ПОӘҚ 042-18-31.1.69/03-2014
|
Баспа №2 11.09.2014 ж
|
беттің -сі
|
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Әсер ету психологиясы»
мамандық үшін 5В010300 - «Педагогика және психология»
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей
2014
Мазмұны
Глоссарий
Дәріс
Практикалық және зертханалық сабақтар
Курстық жұмысы (жоба)
Білімалушылардың өздік жұмыстары
1 ГЛОССАРИЙ
Агрессия-белгілі бір мақсатқа жету құралы және басқалардың шабуылынан қорғанумен сипатталады.
Адаптация-орта біртіндеп бейімделу.
Зейін-баланың санасының белгілі бір затқа бағытталып тұрақталуын көрсететін құбылыс.
Дағды-сансыз қайталау нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып, оңай,шапшаң, дәл орындалып отырады.
Ерік-әрекет жасауды қажетсіну.
Жас дағдарысы-онтогенездердің психологиялық өзгерістерімен сипатталатын,уақыты жөнінен ұзақ емесерекше кезеңдері.
Әдет-әрект жасауды қажетсіну.
Госпитализм - жабық типтегі балалар мекемелерінде пайда болатын құбылыс. үлкендермен қаоым қатынастың аздылығынан балалардың дамып жетілуі күрт қала бастайды. Іс әрекет (амал) белгілі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған іс әрекеттің біршама аяқталған элементі .ол ішкі және сыртқы болып ажыратылады.
Іс әрекет қызмет - қоршаған болмысқа ықпал етумен сипатталатын белсенді қарым қатынас.
Диалогиялық сойлеу - әңімелесуші адамның қолдап отырған сөзі екі немесе бірнеше адамның арасындағы сөйлеу бұлсөйлеу өтіп жатқан жағыдаймен тым жоғарғы дәрежеде байланысты сондықтан бұл сөздің жағдайға байланыстылғы жөнінде айтылып жүреді.
Дидактика-оқыту теориясының мәселелерін зерттейтін педагогиканың бөлімі.
Қашықтық талдауыштары (анализаторлары) - рецепторлары зат іс әрекетінің тікелей ықпалдарына шалынатын талдауыштар .бұған есту және көру талдауыштары жатады. Тәртіптілік адамның жеке басының дағдысы үнемі тәртіп сақтауды қажет ететіндігі, өзі және қоғам алдындағы міндетін түсіне білуі.
Мектепке дейінгі шақ-психикалық даму сатысы, үштен жетіге дейінгі жас аралығына сәйкес келеді.
Рухани қажеттілік - тек адамға ғана тән мәдени қажеттілік мәдени қажеттіліктерде адамның белсенді іс-әрекетінің адамзат мәдениеті жемістеріне байланыстылық көрінеді .әр түрлі экономикалық және қоғамдық құрылыста осы құрылысқа тән мінез-құлықты игеру мен тәрбиеге байланысты адам әр түрлі мәдени қажеттілікке йе болады.
Тәбиғи қажеттілік - белгілі сыртқы ортаның жағдайларына организмнің өмір сүруіне қолдануға керекті қажеттілік. бұған тамақ ішу қажеттілігі дем алу қажеттілігі жылыну қажеттілігі т.б. жатады.
Күнделікті ұғымдар - арнаулі үйретусіз, өмір тәжірибесі нәтижесінде меңгерілген, ғылымға дейінгі ұғымдар.
Нышандар - қабілеттіліктер дамуының тәбиғи жағдайлары түрінде көрінетін организмнің іштей туа біткен автономиялық физиологиялық ерекшеліктері (нерв жүйесінің типі рецепторлар құрылысының ерекшеліктері т б).
Есте сақтау - болмыстағы заттардің немесе құбылыстардың бейнелерін есте берік сақтауға мүмкіндік беретін ес процесі. Есте сақтау үнемі таңдамалы келеді: біздің сезім мүшелерімізге тигізгендердің бәрі бірдей есте сақтала бермейді.
Қорғаныш рефлексі - шартсыз қорғану рефлексі
Белгі - болмыстың өзге элементінің баламасы ретінде көрінетін оның кез келген элементі. белгілі адамның психикалық іс-әрекеттің тәсілі, бұл не қоғамдағы орган, не әлеуметтік құрал .әлеуметтік құралдың белгісі болып тіл, жазу, есептеу, сурет, салу саналады.
Ойын іс-әрекет(қызметі) - негізінен үлкендердің іс-әрекеттері мен қарым қатынастарын ерекше түрде елестетумен сипатталатын мектеп жасына дейінгі балалар іс әрекетінің басты түрі. Мотивтер иерархиясы (сатысы) мінез құлықтың түрткі күштерінің жүйесі. мәні төмен түрткі күштер мәні жоғары түрткі күштерге бағынады.
Бейнелеу іс әрекеті - сурет салудың, жапсырудың құраудың т.б. жалпы аты. Бейнелеу іс-әрекетінің жемісі/ ерекше формада көрсетілген объективтік болмыстың көрнекі бейнелері.
Былдыр сөз-негізінен жеке буындардан тұратын айланыссыз, түсініксіз сөйлеу бала тілі дамуының алғашқы кезеңі.
Жеке дара даму - өмір мен іс әрекет процесінде әрбір адамның дамуы (онтогенез).
Инстинкт- мінез құлықтың адам дүниеге келгенде бітетін фомасы белгілі ынтаға жауап ретінде мақсатқа сәйкес іс әрекет жасау қабілеті.
Ақыл ой сезімдері - ойлау іс-әрекетінен туатын сезімдер (таң қалу әуестік сенімділік және шүбалану сезімдері).
Ынта - мотивтер түрі, адамның қажеттілігінің көріну формасы.
Интероривация - сыртқы іс әрекеттен заттардың бейнелері және олар туралы ұғымдар арқылы іштей орындалатын іс әрекетке көшу процесі.
Инфантилизм -дамудың тоқырауы. сәбилік шаққа тән дене және психикалық кейіптің белгілерін сақтау .
Қыңырлық - ақылдың ережелеріне қарамастан өз дегеніне тұрып алуға тырысудан көрінетін жағымсыз қылық .қыңырлық баланы тәрбиелеудің немесе оның ауру күйде екендігінің нәтижесі болып табылады.
Сөздың байланыс функциясы - араласу функциясы әңгімелесіп отырған адамға тура не жанама әсер ету .
Шаттану комплексі - баланың ішкі жан дүниесінің жағымды жауабыу. ересек адамды коргенде оның дауысын естікенде бала күлімсіреп дыбыс шығара бастайды оған тесіле қарайды осы кезде оның аяқтары мен қолдарының қозғалыс ырғақтары өзгереді шаттану комплексі баланың алғашқы әлеуметтік жауабы деп санау қабылданған.
Қабылдаудың тұрақтылығы -қабылдау шарттары өзгергендегі зат бейнесінің біршама тұрақтылығы .
Жуықтасу талдауыштары-рецепторлары заттардың тікелей әсеріне шалынатын талдауыштар .мысалы ,тері талдауышы анализаторы.
Тиянақталған сөйлеу-әрбір сөздің немесе сөйлемнің дәл анықталған, мазмұны жағынан аяқталған сөйлеу .
Темперамент-нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешіліктері.
Тест-белгілі бір жағдайды қатаң сақтай отырып, балаларға ұсынылатын тапсырмалар жүйесі.
Синтез-бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау бүтін қарау.
Сензитивтік кезеңдер - организмнің қоршаған ортаға өте жоғары сезімталдығын көрсететін кезеңдер.
Психикалық даму факторлары - бұл индивидтің өмірлік іс-әрекетін қажетті түрде анықтайтын обьективті бар нәрселер.
Психика - өмір дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын ұйымдасқан материяның қасиеті.
Үнсіз сөйлеу - сөйлеу әрекетінің ерекше түрі.
Ұғымталдық - сезім мүшелерімен ақыл-ой арқылы тез қабылдауы.
Эмоциялық дүниенің дамуы - үштен жеті аптаға дейінгі баланың жандану кешені
2 ДӘРІСТЕР
№1 Әсер ету психологиясына кіріспе
Сұрақтары. Әсер ету психологиясы пәні, мазмұны және міндеттері Басқа да психология салаларымен байланысы. Әсер ету психологиясы пәнінің рөлі
№2 Тұлғаның қоршаған ортаға бейімделуі
Сұрақтары. Тұлға және қоршаған орта Әлеуметтік орта әсері. Тәрбиеші педагогтардың білімін жетілдіру жүйесі, жолдары.
Мақсаты: Тәрбиешінің адам өміріндегі маңызын, жауапкершілігін сезіну, жеке басына қойылатын талаптарды орындауға дағдыланну және теориялық мәліметтерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті Ежелгі Греция, Ежелгі Мысыр, Ежелгі Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, Марк Фабии Квинтилиан т.б. еңбектері мен идеяларында көрініс табады.
Тәрбиешілердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу-Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелерінің бірі болған. Ол тәрбиелеуші бойында шыншылдық, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылық, ықыластылық, қаталдық, күш- жігер және педагогикалық такт сияқты қасиеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздық мінез құлық нормасы қалай болуы жайлы былай дкп жазады: «... ол тым қатал да болмауы тиіс, тым ырыққа да жығылы бармеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздың қадірін кетіреді. Оның берген тәлімі мен ғылымға шәкіртті селқос қарайтын болады».
Тәрбиеші тұлғасының маңыздылығын анықтай келе К.Д.Ушинский: «Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтармен де, жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау жүйесімен де ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие»,-деп атап өткен.
Жаңашыл педагог Ш.А. Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: педагог-тәрбиеші әріптестеріне мейірімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым-қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеpyi керек, әріптестерінің табысына қызғанышпен, күншілдікпен қарауға құқы жок, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті, әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әрәптестеріне жоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әрәптестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білуі керек, 6ipaқ оны ешкімге шашпауы тиіс.
Педагог қызметінің ерекшелігі оның балаларды белгілі бір тәртіптің ережелеріне үйрету ғана емес, сонымен қатар өзінің бүкіл рухани дүниесі, педагогикалық қызметінің шеберлігі арқылы нағыз адамдық өмір сүрудің үлгі- өнегесін көрсету, сондай-ақ жас буынды қоғам тұрмысының қарапайым ережелеріне үйрету де қажетті іс.
М.И. Калинин айтқандай, кез келген адам тәрбиелеуші бола алмайды. Бұдан педагогикалық дарынды адамдарды тәрбиелеп, қалыптастыру қажеттігі шығады. Ал бұл жұмысты ойдағыдай іске асыру үшін, студентерді мектепке дейінгі педагог мамандығын жан- тәнімен сүюге, балалардың психологиялық ерекшеліктерін айырып, соларға сәйкес жұмыс істеуге үйреті қажет. Мұнсыз бүгінгі талапқа сәйкес келетін тәрбиеші даярлап шығаруға болмайды.
Ғұлама педагогтар мен жаңашыл педагогтардың айтқан тағылымдарын саралай келе қазіргі білімдарлық технологияда мектепке дейінгі тәрбиешінің педагогикалық шеберлік бейнесін анықтауға болады:мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін жетік білуі; балалардың оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра бiлyi және баланың ic-әреке тән дұрыс бағалай білуі; тәжірибелік білім-білік дағдыларды калыптастыра білуі; кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі; балалармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра біліуі; ата-аналармен тіл табыса білyi; сөйлеу мәдениеттілігі; өзінің эмоциялық көңіл-күйін басқара алуы; балалардың қызығушылығын туғыза біліyi; балалардың өздігінен дербес ерекет ету дағдыларын қалыптастыра білуі; жеке-дара окытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы; жана технологияларды пайдалана білуі; қaзipгi іс-тәжірибелерді пайдалана білуі;білім 6epyдегi дамыту бағыттарын айқындай бiлуi; мінез-құлық және пайымдау мүмкіндіктері; педагогикалық талаптарды орындай білуі; шыдамдылық және төзімділік; табан астындағы тосын ic-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білуі; кез келген жағдайда қарым-қатынас жасай алуы; балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.
Сонымен қатар қазіргі білімдарлық технологияда мектепке дейінгі балабақша тәрбиешінің міндеттері де анықталып отыр:тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын дұрыстап, балалар ic-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек, арнаулы білім, білік пен іскерлік-дағдыны меңгеpyi керек, жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерде қатал талап қоя алатын болуы, тәрбиешінің әp6ip қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуы тиіс.
Тәрбиешінің жеке басының үлгісі - жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістерінің 6ipi, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себептен де ол үнемі жинақы, таза, ұкыпты жүріп, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы, әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі керек. Бала еліктегіш болғандықтан жақсыны да, жаманды да тез кабылдайды.
Тәрбиеші қызметтің маңызды ерекшелігі оның тәртіп пен принциптіліктің нормаларын жас ұрпақты тәрбиелеу және оларға білім беру процесінде тиімді қолдана білуінде. Ертедегі педагогтардың «Мұғалімге қатаң болған жақсы, мейірімді болған одан да жақсы, әділ болған тіпті жақсы»-деулері өте орынды. Тәрбиешінің рухани қасиеттерінің ішінде ең негізгі орын алатыны оның педагогикалық білімінің көлемділігі мен тереңдігі болып есертеледі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың адамзат ойының дамуында бұдан бұрын болып көрмеген қарқынмен алға басуы тәрбиешіден жан-жақты білімділік пен жоғары мәдениеттілігі талап етеді. Бұл талап орындалмаған жағдайда тәрбиеші қазіргі балабақша алдында тұрған өте күрделі міндеттерді ойдағыдай шеше алмайды.
Тәрбиеші ұстаздың қоғамда орны маңызы зор. Олай болатын себебі тәрбиеші ұстаздың еңбегі жауапты әрі күрделі, өйткені ол жас ұрпақтың болашақ тағдыры үшін, өзін жауапты сезінеді. Оның тәртібі білімі, қоғамнан алатын орны, адамгершілігі. Белсенділігі, іскерлігі үшін күресетін оның түрлеріне жол тауып, жан дүниесінің таза қоғам үшін жан тәнмен еңбек етуге құштарлығын оятатын білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып, баланы білімге ұмтылдырып, талаптандыратын тәрбиеші – ұстаз. Оны осы қасиеттері үшін « адам жанының инжинері» деп Сухомлинский айтқан. Қоғам тәрбиеші ұстазға жас ұрпақты сеніп тапсырып, оларға ықпал жасап тәрбиелеуді, дүниеге көзқарастын дамытып қалыптастыруда сенім артады. Мұндай орасан зор сенім тәрбиеші ұстаздарға қоғам алдында ұлы жауапкершілік жүктейді.
Мектепке дейінгі мекемеде өз өмірінің алғашқы 6 жыл бойы болады. Сол кезде ол үшін тәрбиеші сөзсіз өнеге, әрі бедел болып табылады. Сондықтан да педагогтың өз басына қойылатын талаптар өте жоғары. Тәрбиешінің балаға ықпалы күнделікті өмірде, оқу сағатарында, бірлескен еңбек әрекетінде қарым – қатынаста жүзеге асады. Ол әрбір баланың мұқият зерттеп, оның өзіндік ерешеліктерін білуге балалардың бәріне бірдей объективті қарауға, педагогикалық әдептілікті көрсетуге балалардың мінез – құлқы мен іс - әрекет нәтижелерімен әділ бағалауға, дер кезінде көмек көрсетуге, отбасындағы өміріне зер салып отыруға тиіс. Тек сонда ғана педагог баланың жеке басына мақсатты түрде ықпал жасай алады. Тәрбиеші қызметінің ойдағыдай болу сөзсіз шарты оның балаларға деген ақылға қонымды, талапкершілікпен ұштасқан сүйіспеншілігі болып табылады.
Тәрбиеші қызметінің табысты болуы, оның тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жете түсінуіне байланысты.
Қазақтың алғаш қоғам қайраткері, әйелдер арасынан тұңғыш рет балаларды жұмыс кезінде қоғамдық ортада тәрбиелеу үшін балабақшалар ұйымдастыруға зор мән берген Нәзипа Құлжанова, тәрбиешінің ұстаздық бейнесін педагогикалық кәсіби мамандықтың негізі саналатын адамгершілік қасиеті жоғары санаған. Бұл жағынан алғанда Нәзипа Құлжанова бала тәрбиешісіне жеке тұлға ретінде өте жоғары талап қоя білді. Н.Құлжанова: «тәрбиеші бүгінгі заман талабына сай өзінің педагогтық мамандықтың кілтін шебер ұстаған, жан-жақты терең білімді, сегіз қырлы бір сырлы ашық жанды, жайдары жүретін, ажарлы, қайратты, инновацияшыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін, кекшіл емес, тапқыр еңбекқор болу керек және белсенділігі өте жоғары дамыған болу қажет». Қарым-қатынас кезінде әр баланың жан дүниесін сезе білетін кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс деп жазды. Н.Құлжанованың ойынша, мектеп жасына дейінгі баланы оқытып тәрбиелеу ісінде тәрбиеші ата-анадан кейінгі үлгі боларлық негізгі тұлға. Сәбилер үшін балабақшада басты кейіпкер. Мектеп жасына дейінгі балаларда еліктегіштік қабілет өте жоғары болғандықтан, олар өз тәрбиешісіне ұқсағысы келеді де, сөйлеген сөзін, істеген ісін, әрекетін, айналасындағылармен қарым-қатынасын түгелдей қайталап айнытпай салады.
Ұлы ғұлама ғалым Әбу Насыр әл Фараби «Бақытқа жеу жайында» еңбегінде: «өмірді басқару өнерінің ізгілігі, адамдардың ізгіліктеріне байланысты әрекеттерді қолдану өнері және жеке дара өнері, бар, сондықтан халықтар мен қала тұрғындарын тәрбиелеуде қайырымды да, өнерлі адамдарды пайдалану туралы айта келіп, басқарушы адамдардың барлығын ұстаз, оқытушы ретінде бағалайды.
Алтынсарин: «маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» деп атаған.
Ахмет Байтұрсынов өзінің «Мектеп керектері» еңбегінде былай деп жазды: «мұғалім қандай болса, мектеп хәм, сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпашы».
Тәрбиеші деп арнайы дайындағы бар, педагогикалық іс-әрекетпен кәсіби айланысатын адам. Оның негізгі функциясы: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару. Жалпы тәрбиешінің кәсіби даярлығының теориялық негіздерін ашып көрсететін зерттеулер жасаған. Олар: Амоношвили, Мухина, Люблинская, Баймұратова, Меңдаяқова, Сәттімбекова, Меңжанова, Жұмабекова және т.б. Болашақ тәрбиешілерді даярлау мәселесін қарастырып, кәсіби қабілетін анықтау бойынша жұмыстар жүргізген.
Модуль 2. Әлеуметтік әсер етудің негізі
№3 Үдерістер және орта
Сұрақтары. Қазіргі қоғамдағы тәрбиеші-педагог. Тәрбиеші педагогтың рөлі Тәрбиеші педагогтардың білімін жетілдіру жүйесі, жолдары
Мақсаты: Тәрбиешінің адам өміріндегі маңызын, жауапкершілігін сезіну, жеке басына қойылатын талаптарды орындауға дағдыланну және теориялық мәліметтерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мәселесі осы қоғамдағы адами фактор мәселесімен тікелей байланысты, себебі жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жастар мен құзіретті мамандар ғана қоғамның өркендеп дамуына елеулі үлес қоса алады. Қоғамымыздың қарқынды дамуы үшін бәсекеге қабілетті, әлеуметтік белсенділіктері дамыған жас мамандар қажет. Ал осындай азаматтар тұлғасын қалыптастыруда олардың ата-аналарымен қатар білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбектері мен игі істерінің алатын орны зор.
Мұғалімдік кәсіптің ежелден қалыптасқанын баршамыз білеміз. Адамдар қай қоғамдық формацияда болмасын жас ұрпакқа өз тәжірибесін жеткізіп, білгендеріне үйретіп және мақсатты, саналы түрде өмір заңдылықтарын меңгертуге талпынған.Адамзат қоғамының қай даму сатысында болмасын мұғалімдік кәсіптің атқаратын рөліерекше жоғары бағаланған. Мектеп және білім беру жүйелері өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне, қоғам дамуына сәйкес тәрбиеленуіне қашан да елеулі үлесін қосып келеді.
Білім берудің өзін қазіргі таңда ауқымы кең әлеуметтік процесс ретінде қарастыра отырып болашақ мұғалімдерді даярлау барысында кәсіпке баулу және әлеуметтендіру процесстерін ұлітастыру қажеттілігін аңғарамыз. Педагогикалық жоғары оқу орнына келген әрбір студент жоғары сапалы деңгейде таңдаған кәсібін меңгеруі кажет, онсыз нағыз мүғалім, нағыз педагог тұлгасы қалыптаспайды, және онсыз кәсіптік білім беру ұғымы өзінің бастапқы мәнін де жоғалтып алуы мүмкін.
Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу үшін оның басқа мамандықтарға қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен рөлін тереңірек қарастырған жөн.
Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамаңдығы «адам-адам» жүйесіне катысты мамандық, бірақ осындай жүйеде адаммен тығыз жұмыс істейтін басқа да мамандык иелсрі жеткілікті. Мысалы, дәрігер, юрист, артисттер, сатушылар т.с.с. мамандар да адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады ғой. Педагог мамандығының маңыздылығы оның қогам дамуындагы рөлімен анықталады. Педагог мамандығында жетекші идея, негізгі міндет - адам дамуының мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау.
Яғни, педагог өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Педагог қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жас өспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар педагог жас өспірімдердің дүниетанымдарын, ұлттық сана сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын калыптастырады. Яғни, педагогты баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысыретінде қабылдауға болады. ¥лы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайьш болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - деген сөздері шынайылыққа үйлеседі.
Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі -оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы.
Мысалы, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтар екенін атап айтуға болады. Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарды даярлау кажеттілігі де болмаушы еді. Бұл мамандык мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі. Жьл сайын жоғары оқу орындарында арнайы даярланған жоғары білімді педагогтар қоғамымыздың білім беру мекемелерінде педагогикалық еңбекке кірісіп жатса да, мұғалімдер саны жетіспейді. Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби кұзіретгі мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын күшейе түсуде.
Мұғалім қызметі тек болашаққа ғана бағытталған.Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі балалардьң болашағына байланысты болып келеді. ¥стаз еңбегінің нәтижелілігі де келешекте ғана көрініс береді. Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір іс-әрекет жасағаннан кейін емес, айлар, жылдар өткен соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады.
Жаңашыл-педагог Ш.А. Амонашвили: «Біз болашақтың адамын, жаңадан қалыптасқан адамды бейнелеуге міндеттіміз. Биік адамзаттық, ортақ іске берілгендік, халық, мемлекет алдындағы өзіміздің қалтықсыз парызьмызды сезіну бізді осындай адам етеді. Біздің әрқайсымыз - жүздеген тағдырдың туындатушымыз, біздің шәкіртеріміздің бақыты ұста дүкеніндей - кластарымызда шыңдалады!... Біздің жанымызда, бәрі де: күлкі де, қатыгездік те, ұстамдыльқ та, қарапайымдылық та, киген киіміміз де, біліміміз де, зеректік те, адалдық та, интеллектілік те, үйірімділік те, өмірга деген сүйіспеншілік те өріліп тұруы тиіс. Адамдағы кісілерге ұнаған таңдаулы қасиет атаулының бәрі тән болуы керек» - деп мұғалімдер тұлғасын жоғары бағалайтыны да осы мамандықтьң адам өміріндегі маңыздылығының бір дәлелі деуге болады.
Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушыныңөзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік қадір-қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.
Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты.Мұғалім үнемі балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын басқара білу оңай іс емес. Ол үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл шеберлікті дамыту үшін педагогика ғылымындағы А.С.Макаренко негізін салып кеткен тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу теориясын жақсы меңгеру қажет, Бұл педагогикалық идея кейінгі көптеген шығармашыл педагогтардың тәжірибесіне негіз болғаны анық.
Мұғалім бір күннің өзінде кем дегенде 3 сабақ өтсе, әр сыныпта орта есеппен 30 баладан болса, 90 оқушымеи тілдесіп бәріне бірдей білім-тәрбие беруге тырысады. Ал бір апта ішінде мұғалім қаншама оқушыға педагогикалық ықпал жасайды. Онымен қатар оның жетекшілік атқаратын өз сыныбы да болады. Міне әрбір осындай мінез-құлықтары әртүрлі оқушылар ұжымында барлығына қолайлы психологиялық ахуал тудыру, ынтымақтастықта жұмыс істете білу үлкен шеберлікті қажет етеді. Сонымен қатар мұғалім үлкен педагогикалық ұжымның мүшесі ретіде оның барлық құрылымдықбөлшектерімен үйлесімді қарым-қатынас орната алуы керек. Педагог еңбегінің маңыздылығы - осындай ұжымдық еңбекпен айналыса отырып әр оқушының даралыкқ ерекшеліктерін дамытып, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |