265
Дұрысы: фотокамералар мен кино объективтері суретші-
лермен бірге қолға түсе бермейтін Лениннің бейнесін түсіріп
алуға ұмтылумен болды.
Кейде құрмалас сөйлем кездескенде түпнұсқаны түсінбей
аударғандықтан мән-мағынасы мүлдем өзгеріп кететін кездер
болады. Мысалы, мына бір сөйлемді талдап көрелік.
«Герой пьесы В.Шаврина «Разбуженная совесть» Анатолий,
бежавший из тюрьмы и скрывающийся под чужой фамилией
вор, доказывает Зоре, что в совершенных поступках виноват не
человек, а обстоятельства».
Осы сөйлемнің аудармасы былай болып шыққан:
«В.Шавриннің «Оянған ар» атты пьесасының кейіпкері
Анатолий түрмеден қашып шығып, біреудің фамилиясымен
жасырынып жүрген ұры – Зоря деген қызға қылмыс жасауда
адам емес, жағдай кінәлі деп дәлелдейді».
Ал керек болса! Түпнұсқада түрмеден қашып, жасырынып
жүрген ұры Анатолий деген жігіт болса, аударма мәтінінде ол Зоря
деген қыз болып шыға келген.
Мұндай қателіктерге ешбір жол беруге болмайтыны өзінен-өзі
түсінікті жәйт. Бұл – аударманың өзіндік ерекшеліктері бар қиын
өнер екенінің тағы бір дәлелі.
Бүгін таңда әдебиетіміздің бір саласы болып отырған қоғамдық-
саяси әдебиеттердің аудармасы жылдан-жылға қанаты қатайып,
бағанасы бекіп келеді деуге болады.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде ғалымдар мен жазушылар,
журналистер мен оқытушылар, мамандар, жалпы ана тілімізді
өркендетуге үлес қосқан азаматтар ұсынып, терминология
комитеті бекіткен біраз терминдер құлаққа сіңісіп кетті. Мысалы:
айқындама – позиция
аманат – наказ
бағдарлама – программа
ғарышкер – космонавт
елтаңба – герб
жарлық – указ
құжат – документ
мәртебе – статус
отбасы – семья
266
өкім – распоряжение
өркениет – цивилизация
тапсырыс – заказ
ұлан – гвардия
хаттама – протокол және т.б.
Біз бұл арада ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізген кезде
басқаларынан гөрі жиірек кездеседі-ау деген терминдерді ғана
алып отырмыз.
Сол сияқты соңғы кездері
ара-тұра қолданыла бастаған
автотұрақ – автостоянка
әлеует – потенциал
зымыран – ракета
мұражай – музей
процент – пайыз
сазгер – композитор
сынама – проба сөздерінің де келешегі кемел болар дегіміз
келеді.
Еліміз едәуір еркін тыныстап, қанатымызды қаймықпай қаға
бастаған бүгінгі таңда Ана тіліміздің бай, өрісі кең екенін қай
жағынан болса да дәлелдей алатын дәрежеге жетіп отырмыз. Ол
үшін шетел тілдерінен кейбір тілдерге аударылмай алынатын,
ал қазақ тілінде керемет баламалары табылған сөздерден бір
мысал келтірелік.
«Гонорар» (латын сөзі) мен
«горизонт» (грек
сөзі) көптеген тілдерде аударылмай алынады. Ал осы сөздердің
ана тіліміздегі баламалары
«қаламақы» және
«көкжиек» болып
алынып жүргенін жұрттың бәрі біледі. Тек бірен-саран шала
қазақтар болмаса, көпшіліктің құлағына сіңісіп те кетті. Мұндай
сәтті алынған баламалар тілімізде көп-ақ. Оның үстіне бұрынғы
кезде аударылмай алынып жүрген біраз сөздердің баламалары
табылып, тіліміз тазара түсті. Мысалы,
конфисковатъ –
тәркілеу,
оформление –
ресімдеу, изучение – зерделеу. Бұларды біз бұрын
«кәмпескелеу, хаттау, зерттеу» деп келгенбіз. Оның үстіне
«исследование» сөзін де «зерттеу» дейтінбіз. Енді, міне, бұл
сөздердің әрқайсысы өз орнында, дәл мағынасын беріп тұр деуге
болады.
Әлбетте шетел тілдерінен енген терминдердің бәрін беталды
аудару қиын іс әрі оның қажеті де жоқ деп ойлаймыз. Мысалы,