«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет6/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

17
Кезінде  саясатпен  әдейі  бұрмаланған  және  орыстанған 
атауларды  байырғы  қазақ  топонимдеріне  ауыстыру 
қажеттілігі әлі де болса өз кезегін күтіп тұр.
Соңғы кезде жер-су, елді мекендердің атауларын өзгерту 
республикамызда науқанға айнала бастады. Қазақ халқына 
еңбегі  сіңген  ардагер,  қайраткер,  батыр  ұл-қыздарымызға 
көше аттарын, оқу орындары мен мәдени ошақтарды сыйлап, 
тіпті,  ауыл  мен  аудандарды  солардың  есімдерімен  атап 
жатырмыз.  Халқы  қадыр  тұтатын,  өмірден  көшкен  зиялы 
жандарды  есте  қалдыру,  аруағын  құрметтеу  мақсатымен 
біздің  аймақта  да  мұндай  іс-әрекеттер  қолға  алынуда.  Кей 
жағдайда асырасілтеушілік іс-әрекеттер де  табылады. 
Негізінен  туған  жердің  әр  қатпары  өзінің  о  бастағы 
тарихи  атымен  аталғаны  жөн.  Аңырақай,  Мақпал,  Төркөл, 
Буратышқан,  Атлах,  т.б.  осы  сияқты  тәрбиелік-танымдық 
мәні зор атауларда халқымыздың көз жасы мен маңдайының 
соры  жатқан  мол  тарих  бар  екені  ақиқат.  Ендеше  жер-су, 
көше  атауларын  өзгертуге  байыппен  қарап,  өткенімізге 
қиянат жасамау қажет.
Қазақстанның  кейбір  аймақтарында  орыс  этносы  сан 
жағынан  басым  болып  келеді.  Сондықтан  шығар,  осы 
аудандар  тұрғындары  жасырын,  ал  кейде  ашық  түрде 
Мемлекеттік ономастикалық комиссияның жұмыс барысына 
қарсылық  білдіріп,  орыс  топонимдерін  сақтап  қалуға  көп 
күш жұмсап жатыр.
Белгілі ономаст-ғалым, проф. Т.Жанұзақ  қазіргі заманғы 
ономастиканың келелі проблемаларын санамалап көрсетеді: 
«Оның  біріншісі  –  қолданбалы  жағы,  яғни  практикалық 
мәселесі  болса,  екіншісі  –  ғылыми  тұрғыдан  зерделей 
зерттеу,  толассыз  ізденіс  жүргізу,  ал  үшіншісі  –  білікті  де 
білімді, әр жақты мамандар даярлап, оларды мәпелеп өсіру». 
Оның  пікірі  бойынша,  тарихи  топонимдерді  өзгертуде 
ономастикалық  саясатының  қиындықтармен  ұшырасуы, 


18
негізінен, 
ономастикалық 
тұжырымдаманы 
дұрыс 
қолданбаудан екені айтылады.
Қазақстан  егемендік  алып,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына  
мүше  болғаннан  бері  тәуелсіз  топонимикалық  саясат 
жүргізілуде.  Бұл  саясаттың  маңызды  нәтижесінің  бірі 
–  тарихи  атауларды  бірте-бірте  қайтарып,  қалпына 
келтіру  және  көптеген  қазақ  атауларының  орыс  тіліндегі 
транслитерациялық қатесін түзетіп бір ізге салу. Бұл салада 
атқарылатын істер әлі де болса қыруар көп.
Біріншіден,  Қазақстандағы  жер-су  аттарының  жүйелі 
қалыпқа 
келтіру 
мәселелерінің 
ғылыми-теориялық 
негіздерін  зерттеп  одан  әрі  жетілдіру;  екіншіден,  тарихи, 
тілдік мәнділігі зор топонимияны зерттеу, таныту мәселелері 
(топонимиялық сөздіктер, кітаптар жасау қажет); үшіншіден, 
жоғары оқу орындарында (филология, тарих, география, т.б. 
факультеттерде)  элективті  курс,  топонимиялық  пәндерді 
кеңінен  оқыту;  төртіншіден,  мерзімді  баспасөз  беттерінде 
ауқымды  түрде  топонимиялық  тақырыптарға  айналған 
материалдарды жария ету; алтыншыдан, ғылыми кеңес беру 
тұрғысында  жұмыс  жүргізетін  топонимиялық  кеңес  құру, 
ғылыми-практикалық  конференциялар,  семинарлар  өткізу, 
т.б.
Дұрыс  топонимиялық  саясат  жүргізу  дегеніміз  –  бұл 
барлық этно-әлеуметтік, мәдени, саяси, демографиялық және 
әлеуметтік факторларды еске алып, қазақ топонимиясының 
ғылыми,  этно-мәдени,  тарихи-әлеуметтік  негіздерін  терең 
зерттеуді  білдіреді.  Қазіргі  ұлттық  топонимиялық  саясатқа 
әкімшілік  және  құқықтық  орындар  тарапынан  қолдау 
көрсетілуі  қажет.  Тәуелсіз  Қазақстанның  топонимиясында 
оның  қолдану  аясы  мен  қызметі  жайында  туындайтын 
мәселелер  бүкіл  мемлекеттік,  ұлттық  және  саяси  деңгейде 
шешімін  табу  қажеттілігін  көреміз.  Бұлар  ұлттық 
санамыздың,  патриоттық  сезімнің  қалыптасуына  шешуші 


19
   
   
 
ықпал жасайды.
Қазақ  топонимиясы  мен  антропонимиясы  ата-
бабаларымыздың  мыңдаған  жылдар  бойы  жинап  келе 
жатқан рухани байлықты сақтайды. Бұл – қазақ халқының 
ғасырлар  қойнауында  қалыптасқан  дүниетанымының 
рухани  болмысын келешек ұрпағына  жеткізудің бірден-бір 
жолы,  сондықтан  да  Тәуелсіздігіміздің  ұлы  жемістерінің 
көрінісі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М.Мырзахметұлы. Түркістанда туған ойлар. А., 1998.
2. Т.Жанұзақ. Қазақ ономастикасы. А., 2009.
3. Ономастикалық жұмыстардың тұжырымдамасы. 2005.
Гүлзира ӘБДІКӘРІМОВА,
Қызылорда қаласындағы
№197 қазақ орта мектебінің 
мұғалімі.
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА 
ОҚУШЫНЫ ЕңБЕККЕ БАУЛУ
Бүгінгі күнде қоғамымыздың кез келген саласы өзі үшін 
де,  елі  үшін  де  өскелең  экономикалық  және  әлеуметтік 
жауапкершілік жағдайында өмір сүріп, жұмыс істей білетін 
белсенді, қабілетті, ізденгіш азаматтарды талап етеді. Оның 
үстіне техника мен ғылым дамыған қазіргі кезеңде мамандық 
атаулының  барлығы  бейімділікті,  ептілікті,  ерекше  ой 
қызметін,  мол  шығармашылық  мүмкіндікті,  өзін  қоршаған 
түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті 
бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет 
етеді. 


20
Қоғамның 
дарынды 
адамдарға 
деген 
қажетін 
қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына 
баланың  жеке  қабілеті  мен  әлеуметтік  белсенділігінің 
дамуына  жол  ашу,  шығармашылық  тұлға  қалыптастыру 
міндетін қойып отыр.
Шығармашылық  қасиетті  адам  баласының  бойында 
қалыптастыруда  сөз  өнерінің  берері  өте  көп.  Мектепте 
әдебиет  сабағында  өнер  өкілдері  мен  оның  туындылары 
қанша  шебер  насихатталғанымен,  бала  сөз  өнерін  өзі    пір 
тұтып,  сол  іспен  өзі  де  сүйіп  айналыспаса,  оның  бойында  
сезім  тазалығын,  шынайылығын  қалыптастыру,  ой-тіл 
ұтқырлығы, ой мен іс-әрекеттегі жүйелік, қиял мен сезімнің 
ұшқырлығы,  ерік-жігердің  күштілігі  тәрізді  қабілет-
қасиеттерді дарыту мүмкін емес. 
Жалпы білім беретін мектептерде әрбір пәнді оқытудың 
ғылыми  дәрежесінің  неғұрлым  жоғары  болуы,  ғылым 
негіздерінің  берік  игерілуі,  имандылық,  еңбек  және 
адамгершілік тәрбиесінің, эстетикалық және дене тәрбиесі-
нің жақсартылуы жастарға дәріс беруші ұстаздардың негізгі 
міндеті. Мұны жүзеге асыруда үлкен рөл атқаратын әдебиет  
сабақтарында оқушыларды еңбекке тәрбиелеу ісінде мынаны 
алдыға мақсат етіп қойған жөн: 
1.  Оқушының  дүниетаным  көзқарасын  ашу  арқылы 
еңбек  тәрбиесін  беру.  2.  Еңбек  тәрбиесіне  байланысты 
бүгінгі  өмірден  дидактикалық    материалдарды  пайдалану. 
3.  Сабақтан  алған  білімі  мен  еңбектің  тәрбиелік  ықпалын 
шығарма  жазу  арқылы  таныта  отырып  мамандыққа  деген 
сүйіспеншілігін ашу. 
Әдебиет сабағында басшылыққа алған осы мақсатымызды 
көркем  сөз  жанрларының  мына  түрлерінде  іс  жүзіне 
асырып,  еңбек  тәрбиесін  беруге  болады:  а)  ауыз  әдебиеті 
шығармашылығында  берілетін  еңбек  тәрбиесі;  ә)  Ыбырай, 
Абай, т.б. шығармашылығында берілетін еңбек тәрбиесінің 


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау