«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет2/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

3
Таным табиғатында
Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ,
филология ғылымдарының 
кандидаты, доцент.
ЕЖЕЛГІ  ДӘУІР  МҰРАЛАРЫ
Біз  сонау  сақ,  ғұн,  түркі  дәуірлерінде  пайда  болып 
қалыптасқан  балалар  әдебиетінің  негізгі  құндылықтарына 
жете мән беруге тиістіміз. Ал балалар ауыз әдебиеті – халық 
ауыз  әдебиетінің  негізгі  саласы.  Ол  уақыт  өткен  сайын 
дамып,  өркендеп  отырған.  Ежелгі  сақ  заманы  болсын,  ғұн 
заманы  болсын,  түркі  заманы  болсын  сол  заман  әдебиеті 
ауыздан ауызға тарап, бізге әр түрлі жолдармен жетті. Халық 
бар жерде өнер бар, өнер бар жерде әдебиет бар. Өнер мен 
әдебиет бар жерде мәдениет бар. Сондықтан ежелгі дәуірдегі 
балалар  әдебиетінің  ауызша  және  жазбаша  мұраларына 
назар аударуға тиіспіз. 
Ұлттық  идеологияның  негізі  ежелгі  дәуірдегі  балалар 
әдебиетінен  тамыр  тартады.  Ежелгі  дәуірдегі  балалар 
әдебиеті балалар мен жасөспірімдерді ата-бабаларымыздың 
ежелгі замандардағы рухани дүниесімен таныстырады.
Белгілі  ғалым  Немат  Келімбетов  «Қазақ  әдебиетінің 
бастаулары»  деп  аталатын  кітабында  «Бүкіл  қоғамдық  ой-
сананы  қайта  құрып,  дәуір  шындығын,  заман  ақиқатын 
қалпына  келтіріп  жатқан  ұлы  бетбұрыс  кезеңінде  көненің 
көзіндей болып, бізге ғасырлар қойнауынан жеткен рухани 
мұраларды, соның ішінде бертін келе қазақ халқын құраған 
ру-тайпалардың  фольклоры  мен  ежелгі  әдебиетін  ғылыми 
негізде  танып  білудің  мәні  зор...  Қазіргі  түркі  тілдес 
халықтардың  арғы  ататегі  саналатын  сақтар  мен  ғұндар 
дәуірінде өмірге келген ауыз әдебиеті үлгілерімен көпшілік 


4
оқырман  қауым  әлі  күнге  дейін  жөнді  таныс  емес...»  деп 
жазды (А., «Ана тілі», 1998, 3-бет).
Балалар әдебиетінің тарихы сонау сақтар мен ғұндардан 
бұрынғы  кезеңдерді  еншілейді.  Ал  сақтар  дәуірінде  сақ 
елінде мәдениет бірқанша алға өрлеген еді. Осы сақ дәуірінде 
домбырашы  жыршылар  мен  жыраулардың  болғанын,  әуен 
ырғағымен  би  билеген  биші    қыздардың  болғанын  тарихи 
жәдігерліктер  дәлелдеп  отыр.  Ал  сақ  дәуірінде  темір 
балқыту,  тасқа  қашап  жазу,  сурет  салу  бірқанша  дамыған 
еді. Еуропадағы сәулет өнері, тастан салынған ескерткіштер 
сақтардан қалған өнер мұралары болатын.
Ал  қазақ  балалар  әдебиетінің  тарихын  қай  дәуірлерден 
бастаймыз?  Балаларға  арналған  ертегілер  мен  аңыз 
әңгімелерде, көне мифтік әңгімелерде, өлеңдер мен жырларда 
көне заман айшықтарынан сыр шертетін туындылар аз емес. 
Жалмауыз кемпір, жалғыз көзді дәу, дию, жезтырнақ, жеті 
басты аждаһа туралы т.б. ертегілерді мәдениеті мен әдебиеті 
қалыптасқан  ежелгі  дәуір  әдебиетіне  жатқызу  ақылға 
қонымды болар еді. 
Алғаш  жазба  әдебиеті  қалыптасып,  одан  соң  ауыз 
әдебиетінің  пайда  болуы  әдебиеттің  даму  заңдылығына 
қайшы келетіні рас: «...қазақ жазба әдебиетінің бастаулары 
Түрік  қағанаты  тұсында,  яғни,  VІІІ  ғасырда  жазылған 
«Күлтегін»  жырында  жатыр  дейік.  Ал  қазақтың  батырлар 
жыры  негізінен  «Жоңғар  шапқыншылығы  тұсында,  яғни, 
ХVІІ-ХVІІІ  ғасырларда  пайда  болды»  деп  жүрміз.  Сонда 
қалай,  алдымен  жазба  әдебиеті,  сосын  ерлік  эпосы  өмірге 
келді  ме?  Әрине,  бұл  арада  «қазақ»  деген  этноним  сөздің 
пайда болуына ерекше мән беріп, қазақ халқының тарихын 
ХV ғасырдан бастап жүрміз. Дегенмен, біз француз, неміс, 
ағылшын сияқты халықтар өздерінің ауыз әдебиеті тарихын 
біздің  жыл  санауымыздан  бұрынғы  көне  дәуірден,  яғни, 
«француз»,  «неміс»,  «ағылшын»  деген  сөздердің  жоқ 


5
кезінен  бастайтынын  ескергеніміз  жөн.  Тіпті,  басқаларды 
есепке алмағанның өзінде, өзбек, әзірбайжан, армян, грузин 
халықтары  өз  ауыз  әдебиеті  тарихын  қадым  замандардан 
бастайды.  «...  біз  қазақ  ауыз  әдебиетінің  бастауларын 
өзіміздің  арғы  ататегіміз  сақтар  мен  ғұндар  дәуірінің 
батырлық дастандарынан бастағанымыз жөн деп білеміз...» 
(Аталмыш кітап, 5 және 13-беттер). 
Ежелгі дәуірдегі балалар ауыз әдебиеті
Ежелгі дәуірдегі балалар ауыз әдебиетіне жататын қазақ 
мифтері  мен  мифтік  аңыздар  туралы  белгілі  ғалым  Шәкір 
Ыбыраев  былай  деп  жазады:  «Қазақ  халқының  дәстүрлі 
дүниетанымы мен сөз өнерінің бастау көзі дерлік бір жанр 
бар. Ол – мифтер: дүниенің жаратылысы, ненің қалай, қайдан 
пайда  болғандығы,  оның  себебі  мен  салдары,  қоршаған 
ортаның сыр-сипаты туралы айтылатын, адамзаттың сәбилік 
санасының нәтижесінде  пайда болған ғажайып әңгімелер, 
бәлкім,  наным-сенімдер,  түсініктер...»  (Қазақтың  мифтері 
мен  мифтік  аңыздары  туралы.  Кітапта:  Қазақтың  мифтік 
әңгімелері.  Құрастырып  ғылыми  түсініктерін  жазған: 
Ш.Ыбыраев, П.Әуесбаева. А., «Ғылым», 2002, 3-бет).
Аспан  денелері  «Ай  мен  Күн  туралы»,  «Жетіқарақшы» 
мен  «Үркер»  жайында»,  «Үркердің  қызы»,  «Жетіқарақшы 
(ұры)»,  «Ай  мен  күн»,  «Үркер»,  «Күн,  Ай  және  қораз», 
т.б.  Ұмай  ана,  Диқан  баба,  Су  иесі,  Жел  иесі,  ағаштар 
туралы,  құстар,  жан-жануарлар  мен  хайуанаттар,  адамдар, 
адамдардың  аңға  айналуы  туралы,  адамдардың  тау-тасқа 
айналуы,  алып  батырлар,  жезтырнақ,  албасты,  үббе,  т.б. 
мифтік  әңгімелер  ежелгі  дәуірдегі  балалар  әдебиетіне 
жатады.
Балалар  мен  жасөспірімдердің  рухани  дүниесін 
байытуда,  өз  ұлтына  деген  сүйіспеншілігін  арттыруда 
балалар  әдебиетінің  атқаратын  қызметі  орасан.  Ежелгі 
дәуірлердегі  балаларға  арналған  ауыз  әдебиеті,  жазба 


6
әдебиеті халқымыздың өткен дәуірлерінен мағлұмат берері 
анық.  Әрбір  тарихи  оқиғаларға  тән  әдеби  шығармалар 
пайда  болып  отырғаны  белгілі.  Тарих  пен  әдебиет  егіз 
деп  білсек,  әр  түрлі  әдеби  жанрлар  –  ертегілер,  аңыз-
әңгімелер, тақпақтар, өлең-жырлар, қиссалар мен дастандар 
тарихи  оқиғаларға  байланысты  туып  отыратыны  шындық. 
Сондықтан  әр  дәуірде,  әр  заманда  пайда  болып,  ауыздан 
ауызға  тарап  бізге  жеткен  балалар  әдебиетінің  үлгілері  де 
рухани байлығымыздың негізін құрайтын үлкен сала екені 
анық.
Біз, балалар әдебиетіне зер салар болсақ,  ауыз әдебиетін 
айналып  өте  алмаймыз.  Ал  халқымызда  балалар  ауыз 
әдебиеті  өте  бай  екені  белгілі.  Оның  себебі  де  белгілі: 
ата-бабаларымыз  жас  ұрпақтардың  рухани  санасын  ауыз 
әдебиеті    арқылы  оятқаны  рас.  Дүниеге  шыр  етіп  келген 
сәбиді  ауыз  әдебиетінің  ғажайып  үлгілері  күтіп  тұратыны 
шындық.
Ежелгі  дәуірдегі  балалар  әдебиеті  бала  тәрбиесінде, 
баланың  рухани  мәдениетін  арттыруда  жетекші  орында 
тұрады.  Олай  дейтініміз,  балалар  –  мемлекеттің  ертеңі. 
Ежелгі сақ, ғұн, түркі халқы өз мемлекетінің іргесі мықты 
болуы  үшін  жасөспірімдерді  рухани  жақтан    тәрбиелеуге 
басты назар аударған, ойлау өрісінің тереңдігіне мән берген. 
Мемлекетті қорғау ісіне басты назар аударған.
Ежелгі сақ дәуіріндегі балалар әдебиеті
Ежелгі сақтарда темір балқыту өнері пайда болып, әскери 
соғыс  техникаларының  айырым  бөлектері,  қару-жарақтар 
(қылыш, қалқан, найза, сауыт, дулыға, қақпан, жебенің ұшы, 
т.б.) ыдыс-аяқ бұйымдары темірден жасалды. 
Сақтар сыртқы жаулардан қорғану мақсатында қорғандар 
салуды  дамытты.  Жебе  атушы  жауынгерлер  екі  дөңгелекті 
арбада  түрегеліп  тұрып  садақ  ататын  болды.  Обаларға 
ескерткіштер  орнату  дәстүрін    қалыптастырды.  Зергерлік 


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау