Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет22/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96

66
мен ғылымды, мәдениетті жаңа деңгейге көтеру мүмкіндігіне жол 
ашады.
1.2.4  Газеттік-публицистикалық аударма 
Газет-журналдардың мәтіні кең ауқымды. Түрлі ақпараттарға, 
мәліметтерге бай. Оның негізгі мақсаты – жаңа мәліметтерді, тың 
деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мәтіндер 
әр алуан сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, 
мақалалар,  шағын  және  кең  көлемді  сұхбаттар,  тақырыптық  әрі 
белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж 
т.б. түрде беріледі. Алайда газет-журналдың қалыптасқан өзіндік 
бірыңғай,  дербес  стилі  болады.  Спорт  газеттерінде  спорттық 
стиль  қалыптасқан  сөз  қолдану  үлгісі  болса,  мәдениет  баспасөзі 
эстетикалық, өнер ғылымы мәтіндеріне негізделеді. Әр саладағы 
баспасөздің  өзіндік  мақсат-мүддесі,  идеологиялық  нысаны, 
тақырыптық бағыт-бағдары қалыптасады. 
Газет-журналдар мәтінінің тілдік мағынасының құралы белгілі 
бір дәрежеде дайын күйдегі, кең қолданыстағы тіркестер, сөздер 
саналады.  Газет-журналдардың  мәтіні  –  толығымен  нысаналы 
түрдегі когнитивтік ақпарат. Бұл тілдік құралдарының контексіне 
еш тәуелсіз ұғымдар түрінде сипатталады: бұл сандық мәліметтер, 
кісі  атаулары,  лауазымдары,  атақ,  дәрежелері,  фирма,  мекеме, 
ұйым, кәсіпорын, шаруашылық, географиялық атаулар.
Газет-журнал 
мәтіндерінде 
негізінен 
стилистикалық-
тілдік  жазба  әдеби  тіл  нормасы  қолданылады.  Кейде  ауызша 
сөйлеу  тілі  де  қолданылады.  Бұл  кейіпкер  сөздерін  шығармаға 
автордың  композициялық-идеялық  мақсатында  пайдаланылады. 
Сұхбаттарда да ауызекі тіл араласады. Бұл қалыпты жағдай. Оны 
түзетіп, әдеби өңдегенмен, бірақ түрлендіріп, әсірелеп, әдеби үлгіде 
қайта  жасау  жасандылыққа  апарады.  Әрі  кейіпкер  тілін,  ойын 
бұрмалау саналады. Аудармада осы жай ескерілуі тиіс. Сонымен 
бірге  баспасөз  материалдарында  тұрақты  сөз  тіркестері,  кәсіби 
сөздер,  салалық  терминдер,  нақыл  сөздер  жиі  кездесетіндіктен, 
аудармашының біліктілігі, білімділігі талап етіледі. Газет-журнал 
мәтіндерінде  дерек,  мәліметтерді  бұрмалауға,  тастап  кетуге 
болмайды.  Ресми  ақпараттарды  аудару  негізінде  ондағы  мәтін 


67
тұтастай сақталуы дәл жеткізілуі міндеттелінеді. Шағын хабарға 
аудармашы аты-жөні қойылмайды. Ол ұжымдық еңбектің нәтижесі 
әрі баспасөзге ортақ ақпарат саналады. 
Үлкен  көлемдегі  танымдық,  ғылыми-көпшілік,  мәдени, 
әдеби  мақала,  зерттеулерде  ой  қайталанған  жағдайда  әрі 
оқырман  талғамын  ескеру  негізінде,  мәтінге  қысқартып, 
ықшамдау  қажеттілігі  туады.  Тұрақты  сөздердің  мағыналық 
байланысын,  астарлы  ойын  аңғарып  барып  аудару  тиімді. 
Газет-журнал  мәтіндерінің  тағы  бір  ойландыратын  мәселесі  –
астарлылығы. Кейде журналистер оқырманға таныс кітаптардан, 
кинофильмдерден,  мультфильмдерден,  белгілі  әндерден,  дыбыс 
және жазба жарнамалардан дайын мәтін алып пайдаланады. Кейде 
ойда  сақтала  бермейтіндіктен,  бұрмалап,  өзгертіп  қолданатын 
да  жағдай  кездеседі.  Бұқаралық  ақпараттың  барлық  көздерінде 
кең  ауқымды  ауызекі,  контекст  мүмкіндігінше  пайдаланылады. 
Аудармашы  оны  қайта  аударуға  әрекеттенгеннен  гөрі,  дайын 
аудармасы  болса,  толық  мәтін  сипатында  енгізгені  дұрыс.  Кейде 
ондай мәтін түпнұсқада өзгертіліп, автордың ыңғайына негізделсе, 
аудармада дұрыстығын көрсете отырып, түсінік жасай кеткен де 
орынды.
Газеттік-ақпараттық мәтінде көзге үйреншікті, дағдылы сөздер 
қолданылады. Бұлар көбінесе шет тілінен енген сөздер. Мысалы 
офис,  супермаркет,  лизинг  т.б.  дағдылы  сөздер  ақпараттың 
өзектілігін  әрі  оқырманның  мәтінге  деген  сенімділігін  арт-
тырады.  Мұндай  жағдайда  аудармашы  лексикалық  компенсация 
жағын ойлап, дәл баламасын таба білуі қажет. 
Сұхбаттағы, авторлық мақалалардағы жасырын комизм үлгісі 
–  иронияның,  әзіл-сықақтың,  әжуаның  астарын  аңғарып,  бұзбай 
жеткізу  –  публицистикалық  аудармашы  шеберлігі.  Публицис-
тикалық  аударма  бірлігі  –  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем.  Аудармада 
барлық сәйкестік түрлерін табуға болады. Жалпы публицистикалық 
аударманы  жақсы  меңгеру  –  көркем  аударма  жасауға  әзірліктің 
тиімді түрі. 
Ғылыми-көпшілік  материалдарының  мәтіндерінде  терминдер 
жиі  болмаса  да  кездеседі.  Ақпараттың  тығыздығы  ғылыми 
мәтінге  қарағанда  сирек,  сондықтан  қысқартылған  сөздер  мен 
түсіндірмелер,  жақшаға  алынып  беріледі,  сілтемелер  аз  болады. 


68
Бейтарап  жазба  әдебиет  нормаларының  аясы  да  көзге  көркем 
болғанымен,  өзі  де  үнемі  сақтала  бермейді,  бір  жағынан  сөйлеу 
стиліне  де  бейім  келеді.  Ғылыми-көпшілік  мәтінде  ғылыми 
мәтінмен  салыстырғанда  оқырманды  қызықтыру  идеясы  басым. 
Сондықтан  мұнда  арнайы  тілдік  құралдар  үстемдік  етеді. 
И.С.Алексеева жіктеуі бойынша олар мыналар:
1) оқырманды автормен байланыстыратын әсер, бірінші жақтан 
баяндау, әңгімелесу және қарапайым сөйлеу лексикасы, шешендік 
сауалдар оқырманға тікелей назар аудартады;
2) эмоционалдық-бағалау  құралдары.  Эмоционалдық-бағалау 
коннотациясымен  бірге  лексика;  инверсия,  сөйлемнің  бағалау 
сыңарларын атап көрсету т.б.
3) басқа  көздерден  мәтінге  қағида,  дәйектеме  енгізу.  Бұл 
ғылыми-көпшілік мәтінге жіктемелік белгілері бойынша қарама-
қайшылықтағы поэтикалық және прозалық көркем шығармалардан, 
ғылыми мақалалардан т.б. көптеген түрлерінен үзінділер енгізу.
4) фразеологизмдер  мен  БАҚ-тағы  қызметіне  қатысты 
орындалатын  қызметтегі  тұрақты  сөз  тіркестері  мен  образдық 
дайын үлгілер. Олар мұндағы шығармалар мазмұнын қабылдауды 
жеңілдетеді.  Оған  үйреншікті  бейнелілік  (образдылық)  қатар 
енгізіледі.  Тұрақты  сөз  тіркестерінің  түрін  өзгерту  жолы  жиі 
пайдаланылады.
5) тосын  пәрменділігі,  актуалдық  бояу  мен  комизм  тудыруға 
арналған  сәйкеспейтін  тілдік  құралдардың  «қақтығысы».  Тосын 
пәрменділігі  басты  назарды  белгілі  бір  ойға  аударатындығында, 
әжуа  мен  комизм  эмоционалдық  аражіктің  құрамды  қызметін 
атқарады да, күрделі материалды қабылдау кезінде қолданылады 
(шағын әзіл әңгіме, күлдіргі жай, анекдот) [15]. 
Эстетикалық  құралдарды  жеткізудің  де  әралуан  мүмкіндігін 
кіріктірген  көркем  әдебиеттегі  шартты  түрде  ойластырылған 
кейіпкерлер енгізу, эпитеттер мен теңеулерді әсіресе метафораны 
пайдалану.  Жоғарыда  аталған  түпнұсқадағы  тілдік  құралдар 
аудармада  тұтастай  сәйкестікте  қайталануы  тиіс.  Соған 
жақындайтын  баламалар  іздестіру  де  қажет.  Бірақ  барлық  тілдік 
құралдарды  сақтау  шарт  емес.  Аудармада  оқырман  түсінік-
талғамына,  ой-қабілетіне  бейімділік  жағын  ойластырған  жөн. 
Қатаң  түпнұсқалық  мәтін  деңгейінде  де  қалуға  болмайды. 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау