136
белсенділік, саналылық. Әдісі: сұрақ-жауап, ойбөліс,
шығармашылық шеберлікті шыңдау, дәлелдеу, проблема-
лық, ізденушілік. Көрнекілік: «Пікірталас», «Ойбөліс, оның
құрылымы» тақырыбында жасалған кестелер тізбегі, тірек-
сызбалар, т.б.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру. Өткен сабақты пысықтауына даярлау,
оқушыларды түгелдеу.
- Балалар, біздің өтіп жатқан пәніміздің өзі –
шешендік өнер, оның ішінде пікірталас түрлерін қайталау
болғандықтан, алғашқы тілдесуімізді сөз қағыстырудан
бастайық.
Шоқтығы биік топтарым аманбысың,
Сабаққа бәрің бірдей қарармысың?
Екі ауыз сөздің басын құрайтұғын
Өнерге бәрің бірдей жарармысың?
Өткен материалды бекіту.
- Біз қазіргі таңда “Пікірталас мәдениеті” тарауын
оқып жатырмыз.
Қане, кім айтады, пікірталас дегеніміз не?
- Пікірталас дегеніміз – белгілі бір қоғамдық мәні
бар мәселені не болмаса ғылыми жұмысты талқылау
барысындағы айтыс-тартыс, дау.
- Оның түрлерін аталық... /атап шығу/
Экраннан пікірталас түрі көрсетіледі.
Пікірталас түрлері
Пікір
алмасу
Айтыс
Ойталқы
Сөзталас
Пікірсайыс
Ойбөліс
137
Әрқайсына сипаттама беру.
Жаңғырту.
Ойбөліс мәні.
Шешендікке тәрбиелейді, білімді жетілдіреді.
Өз өмірімізге, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға
баулиды.
Өз көзқарасыңды жүйелі талдауға үйретеді.
Жақсы маман ретінде қалыптастырады.
Ойбөліс арқылы жаңа ортамен танысуға мүмкіндік
туады.
Сөз әдебі.
“Рахмет сізге, армысыздар ...” : амандасуға үйретеді.
“Рахмет сізге, мен қарсы сұрақ-жауапқа даярмын”:
сөйлеу әдебін меңгертеді.
Қарсыласқа құрметпен қарауға , пікірталасқа үйретеді.
Сыпайылыққа тәрбиелейді. Ұстамдылыққа үйретеді.
Қарсыласын мәдениетті сөйлеуге үйретеді.
Ойбөліс – ресми пікірталас. Өзінің арнаулы құрылымы
бар, шектеулі уақытқа құрылған әртүрлі тақырыпқа
арналған екі жақтың айтысы.
Ерекшелігі: екі топтың бір-бірімен белгілі ереже, тәр-
тіпке сәйкес дауласуы.
Заңдылықтары: ойбөліс сөз үйрену үшін керек; білім алу
үшін, білімді тереңдетіп алу үшін керек; жеңімпаз болуды
мақсат етсеңіз – қателесесіз.
Шыншылдық. Шыншылдық әрбір ойдың, түйіннің
өзегі болып табылады. Сіз шындық іздеген адамдарға
көмектесесіз.
Бір-біріңізге құрметпен қарап пікір таластырасыз. Пікір
сыпайы айтылуы керек.
Дебаттың шарты.
Екі қарсы топ берілген қарар бойынша бір-біріне кереғар
бағыттар ұстанады. Төрешіні өз бағыттарының дұрыс
138
екендігіне көндіруі тиіс.
Мамандық жайында әңгіме қозғау. Мамандық дегеніміз
не? Мамандық таңдау дегеніміз не?
Шығармашылық жұмыс
“Менің болашақ мамандығым” тақырыбында ойтолғау,
жоба қорғау, өлең шығару, т.б. жұмыстар орындалады.
Ойбөліс өткізу.
Тақырып: “Компьютердің пайдасы мен зияны”
Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең.
Ересек адам өмірінің үштен бірі жұмыста өтеді.
Тапсырма. Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі.
Бауыржан Момышұлы
Сабақты қорыту.
Сабақтан алған әсерім. Өз пікірін ортаға салу.
Ойбөліс қоғамның мүшесі ретінде бізге қоғамның саяси
дамуын түсіну және өз сенімімізді дәлелдеу үшін ең қажетті
құрал деп ұқтық.
Үйге тапсырма: ойбөліске тақырып қарастырып келу,
салалас құрмалас сөйлемді қайталау.
ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ
Дәл осындай білім алған – шын мықты,
Маңайына жолатпайды ынжықты.
Тығырықтан шығар жолды табады ол,
Қорғайды анық қысым көрген шындықты.
Иман жүзді білім қорын мол жина,
Сол жолға бар күшті салып, жан қина.
Сонда ғана еңсең биік болады,
Құрар сәнді патшалығын Ар мида.
139
Тәрбие кеші
Марат ЖАКЕНОВ,
Қарағанды облысының
Жаңаарқа аудандық
Білім беру, дене шынықтыру
және спорт бөлімінің әдіскері.
ЖЫЛҚЫ – ЕР ҚАНАТЫ
Мақсаты: оқушылардың жылқы туралы танымдық
ұғымдарын кеңейту, жылқыға қатысты халықтық салт-
дәстүрлерді насихаттау, әсемдік пен сұлулықты сезіне бі-
луге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, фото-слайдтар, жылқы
туралы қанатты сөздер, танымдық ойындар, сөзжұмбақ,
буклет, үнтаспа, ертоқым, қамшы, жүген.
Барысы.
І. Ұйымдастыру. Үнтаспада күй ойнап тұрады.
ІІ. Кіріспе әңгіме.
- Құрметті оқушылар, қонақтар! Бәріңізді Тәуелсіздіктің
20 жылдығы мерекесімен құттықтай отырып, жоспарымызға
сәйкес «Жылқы – ер қанаты» деп аталатын тәрбие сағатын
бастауға рұқсат етіңіздер.
Адамзат өмірінде жылқының алар орыны ерекше.
Әлемдік өркениетті жиырма бірінші ғасырдың дәрежесіне
жеткізген адамның ақыл-ойы, күш-жігері десек, 5-6 мың жыл
бойы адамзатқа серік, жаугершілікте көлік болып, ғасырдан
ғасырға мойымай бар ауыртпалықты бірге көтерісіп келе
жатқан жылқының қасиеті қазіргі ақпараттық технологиялар
заманында да бір мысқал кеміген емес. Ежелден жылқы
десе ішкен асын жерге қоятын, ат құлағында ойнап өскен
көшпенді халықтарды былай қойғанда, егін егіп, қала салған
отырықшы халықтардың өзі жылқы малына мың да бір
қарыздар.
Жылқы малын дәл қазақтай қастерлей білетін ұлт бар ма,
сірә?! Халық асылды, ең жақсыны жылқыға теңеп жатады.
140
Соның бірі мінезге байланысты. Жаны жайсаң, көңілі ашық
адамдарды «жылқы мінезді» дейді, өйткені жылқы кірпияз,
текті. Лас су ішпейді, таза, қайратты. Өсіп-өнген жеріне де
махаббаты ерекше.
ІІІ. Жылқы туралы жазылған шығармаларға, ауыз
әдебиеті үлгілеріне шолу.
1. Жылқы туралы жазылған қандай ақын-жазушылардың
еңбектерін білесіңдер?
2. Эпостық жырлардағы батырлардың мінген аттарын
ата. (Оқушылар үзіндіні жатқа айтады).
Жылқы, оның сипаты жайлы Абайдан асыра жырлаған
ақын жоқ шығар. Ұлы Абайдан кейін тұлпарлар тақырыбына
қалам тартқан ақын Ілияс Жансүгірұлы екен. Кейінгі
шығармалардан Тәкен Әлімқұловтың «Ақбоз ат», «Абсент»,
романы мен әңгімесі, Әбіш Кекілбаевтың «Бәйге торысы»,
т.б.
Жылқы жайында жазылған сөздің үлкені – Құрандағы
Ғадият сүресі. Ол «Бісміллә, рахмани рахим, қатты ентігіп
шапқан, тұяғынан от шашқан, таңсәріден шабуыл жасаған,
тозаңдатып шаңдатқан, сөйтіп жаудың ортасына кірген
аттарға серт» деп басталады.
Ауыз әдебиетіндегі эпостарды парақтап отырсақ,
Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары,
Қамбардың Қарақасқасы, Тарғынның Тарланы өз иелерімен
тілдесе білген және олардың өтініш, тапсырмаларын
бұлжытпай орындап отырғанын байқаймыз. Кейбіреулері,
тіпті, өмірге деген өз көзқарастарын, ұстанымын білдіріп,
иесінің пікірімен келіспейтінін аңғартады. Мәселен,
«Алпамыс батыр» жырында
«Таудан асқан тасқындай, Төгіліп Шұбар жөнелді... Сонда
Алпамыс сөйледі: - Айналайын, Шұбар ат, Қолтығыңда бар
қанат. Жазым болып жығылсаң, Бір шұқырға тығылсаң,
Өлмеймін бе мен?- деді. Бұл сөзге Шұбар шамданып, Онан
әрі өрледі» дейтін тұстары бар.
(Жалғасы бар).
141
Мерейтой - 60
Төкен ЖҰМАЖАНОВА,
педагогика ғылымдарының
докторы, профессор.
ӘДІСКЕР-ҒАЛЫМ ҰЛАҒАТЫ
Егеменді елімізде болып жатқан тың ізденістер, түбегейлі
өзгерістер білім беру жүйесіне де игі әсерін тигізіп, білім
мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіруге жол ашты.
Педагогикалық жаңаша ойлауға, білім беруді, тәрбие беруді
ізгілендірудің, бір шеті көркем шығарманы, әдебиетті
оқытудағы ұтымды тәсілдерді жетілдіру екенін бүгінде әр
ұстаз жете ұғынуда.
Осы бағытта әдіскер-ғалым Бақтияр Өрісбайұлының
талмай ізденісін, көп жылғы еңбек жемісін ерекше
көрсетуімізге болады.Кезінде кандидаттық диссертациясын
Москва қаласында (НИИ) қорғап, докторлық диссертацияға
жалғастырған ғалымның ғылыми-зерттеу еңбектері,
әдістемелік нұсқаулар, ғылыми мақаларының қай-қайсысы
болмасын мұғалімдер үшін, әдебиетші ұстаздар дайындауда
көп көмегін тигізуде. Әдебиетті сөз өнері ретінде,өзіндік
табиғатын саралап, аша отырып,оны оқушыға жеткізіп
талдаудың жолдарын нақты мысалдармен бекітіп, көрсеткен
ұсыныстарының мәні ерекше.Бұл еңбектерде ғалым өз
пікірі,эстетикалық талғамы бар сауатты, білімді оқырман
дайындауда, ауызша, жазбаша да еркін, шешен, көркем
сөз сөйлеуге бағыттайтынын, көркем әдебиетке деген
қызығушылық туғызатынына баса көңіл бөледі.Әдебиеттен
білім берудің қаншалықты маңызды екенін айқындай
түседі.Бақтияр Өрісбайұлының «М.Әуезовтің өмірі мен
творчестволық жолын» оқытуға байланысты (1987) жазған,
жинаққа енген мақаласының мәні бүгінге дейін құндылығын
танытады.
Автор ақын-жазушылар өмірін оқытудың маңызы зор
екенін, ол әдебиетті оқытудың күрделі бір саласы болып
табылатынын жете түсіне отырып, суреткер өмірі мен
142
оның шығармашылығын біртұтас алып қарастырған.Әдеби
шығарманы оқып-үйренуде оқырманның шығармашылық
ойлау қабілетін дамытып,сол ақын туындысы негізінде
ой-тұжырымдар, дұрыс пайымдау, тың қорытынды жасап,
өзіндік пікір қалыптасатынын жете түсінген ғалым
«Мектепте көркем шығарманы талдау негіздері» атты
монографиясында алған тақырыбын толық, жан-жақты
саралап, жүйелі түрде көрсете білген. Бұл еңбекте көркем
туындыны талдаудың ғылыми-әдістемелік негіздері жатық
тілмен баяндай алуымен көңілге жылылық ұялатады.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын талдау
жолдары,сол арқылы оқушыларды жеке тұлға ретінде
қалыптастырып, құзыреттілігін арттыруға ықпал етудің тиім-
ді әдіс-тәсілдері берілген. Көркем шығарманы сабақ үрдісінде
талдаудың алғашқы үлгілері, кіріспе жұмыстар,тұтастай
талдау, образ бойынша талдау, проблемалық-тақырыптық
талдаудың, т.б. әдістемелік жолдары танытылады.
Шығарманың сюжеті, композициясы, әдеби кейіпкерлері,
сондай-ақ туындының идеялық-көркемдік қуатын танытуда
атқарылатын жұмыстар бұлтартпас мысалдар арқылы
дәлелденуімен көкейге қонымды.
Автор көп жылғы тәжірибелік бақылау жұмыстарына
сүйене отырып,көркем туындыны түр мен мазмұн бірлігіне
қарай талдаудың,кейіпкерлер жүйесін, шығарманың
тақырыптық идеясын ашуға бағыттаудың ғылыми-
әдістемелік жолдарын ұсынған.Автор әдебиетші мұғалімнің
атқарар қызметі сан алуан екеніне тоқталған.
Олар:
- Шәкірттерді бейнелі ойлай білуге үйрету;
- Шығармашылықпен талдау арқылы эстетикалық
талғамын арттырып,қабылдау мүмкіндіктерін дамыту, т.б.
Ғалым-ұстаз көркем шығарманы белсенділікпен талдау
ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге, оқу-тәрбие
ісін жақсартуға бағыттайтынын толық көрсеткен. Еңбекте
көркем шығарманы интерактивті талдау,оқушы мен мұғалім
арасындағы белсенді іс-әрекеттің маңызы ашылған.
Белсенді талдаудың жолдары, шығармашылық жұмыстар,
143
оқушылардың өз ойларын ашық айтуға дағдыландырудың,
ғылыми-ізденушілік, танымдық-зерттеу жұмыстарына
жетелеудің түрлері, әдіс-тәсілдері ұсынылған.
Деңгейлік тапсырмалар жүйесі әр тақырыпқа сай
орынды берілген. Көркем шығарманы жаңа технология
талаптарына сай талдап, оқып үйренудің жолдары мысалдар
арқылы нақты бекітіліп, жұмыс түрлеріне қатысты жымдаса
ұштастырылып, әдіс-тәсілдердің қыр-сыры кеңінен,
байыпты түсіндірілуі – құптарлық жай.
Сондай-ақ автор еңбекте шығарма тілін талдауға
байланысты мұғалімдерге тиімді ұсыныстар береді. Атап
айтқанда:
- Шығарма тілі оның тақырыптық идеясымен бірлікте
алынуы;
- Тіл көркемдігін ашудағы салыстыру әдісі. Әр жазушының
шығармасының өзіндік ерекшелігін жете түсіну, т.б.
Сабақ барысында тақырыпқа сай оқыту технологиялары,
әдіс-амалдары барынша тиімді қолданылған. Мәтінді
шығармашылықпен оқыту, өзіндік жұмыстар мен ізденістер
әдіскер-ғалым назарынан тыс қалмаған.
Автор «Абай жолы» роман-эпопеясын талдаудың
жолдары, Ғ.Мүсірепов шығармалары арқылы оқушыларды
отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін орынды
жүйелей келе, көркем шығарманы талдаудың ғылыми-
әдістемелік негіздерін қалады. Бақтияр Өрісбайұлының
көркем шығарманы талдауға байланысты еңбегі мектеп
мұғалімдері, болашақ ұстаз-студенттер үшін өте қажетті оқу
құралы деп толық айтуымызға болады. Мұғалімдер еңбектен
көркем туындыларды оқытудың сан-алуан үлгілерімен
танысады. Әдістеме ғылымында шығармашылық ерекше
орын алатын болғандықтан, әдіскер-ғалым еңбектерінің
құндылығы, қай уақытта болса да, қажеттілігі зор екеніне
күмән жоқ.
Сондықтан да біз бүгін білікті ұстаз, тәжірибелі
тәлімгер, айтулы мерейтой иесі – парасаты педагог Бақтияр
Өрісбайұлына зор денсаулық, шығармашылық шабыт,
отбасылық баянды бақыт тілейміз.
144
Бас редакторы – Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.
Қазақ тілі мен әдебиеті» –
ай сайын шығатын республикалық ғылыми-
педагогикалық және әдістемелік жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы: «Қазақ тілі мен әдебиеті»
және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жауапты редакторы – Рыскелді САБЫРБАЙ.
Корректоры – Гүлзира ӨМІРБЕКҚЫЗЫ.
Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларындағы
ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке
қою туралы №6266-ж Куәлігі берілген.
Басуға 19.03.2012 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0.
Есептік баспа табағы – 7.68. Таралымы – 5639.
Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75746.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы,
Гайдар көшесі, 123-үй. Бас редактордың қабылдау
бөлмесі және бөлімдер...............256-06-46.
Факс..............................................256-13-41.
Электрондық пошта: KazUlagat@mail.ru.
Басылатын жері – «Хай Текнолоджи» полиграфиялық
кешені. Алматы қ., Мыңбаев көшесі, 43.
ЕЖЕМЕСяЧНЫЙ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ И МЕТОДИЧЕСКИЙ
ЖУРНАЛ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ
ОТВЕТСТВЕННОСТЬю «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН
ӘДЕБИЕТІ» ЖӘНЕ «ҰЛАҒАТ»
© «Қазақ тілі мен әдебиеті», №3, 2012 ж., 144 бет, Алматы.
Достарыңызбен бөлісу: |