«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет17/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36

62
оқыңдар.  2.  Әбіш  қандай  оқу  орындарында  оқыды?  3. 
Оқудан  келген  Әбіш  пен  әкесі  Абай  арасындағы  сағыныш 
қалай  суреттелген?  4.  Оқудан  келген  Әбіштің  бойынан 
қандай  өзгерістер  мен  жағымды  жаңалықтар  көрдіңдер? 
Оған деген ауылдастарының көзқарасы қандай еді? 5. Әбіш 
пен анасы Ділдә арасындағы қарым-қатынас қандай болды? 
6. Әбіштің ауруға шалдыққанын алғаш білген кім? 7. Әбіш 
туралы әке пікірі қандай? 8. Әбіштің сүйген жары кім? Бұл 
ұлы махаббатқа кім себепші болды? 9. Мағрипа қандай қыз? 
Романнан  портретін  тауып  оқыңдар.  10.  Әбіштің  ауруға 
шалдыққанын  білгенде  Абай  қандай  көңіл-күйде  болады? 
11.  Әбіштің  әкесімен  бақиласқан  соңғы  сөзін  романнан 
тауып оқыңдар. 12. Әбіштің демі үзілген сәті романда қалай 
берілген?  13.  Әбіш  дүниеден  өтті,  оны  қалай  жерледі?  14. 
Осы кезеңде Абайдың дұшпандары қанда әрекетке барды? 
15. Романда анасы Ділдә мен жары Мағрипа Әбішпен қалай 
қоштасады? Қандай салт-дәстүр көрініс тапты?
-Міне, балалар, біз бүгінгі жаңа сабағымызды бастамай 
тұрып  Әбіш  кім,  Абай  кім,  әке  мен  бала,  ана  мен  бала, 
бауырлар  арасындағы  ұлы  махаббат  қандай  екенін  білдік. 
Роман арқылы біз Әбіштің қандай адам болғанын, елі үшін, 
халқы үшін қандай ұлы тұлға болып қалғанын түсіндік. Енді 
бүгінгі  танысатын  Абайдың  өлеңдер  топтамасы  арқылы 
сабағымыздың  соңына  қарай  «Абай  кім?»,  «Әбіш  кім?», 
«Мен  кіммін?»  деген  ойда  жоба  жасап,  «Толық  адам» 
проблемасы бойынша өз пікірлерімізді қорғаймыз. 
ІІІ.  Әбіш  туралы  қосымша  мәлімет  беру  (Бұл 
тапсырма да оқушыларға алдын ала берілген).
Әбіш  (Әбдірахман)  (1869-1895)  –  Абайдың  Ділдәдан 
туған баласы. Ол Семей қаласындағы уездік мектепте оқыды. 
1886-1889  жылдары  Түмен  қаласындағы  Александров 
реалдық  училищесінің  5,6,7-сыныптарын  оқып  бітірді. 
1889-1892  жылдары  С.Петербургте  Михайлов  артиллерия 


63
училищесінде  әуелі  қатардағы  юнкер  дәрежесінде  түскен  
Әбішке  1890  жылы  унтер-офицер,  1892  жылы  портпей-
юнкер,  сол  жылдың  тамызында  подпоручик  деген  әскери 
атақ  беріледі.  Әбдірахман  училищені  өте  жақсы  деген 
бағамен  бітіреді  де,  1892  жылы  Ташкенттегі  бекініс 
гарнизонының  артиллериясына  қызметке  жіберіледі.  1895 
жылы 15 қарашада ауыр науқастан қаза табады. 
ІV.  Тірек-сызба  арқылы  Абайдың  Әбіш  туралы 
жазылған өлеңдерімен таныстыру.
   
  
                                      
         
V. Мәнерлеп оқу (Оқулықтағы Абайдың Әбішке арнаған 
өлеңдерін мәнерлеп оқу).
VІ.  Өлеңдегі  түсініксіз  сөздермен  дәптерге  сөздік 
жұмысын жүргізу.
Сідет – міндет;              Тәбділ – өзгеру, ауысу;
Тағылым – өнеге, үлгі;   Бенде – пенде.
VІІ. Өлең бойынша практикалық тапсырмалар:
 
«Талаптың мініп 
тұлпарын» 
Абайдың Әбішке 
арнаған  
өлеңдері 
 
«Кешегі өткен 
Ер Әбіш» 
«Бермеген құлға 
қайтерсің» 
Мағыш 
қазасына 
шығарған  
жоқтауы 
Сүйікті ұлына 
30-ға жуық 
өлең шығарған 


64
а) Өлеңді оқи отырып, Әбішке мінездеме беру;
ә) Өлеңнің көркемдік тіліне талдау жасау.
Көркемдік тәсіл
Үзінді
Эпитет
Әсірелеу
Жүрегі жылы, бойы құрыш.
Боямасыз ақ көңіл,
Кешегі өткен Ер Әбіш,
Өнері оның жұрт асқан.
б) Өлеңнің құрылысына талдау.
              5                 3  
Кешегі өткен / Ер Әбіш/,           а 
              5                 3
Елден бір асқан /ерек-ті/.           б
              5                  4
Жүрегі жылы/, бойы құрыш/,    а
              5                  3         
Туысы жаннан/ бөлек-ті/.          б
8  буынды,  4  тармақты,  2  бунақты  шалыс  ұйқаспен 
жазылған.
VІІІ.  Салыстыру.  7-сыныпта  оқыған  Жамбылдың 
«Алғадай туралы ойлар» өлеңін еске түсіру, Абай өлеңімен 
салыстыру.  Әбіш  дүниеден  озған  кезде  «Абай  жолы» 
романында  Жамбылдың  Абайға  Мағауия  арқылы  көңіл 
айтатын  жұбату  сөздерін  тауып  оқып,  екі  ақынның  өмір 
жолы мен шығармашылығындағы ұқсастықты аңғарту. 
Венн диаграммасы
Абай «Әбдірахман 
өлгенде»
Ұқсастығы
Жамбыл 
«Алғадай тура-
лы ойлар»
Өлеңде Әбіштің то-
лық образы ашыла-
ды. Әкенің өз бала-
сына берген бағасы. 
Баласы ауыр науқас-
тан қаза табады.
Екі өлеңде де әкенің зары, 
жоқтауы, өз-өзіне айтқан 
жұбату сөздері көрінеді.
Өлең жоқтау түрінде жа-
зылған. 7-8 буынды шалыс 
ұйқаспен жазылған.
Өлеңде қарт әке-
нің көңіл-күйі, 
күйзелісі көбі-
рек көрсетіледі. 
Баласы соғыстан 
оралмаған.
ІХ. Лирикалық өлеңге толық талдау


65
Өлеңдегі 
лиризм
Жанрлық 
сипат
Негізгі 
мәселе
Тартыстар
Өлеңде қайғы, 
ащы зар, өшпес 
мұң, өкініш, 
арман, сенім, үміт, 
жұбаныш, мақтан 
ету, үлгі ету 
көрініс тапқан.
Жоқтау, 
көңіл айту, 
жұбату.
Көңіл-күй 
лирикасы.
Әке мен 
бала 
арасындағы 
махаббат.
Толық адам 
проблема-
сы.
Қайғы мен 
жұбаныш, 
жұбаныш пен 
өкініш, жақсылық 
пен жамандық, 
өмір мен өлім.
Х.  Сабақты  бекіту.  Толық  адам  проблемасы  бойынша 
жоба қорғау.
     
                                
                                                             
ХІ. Үйге тапсырма: өлеңді жаттау, Абайдың Әбдірахман-
ға арналған басқа  өлеңдерімен танысып, мәнерлеп оқу. 
Х. Бағалау.
Абай іздеген толық 
адам кім?                                                                          
Адамзаттың бәрін 
сүйетін, ғылым-білімге 
құштар, халық үшін 
жаралған тұлға. 
 
 
Мен кіммін?                                     
Абай армандаған тұлға 
болуды, елін-жерін шексіз 
сүйген, өнерге, ғылымға, 
білімге жаны құштар жан 
болуды армандайтын 
шәкіртпін. 
 
 
 
Әбіш кім?                                    
Еліне, әкесіне, 
отбасына адал, жүрегі 
таза, пәк, өнер-білімге 
шексіз берілген өте 
білімді, мәдениетті 
жан. 
 


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау