Қазақ тілі қыпшақ тобындағы тілдер тобына жатады. Ал қыпшақ тобындағы тілдердің қарлуқ, оғыз тобындағы тілдерден



жүктеу 54,21 Kb.
бет2/10
Дата07.01.2022
өлшемі54,21 Kb.
#37174
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
тар гр

    Навигация по данной странице:
  • Малов
г, з дыбыстарынан басталатын сездердің аумағы кеңейді: зал, заман, зоотехник, газ, газет, т.б. в, ф, х, ц, ч, щ дауыссыздары осы дыбыстар айтылатын сөздермен бірге келіп орнықты] Дегенмен, бүл дыбыстардың кейбірінің қолданылуы қазақ әдеби тілі тарихында бой көрсеткені бар. ХҮШ-ХІХ ғасырларда қолданылған "кітаби тіл" деп аталатын тіл құрамында ф, х, ч дыбыстары қолданыс тапқаны рас. Алайда ол тіл (кітаби тіл) көбінесе азын-аулақ оқығандардың ана тілі болды да, халық арасында кең қолданыла алмады. Сондықтан ол заманғы қазақ әдеби тілі сол дыбыстарды қолданды десек те, қазақ халық тілі ондай дыбыстарды білді деп айта алмасақ керек. Оның үстіне, ч аффрикаты сөйлеу тілінде бүрыннан бар дыбыс. Бірақ әдеби тілде ол дыбыс интернационалдық сөздермен бірге келіп орнықты.

Соңғы замандарда батыс тілдермен (ең әуелі орыс тілімен) баиланысқа түсіп, қарым-қатынастың жиіленуі қазақ тілінің дыбыс тіркесімділігіне ықпал етті. Қ, к дауыссыздарының тіркесу мүмкіндігі ұлғайды - қ қатаң дауыссызы тек жуан дауыстымен ғана емес, жіңішке дауыстылармен де тіркесетін болды^қате, қызмет, к дауыссызы интернационалдық сөздер құрамында жуан дауыстылармен қатар айтылып қалыптасты. Осы ерекшеліктің екінші біл салдары - қазақ тілінде едәуір топ құрайтын сездер қүрамында сингармонизм - буын үндестігі сақталмайтын дәрежеге жетті: газетке, костюмшең, командирден, т.б.-

Жалпы алтайлық консонантизм қазақ тілінде біраз озгеріске үшыраған сыпатында орныққан. Бүл жағынан келгенде С. Е. Маловтың қазақ тілін ең жаңа тілдер тобына жатқызуының үлкен дәлелі бар. Р ~ з сәйестігінің қазақ тілінде з варианты сол қалпында да, өзгерген күйінде де қалған: көз, жаз, сондай-ақ болымсыздық қосымшасы -мас (з > с). Р~з сәйкестігінің кейінгі варианты й: тіре ~ тайа, л ~ ш сәйкестігі де сондай дәрежеде түрақталған: бес (беш ~ білек), тус: талтус (тал - чуваш тілінде тус, талтус), есіт (ес - (і) т - өзгелік етіс, елт - чуваш тілінде есіт), т.б. Сонымен бірге, бұл дыбыс сәйкестіктердің барлық компоненттері де қазақ тілінің периферийлік қүбылысы ретінде сақталып қалған: көр, көз, жар, жаз, еліт, есіт, қыз, қырқын, т.б. Жаңа, кейін қалыптасқан дыбыстар конститутивтік белгілерге айналды да, олардың байырғы көне варианты сирек үшырайтын эквивалент болып қалды.

Сингармонизм заңы. Буындар мен дыбыстардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік тілдің ішкі даму заңдылығынан туындайды. Сингармонизм, түрлері, зерттелуі. Көне түркі тіліндегі үндестік заңының деңгейі. Ерін үндестігі мен тіл үндестігі. Қазақ тіліндегі буын үндестігі мен мағына жасаушылық қызметі. Ықпалдың түрлері, тарихи себебі. Фузиядағы дыбыстардың бір-біріне ықпалы, үндесуі. Аккомодация құбылысының тарихи сипаты. –П фонемасының у-ға айналу сыры.

Ассимиляция – дауыссыз дыбыстардың үйлесуі, тарихи даму көрінісі. Ассимиляциялық даму нәтижесі мен қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері. Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері. Диссимиляция. Тілдегі әртүрлі фонетикалық құбылыстар. Олардың тарихи пайда болу себебі. Протезалық, эпентезалық дыбыстардың тіл дамуының бастапқы кезеңінде сөз мағынасын өзгертушілік қызметі.дыбыстардың конвергенциясы мен дивергенциясы.

Буын. Буынның жасалуы, дыбыстық құрамы, өзгеру жүйесі. Ежелгі бір буынды тұлғалардың сипаты туралы ғылыми пікірлер. Сингармониялық варианттар мен параллельдер, зерттелу жайы.

Екпін. Екпін түрлері, орны, сипаты. Сөз мағынасын өзгертуге әсерінің бар, жоғы туралы ғылыми пікірлер.

Орфография мен графика. Графика туралы тсінік. Көне түркі жазуы. Жазу – мәдениет көрсеткіші. Арамей жазуы мен көне түркілік жазу арасындағы сабақтастық. Қазақ жазуының тарихы туралы.


Дауыссыз дыбыстар қүрамында болған бүл өзгерістердің қайсысы да грамматикалық түлғаларға ықпалын тигізді. Бір кезгі бір сыпатты, бір вариантты тұлғалардың кейбірінің қазіргі тілде бірнеше вариантта үшырасуы соның нәтижесі. Мысалы, кетік, қатық есімдерінің қүрамындағы -ік, -ық пен түйық етістік (қимыл есім) жасайтын қосымшасы дивергенцияның нәтижесі. Сондай-ақ сусы, көлгірсі туынды етістіктерін жасайтын -сы, қансыра тәрізді етістіктер жасайтын -сыра қосымшасының -сыр бөлігі, сын есім жасайтын -сыз қосымшалары да дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде пайда болған, тарихи түрғыдан бір ғана қосымшаның әр түрлі варианттары ғана.

Кейбір грамматикалық түлғалардың о баста әр басқа дыбысталса да, дыбыстық өзгерістердің нәтижесіңде бір ғана сыпатқа келгені байқалады. Қазіргі тілімізде етістіктер қүрамында қолданылатын ортақ етіс қосымшасы -с, әдетте болымсыздық қосымшасымен айтылатын с(~з) сондай езгерістердің нетижесі. Соңғы қосымшаның о баста түрінде дыбысталғаньш кене түркі материаддары, қазіргі түркі материалдары да растайды, ал түрікмен тілі фактілері бүл бүдан да ерте дәуірде түріңце дыбысталғаньш дәлелдейді (-мар). Ортақ етіс қосымшасы бір кезде түрінде дыбысталган. Сөйтіп екі түрлі дыбысталған екі түлға қазіргі тілде дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде бір ғана сьшатта орныққан.

Түркі тіддерінің оғыз тобын түгелге жақын қамтыған үяндау (палатализация) процесі қыпшақ тобына тән емес. Басқа да қыпшақ тіддеріндегі сияқты, қазақ тілінде де сездің абсолют басында қатаң дауыссыздар, үяңдармен салыстырғанда, кебірек айтылады. Жалпы түркі тілдеріңдегі сездің абсолют басының "оғыздық" және "қыпшақтық" түрлерінің қалыптасуы соншалық ежелгі қүбылыс емес. Тарихи зерттеулер түркі тілдерінде сездің абсолют басының қатаң болғанын, яғни қатаң дыбыстардан ғана басталғанын дәледдеп отыр. Сездің басы тек қатаң дыбыстардан ғана басталуы, ежелгі дәуірлерде дауыссыздардың үяң, қатаң болып белінуі фонемалық дорежеде болмағандығын керсетеді. Ал кейін оғыз тіліндегі сездің абсолют басының үяңцауы созылыңқы дауыстылардың ықпалы дейтін пікір түркологияда қазір дәлелденіп отыр.1 Қазақ тіліңцегі бута мен пү/іш, бал мен пал, диірмен мең тиірмен, туз бен дуз төрізді плр.інлсльдер тілдік сондай күйдің қалдықтары.



Тілдің қазіргі морфологиялық қүрылымы — оның динамикалық дамуының жемісі. Тіл қүрамында динамикалық дамудың нәтижесінде қалыптасқан элементтермен қатар, көне дәуірдің куөсі боларлықтай фактілер де кездеседі. Сондықтан тілдің морфологиялық қүрылымының тарихи дамуы оны туыс тілдер материалдарымен, тіддік тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып зерттеу арқылы ғана емес, сол тілдің өз қүрамында қалыптасқан тілдік элементтерді зерттеу арқылы да ашылады. Қазіргі қазақ тілінің осы күнгі морфологиялық қүрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолын да аталған өдістерді қатар қолдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады.

Егер қазіргі қазақ тілінің фактілерін тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырсақ, онда бүгінгі тілімізде негізгі, я алғашқы түбір делініп жүрген біраз түбір сөздердің өзін алғашқы түбір мен өлі қосымшаға айыруға болатынын көреміз. Айталық, қазіргі тіліміздегі қартаю етістігін ескі жазбалар тіліндегі сондай сөзбен салыстырып, "Қутатқу білік "тілінде осы етістік қары (айқын етістік мәнінде) түрінде қолданылғандығын білеміз. Сонда қазіргі тіліміздегі қартай сөзінің қүрамыңдағы /и-ны байырғы түбірмен жымдасып кеткен ырықсыз етіс қосымшасы деп тануға тура келеді. Осы жай сол етістікті озімен түбірлес қария (кәрия) сьш есімімен салыстырғаңца тағы байқалады. Соңғы варианттар (қария, кәрия) қүрамында т элементі кездеспейді. Сондай-ақ, қазіргі тіліміздегі қалдық, тасқын, күрек, бақ, қайық, қысқаш сөздерін де алғашқы түбір мен "өлі" қосымшаға беліп қарауға әбден болады.



Морфологиялық элементтердің динамикалық дамуын қарас-тырғанда белгілі бір тілге тән түлғаларды, мүмкіңцігіне қарай, көне заман ескерткіштері фактілерімен де, туыс тілдер фактісімен де салыстыра қарау қажет. Мәселен, қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септік түлғасының шығу тегін айқыңцау үшін осындай салыстыру қажет. Егер V—VIII ғасыр ескеркіштерінде көмектес септік мәнін бірле шылау сезі берген болса, кейінгі дөуір ескерткіштерінде осы шылау бірлен, білен түрінде кездесіп отырады.Соңғы вариант сол күйінде қазіргі түркі тіддерінің көбіңде бар. О бастағы бірле сөзінің қүрамындағы р дыбысының түсіп қалуы түркі тілдерінің тарихына жат қүбылыс емес. Ал қазақ тілінің жергілікті говорларыңда кемектес септік жалғауының -мынан (-пынан) түрі кездеседі. Сөз басыңцағы м//б сәйкестігі түркі тілдер тарихында ескіден белгілі, қазір де бар қүбылыс. Сейтіп көмектес септік жалғауы -мен-пщ о бастағы генезисі бірле шылауы екені еш күмән туғызбайды.

Тілдің морфологиялық қүрылысының даму кезендерін білуде жерплікті ерекшеліктерді әдеби тіл нормаларымен, көне дөуір ескерткіштерімен және туыс тілдер материалдарымен салыстырып қараудың маңызы зор^Бүл түрғыда мынадай жай еске алынады: жергілікті ерекшеліктер барлық жағдайда тілдің кене дәуірінің қалдығы бола бермейді. Олардың едәуір бөлігі кейінгі кезеңдерде көрші халықтармен жиі қарым-қатынас жасап, араласудың салдары болуы да мүмкін. Алайда сонымен қатар, мына жай да ескерілуге тиіс: халықтың этникалық негізі көптеген ру-тайпалардан қү-ралғандықтан, қазіргі уақытта кейде оғыз тіддерінің белгісі, қарлүқ тілдерінің элементі деп жүргендердің біразы-ақ халықтардың қүрамына енген сол тайпалар тілдерінің қалдығы болуы да мүмкін. СбТГсебептен де жергілікті говорларда кездесетін бірсыпыра грамматикалық (морфологиялық) ерекшеліктердің тіліміздің морфологиялық қүрылымының тарихи даму жолдарын зерттеуде бағалы материал болуы әбден ықтимал жай. Мәселеге осы түрғыдан қарағаңда, оңтүстік қазақтарының тілінде кездесетін бүйрық райлық мән беретін -қын, -гын, (-кін, -гін), -ың, -ің, -қыл, -кіл, -гіл, бүйрық мәңці көптік қосымшасы -алы//елі, шығыс септік орнына-барыс, көмектес септік орнына шығыс септіктің қолданылуы, батыс қазақтарының тілінде кездесетін: бізің, сізің, мезгіл мәніңце барыс септік орнына қолданылатын: -ай//-ей, -ды//ді, -ты//ті, өткен шақ қосымшаларының орнына қолданылатын -улы//улі, жеткізу етістігінің жеттіру түрінде басқа аффикспен айтылуы, -ган есімшесінің орнына -аган//еген түлғасының қолданылуы, сүрау есімдіктерінің қанда, (қайда), қандайма (қандайда болса), қайшан (қашан) түлғаларында қолданылуы, жатқан етістігінің жатырған түрінде айтылуы (жат және жатыр сездерімен салыстырыңыз), кейбір есім түбірлерден өдеби тілде жоқ тәсілдер арқылы етістік түбірлердің жасалуы: сақ+ы (сақта), сақ+ын (сақтан), ен+е (ен салу), уят+та (уялт), қойыр, қойыру (қойылт), тіргіз (тірілт), кішірт, кішірту тәрізді кішірейткіш мәнді қосымшаларды атайды: -м: қарам, -л: көгал, -н, -ч, -ч (-ш): ақыш (өзбекше), көгіс (қазақша), -ч, -дж: ақша, азаматша, -қ, -к: жолақ, сопақ, буршақ, -с: қызылсы (қызгылт), т.б. Осы дара қосымшалардың сөз қүрамында өзара бірігуінен қазіргі түркі тілдеріндегі -лақ//-лек, -алақ//-елек, -ымдық//-імдік, -ымтыл// -імтіл, -ігылтым//-ігілтім, т.б. күрделі қосымшалар қалыптасты деп есептейді.1 Егер осылай деп қарасақ, қазақ тіліндегі ішімдік, саргалдақ, саргылтым, т.б. сөздер қүрамындагы қосымшаларды морфологиялық ығысу процесінің нәтижесінде дара қосымшалардың күрделенуінен қалыптасты деуіміз керек. Б. А. Серебренников түркі тілдері фактілерін фин-угор тілдерімен салыстыру арқылы септік жалғау қосымшаларының біразы-ақ ежелгі қосымшалардың өзара бірігіп, күрделенуінен қалыптасты деп қарайды.2

Қосымшалардың генезисі жайлы осы пікірлерді қорытыңдьшасақ, түркі тілдеріндегі қосымшалар жеке, дербес сөздердің синтаксистік конструкциялар қүрамында әр түрлі озгерістерге түсу арқылы қалыптасқанын мойындай отырып, бірсыпырасының о баста-ақ қосымша болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Қосымшалардың едәуір бөлігінің соңғы тәсіл арқылы қалыптасқаңдығына олардың кейбір топтарының тарихи жағынан синкретикалық қолданысы да дөлел бола алады. Кейбір қосымшалардың есім түбір қүрамында да, етістік түбір қүрамында да аморфтық күйге айналуы осыдан.

Н. К. Дмитриев түбірдің контекст қүрамының ерекшелігіне қарай не етістік, не есім ретінде үғынылуын етістіктердің грамматикалық класс ретінде дамуының бірінші сатысы деп көрсетеді. Ол есім түбірлер мен етістік түбірлердің грамматикалық жағынан айқын жіктелісі аффикстерді қолдану арқылы (екінші саты) қалыптасты деп қарайды.4 Осыған үқсас пікірді В. Котвич те айтады.

Семантикалық жағынан не заттық мәнді, не тек қана қимыл мәнін берген түбірлердің болуымен бірге, мағыналық жағынан жіктелмеген түбірлердің, қосымшалар арқылы жасалған негіздердің болғаңдығы қазіргі тіл фактілерімен де дәлелденуі мүмкін.

Түбірлердің синкретизмі. Тілдің морфологиялық қүрылысының даму ерекшелігі туралы айтқанда бір ескеретін жай - түбірлердің синкретизмі мәселесі. Бір кезде П. М. Мелиоранский Күлтегін ескерткішіне байланысты бірсыпыра қосымшалардың есім түбірге де, етістік түбірге де жалғануының себебі сірө түбір атаулының омонимдес болуынан шығар деген ой айтқан еді. Кейінгі уақытта да түркі тілдеріндегі есім, етістік түбірлердің омонимдігі проблемалық мәселе ретінде жиі сез болып жүр. Түбірлердің бүл ерекшелігі кебіне контекст қүрамында айқыңдалады. Етістік түбірдің есім мағынасы түрақты тіркестер қүрамында үшырасады. Мүның езі де түбірлердің есім, не етістік мәнінде жасалуы синтаксистік тәсіл арқылы (контекст қүрамында) ажыратылатынына дәлел.



Э. В. Севортян келтірген материалдарға негізінде қазақ тіліндегі мынадай үқсас түбірлерді корсетуге болады: аң түбірінен қазақ тілінде аңсыз (байқамсыз) сын есімі, сол түбірден аңда (кейде андау), аңса етістіктері жасалған. Бүлармен түбірлес аңсар сөзі аңсарым ауды түрақты тіркесіңде ғана сақталған. Аңды туыңды етістігі - актив сәз. Сол сияқты, аш — етістік, ашық — сын есім (өрекеттің нәтижесі), ашық - сын есім (түсті білдіреді), аш - сын есім. Қат - етістік, қат - зат есім (қат-қат жинау, қат-қат зат), осы түбірден: қатай, қатыр, қатқыл, қатаң, қатқақ - өрі етістік, әрі есім жасалған. Қат- етістік (тамаққа май қат), осы түбірден: қатық - зат есім (тамақтың қатығы жоқ). Тат — етістік (тамақтың дәмін тат), тат (тот) - зат есім (тат, тот басты), осы түбірден: тотық - етістіктің ашық рай түрі - тотықты, тотық - зат есім, татымды - сын есім, татып кетті — етістік. Бук — етістік (тізенді бүк), осы түбірден бүкте (материалды бүкте), бук - есім (бүк түсіп жатыр, асық бүк түсті). Тоң - зат есім (жер тоң болып қалды), тоң - етістік (ол тонды, жаурады). Сап - зат есім (күректің сабы), осы түбірден: сабақ (иненің сабағы), сапта (күректі сапта), сабақта (инені сабақта). Сабақ сөзінің қүрамындағы (а) л; өдетте етістіктен есім жасайтын қосымша, салыстырыңыз: та-ра-қ, сана-қ, ор-ақ, т.б. Той - етістік (тамаққа той), осы түбірден: тойын — етістік, тойым — зат есім, тойымды — сын есім, той — зат есім, осы түбірден: тойла - етістік. Үят - зат есім, уял - етістік, уяң - сын есім, ортақ түбір - уя өрі есімге, әрі етістікке негіз болған. Үйқы — зат есім, уйы — етістік, уя — зат есім, уйым — зат есім, уйымдас — етістік, уйымшыл — сын есім, ортақ түбір - уй. Сый - зат есім, сыйла — етістік, сыйлы — сын есім, сый - етістік, сыйы-ым-ды (кісі) - сын есім, бірақ - (ы)м- етістіктен есім (қимьш есімін) жасайтын қосымша, салыстырыңыз: кес-ім, шеш-ім, өлше-м, т.б. Арт — етістік (жүкті арт), арт (ы) — зат есім, ары, әрі — үстеу, арқа зат есім, осы түбірден: арқала — етістік, ортақ түбір — ар. Егер осы келтірілген мысалдарды байырғы түбірлер деп қарасақ, есімдер мен етістіктердің түбір сәйкестігін — бір ғана түбірден (немесе фонетикалық қүрамы бірдей түбірлерден) әрі есім, әрі етістік жасалғанын көреміз. Қазіргі қазақ тілінде түзу және түзел (ортақ түбір — түз), аусар және ауыш (әрі сын есім, әрі етістік, ортақ түбір -ау), сасы және сасық (ортақ сын есім, өрі етістік, ортақ түбір — ау), сасы және сасық (ортақ түбір — сас, бірақ ол "қысылу, қаймыгу " иәкт беретін сас етістігі болмаса керек), оқы және оқу (ортақ түбір — оқ, бүл түбір қазіргі түркі тілдерінде де осы сипатта айтылады), семіз және семір (ортақ түбір — сем), беркін және берік, тасқын және тасы, шалқақ және шалқы, ысы және ыстық, бықсы және бықсық тәрізді ортақ түбірлерден тараған ұялас етістіктер мен есімдерді жиі ұшыратамыз.

Алдыңғы топқа қарағанда, контекссіз-ақ бүлардың есім не етістік екенін оңай ажыратуға болады. Өйткені есімдер мен етістіктер әр қилы түлғаланған: есімдер есімге тән қосымшаларды, ал етістіктер өздеріне тән қосымшаларды (өрине, бүгінгі тілдің нормасы түрғысынан қарағанда) қабыддаған, яғни, бүл парлар морфологиялық түлғалар арқылы жіктеліп, ара жігін бөлген. Етістік пен есімге ортақ болып келетін осындай түбірлер әр түрлі қосымшаларды қабылдап, бірде есім, бірде етістік ретінде қалыптасқаны болмаса, қазіргі тілде өз алдына айтылудан, дара лексикалық мағына беруден қалып, тілдің пассив қорына айналып кеткен. Сол себептен олар бірде есім қүрамынан, бірде етістік қүрамынан кездесе береді. (Бүл арада айтылып отырған түжырымның тіліміздің бүгінгі нормасы түрғысынан ғана солай екенін ескерген жон).

Енді бір алуан түбірлер түрлі ыңғайда үшырасады. Мысалы, кең, кеңіс, кеңістік, тын, тыншы, тыныштық, үят, үял, үялу, ары, арық, арықтық, сен, сенім, сенімді, көн, көнік, көнікті, нан, наным, қан, қанық, қанықты сездерін шартты түрде екі топқа: алдыңғы екі созді (кең жөне тын) бір топқа, соңғыларды екінші топқа ажыратуға болар еді (өрине, тағы да қазіргі тілдің нормасы бойынша). Әйткені, кең және тын қазіргі қазақ тілінде тек қана есім есебінде үғынылады. Бірақ бір өзгешелігі: кеңіс, тыныш сездерінің қүрамындағы -іс, ыш аффикстері — әсте есім түбірлерге жалғанбайтын қосымшалар. Сонда бүл қүбылысты қалай түсінуге болады? Ал соңғы топтағы қосымшалардың үш түрі де қазіргі тілдің заңдылықтарын толық сақтаған: әуелі етістік, онан кейін қимыл есімін, содан соң есім жасайтын аффикс келген. Тек қана үят, үял, үялу сөздерінде бүл заңдылық сақталмаған. Етістік түлғасы есім түлғасын (үят) өзгерткен арнаулы аффикс (-л) қабылдаған да, қимыл есімі содан барып жасалған. Бүл фактілердің бөрі есім және етістік түбірлердің көп ретте бір-біріне ыңғайланып отыратынын байқатады. Бүл сөйкестік тек алғашқы (первичные) түбірлер ғана емес, кейінгі, екінші дәрежелі (вторичные) түбірлер түлғасында да байқалады. Э. В. Севортян бүларды синкретикалық негіздер деп атайды.

Н. К. Дмитриев, осыдан бүрын айтылғандай, етістіктердің тарихи қалыптасуының үш түрлі сатысын көрсетеді. Бірінші сатысы — етістік түбірлердің қазір байқауға болатын ең алғашқы кезеңі де, оның ерекшелігі есім мен етістік негіздерінің түлғалық сәйкестігінен көрінеді. Мүндай негіздер лексикалық единицалар тәрізді дербес түрып бөлектенбей, тек қана контекс қүрамында синтаксистік единицалар есебінде бір-бірінен жіктеліп түсінілген. Негіздердің дамуының келесі сатысы — есім мен етістік негіздердің бір-бірінен фонетикалық алмасулар (әрине, дыбыстық алмасулар) арқылы жіктелуі. Бүдан кейінгі кезендерде етістік жасаудың түрақты және негізгі жолы — аффиксация қалыптасқан, осы арқылы етістіктер мен есімдер бір-бірінен грамматикалық жағынан жіктеліп белінген. Сөйтіп бүл айтылғандардан шығатын қорытынды: тіл қүрамында есім негіздер мен етістік негіздердің жіктелуі — фонетикалық үқсас негіздердің тарихи дамуы барысыңда қалыптасқан қүбылыс. Сол себепті де бір-бірінен үқсас сөздер ежелгі дәуірде өсте дербес лексемалар емес, қайта контекс қүрамында ғана бір-бірінен срекшеленетін синтаксистік элементтер ғана болған. Қазіргі тіл қүрамындағы көш — есім, көш — етістік, ақ — етістік, ақ — сүйық зат (ағарған) тәрізді ыңғайлас сездер немесе бір ғана түбірден тараған, бір-бірінен аффикстер арқылы ғана ажыратылатын (бірақ тарихи мөні жағынан бір категорияға жататын) етістіктер мен есімдер біркезгі синкретизмнің рудименттік қалдығы.



Алайда есім мен етістік негіздерінің синкретизмі туралы айтқанда, олардың арасындағы мағыналық байланысты үмытуға болмайды. 1 і ііргі тілімізде көш — етістік және сол қимыддан туатын процесс п.IVі,і да - көш. Сол сияқты ақ — қимыл етістік, сол қимылдан
ц ійда болатын процесс атауы ақ — зат есім. Сөйтіп бір ғана с і икалық сипатта сақталып, екі түрлі грамматикалық мән алған.

Тілдің грамматикалық қүрылысының баяу өзгеретіндігі. Морфо-логиялық қүрылыстың дамуыңда үшырасатын тілдік процестер (мор-фологиялық жылысуы, аналогия, жіктелуі т.б.) олардың сөздің мор-фологиялық қүрамына әсері.



