Аязбай м. Д., Имандосов а. Т., Семернин а. Н. Жолаушылар тасымалын жобалау



жүктеу 1,43 Mb.
бет10/55
Дата15.03.2022
өлшемі1,43 Mb.
#37823
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Aiazbai Sholaushlar tasmalyn shobalau.rar-конвертирован01

Жылжу мақсаты өте көп және әртүрлі. Соған қарамастан оларды үш үлкен топқа бөлуге болады: еңбек, іскерлік және мәдени-тұрмыстық.

Е ң б е к е т у м а қ с а т ы н д а жұмысшылар мен қызметшілердің үйінен жұмыс орнына және кері, оқушылардың оқу орнына және кері жылжуы бұл қажеттілік. Бұл жылжығыштық тұрақты болып келеді және тұрғындардың жалпы жылжығыштығының 75 %-ін құрайды[3].

І с к е р л і к ж ы л ж у л а р , бұл жұмысшылар мен қызметшілердің жұмыс күні бойында қызметтік мәселелерді шешу мақсатында, білімгерлердің кітапханаға бару мақсатында және т.б. жылжулар. Олар онша көп емес.

М ә д е н и - т ұ р м ы с т ы қ мақсаттағы жылжуларға еңбек және оқу міндеттерін орындауға байланысты жылжулар жатады: дүкенге, киноға, саябаққа, қонаққа т.б. бару. Бұл жылжулар тасымалдау жұмысының едәуір бөлігін қамтиды, бірақ оны есептеу және жоспарлау өте қиын. Тек қана болжамдау мүмкін.



    1. Көлік торабының тығыздығы

К ө л і к т о р а б ы н ы ң т ы ғ ы з д ы ғ ы деп елді мекеннің 1 км2 қоныстанған ауданына тура келетін желілік жолаушы көлігі қозғалыс жасай алатын магистралдық көшелер линиясының ұзындығын айтады[3]:




  Lс ,

F

(1.4)

мұндағы δ көлік торабының тығыздығы, км/км2; Lcкөше-жол торабының ұзындығы, км; F – елді мекеннің ауданы, км2.

Мысал 1.1. Тұрғындардың саны 250 мың болатын қалада жыл бойы 67,5 млн жолаушы тасымалданғаны белгілі болса, қала тұрғындарының көлікпен орташа жылжығыштығын анықтаңыз[4]?

Демек, берілгені: Кж = 250000; Qг = 67500 000 адам. Табу керек: Ртр ?


Ш е ш у і . (1.1) өрнегін пайдаланып, қала тұрғындарының көлікпен орташа жылжығыштығын анықтаймыз[4]:

Ртр=Qг/Кж = 67 500 000: 250 000=270.

Жауабы: Ртр=270.

Мысал 1.2. Қаланың Кж=39 мың тұрғыны бар. Әрбір тұрғынның орташа жылдық жылжығыштығы Ртр=285 екендігі белгілі болса, бір жылда тасымалданған жолаушы санын Qг анықтаңыз.

Яғни, берілген: Кж = 39000 адам; Ртр = 285. Табу керек: Qг ?

Ш е ш у і . Есепті шешу үшін (3.1) өрнегін пайдаланамыз:

Ртр = Qг/Кж

мұндағы Ртр бір жылдағы тұрғындардың көлікпен жылжулар саны;



Qг бір жылда көлікпен тасымалданған жолаушыларлар саны;

Кж елді мекендегі тұрғындар саны.

Бұл өрнекті алдымен түрлендіріп аламыз, одан соң мәндерін орындарына қоя отырып бір жылда тасымалданған жолаушылар санын анықтаймыз:



Qг = КжРтр = 39 000×285=11 115000 адам.

Жауабы: Р=11 115000 адам.

Мысал 1.3. Қалалық көлік құралдары жәрдемінде жыл бойы Qг=110 млн жолаушы тасымалданған. Тұғындардың орташа жылдық көлікпен жылжығыштығы Ртр=400. Тұрғындар санын Кж анықтаңыздар[4].

Яғни, берілген: Qг = 110 000 000 адам; Ртр = 400. Табу керек: Кж ?

Ш е ш у і . Жылжығыштық өрнегін жазамыз:

Ртр = Q г/ Кж.

Өрнекті түрлендіріп, орындарына мәнін қоя отырып, бір жылда тасымалданған жолаушылар санын анықтаймыз:



Кж = Q/Ртр= 110 000 000 : 400 =275000 адам.

Жауабы: Р=275 000 адам.


      1. ЖОЛАУШЫ АҒЫНЫ



    1. Жолаушы ағыны туралы жалпы түсінік

Ж о л а у ш ы а ғ ы н ы деп көлік торабының белгілі бір бөлігіндегі жолаушылардың қозғалысын айтады. Жолаушы ағыны өзінің бағытымен және қуатымен сипатталады[3].

Жолаушы ағынының бағыты тасымалдалатын аудандардың арасындағы қозғалулардың бағытын көрсетеді. Жолаушы ағыны бағыты бойынша тура немесе кері бағыттарда болады. Егер жолаушылар бірер ауданға тікелей баратын көліктің жоқ болуы салдарынан бірнеше көлікке ауысып отыру арқылы баратын болса, ондай жолаушы ағыны т р а н з и т т і к деп аталады.

Жолаушы ағынының қуаты деп уақыт бірлігі ішінде көлік торабының нақты бір қимасы арқылы бір бағытта өткен жолаушылар санын айтады. Жолаушы ағынының қуатының өлшем бірлігі – жолаушы/минут, жолаушы/сағат, жолаушы/ай, жолаушы/жыл. Мысалы, екі аялдаманың арасындағы жолаушы ағыны сағатына 500 жолаушыны құрады, яғни, Q=500 жолаушы/сағ[3].

Тәуліктегі жолаушы ағынының қуаты ең көп мәнге ие болған сағатты

«пик сағаты» деп атайды.


жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау