«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет20/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36

74
өз  руының  жер-суын  қорғаудағы  істерін  суреттеп  берген 
адамға тапсырылады. Ал аяқ бәйгеге Дешті Қыпшақ елінің 
болашағын  кім  дұрыс  болжай  алса,  сол  ие.  Бір  жыраудың 
болжауын екінші жырау сынауы керек. Егер сынай алмаса, 
жеңіледі.
II топ. «Жанталас» романы бойынша Қабанбай батыр 
бейнесі. 
III  топ.  «Қаһар»  романынан  Кенесары  мен  Жүсіп 
диалогы.  
•  «Кім  қалай  билік  етті?»  шығармашылық  тап-
сырмасы.  Алдын  ала  жасалған  дайындық  бойынша 
оқушылар хандар кестесін жасауы керек. Әр ханның тұсына 
жүргізген  саясаты,  атқараған  игі  істері  жазылады.  «Алмас 
қылыш» дәуірі бойынша I топ:
1. Керей, Жәнібек: хандықты құрушы және нығайтушы.
2. Бұрындық.
3.  Қасым:  хандықты  нығайтты.  Шайбани  әулетімен 
күресті,    хандықтың  қоғамдық,  құқықтық  заңдарын 
қалыптастырды, т.б.
4.  Момыш: ... . 5. Тайыр: ... . 6. Тоғым: ... . 7. Ахмет Өзбек: 
... . 8. Бұйдаш: ... . 9.  Хақназар: ... . 10. Шығай: ... . 11. Тәуекел: 
… . 12. Есім: ... . 13. Жәңгір: ... . 
Осылайша «Жанталас» романы бойынша II топ, «Қаһар» 
романы бойынша
 
III топ өз жүмыстарын талдап қорғайды.
•  Үзінділер  мен  оқиғалар  бойынша  тапсырма  (жал-
пылама сұрақ):
1. Абылай жолы – ауыр жол, 
    Батыр Кене, біліп қой.
    Абылайдай берік бол, 
    Алам десең абырой.
Жыр жолдары кімдікі? Кенесарыға нені ескертеді?
(Кенесарының  қазақтың  басын  қосамын  деп  әуреге 
түсіп жүргеніне қарап айтқан Нысанбай жыраудың сөзі, 


75
«Қаһар» романы).
2.  Сарбаздар  орға  келіп  тірелмек  түгілі,  тіпті,  оған 
жуымай,  анандайдан  садақтарынан  жебені  қарша 
боратқан қалпы жалт береді. Бір қызығы, сарбаздар оқты 
қанша атса да, бірлі-жарым солдатқа тигені болмаса, бәрі 
бірде асып кетіп, бекіністің ішіне түсіп жатыр.
Үзіндіде  қай  шабуыл  жайлы  айтылған?  (Кенесары 
сарбаздарыныц Ақмола бекінісін алуы туралы).
3. Өкінішім: үш жүздің басын қоса алмадым; аз елге хан 
болдым. Қазаққа мал емшегін емізгенмен, жер емшегін емізе 
алмадым.  Егін  егуді  үйретсін  деп  орыс  мұжықтарын  да 
әкелдім. Жер деген – алтын қазына. Бірақ мал баққан, найза 
ұстаған    сорлы  қазақ  тез  көндіге  қоймады.  Мен  жаудан 
қазақтың жері біткенін корғаймын деп жүргенімде дүние 
құрғыр өтіп кетіпті ғой.
Кімнің сөзі? Қашан және кімге айтқан?
(Абылайдың өлер сәтте Бұқар жырауға айтқан арман 
сөзі). 
4.  ...Кішкентай  жүрегімді  білегіңе  шынжырлап  байлап 
қойғандайсың. Ол  шынжырды үзетін менде кұдірет  жоқ. 
Бар  тілегім  біреу-ақ:  екі  жүйрік  ат  әкел.  Таңды  күтпей 
біздің елге қайтайық.
Үзінді қай романнан алынған? Қай кейіпкердің сөзі?
(«Жанталас»  романы.  Тұтқынға  түскен  қалмақ 
қызының батыр Баянныц інісі Ноянға айтқан сөзі).
5.  Хан  өз  елін  жауынан  қатты  шапты.  Таң  атқанша 
Талас өзенінің осы арадағы бес-алты кедей ауылын, бала-
шағасын  шұбыртып,  өліктерін  арқалатып  құмға  айдап 
салды.  Бұл  оқиғаны  жорықтан  қайтқан  ел  азаматтары 
естіп,  қандары  қызды,  қаһарларына  мінді,  хан  ауылдың 
күлін көкке шығарып шаппақ болды.
 
Өз елін шапқан қай хан? Шабуға не себеп болды?


76
(Ауыр  қыстан  күйзеліп  шыққан  Дулат  ауылдары 
Бұрындық  ханның  жайлауына  көптен  соқпай 
жүргендіктен, осы Талас өзені бойына қонған. Өз жерінің 
бос  еместігін  естіген  хан  қаһарына  мінеді.  «Алмас 
қылыш» романы.)
6.  Ол  күшейіп  келе  жатқан  Жоңғар  хандығының  қазақ 
еліне  өте  қауіпті  екенін  бірден  түсінді.  Сондықтан  да 
Ресеймен  қарым-қатынасын  жақсартып,  оған  арқа 
сүйемек боп бірнеше рет әрекет етті. 1702 жылы Өскемен 
бекіністеріне қазақ елшілерін жіберді, бірақ  оларды жолай 
ойраттар  ұстап  алып  өлтірген.  Уфаға  да  жіберді.  Өзі 
сырқаттан 1715 жылы қайтыс болады. 
Үзінді қай хан туралы? (Тәуке. «Жанталас» романы.)
«Ынтымақшыл  топ»  тапсырмасы.  Топтар  өздеріне 
берілген  сұрақты  ашу  барысында  барынша  ұйымшылдық 
танытуы  керек.  Бағалау  барысында  картаны  қолдану 
машығына да мән беріледі.
I.  Қазақ  хандығының  Мұхаммед    Шайбани  әулетімен, 
Бұхар хандығымен қарым-қатынасы қандай болды?
II.  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама»  оқиғасы 
туралы баянда.
III. Патша өкіметі хандық билікті қалай жойды?
Әр топ өздеріне берілген кезеңдегі тарихта ерекше орын 
алған ханға
 
топтастыру тәсілімен баға береді. Мысалы:
Абылай хан
Деңгейлік тапсырмалармен дербес жұмыс.
III деңгей.
1.  Романдағы  өзің  білетін  жағымды,  жағымсыз 
кейіпкерлерді ата.
 


77
   
   
 
2. Абылайдың орындай алмаған арманы. 
II деңгей.
1. Романдағы Ағыбай   батыр, Амангелдінің   (1916 ж.)   
атасы   Иман батырдың ерлік көрсететін тұстарын ата.
2. Ақмола бекінісін  алу  кезіндегі Кенесары қолданған 
ұтымды тәсіл туралы  айт.
I деңгей.
1.  Ташкен      құшбегі      Бегдербекке  барған  Саржан  мен 
Есенгелдінің қателігі.
2. Қоңырқұлжа неліктен патша өкіметін жақтады?
3. «Көшпенділердің» тарихи роман екенін дәлелде. 
4.  Хандардың  дұрыс  саясат  жүргізуіне  көмектескен 
жыраулар туралы айт.
5. Баян батыр қалмақ қызымен кетіп бара жатқан Ноянды 
өлтірді.  Осы  жердегі  Баян  батырдың  әрекетіне  баға  бер. 
Талдау жаса.
6. Кенесарының қазақтың соңғы ханы екендігін дәлелде.
• Ой жинақтау сұрақтары:
1. Роман несімен кұнды?
2. Үш кітапты біріктіріп тұрған қандай тақырып?
Топтардың  және  оқушылардың  жұмысын  жекелей 
бағалау және талдау.
Сабақты  өткізуге  дайындық  ретінде  оқушылар  алдын   
ала  «Көшпенділер»  трилогиясымен  оқып    танысты  және 
жетінші,  сегізінші  сыныптарда  өткен  Қазақ  хандығының 
құрылуынан  бастап  жойылуына  дейінгі  кезеңді  мұқият 
қайталады.


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау