60
тырысады. Сондықтан да мұнда екі тілді терең меңгерудің маңызы
зор. Түпнұсқа тілі мен аударма шығармасы жасалатын тілді барлық
лингвистикалық заңдылықтарымен, стилистикалық, лексикалық,
синтаксистік, грамматикалық құрылымдарымен жақсы білетін
аудармашы жақсы аударма жасай алады. Бұлар аударманың
сапалы орындалуына мүмкіндік туғызады. Аудармашы сөз, тіркес
қиындығына тәуелденіп қалмайды. Аударма процесінде мәтін
мағынасын толық жеткізудің жолын таба біледі. Оған түпнұсқа
мәтініне сәйкестіктегі тілдік құралдар іздестіру жеңіл. Мұндай
жағдайда аударма сәтті, шынайы, құнды жасалары айқын.
Аудармада түпнұсқаның көркемдік элементін барынша дәл, айқын
жеткізу үшін анағұрлым мол тілдік құралдарды дұрыс таңдап
алудың мәні терең.
Көркем аударма – көркем шығармашылықтың бір саласы, ол
тілдің заңдылықтарына сүйенеді. Сөйлем – шағын мәтін. Ол алуан,
күрделі ойлардан құралады. Аудармашы да, аударма шығармаларын
өңдейтін әдеби өңдеуші де мәтіннің 4 өлшемін білуі керек: 1)
мәтіннің атауы (аталған мәтінде сөз не жайында болып жатқаны);
2) мәтіннің қызметі (мәтіндегі автор көздеген мақсат); 3) мәтіннің
прагматикасы; 4) мәтіннің жоғарғы құрылымы (яғни бір-біріне
өзара ықпал ететін лексика мен синтаксистің біріктірілуі) (А.Д.
Щвейцер). Прагматика тіл білімінде кең ұғымға ие. Екі тілдің бірлігі
мен сөз өнері шығармаларында коммуникативтік процес, олардың
әралуан трактовкасы. Аударманың прагматикалық нормасы оның
құндылығын қамтамасыз етеді. Мәтіннің прагматикалық мәні
оның эмоцианалдығында, экспрессивтілігінде стилистикалық
сипатында.
Тіл нормасы, адамдардың өзара қарым-қатынасы нәтижесінде
қалыптасып, жүйеленген, халыққа ортақ, кең қолданыстағы тілдік
құбылыс. Тіл нормасы – тарихи құбылыс. Өйткені, халықтың өсіп
өркендеу, тіршілік кезеңдерімен байланысты. «Тіл нормасына»
қоса «Әдеби норма», «Әдеби тіл» терминдері айтылады. Әдеби тіл
нормасы жазу мәдениеті арқылы жаңарады, жетіледі. Әдеби тіл
– сөйлеу және жазба тілде әбден қалыптасып жиі қолданылатын
тілдік құралдар жүйесі.
Көркем аударма түпнұсқа мен аудармашылық шығарма
саласындағы сөз мәдениетін жетілдіруге атсалысады. Аударманың
61
биік көркемдік дәрежеде орындалуына аудармашының салыс-
тырмалы стилистиканы жете меңгеруі тиімді. Ол – аудармашыға
көмектесетін басты құрал. Жазушыға – қалам, суретшіге –
қылқалам, мүсіншіге – қашау қандай қажет болса, аудармашыға да
ол сондай қажет. Салыстырмалы стилистика негізінде түпнұсқа тілі
мен аударма тілінің барлық лингвистикалық заңдылықтарын, тіл
білімінің салаларын жетік білу көзделеді. Ең бастысы, аудармашы
ұлттық тілдің бар байлығын жеткілікті қолданған жағдайда, бірде-
бір орашолақ орамдар, түсініксіз тіркестер, мағынасы бұлдыр
сөздер туындамайды. Мінсіз аударма жеңіл оқылады. Мүдіріп,
кідірмейсіз. Авторы бейне сол ұлттың тілінде жазғандай әсер
қалдырады, сүйсініп, мейірленіп оқисыз.
Аудармада сөз нормасын, мәдениетін дұрыс сақтамаудан
көркем бейненің эстетикалық, рухани болмысы әлсіреп, шығарма
мазмұнының солғындауына әкеп соғады. Сондықтан аудармашы
екі тілді де жан-жақты, терең білуі тиіс.
Тіл байлығы – ой байлығы. Аударманың бай сөздік қорымен,
стилистикалық-семантикалық, лексикалық сипатымен көрінуі
– тілді шебер меңгерудің ықпалы. Тілдік норма әдеби тілдің
тұтастылығымен ортақ түсініктілігін сақтауға ықпалдасады. Бұл
әдеби тілді диалектілерден, әлеуметтік және кәсіби жаргондардан,
қарапайым ауызекі сөйлеу тілінен қорғайды. Бұл жағынан келгенде
мәдени қызмет атқарады. Әдеби тіл нормасы орфоэпиялық,
грамматикалық және лексикалық нормаларды үйрену арқылы
меңгеріледі.
Аудармада тіл мәдениетін сақтауда стилистиканың орны
ерекше. Сөйлеу мәдениеті ұғымында да тіл нормасы өзекті
мәнге ие. Демек, жазбаша аудармада, әсіресе көркем аудармада
тіл нормасын сақтаудың өзіндік рөлі болса, ауызша аудармада
да тілдің нормасын қалайда сақтауға ұмтылу жөн. Әдеби тілдің
нормасын сақтаудың басты негізі – сөйлемдерді грамматикалық
және стилистикалық жағынан дұрыс құрай білу. Сондай-ақ өзара
қарым-қатынас барысында сөздегі этикалық норманы сақтау
да маңызды. Яғни, сөз сөйлеу этикасы (әдебі) адамгершілікке,
ұлттық-мәдени дәстүрге, сыпайы, сыйластық қарым-қатынасқа
негізделеді. Сондықтан ауызша аудармада қандай жағдайда
да сөйлеуші адамның атақ-дәрежесі, жас ерекшелігін ескеру
62
қажеттілігі байқалады. Көркем аудармада да осыған көңіл бөлу
қажет.
Түпнұсқадағы көркемдікті сақтаудың маңыздылығы да – тіл
байлығын орынды, сәтті таңдап қолдана білуге байланысты. Мұның
өзі ұлттық тіл нормасын сақтауға келіп тіреледі. Көркем аудармашы
үшін әдеби тілді барлық заңдылықтарымен, ережелерімен білу
міндет. Тілді терең білу аудармаға әдеби қатынас жасау ретінде
оның айрықша әдеби қызметіне негізделген мағыналық стильдік
және бейнелеу сипатындағы құралдарын жеткізу саналады. Алайда
көркем ойдың әдемі, мәнерлі жеткізілуі ұлттық тіл байлығын шебер
қолдана білумен маңызды. Түпнұсқаға жақындық оның негізгі
әуезділігін қайта жасау деген ұғым. Бұл мәтін дәлдігі, көркемдігі,
интонация, әуез, бар стилдік сипаттарының түпнұсқаға сәйкес
берілуі. Әр жанрдың табиғатына сай тілі де сол деңгейден табылуы
тиіс. Көркем шығарма тілі өзінің сұлулық, бейнелілігін, әуезділік,
әсерлілік сипатын жоғалтпаса керек. Ал ғылыми тіл дәл де айқын,
түсінікті де ықшамды болуымен ерекшеленеді. Публицистикалық
тілдің ақпараттық, коммуникативтік әрі мәнерлі де нақты, жинақы
жүйесі сақталуы қажет.
Басқа тілдегі фразеологияның көшірмесін дәл беру мүмкін емес.
Әрбір тілдің өзіндік синтаксисі бар. Аудармашы түпнұсқамен,
яғни шет тіліндегі мәтінмен мұқият таныса келіп, оны өз тілінде
барынша дәл жеткізуге күш салады. Ұлттық тіл логикасы мен
эстетикасына бағына келе, аудармашы әрбір тіркестің өз тілінде
мағыналық реңк табуына ұмтылады.
Қазіргі аудармашылардың айтуынша, түпнұсқаның синтаксисін
аудармашы меңгеруге тиіс емес, керісінше аудармашы өзінің
ұлттық тілінің синтаксисін еркін меңгеруі тиіс. Бұған айтар ойымыз
түпнұсқа синтаксисін білу керек. Бұл стильді дұрыс жеткізу жолы.
Аудармада сөз мәдениетін сақтау сөзді дұрыс айту, ойды дәл
жеткізу, бәрінен бұрын, тілдің грамматикалық нормасын мұқият
меңгеру болып табылады.
Аударма шығармаларының күрделенуі соған сәйкес
грамматикалық категорияның болмауы салдарынан туындайды.
Аударманың грамматикалық нормасының бұзылуына бастайтын
бір себеп сөз қолданылудағы грамматикалық ережелерге мән
берілмеуі, ескерілмеуі. Аудармашының ой-мақсатының дұрыс
Достарыңызбен бөлісу: |