66
Әлия ЖҰЛДЫЗБАЙҚЫЗЫ,
Б.Қанатбаев атындағы
орта мектептің мұғалімі.
Атырау облысы,
Мақат ауданы,
Доссор ауылы.
«ҚАЙЫРЛЫ ТҮН» ӨЛЕңІ
(6-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – «Қайырлы түн » өлеңін
мәнерлеп оқу, тақырыбы мен идеясын ұғыну, теориялық
ұғымдарды ақынның суреттеу тәсілімен бірге қарастыру;
дамытушылық – оқушының таным деңгейлерін кеңейту,
лирикалық өлеңдегі ақынның айтар ойын анықтауға,
көркемдегіш тәсілдерді ажырата білуге дағдыландыру,
мәнерлеп оқу арқылы дауыс екпінін (грамматикалық,
логикалық, психологиялық кідірістерді) қалыптастыру,
шығармашылық қабілеттерін дамыту; тәрбиелік – поэзияға
қызығушылығын туғызу, сезім тудыру арқылы эстетикалық
тәрбие беру.
Көрнекілік: электронды оқулық, Мұқағали өмірі
туралы деректер, слайдтар, интерактивті тақта, баспасөз
материалдары. Пәнаралық байланыс: жаратылыстану,
музыка. Түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағы. Әдісі: тест,
сұрақ-жауап, ой қозғау, ізденіс, әңгімелеу.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Оқушыларды 3 топқа бөліп дөңгелек үстел
құру.
«Танысу» тренингі.
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Алдымен танысып алайық.
- Мен, Камидуллина Әлия Жұлдызбайқызы,
67
Мұнайлы өңір – Доссор деген жерденмін,
Өздеріңмен сөз өнерін бөлісуге келгенмін.
Бұл сабақтан алған, көрген, түйгенің
Естеріңде қалсын мәңгі сендердің!
Қанеки, енді сіздер де өз есімдеріңізді ерекше түрде, яғни,
алдына сын есім қоса отырып таныстырып шықсаңыздар.
- Өте жақсы, Майқанова тәтей айтпақшы, аттарыңыз
«жоғары идеялы» есімдер екен. Майқанова қай шығарманың
кейіпкері еді? (Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым – Қожа»).
«Қызығушылықты ояту» кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау. Осы повестен алған білімдеріңді
қорыту мақсатында төмендегі тест сұрақтарына жауап
берейік (Слайдтан кинофильм кадрлары және сұрақтар
көрінеді).
1. «Қожа, сен көшедегі иттерді тәртіпке салу үшін
ауылда қалатын болдың». Кімнің сөзі?
а) Майқанова; б) Жанар;
ә) Жантас; в) Оспанов.
2. Қожа Майқанованы ең алғаш қайда кездестіріп еді?
а) мектепте; б) жиналыста;
ә) көшеде; в) дүкенде.
3. А.С.Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін өте жақсы
жаттап айтқан оқушы кім?
а) ешкім; б) Жантас;
ә) Жанар; в) Қадыров.
4. Майқанованың сөмкесіне бақа салып қойған кім?
а) Жантас; б) Жанар;
ә) Қожа; в) Жақанов.
5.Қожаға әкесі туралы айтқан қария кім?
а) әжесі; б) директор;
ә) Сәйбек; в) Дәуірбаев.
6. «Қадыров – түбінде адам болатын бала». Кімнің
сөзі?
68
а) директор; б) Майқанова;
ә) Оспанов; в) Ахметов.
7. «Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды.
Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп
түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп, суық терім
шығып кетті. Ох, шіркін-ай!». Қожаның қай сәті
бейнеленген?
а) педсоветте; б) орыс тілі сабағында;
ә) анасымен жүздескенде; в) қазақ тілі сабағында.
8. Жеке бас құпия кеңесін өткізген кім?
а) Жанар; ә) Жантас; б) әжесі; в) Қожа.
9.Қатты қорыққан әжесі кімді ертіп әкелді?
а) Майқанованы; б) Әубәкір шалды;
ә) анасын; в) директорды.
- Өте жақсы, оқушылар. Бұл тақырыпты жақсы меңгерген
екенсіздер. Неліктен естеріңізде қалды деп ойлайсыздар?
(Қожа – реалистік бейне. Ол – күнде көріп жүрген, етене
араласып жүрген өз таныстарың).
Реалистік образ – кәдімгі өмірде болған, бар және бола
беретін, қоғам өзгеруіне қарай ылғи жаңарып отыратын тип
(Серік Мақпыров. Әдебиеттануға кіріспе).
Сіздер бұл повесте Қожаның балалық шағына куә
болдыңыздар, ал «Бақытты балалық шақ» дегенді сіздер
қалай түсінесіздер?
Осы жөнінде ой қозғасақ (Әр топтан бір оқушыны
сөйлету).
Үй жұмысын қорыту. Шындығында да, адам өмірінің
ең қызықты, ең қамсыз шағы – балалық кезең.
Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.
Бақыт деген – әркімдерде бір арман,
69
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген – дәл қазір
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң,- деп жырлаған
өлең жолдарының авторы әркімнің айтар ойын дөп
басқандай.
Осы жолдардың авторын білесіздер ме?..
Біздің бүгінгі сабағымыз осы өлең жолдарының авторы
Мұқағали Мақатаевқа арналады (Интерактивті тақтадан
ақынның суреті көрінеді).
Тақтаға күн жадысы, сабақтың тақырыбы жазылады.
«Ой шақыру» кезеңі. Ақын туралы не білеміз?
(Оқушылар пікірі тыңдалады).
- Иә, Мұқағали есімі халық арасына кеңінен таралған.
Уақыт өткен сайын ақын есімінің дараланып, халықпен бірге
жасауы – соның айғағы. Жылма-жыл мектеп, аудан, облыс,
республика көлемінде дәстүрлі Мұқағали оқулары өтіп, онда
жүздеген оқушылар поэзияны қалай құрметтейтіндігін, ақын
өлеңдерінің адам жүрегіне қаншалықты жақын екендігін
дәлелдей түсуде. Сіздердің араларыңызда да осы сайысқа
қатысушылар бар деп ойлаймын. Жүлдегер оқушылардан
кімдерді білесіздер?
Бүгін сіздерге Мұқағали оқуларына жылма-жыл қаты-
сып, жүлделі орын алып жүрген, көптеген аудандық,
облыстық сайыстарының жеңімпазы, өнерімен де, ақындық
қабілетімен танылып жүрген, облыстық IV Мұқағали
сайысының «Алғыс хат» иегері, мектептің 9-сынып оқушысы
Бағытова Динара ақынның сөзіне жазылған «Саржайлау»
әнін және өзінің арнау өлеңін орындап береді...
«Қайырлы түн» өлеңі электронды оқулықтан оқылады.
Өлеңді тереңірек ұғыну үшін екі оқушыға мәнерлеп
оқыту.
Мәтіндегі түсініксіз сөздерді тапқызып, сөздік жұмысын
жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |