Септеу категориясының дамуы. Ескі түркі, орта түркі тілдеріндегі септіктер жүйесі. Ол дәуірлердегі түркі тілінде септіктердің сан жа-ғынан молдығы. Ол тілдерде актив қолданылған септіктердің кейбірі жеке сөздер қүрамында "өлі" қосымща ретінде кездесуі. Септік жүйесінің дамуында байқалатын ерекшеліктер: а) кейбір жалғаулар-дың қолданудан шығуымен байланысты бірнеше түлғаға тән грам-матикалық мәндердің бір түлғаға шоғырлануы; ә) септік түлғалары варианттарының азаюы; б) септік жалғауының әрқайсысының грам-матикалық мәні мен қызметінің саралануы; в) тілдің ескі дәуірінде үшырасатын септік жалғаулары арасындағы параллель қолданыстың грамматикалық мәнер алып, синонимдік қатар қүратындығы. Септеудің екі түрі: тәуеддеулі (посессивтік) септеу, жай септеу. Тәуелдеулі септеудің белгілі бір кезендердегі басымдылығы. Оның септеу категориясының кейінгі дамуына әсері, қазіргі тіл қүрамындағы іздері. Септік жалғауларының грамматикалық мәні мен қызметінің сара-лануына меңгеруші сөздің грамматикалық, лексикалық дамуының әсері. Атау септігі. Орхон-Енисей жазбалары тіліндегі атау түлғасының қызметі мен мәні (салыстырма ыңғайында). Атау септігінің грамма-тикалық түлғасы жайлы мәселе, ол туралы алтаистикадағы пікірлер. Ілік септігінің У-ҮІІІ ғасыр жазбаларында қолданылу ерекшелігі, оның қазіргі тілдегі керінісі. Ілік түлғасының генезисі (-дақ-дік, тақ-тік, -нікі-дікі-тікі жүрнақтарымен тектестігі), басқа септік жалғау-ларымен байланысы жайындағы мәселе (менің-ге, менің-де, менің-мен), ілік жалғауының ескі түлғасының жеке сөздер қүрамындағы кейбір "елі" қосымшалармен байланысы жайлы пікірлер. Ілік септі-гінің меншіктілікпен, тәуелділікпен байланысты даму зандылығы.
Барыс септік тұлғаларының Ү-УІІІ ғ., орта ғасыр (Қашқари) жаз-баларындағы әр түрлілігі, олардың арасында байқалатын кейбір ма-ғыналық дифференсация (гару-геру, -га-ге, йа-йе, -қа-ңа). Ескі қып-шақ тілі ескерткіштерінде кездесетін түлғалар, "Кодекс куманикустегі" мүнар (бүған), бармага формалары. Қазақ фольклоры тілінде барыс септік түлғаларының қолданылу ерекшеліктері. Барыс септіктің қол-данысының саралануы. Жеке сөздер қүрамында барыстың ескі түлға-сының сақталуы. Қазіргі түркі тілдеріндегі барыс жалғауының екі түрі. Оның себептері жайлы пікірлер. Барыс жалғауының генезисі, тарихи қүрамы.
Достарыңызбен бөлісу: |