«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық


Сөздік жұмысы (Түсіндірме сөздік)



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет19/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36

70
Сөздік жұмысы (Түсіндірме сөздік)
Дін  аман  –  бәрі  де  аман,  түгел.  Дамылда  –  тынығу, 
тыныстау, тыныштық. Перде – есік, терезеге, театр сахнасына 
құрылған  шымылдық.  Таптамасын  –  жаншымасын, 
баспасын.  Толаста  –  саябырлау,  тыным  табу,  тынышталу. 
Кесел – ауру, сырқат, дерт. Боз – бетегелі, изенді, селеулі  ақ 
дала. Шәйі – жұмсақ орамал, шәлі. Құс жолы – аспандағы 
ұзыннан-ұзақ созылып жатқан ақшыл жолақ, алыс жұлдыздар 
сілемі. 
«Мағынаны  тану» кезеңі. Әр топқа өлең шумақтарын 
бөліп оқытып, ақынның ішкі ойын, нені тілейтінін тапқызу, 
сөздердің мағынасын ашу.
1. Орман үшін неге қауіптенеді? Басты жауы не? Таудың 
жылауы деп нені ұғамыз? 
2.  Таптамасын  танктер,  ұшырама  кеселге  деген 
тіркестерді қалай түсіндіңдер? 
3.  Ақын  түн  қараңғылығының    әдемілігін  қалай 
суреттеген?
Өлеңнің  тақырыбы:    күллі    дүниеге,  жалпы  адамзат 
баласына деген ақынның бейбіт тілегі. 
Идеясы:  түнгі  тыныштықтың  бұзылмауы,  әдемілікті 
бағалау, бейбітшілікті сақтау.  
Жанры: өлең. Шумақ: 6. Тармақ: 4-5. Бунақ: 2. Буын: 7-8. 
Ұйқас: шалыс, қара өлең ұйқасы. 
Әдеби  теориялық  ұғымдар.  Эпитет  –  көк  аспан,  тәтті 
ұйқы,  ақ  басты  ала  тау,  ұлы  кеуде,  ақ  аспан,  алып  жер. 
Кейіптеу: шамыңды өшір, түсіре ғой пердеңді, ақ мойыныңа 
асылды.  Метафора:  жер  –  ана,  тыныштық  –  жас  ұл
Қаратпа  сөздер:  Жер-ана,  алып  Жер,  ақ  аспан,  көк  аспан. 
Негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: ел тыныштығын тілеу, Жер-
ананы құрметтеу, бейбітшілікті сақтауға шақыру.   
(Слайдтан  адам  қолымен  аялап  тұрған  жер  планетасы-
ның суреті көрінеді).


71
   
   
 
Мұқағали  «Менің  анкетам»  атты  өлеңінде  «Мекен-
жайым  –  Жер  менің,  Жерде  жүрген  ақын  атты  пендемін» 
деген екен. Жер – бүкіл тіршілік атаулының мекені. Ендеше, 
жер планетасы туралы не білеміз? (Географиямен байланыс)
Жер шарындағы  экологиялық жағдай.
Жаңа сабақты бекіту: «Оқырман көзімен».
Не білдік?   Не сезіндік?    Не түйдік?
1. «Жазушылар»: өлеңнен алған әсерін, ой-пайымын қара 
сөзбен әсерлеп, түйіндеп жеткізу. 2. «Суретшілер»: өлеңнің 
негізгі идеясы бойынша сурет салу. 3. «Ақындар»: «Болмасаң 
да  ұқсап  бақ...»,  бір  шумақ  өлең  құрастыру  (бейбітшілік, 
Отан, туған жер).
Қорытынды.    Жер  –  біздің  ортақ  үйіміз.  Жер-ананы 
құрметтеу,  оның  әрбір  сүйем  жерін,  ондағы  табиғат 
байлығын қорғау, әрбір адам үшін басты борыш пен міндет 
екенін  ұмытпайық!  Сіз  бен  біз  тәуелсіз  елдің  бақытты 
ұрпақтарымыз.  Әрқашан  ұйқымыз  тәтті,  түніміз  тыныш, 
аспанымыз ашық болсын!
Үйге тапсырма: «Қайырлы түн» өлеңін жаттау, ақынның 
мерейтойына  байланысты  баспасөз  материалдарын 
жинақтау, өлеңдерін  көкірекке тоқып оқу, «Біз бейбітшілікті 
сүйеміз» тақырыбына шығарма жазу.
ЖЕР – АНА
               Соған ғана жүрек сырын ашамыз,
               Кең төсінде аяқты алшаң басамыз.
               Жер-Анасыз бақытты өмір жоқ бізге,
               Онсыз қалай мейір нұрын шашамыз,
               Онсыз қайтіп асулардан асамыз?!


72
Пәнаралық байланыс
Алтын ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,
Абай атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
Айнагүл ҚОЙШЫБАЕВА,
 тарих пәнінің мұғалімі.
Қарағанды облысы,
Шет ауданы,
«Жұмыскер» ауылы.
«КӨШПЕНДІЛЕР» ТРИЛОГИяСЫН     
ӘДЕБИ-ТАРИХИ ТҰРҒЫДАН     
ТАЛДАУ
(9-сынып)
Сабақтың мақсаты: тәрбиелік – ұлтжандылық,      ынты-
мақшыл
 
қасиеттерді  оқушылардың  бойына  дарыту, 
қиындықты  жеңе  білуге
 
тәрбиелеу;  білімділік  –   
«Көшпенділер»  трилогиясының  мазмұнымен  таныстыру,
 
көркем әдебиеттің тарихты білу барысындағы маңыздылы-
ғын
 
түсіндіру, хандық дәуір кезеңі жайлы білімдерін бекіту 
және  қолдана
 
білуге  жаттықтыру;  дамытушылық  –  қазақ 
халқы тарихының маңызды тұстарын аша отырып,
 
өз ойын 
ашық  айтуға,  дәлелдермен  сөйлей  білуге,  оқиғаны  талдап, 
бағалай
 
білуге  үйрету,  қорытынды  жасау  дағдыларын 
қалыптастыру.
Типі:  кіріктірілген  сабақ.  Әдіс-тәсілдері:  топпен, 
шығармашылық 
жұмыс, 
деңгейлік
 
тапсырмалар. 
Пайдаланылған  әдебиеттер:  1)  Ілияс  Есенберлин. 
«Көшпенділер»  трилогиясы;  2)  «Қазақстан  тарихы» 
энциклопедиялық  анықтамалық.  «Аруна»,  2005  ж.;  3) 


73
Мұхтар Мағауин. «Қазақ хандығының әліппесі». 4) «Қазақ 
тілі мен әдебиеті» жұрналы. 2003 ж.
Сабақтың барысы.
•  Ұйымдастыру.  Амандасу,  сабақтың  мақсатымен, 
тапсырмалармен таныстыру.
«Көшпенділер»  елдік  дәстүріміз,  ғасырларға  созылған 
шытырманға  толы  тарихымыз  бар  екенін  көркем  әдебиет 
көлемінде тұңғыш таныстыра алды» деп ғалым Рахманқұл 
Бердібаев  айтқандай,  бұл  шығарма  –  ХV-ХІХ  ғасырларда 
қазақ  хандығының  тұтас  тарихын  баяндайтын  туынды. 
1969  жылы  «Қаһар»,  1971  жылы  «Алмас  қылыш»,  1973 
жылы «Жанталас» жарық көріп, 1976 жылы «Көшпенділер» 
трилогиясы  болып  жинақталып  шықты.  Бұл  кітапта  қазақ 
халқы  басынан  өткерген  қыруар  киыншылықтар,  сыртқы 
жаумен шайқастағы халықтың бірлігі, адамдар арасындағы 
қарым-қатынас, тарихи қайраткерлер туралы мол мағлұмат 
беріледі.
  «Атаудың  мәнін    аш»  тапсырмасы.  «Көшпенділер» 
трилогиясы  «Алмас  қылыш»,  «Жанталас»,  «Қаһар» 
романдарынан тұратынын жоғарыда айттық. Сұрақ: Жазушы 
осы атаулар арқылы нені меңзеп тұр? Атаулар мазмұны роман 
барысында  ашылды  ма?  Өз  пікіріңді  дәлелде.  (Оқушылар 
пікірі)
 Үй тапсырмасы бойынша жұмыс. Алдын ала берілген 
тапсырмаға  сәйкес  романнан  алынған  үзінділер  бойынша 
көрініс көрсету.
I  топ.  «Алмас  қылыш»  романы  бойынша  «Қазтуған 
жырау мен Қотан жыраудың айтысы».
Әбілқайырдың  ұлы  Шах-Будан  сұлтанның  асында 
қыпшақтың  ұлы  жырауы  Қазтуған  мен  Қотан  жыраудың 
айтысы. Айтыс төрешісі жүзден асқан жырау – Асан қайғы.
Асан  қайғы:  Бас  бәйге  кімде-кім  жауға  қарсы  елдің 
ерлігін  дұрыс  айтып  бере  алса,  соған  беріледі.  Орта  бәйге 


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау