14
тигізетіні анық.
Топонимияның
тарихи
факторы
әлеуметтік-
экономикалық,
географиялық,
этнологиялық
және
идеологиялық аспектілерге байланысты болады. Осы
аспектілердің біреуі де топонимияға өз бетінше, тек өзіне тән
ерекшеліктерімен ғана әсер ете алмайды, бірақ топонимдер
қолданылуының қандай да бір аспектілерінде оның біреуінің
басымдығы байқалып тұрады.
Қазақ топонимдерін қолданудың тарихи аспектісі,
біздің ойымызша, әсіресе, географиялық атаулардың
әлеуметтілігінде айқын көрініс береді. Барлық географиялық
атаулар, негізінен, адамзаттың әлеуметтік саладағы іс-
әрекетінен туындайды. Ежелгі заманда қоршаған ортаның
ерекшеліктерін атау негізіне жақындатып ат қойған адам,
кейінірек топонимдер мен топонимиялық жүйе қалыптастыру
үшін әлеуметтік деңгейде қызмет жасай бастады.
Қазақстан топонимиясының отаршылдық жағынан
қайта аталу ерекшеліктері былайша сипатталады: «1.
Отарланған жаңа жерлерге ә дегеннен-ақ Романовтар
династиясындағы патшалар мен ұлы князъдардың, отарлау
ісіне тікелей араласқан әскери қолбасшылардың, генерал-
губернаторлардың, патшашыл қайраткерлердің есімдерін
қою тәсілі басым жатты. 2. Отаршыл үкімет идеологиялық
сенімді тірегі болған православиялық дін басшылары мен
жылым құрттай сілімтік миссионерлерін де ұмытпай, оған
қоса дін қайраткерлері, тіпті, діни мейрамдар мен атақты
шіркеулеріне дейін елді мекен атауларын шүлен таратқандай
тарата бастады. 3. Енді бір өнікті әдісі: метрополиялық
орталық жағы жер атауларын отарланған жаңа өлкеде
қайталап қою, сол арқылы дін рухын жергілікті халыққа
сіңіре беру тәсілі де кеңінен қолданылды. 4. Отарланған
ұлан-байтақ қазақ даласына жаңадан қойылатын жер
атаулары жетпей қалғанда жергілікті елді мекен, жер-су
15
аттарын калькалау (яғни, аударып көшіріп қою) әдісі арқылы
орысшаға аударып, отаршылдық рухпен сіңіре беру тәсілі
де жүзеге асырылды. Мысалы: Ақсу – Беловод, Шортанды
– Щучье, Балықшы – Рыбачье. 5. Әсіресе, Романовтар
династиясындағы патшалар мен бекзадалардың атына “ново”
деген үстеме сөз қосу арқылы да жергілікті жер атауларына
кісі аттарын қою ескерілді. Әрі бұл әрекет ерекше мән бере
жүргізілгендіктен Ново-Николаевка, Ново-Алексеевка,
Ново-Михайловка, Ново-Романовка деген қаптаған атау-
ларды көреміз» [1.203].
Бұрын қазақ халықтық топонимикалық жүйесі табиғи
жолмен дамып келген, ал отаршылдық топонимия болса,
қолдан жасалған идеологияны іске асырып, орыстандыру
үшін қолданылған. Табиғи жолмен дамып келе жатқан
ономастикалық атауды өзге мәдениет өкілдері баса-көктеп
өтсе, мыңдаған жылдар бойы құрылған өркениет өзгере
бастайды. Топографиялық картадағы қазақ топонимиясының
ұлттық колоритін жою орыс патшалығының басты мәселесі
болған.
Патшалық империя әкімшілігі қазақ топонимдерін
өзгерту мәселесін жоспарлы түрде жүргізді. Кезінде
отаршылдық мазмұндағы географиялық жер атаулары
мүлде күшейіп, барынша қаулай дамыды. Қазақтардың
ұлан-асыр өлкесіндегі ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи
атауларын отаршыл өкімет саналы түрде өзгертуді шындап
қолға алғаны тарихтан белгілі. Қазақстан топонимиясын
идеологияландыру Қазан төңкерісінен кейін де үдей түсті.
Кеңес өкіметі кезінде Қазақстан картасында жергілікті
халыққа бейтаныс мыңдаған жаңа географиялық атаулар
пайда болды.
Қазақ топонимдерінің орыс тіліндегі аудармалары қазақ
этносының ұғымына сай келмегенімен қоймай, аударған
кезде қазақ сөздерін бұрмалап, мағынасын өзгертіп жіберген.
16
Қазақстан тәуелсіз ел болғандықтан осы мәселеге баса назар
аударылу қажеттігі туды. Бұл мәселені тек қана мемлекеттік
деңгейде қарастырып қоймай, қазақ топонимдерін
бүкіләлемдік деңгейге көтеру керек, себебі географиялық
атаулар халықаралық қарым-қатынастарда маңызды рөл
атқарады.
Қазақ топонимдерін стандарттау мен жүйелеу мәселелері
тек қана лингвистика немесе география ғылымдарының
обьектісі ғана емес, жалпымемлекеттік деңгейде топоним-
дердің әлеуметтік және құқықтық аспектілерін де терең
зерттеген жөн. Егер топонимді өзге тілдерге аударған кезде
бастапқы мәні өзгеріп, ұлттық колориті жойылып кететін
болса, бұл топонимді адамзат тұрмыс-тіршілігі саласында
толық қолдану мүмкін емес. Топонимдердің қолдану аясы
күннен-күнге ұлғайып, өте қарқынды дамуда, сондықтан бұл
– кезек күттірмейтін өзекті мәселе.
Қазақ топонимдерінің әлеуметтік және мәдени
құндылығы олардың ұлттық-мәдени ерекшелігімен
анықталады. Көптеген қазақ топонимдерінде мыңдаған
жылдар бойы қалыптасқан тарихи және аялық семантика
жинақталған. Топонимдер тек қана тілдік ескерткіш емес,
бұл – мәдениет ескерткіштері, өткен дәуірге куә болатын
тарихи ескерткіштер. Олар қазақ халқының санасы мен
отансүйгіштігін қалыптастыратын бірден-бір фактор болып
табылады.
Қазіргі кезде өте құнды тарихи топонимдерді қалпына
келтіру және тоталитарлық, отаршылдық, идеологиялық
топонимдерді қайта өзгерту мәселелерін талқылауға
Қазақстан жұртшылығы түгел қатысып отыр деуге болады.
Өмірдегі ең қиын нәрсе – жадтың көмескіленуі. Қазақ
тағдырының, тарихи есі мен болмысының көрсеткіші
іспеттес жер-су, елді мекен атауларынан айырылу оның
ұлттық рухын жоғалтуға ұрындырады.
Достарыңызбен бөлісу: |