Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет85/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   96

258
45  томы,  содан  кейін  55  томдық  толық  жинағы,  И.В.  Сталиннің 
еңбектері,  СОКП  Орталық  Комитетінің  Бас  хатшысы  Л.И. 
Брежневтің сөйлеген сөздері мен баяндамалары «Ленин жолымен» 
деген  атпен  9  том  болып  қазақ  тілінде  жарық  көрді.  Сондай-
ақ  Коммунистік  партияның  Бағдарламасы  мен  Жарғысы,  съезд 
материалдары,  мемлекет  және  қоғам  қайраткерлерінің,  көрнекті 
қолбасшылардың мемуарлары және т.б. материалдар қазақ тіліне 
аударылып шығып тұрды. Замана ағымымен бұл кітаптарға деген 
көзқарас қазіргі кезде басқаша сипат алып отыр. Қалай дегенмен 
де мұның өзі мемлекет пен халық тарихының белгілі бір кезеңіне 
жатады. Сондықтан оны ұмытуға болмайды.
Бір айта кететін жайт, 1960 жылдарға дейінгі аударма мен қазіргі 
аударманың  сапасында  және  терминдер  қолдану  тұрғысынан 
алғанда елеулі айырмашылық бар. Бірер мысал келтірейік. «Дети 
обоего  пола»  деген  сөйлем  бір  кезде  «Еркек-әйел  балалар»  деп 
аударылған (В.И. Ленин. Шығармалары, 29-том, 120-121-беттер. 
1960  жылы  шыққан).  Сол  кезеңде  үгіт-насихат  құралы  ретінде 
жарық  көрген  саяси  оқулықтардың  бірінде  «масса  вопросов» 
деген сөз тіркесін «сұрақтар бұқарасы» деп, «когда дело пущено 
на самотек» деген сөйлемді «іс самотекке ұшыраған жерде» деп 
аударған  кісілер  де  болған.  Ал  қазіргі  кезде  мұндай  аударманың 
кездеспейтіні  хақ.  Өйткені  сауатты  жандар  көбейді,  ой-өріс 
кеңейді, жан-жақты білім алған жастар жетілді.
Сол бір кезеңдерде саяси сауаты, білімі жеткілікті аудармашылар 
көп бола қоймаса да қоғамдық-саяси әдебиеттер жиі аударылатын. 
Аударманың аты аударма. Ол жетіле береді, сапасы барған сайын 
жақсара  түседі.  Сондықтан  сол  кездегі  аударманың  дәреже-
деңгейін біршама анықтау мақсатында бірнеше мысал келтірелік. 
Түпнұсқаны  түсінбей  қате  аударылғандықтан,  мағынасы  өзгеріп 
кеткен немесе орашолақ, шұбалаңқы болып шыққан сөйлемдерге 
талдау  жасап  көрелік.  Бұл  мысалдар  «қырғи-қабақ  соғыс» 
(«холодная  война»)  дәуірінде  Мәскеуде  шыққан  «Секреты 
секретных служб» деген кітаптан алынған:
1. «Мадридский корреспондент Пренса Латины» деген сөйлем 
аударған кезде «Мадрид тілшісі Пренса Латина» болып шыққан. 
Бұл  жерде  әңгіме  әлемдегі  аса  ірі  агенттіктердің  бірі  –  Пренса 
Латина  агенттігінің  Мадридтегі  тілшісі  жайында  болып  отыр. 


259
Ендеше  бұл  сөйлем  «Пренса  Латинаның  Мадридтегі  тілшісі» 
немесе  «Пренса  Латинаның  мадридтік  тілшісі»  деп  аударылуы 
керек еді.
2.  «Не  менее  сотни  миллионов  погубленных  человеческих 
жизней» деген сөйлем «Құртылып жіберілген кемінде жүздеген 
миллион адам өмірі» деп аударылған. Ал тілді жетік білетін жан 
мұны  қыршынынан  қиылған  жандар,  құрбан  болған  боздақтар 
деп алған болар еді. 
3.  «Европейский  дом  стал  тесным  и  огнеопасным  до 
крайности»  –  «Европада  қазір  үй  тар,  сондықтан  ол  өрттен 
өте қауіпті» деп аударылыпты. Бұл сөйлемді талдап жатудың өзі 
күлкілі. Біріншіден, сөзбе-сөз, екіншіден, қате аударылған. Мұның 
мағынасы Еуропа аумағы тарылып, мейлінше қауіпті болып отыр 
деген мағынада ғой. 
4.  «Захвачено  большое  количество  оружия  и  боеприпасов»  – 
«Қару-жарақ  пен  оқ-дәрінің  үлкен  көлемі  қолға  түсті».  Мұны, 
мәселен,  «Мол  қару-жарақ  пен  оқ-дәрі  қолға  түсті»  дей  салуға 
болмас па еді?
5.  «Половина  сотрудников  разбросаны  по  разным  странам 
мира» – «Қызметшілердің жартысы дүние жүзінің түрлі елдеріне 
пышыратып қойдай жайып жіберілген».
Ал керек болса! «Бояушы бояушы дегенге сақалын бояйдының» 
кері! Және бұл мысал мұндай аударма кімге керек деген сұрақтың 
нақты  жауабы  бола  алады.  Апырм-ау,  сауатты  адам,  тілге  жаны 
ашитын,  оқырманды  сыйлайтын  азаматтың  осылай  жасауы 
мүмкін  бе?  Жоқ,  олай  болуы  мүмкін  емес  деп  ойлаймыз.  Бұл 
немкеттіліктен,  немқұрайдылықтан,  әйтеуір  тамыр-таныстықпен 
баспадан кітап алып аударған болып, нан жеудің амалы. Мұндай 
жәйттер  баспалардың  тарихында  кездесіп  тұратын  процесс. 
Ал  шикілі-пісілі,  күлді-көмеш,  боркемік  аудармалар  баспа 
редакторларына  үлкен  ауыртпалық  түсіреді.  Сондықтан  мұндай 
аудармаларды бастан аяқ қайта жасап шығуға тура келеді. Мынау 
әлгі  сөйлемнің  редакцияланған  нұсқасы:  «Қызметкерлердің 
жартысы әлемнің түрлі елдеріне тарап кеткен». 
6. «Однако Советский Союз выстоял, стоит и будет стоять» 
деген сөйлемнің аудармасы былай болып шыққан: «Алайда Совет 
Одағы қасқиып төтеп берді, ол сол қасқиған күйінде қалт етпей 
бүгін де, ертең де тұра береді».


260
Осы сөйлемді талдап көрелік. Орысшасы 8 сөзден тұрады, ал 
аудармасы 18 сөз болып шыққан. Бұл – бір. Екіншіден, қазақшасы 
ішектей  шұбатылып  жатыр.  Сөйлемнің  ұзын-ырғасы  езу 
тартқызбай қоймайды. «Қасқиған» деген сөз адамға айтылмайтын 
ба еді? Сонан соң «бүгін де, ертең де» деп қосудың қажеті қанша? 
Орысшасын қайта бір оқиық. «Однако Советский Союз выстоял, 
стоит  и  будет  стоять».  Осындағы  «выстоял»,  «стоит»  деген 
сөздерді бір-бір сөзбен қазақшалаудың қиын екендігі рас, дегенмен 
ықшамдап  аударуға  әбден  болар  еді.  Мысалы,  «Алайда  Кеңес 
Одағы төтеп берді, төтеп беруде және төтеп берері хақ» деген 
сияқты.
Енді күнделікті шығып жататын газет-журналдардан, кітаптар 
мен кітапшалардан алынған мысалдарға кезек берелік.
1.  «Новый  трудовой  рекорд  установили  строители»  – 
«Құрылысшылар жаңа еңбек рекордын орнатты» деп аударылған. 
Сөз мағынасы тұрғысынан алғанда рекорд орнатылмайды, рекорд 
жасалады. Сондықтан бұл сөйлем «Құрылысшылар еңбекте жаңа 
рекорд жасады» деп аударылуы керек.
2.  «В  этом  некогда  богом  забытом  краю»  деген  сөйлемді 
аудармашы мән-мағынасын түсінбегендіктен, «Осынау бағзы бір 
кезде құдайдың да назарына ілікпеген өлкеде» деп жіберіпті. Бұл 
арада  әңгіме  жан  баспаған  құла  дүз,  қу  медиен  жайында  болып 
отыр ғой. Ендеше ол «Адам аяғы баспаған құла дүз» немесе «Жан 
баспаған қу медиен», т.т. болуы керек еді.
3.  «В  первую  очередь  следует  навести  порядок  в  области 
землепользования,  покончить  с  фактами  разбазаривания  и 
хищнического отношения к земле» – «Ең алдымен жерді пайдалану 
саласында  тәртіп  орнатып,  жерді  талан-таражға  салу  және 
жерді аздыру фактыларын біржола жою керек». 
Бұл сөйлемде «жерді» деген сөз үш рет қайталанады, сонан соң 
жерді аздыру деп емес, тоздыру деп алу керек. Өйткені адам азады, 
жер тозады деп айтылады емес пе?
4. «Потрясенная до глубины души, девушка сначала написала 
об этом страстную статью и отправила в Индию» – «Жанының 
тереңіне дейін тітіркенген қыз бұл туралы алдымен жан ұшыра 
мақала жазып, оны Индияға жіберді».
Бұл сөйлем қай жағынан алғанда да (мағыналық, стилистикалық 
жағынан)  дұрыс  аударылмаған.  Бұл  –  бір.  Екіншіден,  Индияның 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау