Тұлғааралық қатынас -бұл екі немесе одан да көп адамның бір-бірімен ақпарат, мағыналар, эмоциялар немесе идеялар алмасу процесі. Бұл алмасуды ауызша да, вербальды емес те жүзеге асыруға болады, ал жалпы алғанда оны жеке түрде жүргізу керек деп санайды.
Тұлғааралық қарым-қатынас процесі барлық процестер мен элементтерді қамтиды және тек айтылғанмен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар оның айтылу жолымен, контекстпен және басқа элементтермен қарапайым көзбен анықтау оңай емес. . Шындығында, адамдар арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі вербалды емес деп саналады.
Тұлғааралық қарым-қатынас белгілері:қатысушылардың психологиялық жақындығы,бір-бірінің ерекшеліктерін білуі,бірге күйзелуі,өзара түсінушілігі,ортақ қызметтестігі.
Қарым-қатынастың процесінде үш түрлі өзара байланыс анықталды:
- перцептивті (қарым-қатынаста өзара қабылдау, өзара бағалау),
- интерактивті (әңгімелесунінің өзара әсерлесуін реттеу),
- коммуникативті (ақпарат алмасу).
Қарым-қатынас құралы – ақпарат алмасу кезіндегі операция. Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады:
- вербалды,
- вербалды емес.
Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.
Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимка, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.
Тұлғааралық қарым-қатынастың түрлері
Мақсатына қарай қарым-қатынас психологиясы тұлғааралық қарым-қатынастың үш түрін ажыратады:императив(бұйрық),манипуляция(айпа),диалог(қос сөз).
Императивтік немесе әміршіл қарым-қатынас-өз қарым-қатынасының серігінің тәртібімен іс-әрекетіне бақылау жасау мақсаттарындағы әсер етудің авторитарлық,директивтік формасы.
Манипуляция,алдап арбау қарым қатынасы -бұл қарым-қатынас партнерін өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс-әрекет.
Диалог қарым-қатынасы.Бұл-тең құқықтық субъедктілердің арақатынасы,қарым-қатынастың мақсаты өзін-өзі және өзгені тану,білу және дамыту.
Орындаған:Есенғали Ғайни фөт22-025к
Достарыңызбен бөлісу: |