«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет24/33
Дата20.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21906
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33

96

97

серіні  сөз  еткенде  айтайын  дегеніміз:    ол  Х1Х  ғасырдың 



қазақ әдебиеті әлемінен және қазақтың ән тарихынан  өзінің 

тиісті  орынын алуға тиіс».

Бүгінгі қазақ әдебиетінің алдыңғы буын өкілі ақын Қадыр 

Мырзалиевтің «Сегіз сері Баһрамұлы» атты өлеңі де бар.

               Неге сегіз?

               Сегіз қырлы болмысы,

               Қалай сыймақ тар қалыпқа ол кісі.

               Алдыңғысы болса болар тұлпардың,

               Емес бірақ сәйгүлектің соңғысы.

               Шырқағанда ғашықтардың атынан,

               Көкірекке ұялаған жатық ән.

               Иықтағы жалғыз бас,

               Бір ғана бас сегіз басқа татыған.

Осы  бір  өлең  шумақтары  арқылы  «Неге  сегіз?»  деген 

сауал  төңірегінде  Қадыр  ақын  да  біраз  ой  толғаған. 

[Б.Қарымсақова диссертациясында. 56-б.].

Қазақ  ауыз  әдебиетін,  ән  өнерін  қайсыбір  елдің 

туындыларымен салыстырар болсақ, оның барлық жағынан 

да ешкімнен  кем түспесіне шүбә жоқ. «Сүйер ұлың болса, 

сен  сүй,  сүйінерге  жарар  ол»  деп  ұлы  Абай  айтқандай, 

халқымыздың асыл мұраларының, соның ішінде ән өнерінің 

осылай өзгеше сипат алуына бірден-бір үлес  қосушы алаш  

ұлдарының да саны аз емес. Әйтсе де, туған  даласын  әнмен 

тербетіп,  қысқа  ғұмырында  жүзден    астам  ән,  жыр-дастан 

жазып қалдырған ірі тұлғалардың, сазгерлердің есімін кейде 

уақыт құрбанына айналдырып жіберетініміз жасырын емес... 

Сегіз  серінің  әндері:  «Гауһартас»,  «Ақбақай», 

«Алқоңыр»,  «Назқоңыр».  Әншілердің  орындауларында 

авторы анықталған болса да, бізге ескі әдетше «халық әні» 

деп жеткізеді. Бұның себебі неде? Себебі халқымыздың ұлы 

тұлғалары әлі де болса қазақ қоғамында, қазақ мәдениетінде 

тиісті  орын  алған  жоқ.  Неге  алған  жоқ?  Себебі  Сегіз  сері  

Омбы  қаласында  білім  алғанымен,  отаршыларға  еріп,  өз 

халқына  қарсы  жұмыс  істеуден  бас  тартқан  да,  қашқын 

жолына  түсіп,  қазақ  халқының  мәдениетіне    баға  жетпес 

рухани қазына қалдырды.

Сегіз  сері  он  төрт  жасында  шығарған  «Арман»  атты 

өлеңінде  ержеткенде  өмірінің  жақсы  болуын  аңсайды, 

болашақ жарының тұлғасын, жүріс-тұрыс, мінез-құлқын көз 

алдыңа елестете бейнелейді.

Ер  Сегіздің  жастық  шағының    бір  көрінісін  алға 

тартатын,  әлі  күнге  дейін  баспа  жүзін  көрмеген  тарихи, 

көркем туындылардың бірі – «Қыз сипаты». Ауыз әдебиетін 

зерттеуші  Әскер      Кенжеғозұлының  «Қазақ  батырлары» 

газетінің    1999ж.  №10  санында  жариялаған  мақаласына 

көз  жүгіртейік.  Бұл  дастан  Байұлы,  Ысық  руының  өкілі 

Ғайнижамал Қолдыбайқызына арналған.

         Жүйрік ат, лашын, бүркіт, тазы баптап,



          Шығардым гөзелдерге ән-күй арнап.

          Ішінен көп сұлудың ұнатқаным –

          Ысықта Ғайнижамал құрбым болмақ...

   

         Көргенде жігітке ой қалдырған қыз,

         Мас етіп ерді есінен тандырған қыз.

         Қолына домбыра алып ән шырқаса,

         Тәтті үні құлақ құрышын  қандырған қыз.

Сегіз  сері  Ғайнижамалға  ән  шығарған.  Ол  «Ғайни» 

деген  атпен  ұрпаққа  жетіп,  бүгінде  Ермек  Серкебаевтың 

орындауында бізге  де жетті.

Сегіз  серінің  ақындығын,  композитор,  әншілігі  туралы 

Жаяу Мұса өзінің “Ер Сегіз” толғауында айтып кеткен. Бұл 

толғауды  ауыз  әдебиетін  жинаушы,  шежіреші  Сейітқали 



98

99

Қараменде  “Алматы  ақшамы”  газетінде  8.01.1991.ж. 



жариялаған. Сегіз серінің шәкірті болған ақын, композитор, 

әншінің осы толғауынан үзінділер келтірейік.



Жігіттер, өнер құрсаң – Сегізге ұқса, 

Шәкірті Сегіз серінің атым – Мұса.

Қазақтың ел қорғаны мақтаныш қой,

Үш жүзде Сегіз серідей көп ұл туса.

Жаяу  Мұса  өз  толғауында  Сегіз  серінің  өлең,  әндерін 

кімге,  қандай  жағдайда  шығарғанын  тамаша  ақындық 

өнермен суреттеп берген.



Тараған қолтаңбамен Кіші жүзде –

Сегіздің “Айман-Шолпан”, “Қыз Жібегі”.

Сегізде толып жатыр тамаша әндер,

“Әйкен-ай”, “Жылой”, “Қарғаш”, “Бес Қарагер”, 

“Шолпан қыз”, “Дайдидау” мен “Бозқараған”.

Бөлеген күйге Сегіз ой мен қырды,

Төгетін жиындарда асқақ жырды.

Омбыда Мукәрима сұлуға арнап

Шығарған алғашқы әні – “Назқоңырды”.

Сегіз  серінің  “Назқоңыры”  –  осы  кезде  кең  таралған 

ән.  КСРО  халық  әртісі  Әлібек  Дінішев  орындаған.  Қазіргі 

эстрадалық жас әншілер тобы да концерттерде жиі орындап 

жүр. 

Сегіз  сері  Омбыда  Азиялық  мектептің  соңғы  курсында 



оқып  жүргенінде  Ахметқали  деген  ауқатты  кісінің 

Мукәрима  атты  қызына  кездеседі.  Бірақ  Ахметқали  патша 

офицеріне  қызын  бергісі  келмей,  екеуін  кездестірмеудің 

жолын  қарастырады.  Осы  себептен  ол  қызы  Мукәриманы 

туыстарының  үйіне  жібереді.  Мукәрима  Сегізді  шын 

сүйгендіктен,  оған  барған  жерін  білдіріп,  келіп  кетуін 

өтінеді. Жас Сегіз Мукәримаға бара жатып «Назқоңыр» атты 

төрт шумақтан тұратын әнін шығарады. Қазір әншілер тек 

алғашқы екі шумағын ғана айтады:

 

         Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,              



         «Кел» десең неге аяйын аттың терін.

         Сары ағаш сазға біткен секілденіп

         Қай жерде отыр екен бұраң белім?!

         Базардан алып келген күміс құман,

         Жігітті  адастырған қалың тұман.

         Арадан қыл өтпестей тату едік,

         Біздерге қастық қылған қай антұрған?

         Ал әннің қайырмасы мынадай:

         Үйрек ұшып, қаз қонса,

         Көлде самал жел соқса.

         Мукәрима шақырған

         Оңашада кез болса.

Сегіз  Мукәриманы  туыстарының  үйлеріне  іздеп 

барғанында  кездестіре  алмайды.  Сегіз  алғашқы  махаббаты  

– Омбыдағы Мукәриманы есіне алып, елестетіп «Ақ ерке» 

атты  ән  шығарады.  Бұл  ән  1986  жылы  шыққан  «Ән  –   

көңілдің ажары» атты жинақта  «Халық әні»  деп жазылған.

Сегіз    серінің    өмір  жолы  қысқа    болғанмен,  артына  

қалдырған мәдени, әдеби мұрасы  ұшан-теңіз. Осындай  бай 

мұраны жоғалтпай, жинастырып, халық алдына тарту – әр 

қаламгерге,  зерттеушіге  парыз. Сегіз  серінің  өмірбаяны  

мен шығармаларын мектеп  және  жоғары  оқу орындарының 

оқулықтарына  енгізіп,  әдеби    кітаптар  шығару  –  кезек 

күттірмейтін  мәселе.  Осыған    ғалымдар  мен  жазушылар 

және  баспа  қызметкерлері  жанашырлық    көрсетсе  –                                 

дұрыс-ақ.



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау