112
113
Сілкінетін құзар басын таулы аудан.
Қарағайлар қолын созып заңғарға,
Жел оралып қайың, терек, талдарға,
Қыран үнін тыңдар еді-ау толықсып
Талмау шақта адам түгіл аңдар да.
Жан жадырар жаны бөлек сазды ұғып,
Тыңдар еді-ау жапан дала, жазғы бұлт.
Егілетін «Қалдырған» боп қарт жүрек,
«Гәкку» болып егілетін назды үміт.
Жалғызтаудан жамыраған бұлақ та
Әнге елтіп жүгіретін жыраққа.
Қоскөл тұстан көтерілген аққу үн
Күні бүгін күмбір-күмбір құлақта.
3-оқушы:
- Қыран ұшты Жалғызтауға қона алмай,
Сол ұшқаннан кете барды оралмай.
Бауыр басқан мекенінен бездірген,
Қандай ғана безбүйрек жан, ой, Алла-ай!
Қыран кетті Жалғызтауын қия алмай,
Көздің жасын төгіп өтті-ау тыя алмай.
Артта қалған қарт қыранның әніне
Кей пенделер қосылып жүр ұялмай.
Ұялмайды. Қосылады. Қосылсын,
Ән құдірет неге оған тосылсын.
Жалғызтаудан самғап ұшқан сұңқар-ән
Келешекке сапар тартып жосылсын.
Жалғызтауың жетім қалды, қыран жоқ.
Қыран да жоқ, оны жоқтар ұлан жоқ.
Ұланынан, қыранынан айырылған
Бүгінгі ұрпақ соның мәнін сұрар көп.
Жүргізуші: - Жалғызтау кімнің мекені? Бұрын бұл
жөнінде естігендерің бар ма?
4-оқушы: - Неге білмеске? Ол дүйім қазаққа өзінің
«Гәккуімен», «Қалдырғанымен» атағы шыққан үкілі
Ыбырайдың дүниеге келген жері емес пе?! Ол Солтүстік
Қазақстан облысы, бұрынғы Сергеевка ауданында
Жалғызтау жерінде 1860 жылы туды. Содан ол Солтүстік
Қазақстан облысының Өскен ауылына көшіп келіп, қалған
өмірін сонда өткізеді.
5-оқушы: - Ыбырайдан Есентемір, Өстемір деген екі
бала туады. Өстемір ерте қайтыс болады да, Есентемірден
Елемес деген қыз туады. Елемес апа – бүгінгі күні он
екі баланың анасы. Өскен деген жерде ұлын ұяға, қызын
қияға қондырған елге сыйлы ана. Елемес апа 3-4-сынып
оқып жүргенде (бұл, айтуы бойынша, 1948-1949 жылдары
еді) «Халық жауының немересі» деп мектептен шығарып
жібереді, біраз қиыншылық көрген екен.
Үкілі Ыбырайды қартайған шағында туыстары «Кісі
өлтірді» деп көре алмай көрсетіп жіберген. Серілік құрып,
Ыбырай ойын-тойлардан бағалы киім киіп, жүйрік ат мініп
келеді екен. Туыстары “Бұл бір жерге барып кісі өлтіріп киініп
келді” деп жала жапқан. Содан Ыбырайды, тағы жанында 3
шалды ОГПУ айдап әкетеді. Әкетіп бара жатқанда Ыбырай:
“ОГПУ деген сотыңыз,
Жүріп тұр ғой хотыңыз.
Төрт шалды айдап барасың,
Қисайды біздің .....” деп табан астында бір ауыз өлең
шығарып жаңағыларға сөзбен тиіскен екен.
6-оқушы: - Иә, Ыбырайдай ұлы адамға туған жердің
топырағы да бұйырмаған. Осылай істі болған Ыбырай
атамыз абақтыдан абақтыға қамалып, «Халық жауы» деп
атанып, «Барсакелмес» деген жерге жіберілген екен. Бір
зерттеушілердің айтуы бойынша: кемеде кетіп бара жатқан
кезде кеме аударылып, сол жерде дүние салған.
114
115
Жүргізуші: - Көкшетаудан айдап әкетіп бара жатқанда
«Қоштасу» деген өлең шығарған екен, соны тыңдаңыздар.
7-оқушы:
- Кең заман, дүние маған тарын келді.
Атығай, Қарауылға тегіс сәлем,
Тыңдаған адам болса бұл өлеңді.
Дария, көл, құрғақ құмға аяқ бастық,
Кең жайлау Сарыарқамен амандастық.
Көк зеңгір көрінетін Жалғызтауым,
Туған жер топырағымен бақұлдастық.
Адамға жазды нәпсі әлдеқайдан,
Болмайды-ау бұл сапардан ешбір қайлам.
Айғайлап күңіренткен Көкшетауым,
Көсіліп мәкән еттім ордам саған.
Темір жол, міне, келдік, аяқ бастық,
Кең жайлау Сарыарқамен бақұлдастық.
Жиылып өңшең маңғаз зар жылайды-ау,
Көзінен қанды жасы араласып.
Будақтап, бұрқыратып жөнелт енді,
Көкшетау, айналайын, көрем бе енді?
Кешегі Ыбырайдың қамыққанын
Қарауыл аруағы біле ме енді?!
Хан, қара, алаш демей қолымды арттым,
Кез келген жақсы-жайсаң таңырқаттым.
Ортаңда бұлбұлыңдай сайраушы едім,
Ойланбай, жалған дүние-ау, бұған жеттім.
Жалп етіп етек жайған жерім қалды,
Тізем... бірге өскен ерім қалды.
Ортаңда аққу құстай саңқылдаушы ем,
Есембай, Шоқтыбайдай елім қалды.
Бірдеме айтып қалайық шықтық шетке,
Алла рақым қылмаса, үміт етпе.
Дәм бітіп, қаза жетіп өле кетсем,
Бақұлдық төрт момынға айттым көпке.
Жүргізуші: - Шіркін-ай, сайын даланы сахна қылған
сал-серілер-ай!..
Ыбырайды неге «үкілі Ыбырай» деген екен?
Бұл сұрақтың жауабын мына бір көріністен тамашалайық.
Көрініс. Төлеген Қажыбаевтың «Ұмытпа мені, Гәккуім»
атты поэмасы бойынша.
8-оқушы: - Үкілі Ыбырай қисық мінезді, ат қойғыш
адам болған. Өз әкесіне”Қара мұрын” деп ат қойған.
Ауылында Қосшығұл деген екі әйелі бар, берекесі жоқ,
үйіне салақ бай болған. Соған былай депті:
Қосшығұлдың жегені – шикі жілік,
Екі қатын отырады текке күліп.
Бетіңменен делқұлы тентірейсің,
Май берсе, нан орынына жеңкірейсің.
Осылайша байдың берекесіздігін айтып, сөзбен сынға
алған екен
Жүргізуші: - Ал енді «Гәкку» әні қалай туды, кімге
арналғаны жөнінде мына көріністен білейік.
Жүргізуші: - “Гәкку” әнін Әлбинаның орындауында
тыңдаймыз.
9-оқушы: - Үкілі Ыбырай түрмеде жатқан кезінде туған
ауылын сағынып мынадай өлең жолдарын шығарыпты:
Мүдіртпе, Алла, тілімді,
Көңілге алған білімді.
Айтып бір, халқым, өтейін
Туып бір өскен жерімді.
Салқын самал, көкорай,
Есмырза өзен, көлім-ай!
Шілдеде келіп жайлаған
Самалың салқын, қоңыржай.