2.3-сурет. Жолаушы ағынының өзгеруі:
а – тәуліктің сағаттары бойынша; б – аптаның күндері бойынша; в – айлар бойынша; г – желінің учаскелері және бағыты бойынша
Қала маңындағы және қала аралық желілердегі жолаушы ағынының сипаты
Қала маңындағы желілерде көлік қаладан шыққанда жолаушыға толы болады да (2.4-сурет), жол-жөнекей жолаушылар тек көліктен түсіп отырады (тарату желісі). Ал, көлік қалаға қарай жүргенде, әдетте, аялдамалардан жолаушылар тек қана көлікке отырады да, соңғы бекетке дейін барады (жинақтау желісі)[2].
Достарыңызбен бөлісу: |