- Сабақтың түрі: теориялық
- Сабақтың типі: аралас
- Сабақтың мақсаттары:
- Білімділік: жүктерге көліктік таңба салудың түрлерімен таныстыру, білім алушылардың білімдерін кеңейту
- Дамытушылық:
- Сабақ барысында проблемалық жағдайлар тудыру, деңгейлік тапсырмалар үйлестіру, жарыстар өткізу сияқты әдістерді қолдану арқылы, білім алушылардың бойындағы мамандық бойынша қабілеттерді қалыптастыру және одан әрі жетілдіру.
- Тәрбиелік:
- Білім алушылардың жаңа сабак тақырыбына қызықтыру арқылы өз мамандығына қызығушылығы мен сүйіспеншілігін, жұмысқа деген ынтасын, жауапкершілігін арттыруға тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын сұрау - Тақырыбы: «Жүктердің көліктік
- қасиеттері , сипаттамалары және жүктердің жіктелуі»
- Жүктің көліктік сипаттамасы оның тасымалдау, тиеу, сақтау режимдерін, сондай-ақ _____________________________________________________.
- Текше метрге келетін килограмм мөлшері тығыздық бірлігі болып табылады, бірақ ________________________________________.
- Грануломертиялық құрам жүктің әртүрлі фракцияларының бөлшектерге келетін мөлшерін көрсетеді, ол _______________________________________________________.
- Жүктерді жіктеу тасымалданатын жүктердің түрі мен күйіне, _____________________________________________________________.
- Ақтарылатын жүктерге ағаш, ағаш сүрегі, тас, металл сынықтары, металдар, болат құймалары секілді вагондарға тиеу кезінде _____________________________________________________________.
- Цистерналарға және ашық вагондарға ____________________________________________________________.
Жүктерге көлік таңбасын салу - Қаралатын сұрақтар:
- 1. Таңбаларға жалпы шолу
- 2. Көлік таңбасының түрлері
- 3. Көлік таңбасын салу тәртібі
Дәріс - Жүк қабылдау ережелеріне сәйкес жүк жөнелтуші дара жүктерге көлік таңбасын салуға міндетті.Көлік таңбасының мазмұны оны салу орны мен әдісі , орналастыру орны , таңбалайтын тапсырмалар мен жазулардың өлшемі «Жүктерді таңбалау» ГОСТ – 14192-96 мемлекеттік стандартқа сай болуы тиіс. Көлік таңбасы 4 түрге бөлінеді .
Негізгі жазулар мыналардан тұрады: -
- • жүк қабылдаушының толық немесе қысқартылған атауы;
- • жүк баратын стансаның толық атауы;
- • жөнелтілімдегі жүк орнының саны және жөнелтілім ішіндегі орынның реттік нөмірі (бөлшекиен көрсетіледі: алымында – жөнелтілімдегі орынның реттік нөмірі, бөлімінде – жөнелтілімдегі орындар саны).
-
Қосымша жазуларда мыналар болуы тиіс: - • жөнелту стансасы мен тасымалдаушыны көрсете отырып, жөнелту пунктінің атауын жазу;
- • жүкті ұсақ жөнелтілімдермен тасымалдауда әрбір жүк орнына теміржол таңбасын түсіру қажет.
Теміржол таңбасы – бөлшектен тұрады: алымында – тасымалдаушының маркасы және сызықша арқылы – жөнелтілімдегі орындар саны; бөлімінде - № 4 Тарифтік нұсқауға сәйкес жөнелту стансасының коды жазылады. - Теміржол таңбасы – бөлшектен тұрады: алымында – тасымалдаушының маркасы және сызықша арқылы – жөнелтілімдегі орындар саны; бөлімінде - № 4 Тарифтік нұсқауға сәйкес жөнелту стансасының коды жазылады.
- Мысалы: 324-6
- 289503 мұндағы: алымындағы тасымалдаушының маркасы, 6 - саны жөнелтілімдегі жүк орнының саны, ал бөліміндегі жөнелту стансанының коды.
Жүк жөнелтуші теміржол маркасын тасымалдауға берместен бұрын салады. Бұл марканы сондай-ақ тасымалдау құжаттарыныңтиісті графаларында көрсетеді. Теміржол маркасының болуы тасымалдау құжаттары мен жүк бөлініп қалған жағдайда оны іздеп табуды тездетеді, жүк қабылдап алушылардың жауаптылығын белгілеуге мүмкіндік береді. - Жүк жөнелтуші теміржол маркасын тасымалдауға берместен бұрын салады. Бұл марканы сондай-ақ тасымалдау құжаттарыныңтиісті графаларында көрсетеді. Теміржол маркасының болуы тасымалдау құжаттары мен жүк бөлініп қалған жағдайда оны іздеп табуды тездетеді, жүк қабылдап алушылардың жауаптылығын белгілеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық жазулар – жүк орнының килограммен көрсетілген брутто массасы мен нетто массасын білдіреді. Нетто массасының орнына бұйымның мөлшерін дана түрінде көрсетіледі . Егерде буып-түйілген өнімді сипаттайтын таңбада жүк орнының габариттік өлшемдерін сантиметрмен - Ақпараттық жазулар – жүк орнының килограммен көрсетілген брутто массасы мен нетто массасын білдіреді. Нетто массасының орнына бұйымның мөлшерін дана түрінде көрсетіледі . Егерде буып-түйілген өнімді сипаттайтын таңбада жүк орнының габариттік өлшемдерін сантиметрмен
- ( ұзындығы, ені мен биіктігі ) көрсетілетін жағдайда бұл деректерді түсірмеуге болады. Жүкті ашық жылжымалы құрамда тасымалдауға габариттік өлшемдері 1 м-ден, ал жабық вагонда – 1,2 м-ден аспайтын болса, мұндай өлшемдер көрсетілмейді.
Әр түрлі таңбалар – бұл жүпен жұмыс істеу - Әр түрлі таңбалар – бұл жүпен жұмыс істеу
- әдістерін көрсететін кескіндер немесе суреттер. Мұндай таңбаларды салу өнімнің стандарттары мен техникалық шарттарын талап етеді. Егер жүкпен жұмыс істеу әдісін әр түрлі таңбалармен көрсету мүмкін болмаса , ескертпе жазуларды пайдалану рұқсат етілген.
Әрбір жүк орнына көлік таңбасы салынуы тиіс Үйілген және ақтара төгілетін жүкті тасымалдауда көлік таңбасы салынбайды. Көлік таңбасы тікелей қағаз, картон , металл және басқа да жапсырмаларға салынады. Жүк ұзақ сақталатын жағдайда ашық жылжымалы құраммен тасымалдауда таңбаны тікелей жүк орындарына салуға рұқсат етіледі. Жапсырмаларға таңбаны баспаханалық, баспа әдістерімен, трафаретпен бояу, күйдіру, таңбалау машиналары арқылы салады. Тікелей жәшіктің сыртына да көлік таңбасы түсіріледі - Әрбір жүк орнына көлік таңбасы салынуы тиіс Үйілген және ақтара төгілетін жүкті тасымалдауда көлік таңбасы салынбайды. Көлік таңбасы тікелей қағаз, картон , металл және басқа да жапсырмаларға салынады. Жүк ұзақ сақталатын жағдайда ашық жылжымалы құраммен тасымалдауда таңбаны тікелей жүк орындарына салуға рұқсат етіледі. Жапсырмаларға таңбаны баспаханалық, баспа әдістерімен, трафаретпен бояу, күйдіру, таңбалау машиналары арқылы салады. Тікелей жәшіктің сыртына да көлік таңбасы түсіріледі
Жүк жөнелтушілер мен көлік стансалары таңбалау ережелері мен стандарттарының талаптарын қатаң сақтауы тиіс; өйткені осылар арқылы жүк пен тасымалдау құжаттары арасында байланыс орнатылды, кімге тиесілі екені оңай айқындалады, жүкті сақтау кезінде және сақтық шаралары туралы қызметкерлерге ақпарат беріледі. - Жүк жөнелтушілер мен көлік стансалары таңбалау ережелері мен стандарттарының талаптарын қатаң сақтауы тиіс; өйткені осылар арқылы жүк пен тасымалдау құжаттары арасында байланыс орнатылды, кімге тиесілі екені оңай айқындалады, жүкті сақтау кезінде және сақтық шаралары туралы қызметкерлерге ақпарат беріледі.
Тест сұрақтары - 1. Көлік таңбасындағы негізгі жазулар
- А) көлік таңбасын салу
- Б) жүк баратын стансаның толық атауы
- В) теміржол таңбасы
- 2. Ақпараттық жазулардың сипаттамасы
- А) жүк орнының килограммен көрсетілген брутто мен нетто массасы
- Б) әр түрлі таңбалардың қойылуы
- В) жөнелтілім ішіндегі орынның реттік нөмір
- 3. Әр түрлі таңбалар- бұл ..... көрсететін кескіндеу
- А) габариттік өлшемдерді
- Б) жүктердің жеткізілу мерзімі
- В) жүкпен жұмыс істеу әдістерін
4. Көлік таңбасы .... жапсырмаларына салынуы тиіс - 4. Көлік таңбасы .... жапсырмаларына салынуы тиіс
- А) қағаз, картон, металл
- Б) шамалы жылдамдықпен жүру
- В) үйілген және ақтара төгілетін жүкті тасымалдауда
- 5. Тасымалдау шарты бойынша өз атынан немесе жүк иесінің атынан әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға
- А) жү жөнелтуші
- Б) жүк қабылдаушы
- В) тасымалдаушы
- 6. Темір жол таңбасы ... тұрады
- А) бөлшектен
- Б) әр түрлі үлгідегі ыдыстан
- В) сигналдардың электрлік орталықтандырылуынан
7. Теміржол маркасы болуының себебі .... - 7. Теміржол маркасы болуының себебі ....
- А) жүк жөнелтуге дайындау шаралары
- Б) тасымалдау құжаттары мен жүк бөлініп қалған жағдайда тездетіп табу
- В) көлік пакеттері мен бумалары
- 8. Ескертпе жазуларды қолдану қандай жағдайларда рұқсат етіледі:
- А) вагондап жөнелтілу
- Б) жүкпен жұмыс істеу әдістері таңбаланса
- В) жүкпен жұмыс істеу әдісін әр түрлі таңбалармен көрсету мүмкін болмаса
- 9. Жапсырмаларға таңбалар .... арқылы салынады
- А) трафаретпен бояу, күйдіру, таңбалау машиналары
- Б) блоктау бағдаршамының
- В) жапсырма жабыстыру
- 10. Жүк дегеніміз не ?
- А) зат
- Б) заңдық акт
- В) белгіленген тәртіп бойынша контейнермен тасымалданатын нысан.
Үйге тапсырма беру - Бекжанова С. Е. «Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстардың негіздері» 4 бөлім §11,2 Жүктерге көліктік таңба салу 102-105 беттер
- А) Бүгінгі лекциямен түсінік дайындау
- Б) Қосымша әдебиеттерден, интернеттен осы тақырып бойынша мәлеметтер жинау
Достарыңызбен бөлісу: |