«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет8/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36

25
Мақсат:  келер  шақ,  болжалды  келер  шақтың  өзіндік 
белгілерін анықтау.
Міндет: оқулықтағы теориялық білімді талдау, модульге 
салу, жобаны қорғау.
Өзекті мәселе: келер шақты ажырату.
Әдіс-тәсіл:  негізгісін  бөліп  алу,  түсініктерді  анықтау, 
сызба-модуль дайындау.
Болжам: ғылыми мағлұмат берілген тақырыпты мұқият 
талдап,  тірек-сызба  арқылы  негізгісін  бөліп  алсақ,  білім 
тиянақты, жүйелі терең меңгеріледі.
Шығармашылық  ізденіс  жұмыстары.  Ғылыми 
мағлұмат берілген тақырыпты мұқият талдау.
Мұғалімнің  әрекеті.  1.  Оқушыларды  өтілетін  жаңа 
тақырыппен  таныстырады.  2.  Сабақтың  мақсаты  мен 
міндетін  айқындайды.  3.  Оқушыларға  жобаны  қорғату 
арқылы сабақты меңгертеді.
Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің  сөйлеп тұрған сәттен 
кейін  болатынын  білдіреді.  Мысалы: 
Ол  мектепке  ерте 
бармақ.  Сендер  үйге  келерсіңдер.  Бұл  сөйлемдегі  бармақ, 
келерсіңдер  деген  етістіктер  бару,  келу  қимылдарының  әлі 
болмағанын, бірақ келешекте болатынын білдіріп тұр.
Болжалды  келер  шақ  қимылдың,  іс-әрекеттің    болу 
мүмкіндігін  айқын  көрсетпей,  болжай  ғана  айтады. 
Болжалды  келер  шақ  есімшенің 
-ар,  -ер,  -р,  болымсыз 
етістіктен кейін 
-с  жұрнағы қосылу арқылы жасалады да, ол 
етістік үш жақтың бірінде  жіктеліп жұмсалады.
Болжалды келер шақтың жіктелу үлгісі.
Жекеше:       
I.    Бар+ар+мын, кел+ме+с+пін
ІІ.   Бар+ар+сың, кел+ме+с+сің
       Бар+ар+сыз, кел+ме+с+сіз                     
ІІІ.  Бар+ар,  кел+ме+с                      


26
Көпше:
Бар+ар+мыз, кел+мес+піз
Бар+ар+сыңдар, кел+ме+с+сіңдер
Бер+ар+сыздар,  кел+ме+с+сіздер
Бар+ар, кел+ме+с
Қосымша: Орхон-Енисей ескерткіштерінде де келер шақ 
есімшенің  
-ар, -ер, -ыр, -ір, -р, -ур. -үр жұрнақтары арқылы 
жасалған: 
қабысар, қалур (қалар), қорқыр (қорқар), т.б.
Келер шақтың -ма, -ме және есімшенің -з, (-с) жұрнағы 
арқылы жасалған: 
білмез (білмес), келмез (келмес), т.б.
Оқушының  әрекеті.  Жоспар:  1.  Келер  шақ,  болжалды 
келер  шақ  сөздерінің  мағынасын  ашу.  2.  Болжалды  келер 
шақтың белгілеріне тоқталу. 3. Анықтама шығару. 4. Келер 
шақтың түрлерін ажырату.
№1. Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің  сөйлеп тұрған 
сәттен кейін болатынын білдіреді.
№2. Есімшенің -ар, -ер, -р болымсыз етістіктен кейін -с  
жұрнағы қосылу арқылы жасалады
№3  Келер  шақ  қимылдың,  іс-әрекеттің    сөйлеп  тұрған 
сәттен  кейін  болатынын  білдіреді.  Мысалы:  Ол  мектепке 
ерте бармақ. Сендер үйге келерсіңдер.
Бұл  сөйлемдегі  бармақ,  келерсіңдер  деген  етістіктер 
бару, келу қимылдарының әлі болмағанын, бірақ келешекте 
болатынын білдіріп тұр.
Болжалды  келер  шақ  қимылдың,  іс-әрекеттің    болу 
мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтады. Болжалды 
келер шақ үш жақтың бірінде  жіктеліп жұмсалады. 
№4. Келер шақтың түрлері
Болжалды   Мақсатты   Ауыспалы
Мұғалімнің  әрекеті.  Жоспар:  1.  Келер  шақ,  болжалды 
 


27
келер  шақ  сөздерінің  мағынасын  ашу.  2.  Болжалды  келер 
шақтың белгілеріне тоқталу. 3. Анықтама шығару. 4. Келер 
шақтың түрлерін ажырату.
№1. Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің  сөйлеп тұрған 
сәттен кейін болатынын білдіреді.
№2. Есімшенің -ар, -ер, -р болымсыз етістіктен кейін -с  
жұрнағы қосылу арқылы жасалады.
№3  Келер  шақ  қимылдың,  іс-әрекеттің    сөйлеп  тұрған 
сәттен  кейін  болатынын  білдіреді.  Мысалы:  Ол  мектепке 
ерте бармақ. Сендер үйге келерсіңдер.
Бұл  сөйлемдегі  бармақ,  келерсіңдер  деген  етістіктер 
бару, келу қимылдарының әлі болмағанын, бірақ келешекте 
болатынын білдіріп тұр.
Болжалды  келер  шақ  қимылдың,  іс-әрекеттің    болу 
мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтады. Болжал-
ды  келер  шақ  есімшенің 
-ар,  -ер,  -р  болымсыз  етістіктен 
кейін 
-с  жұрнағы қосылу арқылы жасалады да, ол етістік үш 
жақтың бірінде  жіктеліп жұмсалады. 
№4. Келер шақтың түрлері
Болжалды   Мақсатты   Ауыспалы
Шығармашылық  ізденіс  жұмысы.  Ғылыми  мағлұмат 
берілген тақырыпты мұқият талдау.
ІV. Бекіту кезеңі.
Оқушының әрекеті. 1-тапсырма. 134-жаттығу. Келер шақ 
етістіктерін жекеше, көпше түрде жікте.
2-тапсырма.  135-жаттығу  (ауызша):  а)  болжалды  келер 
шақты  білдіріп  тұрған  етістіктерді  тауып,  қалай  жасалып 
тұрғанын түсіндіру; ә) мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.
3-тапсырма.  136-жаттығу.  а)  ойнамас,  күлер,  жазар 
етістіктерін жіктеп, сөйлем құрау; ә) етістіктердің біреуіне 
 


28
кешенді талдау.
Шығармашылық ізденіс жұмысы. Тәуелсіздік мерекесіне 
орай  келер  шақты  қатыстыра  отырып  аттас  тақырыпқа  ой 
толғау, жыр толғау арнау.
Мұғалімнің әрекеті. 
1.  134-жаттығуды  дұрыс  орындауын  қадағалау.  2. 
135-жаттығудағы  етістіктердің  қалай  жасалып  тұр-
ғанын  түсіндіру,  мақал-мәтелдердің  мағынасын  ашу.  3.  
Сөйлемдердің дұрыс құрылуын қадағалау, сатылай кешенді 
талдау бойынша етістікті талдау сатысының ретін бақылау. 
4. Шығармашылық  жұмысты талдау.
V. Қорыту кезеңі.
Оқушының әрекеті. Оқушылар теория мен практикалық 
жұмыстарды  атқару  барысында  нені  меңгергендерін 
қорытындылайды.
Мұғалімнің  әрекеті.  Сонымен  бүгінгі  сабақта  нені 
меңгердік?
VІ. Үй тапсырмасы.
Мұғалімнің әрекеті. І деңгей. 133-жаттығу. ІІ, ІІІ деңгей 
«Ауылым  –  алтын  бесігім»  тақырыбына  келер  шақты 
қатыстырып эссе жазу.
Сарашыдан.  Мұғалім  бұл  сабақ  үлгісін  кестеге 
түсіріп  жолдаған  екен  (Сабақ  кезеңі.  Оқушының  әрекеті. 
Шығармашылық ізденіс жұмысы. Мұғалімнің әрекеті). Олай 
қатарластыра  орналастыру  жұрнал  көлемінің  ыңғайына 
келмеді.
   
   
 


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау