«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет4/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

10
Мөденің әскерлері жеңіске жетеді.
«Ақтырна» ертегісінде жаумен шайқас кезінде жараланған 
тоғыз жасар Ақтырна қызға аққу, бұғы, жолбарыс көмекке 
келеді.  Қытай  әскерлерінің  келе  жатқанын  ғұн  елінің 
билеушісіне  жедел  түрде  жеткізу  керек  болады.  Ақтырна 
жан-жануарлардың көмегімен хабарды дер кезінде жеткізіп, 
ғұн  әскерлері  соғысқа  дайындалады.  Қытай  әскерлерімен 
соғыста оларды жеңіліске ұшыратады.
Бұл аңыз әңгімелер мен ертегілерде балалардың өз Отаны-
на  деген    сүйіспеншілігі,  елді  сырт  ел  шапқыншыларынан 
қорғау  ісінде  бастарынан  өткен  жанқиярлық  ерлік  істері 
баяндалады.
Ежелгі түркі дәуіріндегі балалар әдебиеті
Ежелгі әдебиеттерде Көкбөрі-Елжау би туралы деректер 
кездеседі.  Профессор  Алма  Қыраубаеваның  еңбектерінде 
Көкбөрі туралы аңыз бар. Аңызда айдалада қалған баланы 
көкбөрі емізіп өсіретіні айтылады.
«Ердәулет  пен  көкбөрі»,  «Ұшатын  көкжал»  түркі 
дәуіріндегі  балалар  әдебиетіне  жатады.  «Ердәулет  пен 
көкбөрі» ертегісінде бала Ердәулет пен көкбөрінің достығы 
арқау болған.
Ежелгі  түркі  дәуіріндегі  балалар  әдебиетінде  көкбөрі 
мен  балалардың  достығы  суреттеледі.  «Ұшатын  көкжал» 
ертегісінде қасқыр құсқа (бүркітке) айналып ұшып жүреді. 
Адамның құсқа айналып ұшып жүруі, қасқырдың бүркітке 
айналып  ұшып  жүруі  ежелгі  дәуірдің  ауыз  әдебиетінде 
көптеп  кездеседі.  «Көкбөрі»  аңыздарында  қазақтың  атасы 
болған  көкбөрінің  немерелері  Ақ  қаз  құсқа  айналады.  Сол 
қаздардан  түріктердің  (түркілердің)  ата-бабасы  тарайтыны 
айтылады (А.Қыраубаева. Ежелгі әдебиет, А., «Өнер», 2008, 
16-бет).
Белгілі  ғалым  Әуелбек  Қоңыратбаев  «...Бөрі  тотемі 
Түрік қағанаты кезінен қалған салт, үрдістен де байқалады. 


11
Мысалы,  қытайлармен  соғысқанда,  түрік,  сеянтс,  жужан, 
хұни тайпалары аттың басына қасқыр басын кигізіп алатын 
болған.  «Оғыз  нама»  аңызында  Оғызхан  соғысқа  аттанса, 
оның  әскерін  көкжал  бөрі  бастап  отырған...»  деп  жазады 
(Қазақ эпосы және түркология. А., «Ғылым», 1987, 29-бет).
«Анар  мен  Мұнар»  ертегісінде  Көктөбел  ат,  «Ұшатын 
көкжал»  ертегісінде  көкжал  бөрі    ақылды  болады,  ұшып 
жүреді.
Бір  атап  өтерлік  жәйт:  көне  эпос  қаһармандарының 
жаулары саналатын мыстан кемпір, дию, жалғыз көзді дәу, 
жеті басты айдаһар, жезтырнақ, қиял-ғажайып кейіпкерлер 
Тыңдаушы,  Желаяқ,  Көзбайлаушы,  Таусоғар,  т.б.  ежелгі 
сақ,  ғұн,  түркі  дәуірлеріндегі  ауыз  әдебиеті  үлгілері  –
ертегілерде,  аңыздарда  кездеспейді.  Көне  эпосқа  жататын 
«Мұңлық-Зарлық»  қиссасында  адамның  досы  ретінде 
киік  бейнеленеді.  Ғалымдар  З.Сейітжанұлы,  П.Бисенбаев, 
Ә.Құдияров «Мұңлық-Зарлық» деп аталатын көне эпостық 
жыр  туралы  «Мұңлық-Зарлық»  жырында  да  барлық 
жамандық мыстан кемпір арқылы іске асады. Бұл арада айта 
кететін бір жай, таудағы екі баланы (Мұңлық пен Зарлықты) 
киік «асырайды». Сонымен бірге әке мен баланы кездестіруге 
кәміл  пірлер  киік  кейпіне  түсіп,  себепкер  болады.  Мұның 
түп-төркіні көне түсінік  – тотемдік ұғымдарға қарай тамыр 
тартады...»  деп  жазды  (Алғы  сөз.  Кітапта:  Көне  эпос.  А., 
«Қазақ университеті», 2003, 5-бет).
Бөрі  аңыздарына  құрылған  ертегілердің  бірі-  «Жігіт 
пен  өнерлі  қыз».  Бұл  ертегі  туралы  Әуелбек  Қоңыратбаев 
«Жігіт  пен  өнерлі  қыз»  ертегісі  Алтай  халықтарында  бөрі 
аңыздарында  құрылған.  Алтай  елдерінде  бөрі  тотемі  бірде 
ру  тегі  болса,  бірде  үйлену  салтын  білдірген.  Бір  ғана 
мысал: Хұн патшасы өзінің екі қызына сарай соғып беріп, 
далаға  тастап,  олар  қасқырға  тиген  екен,  содан  хұн  елі 
тарапты дейтін аңыз болған. Мынау ертегі соның керісінше 


12
адамды қасқыр қызына үйлендіреді, екінші әйелі – хан қызы 
(адам). Ертегі анық аталық салтына құрылған...» деп жазды 
(Аталмыш кітап, 56-бет). 
Балалар  мен  жастарды  ұлтжандылық  рухында 
тәрбиелеуде сақтардың данышпаны Анахарсис бабамыздың, 
Тарғытай бабаның, сақ патшайымы Тұмардың, Ер Тұңға мен 
Шырақ  батырдың,  Зарина  сұлудың,  сақ  қызы  Күнсұлудың 
ерлік  істерін  жас  ұрпақтарға  өнеге  етуге  тиіспіз.  Әсіресе, 
Ер  Тұңғаның,  Тұмар  патшайымның,  Тәңірқұт  Түменнің, 
Мөде  батырдың,  Түркіт  батырдың,  Орхон-Енесай  жазба 
ескерткіштеріндегі  Күлтегін  мен  Тоныкөктің  елді  сырт  ел 
шапқыншыларынан қорғаудағы ғажайып ерліктері, әділдігі 
бүкіл әлем халықтарына танылуы тиіс.
Сонау сақ, ғұн, түркі заманынан жеткен ауыз әдебиетінің 
үлгілері  қазіргі  таңда  рухани  құндылықтарымызды  байы-
тып,  балалар  мен  жастарды  рухани  жақтан  өрелі  болуға 
өз  ықпалын  тигізіп  жатқанын  да  атап  айтуға  тиіспіз. 
Әдебиеттанушы  Минура  Масалимова  ежелгі  заманнан 
осы  дәуірге  келіп  жеткен  әдеби  жәдігерліктер  туралы 
«Сонау  сақтар  заманында  туып,  кейінгі  дәуірлерге  жеткен 
фольклорлық  шығармалар  миф  түрінде,  аңыз  ретінде 
ертедегі гректер мен қытай жазбаларында орын алғанының 
арқасында  бізге  жетіп  отыр.  Олардың  сюжеттері  мен 
кейіпкерлерінің іс-әрекеттері кейінгі уақытта туған жырлар 
мен ертегілерде, аңыздауларда көрініс тапқан...» деп жазды 
(Фольклордың  статусы  мен  теориялық  негіздері.  «Ақиқат» 
жұрналы, №1, 2011, 73-бет).
Ежелгі  дәуір  мұралары  балалар  мен  жасөспірімдердің 
рухани азығына айналып, ұлттық идеологиямызға қосылған 
үлес болса – мақсатымыздың орындалғаны.
   
   
 


13
Көкейкесті көзқарас
Зиба ҚҰЛАМАНОВА,
М.Х.Дулати атындағы ТАРМУ доценті.
Айнұр АМЕТОВА,
М.Х.Дулати атындағы ТАРМУ магистрі.
КЕңЕС ДӘУІРІ КЕЗЕңІНДЕГІ 
ТОПОНИМДІК ҚАБАТ
Тәуелсіздік  –  ең  құдіретті  ұғым.  Оған  адамзат  баласы 
тұрақты түрде қол жеткізу үшін аянбай күрескен. Соңғы үш 
ғасырда  Ресей  империясының  боданы  болған  қазақ  халқы 
ең  соңғы,  ең  қауіпті  өткелден  сүрінбей  өтіп,  өркениеттің 
жолына түсіп, тәуелсіздікті баянды еткен кез. 
Егер  кешегі  тарихымызға  көз  жүгіртсек,  біз  Кеңес 
Одағының  құрамындағы  Қазақ  Советтік  Социалистік 
Республикасы  деп  аталсақ  та,  өз  әскеріміз,  өз  ақшамыз, 
дербес  сыртқы  саяси-экономикалық  қарым-қатынастар 
жүргізетін  мемлекеттік  билігіміз  болған  жоқ.  Рас, 
мемлекеттік рәміздеріміз (Гимн, Герб, Туымыз) болды. Бұл 
әншейін форма ғана еді. 
Қай халық болса да ежелден елді мекендер, жер, су, өзен, 
көл атауларының мән-мағынасына, тарихына ерекше көңіл 
бөлген,  өйткені  елді  мекендердің  атаулары  –  әр  дәуірдің 
ескерткіші ретінде халық жадынан, ұғым-нанымынан дерек 
беретін,  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасатын  құнды  шежіре, 
ұлттық ерекшелігімізді айқындай түсетін зерделілік. 
Қоғам  мен  мемлекетте  орын  алған  ауқымды  тарихи 
өзгерістер  этностың  әлеуметтік-экономикалық  жағдайына, 
шаруашылық  түріне,  тұрмыс-тіршілігіне,  мәдениетіне, 
өндіргіш  күштеріне,  қоныстандыруға,  қоныстандырудың 
жаңа  типтеріне  және  кеңістікте  орналасуына  өз  ықпалын 


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау