|
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар
|
Дата | 07.06.2022 | өлшемі | 2,55 Mb. | | #38862 | түрі | Сабақ |
| Потенциал және потенциалдар - Потенциал және потенциалдар
- айырымы.Электр өрісінің
- кернеулігі мен потенциалдар
- айырымының арасындағы байланыс.
- Конденсаторлар.
- Электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы потенциал және потенциалдар айырымы ,математикалық өрнектелуі туралы түсінік. Конденсатормен таныстыру, оның электр сыйымдылығы қандай шарттарға тәуелді болатыны және оның түрлері, қолданылуы туралы түсініктер беру.
Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі электростатикалық деп аталады. - A = Eп - E к . A / q = Eп1 / q – Eп2 / q мұндағы E / q = φ - өріс потенциалы деп аталады.
- U = φ1 - φ2 = Eп1 / q – Eп2 / q = A / q
- A = q * ( φ1 - φ2 ) = q * U
Оң зарядты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстырғанда, өріс атқаратын жұмыстың осы зарядқа қатынасын потенциалдар айырымы немесе кернеу деп атайды. - 1 - φ2 = A / q = U ,E = F / q , F = q * E ,A = F * d, U = φ1 - φ2 = A / q =
- F * d / q = qEd / q = E*d
- E = U / d [ E = 1 В / м ]
- Электр өрісінің кернеулігі қарастырылатын нүктелер арасындағы кернеудің олардың арақашықтығына қатынасына тең.
Конденсатор деп қалыңдығы өткізгіштердің өлшемдерімен салыстырғанда өте аз ,диэлектрик қабатымен бөлінген қосөткізгіштен тұратын денелердің жүйесін айтады. 1745 жылы Лейден қаласында неміс физигі Эвальд Юрген фон Клейст және голланд физигі Питер ван Мушенбрук тарихта ең алғашқы конденсатор – «Лейден банкасын» жасады. Сынап шыны ыдысқа салынған шегенің үлкен электр зарядын жинақтай алатыны байқалған.Мұндай конденсаторда сынап бір жапсардың ролін, ал ыдысты ұстап тұрған экспериментатордың алақаны екінші жапсардың ролін атқарған екен. Кейінірек астарлардың жапсарлардың екеуін де жұқа жезден немесе қорғасын қағаздан жасайтын болады. Конденсатордың электрсыйымдылығы деп конденсатор зарядының конденсатор пластиналары арасындағы потенциалдар айырымына қатынасымен өлшенетін физикалық шаманы айтады. Жазық конденсатордың сыйымдылығы пластиналардың S ауданы мен пластиналарды бөлетін ε диэлектриктің өтімділігіне тура пропорционал және пластиналардың d. арақашықтығына кері пропорционал - ε – диэлектрлік өтімділік
- ε0 =8,854*10-12 Ф/м-электр тұрақтысы,
- d- пластиналардың арақашықтығы (м),
- S- бірдей екі пластинаның біреуінің ауданы (м2).
Конденсаторлар катушка немесе резистормен бірге жиілікке тәуелді әртүрлі тізбек құрастыру үшін қолданылады (тербелмелі контур, кері байланыс тізбегі). Конденсаторды жылдам разрядтау кезінде үлкен қуатты импульс алуға болады(фото жарқыл, импульстік лазерде). Конденсатор электр зарядын көпке дейін сақтайтын болғандықтан электр энергиясын сақтаушы құрал ретінде қолданады (аккумуляторлар). Өндірістік электротехникада реактивті қуатты толықтыру үшін қолданылады. Конденсаторлар көп заряд жинақтай алатындықтан жапсарларындағы кернеу үлкен болады, сондықтан оны зарядталған бөлшекті үдету үшін де қолданылады. - Конденсаторлар катушка немесе резистормен бірге жиілікке тәуелді әртүрлі тізбек құрастыру үшін қолданылады (тербелмелі контур, кері байланыс тізбегі). Конденсаторды жылдам разрядтау кезінде үлкен қуатты импульс алуға болады(фото жарқыл, импульстік лазерде). Конденсатор электр зарядын көпке дейін сақтайтын болғандықтан электр энергиясын сақтаушы құрал ретінде қолданады (аккумуляторлар). Өндірістік электротехникада реактивті қуатты толықтыру үшін қолданылады. Конденсаторлар көп заряд жинақтай алатындықтан жапсарларындағы кернеу үлкен болады, сондықтан оны зарядталған бөлшекті үдету үшін де қолданылады.
- Конденсаторлардың қолданылуы:
- ГОСТ 2.728-74
- бойынша белгіленуі
| | | | | - Поляризацияланған конденсатор
| | - Айнымалы сыйымдылығы бар конденсатор
| - Электролиттік
- конденсатор
Электронды фото-жарқыл Тербелмелі контур Компьютер клавиатурасы
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|