Сөз түбірінің дамуы. Байырғы түркі сездерінің бір буыңдылығы жайлы мәселе, ол туралы пікірлер. Алғашқы түбірдің сипаты туралы мәселе. "Жайылыңқы" түбірлер (Владимирцов, Мелиоранский). Создің буын санының үзарып, күрделенуі түркі тілдерінің қүры-лымдық ерекшелігі екендігі. Дыбыстық езгерістердің морфология-лық қүрылыс қүрамындағы езгерістермен байланыстылығы түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе. Синкретизм — қазіргі тілдегі омонимдес түбірлердің едәуір бөлігінің қалыптасуын тарихи түрғы-дан түсіндірудің негізі (Банг, Рамстедт, Мелиоранский). Дмитриев түбірлердің грамматикалық дамуының үш кезеңі туралы. Қазіргі тілдегі "елі" түбірлер туралы. Түбірлердің флексия қүрылысы арқы-лы жіктелісі жайлы мәселе, бүл қүбылыстың қазақ тіліндегі ізі. Ішкі флексия қүбылысының дыбыс сәйкестіктерімен, дыбыс өзгеріс-терімен байланысы және сингармониялық параллельдерге қатысы. Сөз негіздерінің тарихи екі түрі туралы (аш-ашық, ау-аг, ауыр-у). Қазіргі тілдегі байырғы түбірдердің тарихи түрғыдан "өлі" түбір мен қосымшаға жіктелетіні туралы.

Ескі түркі тіліндегі қос сез түрлері (қазақ тілімен салыстыру ыңға-йында). Ескі түркі тіліндегі күрделі сөздер, олардың қазақ тіліндегі баламалары (бірде күрделі сөз түрінде, бірде кірігіп кеткен — компо-ненттер дербестігін сақтай алмаған), өлі түбірге айналып кеткен сездер (өлім-жітім, некен-саяқ, қарақат, сүлесоқ).

Түбірдің тарихи сипаты. Қазіргі қазақ тілінде тын, қарт, қария, айт, кел, кет төрізді әр түрлі грамматикалық кластарға жататын сөздер — түбір (жалаң түбір) деп танылады да, айтыс, келіс, кетіс, қарттық, тыныш тәрізді сол түбірлерден әр түрлі аффикстер арқылы жасалған сөздер туынды түбірлер немесе туынды сөздер деп қаралады. Осы сөздерді өзара салыстырғанда, олардың өз арасында да кейбір алшақтықтар кездесетіндігі байқалады. Мысалы, қарт, қария, кәрі — бүл үшеуіне ортақ морфема қар-, -т, -йа, -і белгісіз қосымшалар, түбір қүрамына қатысы жоқ элементтер, айт, айтыс, айқай, ортақ түбір ай-, сонда айтыс сөзінің қүрамындағы қосымшалар -ыс және -т элементі, ал айқай алдыңғылармен түбірлес екені мағыналық байланысынан көрінеді. Кейде бір-бірімен тікелей мағыналық байланысы жоқ сөздерді салыстыру арқылы да ортақ түбірді ажыратуға болады: кел, кет, кері сыртқы өзгешелік бүл сөздердің соңғы дыбыстарында ғана, ал алғашқы беліктері бірыңғай (ке-), қал, қайт, қайыр етістіктерін өзара салыстырғанда да алдыңғы морфемалар бірыңғай да (қа-), -л, (й) т-, (й) ыр морфемалары ғана езгеше болып шығады. Бүл фактілер кейбір антонимдік қатынасты сез.парларының қалыптасуы да белгілі дәрежеде арнаулы аффикстер арқылы болғандығын керсетеді. Қысқасы, осы азғана фактілер тобына жасалған талдаудың әзі де (және тек бір ғана тіл ыңғайында) қазіргі тіл нормалары бойынша бөліп-жаруға келмейтін жалаң түбір деп қаралатын сөздердің недәуір тобы "мағынасыз" түбірлер мен "белгісіз" қосымшаларға ажырайтындығын көрсетеді.

Олардың арғы негізі жайлы қазіргі түркологиядағы екі пікір: а) олардың арғы негізі дербес сөздер деп қарайтын көзқа-рас; ә) кез келген қосымшаның арғы негізі дербес сөз деп қарауға бола бермейтіндігі, олардың біразының о баста-ақ қосымша екендігі жайлы, бүл пікірлерді дәлелдейтін фактілер. Қосымшалардың синкретизмі, ескі түркі тіліндегі бүл қүбылыстың іздері. Қазіргі тілдегі грамматикалық кластар бойынша жіктелген қосымшалар тіл дамуы-ның соңғы, жоғарғы сатысының жемісі екендігі. Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері. Аффиксация, оның шығуы мен қалыптасуы жайлы. Субстантивация, сөздің синтаксистік қол-данылуы - сездердің грамматикалық кластарға жіктелуінің негізгі тәсілдерінің бірі. Сөз таптарының шығуы мен қалыптасуы. Сәздердің грамматика-лық кластарға жіктелуі жайлы пікірлер. Ескі түркі (Орхон-Енисей жазбалары), орта ғасырлық түркі тілдерінде (Қашқари, Абу-Хайян, "Кодекс куманикус" материалдары бойынша) сөздердің морфоло-гиялық топтарға жіктелуінің қазақ тіліне үқсас әзгеше қүбылыста-ры. Ерекше қүбылыстардың тарихи-тілдік негіздері.

Қазақ тілінің, жалпы түркі тілдерінің түбір морфемасы жайлы сөз қозғалғаңда, түбірдің фонетикалық қүрылысы мен сыпаты, аумақ көлемі жайлы мәселеге соқпай өту мүмкін емес. Мәселе мынада: түркі сөздерінің байырғы түбір морфемасы бір буынды болып келеді. Сейтіп түбір морфема екінші жағынан буын ретінде де үғынылады. Сондықтан да алғашқы түбір, негізгі түбір дейтін үғымдар сол түбірді қүрайтын буынның сыпаты жайлы үғыммен тығыз байланысты болады. Лексикалық қордың үйтқысы бір буынды түбірлер болуы тек қана түркі тілдерінің емес, жалпы алтай тобына жататын тілдердің ортақ ерекшелігі болып табылады. Бүл ерекшелік, яғниібайырғы түбірдің бір буындылығы, қазіргі түркі тілдерінің бойында да сақталған. Қазіргі қазақ тілінің сездік қорында бір буынды түбірлер, екі томдық "Қазақ тілінің түсіңдірме сөздігі" бойынша 60 процентке жуық, яғни, қазіргі қазақ тілінің сөздік қорының жарымынан кобі тек қана бір буынды түбірлер. Сәз топтары ьщғайынан қарастырғанда, етістіктер қүрамында бір буынды түбірлердің саны екі буындыларға қарағанда әлдеқайда аз, бірақ сол азғана топ бір буындылар барлық етістіктердің үйтқысы болып отырады.



Бір буыңды түбірлер аффиксацияның нәтижесінде көп буындыға (екі буынды, кейде үш буынды) айналып, кейін осының езі түрақты қүбылысқа айналған. Қазіргі тілдегі екі буынды байырғы түбірлердің кебісі-ақ жай кәздің өзіне де байырғы түбір мен қосымшаға ажырайды. Мысалы, аршы, ашы, айық, үрік тәрізді етістіктерді арық, ашшы, үркек есімдерімен және айыр етістігімен салыстырғанда, ортақ түбірлер ар-, аш-, ай-, -үр шығады.

Дегенмен, екі буындылардың (тіпті кейбір үш буындылардың да) қалыптасуын беріде болған қүбылыс деп қарауға болмайды. Егер хронологиялық жүйемен қарастырсақ, бір буындылармен қатар 2—3 буынды түбірлердің актив қолданылуын Ү-ҮІІІ ғ. ескерткіштерінен үшыратамыз. Орхон-Енисей тобына жататын ескерткіштер ішіндегі ежелгілерінің бірі, зерттеулерге қарағанда, Енисей ескерткіштері. И. А. Батманов бір буындылармен қатар екі буынды түбірлердің, сондай-ақ үш буынды түбірлердің де Енисей ескерткіштері тілінен кездесетіндігін, бірақ бір буындылардың басымдығын көрсетеді. Орхон ескерткіштерін зерттеуші Ғ. Айдаров ол жазбалар тілінде түбір зат есімдердің кебіне бір буынды, екі буынды болып отыратындығын көрсетеді. Ал үш буынды зат есімдер күрделі сөз түрінде келетіндігін айтады. Бірақ Ғ. Айдаров зерттеуінше етістік түбірлер тек бір буынды, не екі буынды ғана болып келеді.2 Дегенмен, сол екі буынды етістік түбірлердің кейбірін түбір мен қосымшаға ажыратуға болады. Ғ. Айдаров керсететін уды (үйықтау) етістігін сол жазбаларда кездесетін у есімімен салыстыруға болады, сонда соңғы -ды қосымша болып шығады, сол сияқты йасы, тыңда, йаңыл тіс гіктерін де түбір (йас, тың, йаң) мен қосымшаға ажыратуға әбден болды. Көне үйғыр жазбалары тілін жете зерттеген В. М. Насилов сондай ескі қалдықтарды салыстыру арқылы дөлелдене алады. Түркі тілдерінің көпшілігіндегі сияқты, қазақ тілі де көне түркілік г, г, д, б дыбыстарының дауысты дыбыстармен тіркесі дифтонгілерге айналған тілдер тобына жатады. Бірақ қазақ тілінде дифтонгілермен айтылатын түбірлермен қатар, көне г, г, д, ^дыбыстарының жаңа сапаға — қатаңға айналған түрін сақтаған да сөздер бар. Қазіргі қазақ тілінде екі топ параллельдер (әрине, тарихи) үшырасады. Бір тобы дыбыстардың жоғарғы айтылған тарихи ауысуларының негізінде қалыптасқандар. Бірақ ондай түбірлер сан жағынан аз. Олар: бій, бек, сөз, сап (сөз саптау тіркесінің қүрамында), тақ, тау, сық (бір нәрсені сықты), сый (сыйып отырды), тоқ, той тәрізді түбір сөздер. Бүлардың бір сыңары "жаңа" дыбыстармен (у, й) айтылса, екінші сыңары көне түркілік г, г дыбыстарының қатаңдаған тарихи варианттарымен келген. Мүндай тарихи параллельдердің екінші бір тобының ерекшелігі мынада: олардың бір сыңары дербес сөз болып келсе, екінші сыңары туынды сөз (туынды түбір) қүрамында ғана сақталып қалған. Қазақ тілінде, егер дыбыстардың тарихи ауысуларын еске алсақ, мынадай сөздерді салыстыру жолымен тарихи түбір деп қарауға болады: сау//(саушылық, сау кісі, сауыгу), сақаю (сақайды, сақайып келеді), МҚ: саг, ій: ійілді, иілді — бугілді, егілді, егіліп кетті, егіл-тегіл, МҚ: егді (ійді), егілді (ійілді), егішді (ійісті), егседім (егсе-дім — ійгім келді), қый (шаш қию, жіпті қию), қырқ (жун қырқу, бір нәрсенің артық жерін қырқу). Мына дыбыс ауысуы бар: р>з>й, бақ (багып отырды, бақты), байқа (байқап отырды, байқады), Малов: бақ — смотреть, МҚ: бақды (бақты, қарады), бақыш (қарап, байқап отыру), бақыг (багу, көз тастау), жау (жауды), жаңбыр, МҚ: йагмур, жай, жайыл, жадыра (кәңілі жайланды, кәңілі жадырады), Малов: йад (распространять), йадрат (распустить хвост, распустить), йадыл (распространяться). Сөйтіп көне түркілік материалдарды ескерсек, қазақ тілінде екі түрлі ыңғайда қодданылатын сөздер бір түбірдің екі варианты екенін көреміз. Сой, сойым (сойымдық мал), соғым, ортақ түбір сог (й<г), пыс (диал, ас пысты), пысық (пысық кісі), МҚ: бышыг — дайындалган піскен, бышыг аш — дайындалган, піскен, бышыг аш — дайындалган, піскен ас, бышыг ет — дайындалган, піскен ет. Қазақ тілінде әдеби норма ретінде бүл сөздің жіңішке айтылатын варианты орнықты. Көне түркі тілінде қат етістігі, қатыг сын есімі, қатыгдан етістігі, қатыгды үстеуі қолданылған. (ДТС, 432-433). Осы сөздер қазақ тіліңде қат (еш езгеріссіз), қату, қатулан, қатты түрінде айтылады. Байырғы түбір (қат) еш өзгеріске түспесе де, туынды түбірлер фонетикалық езгеріске үшырағаны мәлім: -ыг>у, қату, қатулан, содан соң сол буынның сөз ортасында элизияға үшырауы: қатыгды>қат(ыг)ды>қатты. Қазақ тіліңдегі пышақ зат есіміне негіз болған етістік сөз еркін қолданылмайды. Әуелі етістік түбірден жасалғандығы соңғы қосымшадан ғана байқалады. Бірақ осымен мәндес піш (киім піш) етістігі бар. Малов: быч — резать, бычку — нож, түр: бычку — пила, азерб: пычгы — нож. Мүнан сөз соңындағы аффрикатгың жалаң дыбысқа айналуын, оның басқа бір буынды созге негіз болуын, бірақ екі ортадағы мағыналық байланыстық әлсіреуін байқауға болады. Қазақ тіліндегі аудар, аудыр, ауыс, ауна, ауытқы, аума (аумаған: өзі әкесінен аумаған) туынды түбірлері ау байырғы түбірінен тарағандығын олардың арасындағы мағыналық байланыс дәлелдейді. Алайда осы түбірлердің ақтар, ақтарыл етістіктерімен байланысы жай көзге байқала бермейді. Кене түркі тілінде аган — быть низвергнутым, агна — валяться, биться, агтар — повергать, агтарыл — быть поверженным, повернуться, опрокинуться (ДТС, 17 — 23). Коне түркілік етістік түбір ер түрлі түлғалану (бірде -ан, бірде -на немесе -тар) арқылы әр түрлі грамматикалық үстеме мәнерлерге ие болған. Қазақ тілінде бүл сез екі түрлі фонетикалық сипатта орныққан. Соның саддарынан ақтар мен аудар туынды түбірлері тікелей түбірлес дәрежесінде ұғынылмайды.

Дыбыстардың тарихи ауысулары арқылы езгерген бірқатар түбірлер қазіргі тілде дербес күйіңде емес, тарихи негіздердің ғана қүрамында орнығуы да кездеседі. Кейбір фактілер келтірейік: жақын, жуық соңгы —ын, -ық қосымша, екі сезге де негіз болған түбір — жаг. Малов: йагут (жақындату, етістік, түбірі — йаг, -ут қосымша), йағыл (етістік, жақында, -ыл қосымша), йагуқ (жақын, есім), йагру (жақында, үстеу), жугір, жуйрік, жуйткі (г>й), жуг — жуй, Малов: йугрук ат (жүйрік ат), йугур (жүгір), ауна, ақтар (бір нерсені аударды, ақтарды), МҚ: агнатты (аунатты), ақтарды (ақтарды, жерді аударып айдады), бауызда (мадды бауыздады, тамағынан буындырды), Малов: баг — душить, богуз — горло, богузлан — бытъ заколотым, бау < баг, МҚ: богды — буындырды, сықты, богаз — тамақ, боглунды — буынды, баг//баг>бау//бу. Сейтіп қазақ тіліндегі бауызда, буын етістіктері қүрамындағы түбір қазір дербес қолданылмайтын, бірақ тарихи негіздер қүрамында екі түрлі вариантта сақталған бір түбір болып шығады. Бүл керсетілгендерге дербес зат есім түрінде айтылатын бугалық сезін қосу керек. Қурга, қура (шеп қурады, сулы зат қүрғады), Малов: қуру - высохнуть, быть сухим, қуруг — сухое дерево, қурут — сушить, куры — сохнуть, быть сухим. МҚ: қур — қурғақ (оғызша), қурыды — қүрғады. Олай болса, қазақ тіліңдегі қурга, қура етістіктері нәтижесі. Соның салдарынан етістік түбір мен сын есім түлғасы сыртқы пішіні жағынан бірдей болып шыққан. Екінші сөзбен, бүл жерде фонетикалық конвергенция қүбылысының нәтижесін көреміз.




жүктеу 54,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау