мен, 

  Қарсы ал, құрбым!

  Адасып аулым таппай шаршап жүрмін. 

  Шөлінде қалып мына сарсаң күннің, 

  Малманы әжем берген таусап жүрмін. 

  Құдайы қонақпын мен, қарсы ал, құрбым! 

  Мына ауылдан ана ауыл қызықтырып, 

  Аттанып кетіп едім қызық қуып.

  Атымды әлдекімдер тартып алды, 

  Басым жарып, ауызымды бұзып тұрып. 

  Құдайы қонақпын мен, 

  Қарсы ал, құрбым! 

  Адасып аулымнан шаршап жүрмін. 

  Мен де бір қорлық көрген Жаяу Мұса,

  Қаласаң, күй шерттіріп,

  Ән салдырғын! 

  Қарсы ал, құрбым!

2-жүргізуші: - Ол – жалындап өткен 45 жыл ғұмырында 

ана тілі үшін күресіп өткен ақын. Ол ана тілін туған халқы 

мен  Отанынан  әсте  кем  санамай,  осы  өмірдегі  бірегей  үш 

бақытының біріне санайды.

2-оқушы «Үш бақытым» өлеңін оқиды.

1-жүргізуші: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

                          Қырға шығып ырысқа кенелмеспін.

                          Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

                          Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

Оның  жазған  өлеңдері  қазір  халық  арасында  ән  болып 

қалықтап  жүр.  Мұқағали  өлеңдеріне  жазылған  әндердің 

саны 45-ке жуық.



2-жүргізуші:  -  Кеңес  дәуірінде  Мұқағали  шығармасы 

бағаланбады, керісінше, қысым көрсетілді. Ақын үшін бұл 

ауыр соққы болды. Ел басындағы ағалар теріс қарап, ақын 

үшін  есіктерін  тарс  жапты.  Осындай  күйзеліспен  ашына 

отырып жазған өлендерінің бірі – “Сен емессің”. Бұл өлең 

де кезінде жарық көрмеген.



3-оқушы: Сен емессің!

                     Қуат пен шуақ берген.

                     Сен емессің!

                     Дәметіп сұрап көргем.

                     Тірнектеп тірі жаннан шуақ тергем, 

                     Алғанмын бойымдағы қуатты елден.

                     Сен емессің!

                     Жақсылық көрген емес сенен ешкім,

                     Сен өсекші қатынсың, ер емессің!

                     Алаңысың төбелес, ерегестің!

                     Жұрттың айтқан сөзіне қарамағам,

                     Мен де сені жағалап, ағалағам.

                     Бұл күні

                     Естисің бе, жаман адам,

                     Басыңды бес тиынға бағаламан.

1-жүргізуші:  -  Мұқағалидың  жастық  шағы  соғыс 

кезеңінде өтті. Тылдағы ауыртпалық, әсіресе, ана мен балаға 

түсті. Қаншама боздақтар қыршын кетті. 

2-жүргізуші:  -  Махаббат,  сүйіспеншілік  тақырыбына 

соқпай  кететін  ақын  жоқ  десек,  артық  айтқандық  емес. 

Махаббат мәселесі, бұл – мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын 

өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін   әрқалай   шығарады. 

Мұқағалидың   сезімінде   жасандылық   жоқ. Махаббатта 

бір қуаныш – бір үміт, бір өкініш – бір күдік болатындығы 

жасырын емес.



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау