261
Үндістан деп жазылатыны баршаға белгілі. Сол себептен де
мұны «Жаны қатты күйзелген қыз алдымен бұл жайында жүрек
тебірентер мақала жазып, оны Үндістанға жіберді» десек әрі
жатық әрі қазақша болып шығар еді.
5. «Лишь по счастливой случайности» – «Бақытты
кездейсоқтыққа байланысты ғана...»
Мұндағы көзге ұрып тұрған орашолақтық айтпаса да түсінікті.
«Бақытты кездейсоқтығы» несі? Қазақ мұндай жағдайды
«Сабақты ине сәтімен дегендей» немесе «Істің сәтін салайын
десе» деп айтады ғой.
6. «Пожар в системе электроснабжения» – «Электрмен
жабдықтау дүниесінде болған өрт». Мұндағы «жүйесінде» деп
алынуы керек сөз «дүниесінде» болып кеткен.
7. «Он с детства свободно владеет русским, немецким и
казахским языками» – «Ол орыс, неміс және қазақ тілдерін бала
жасынан бастап толық меңгерді».
Осындағы «свободно владеет» деген тіркес «толық меңгерді»
деп қате аударылған және «бала жасынан бастап» деген тіркесті
сәтті алынған деу қиын. Дұрысы: «Ол жастайынан орыс, неміс
және қазақ тілдерінде еркін сөйлейді» болу керек.
8. «Вдвойне дорога для него эта книга» – «Бұл кітап ол үшін
екінші жағынан да қымбат» деп аударылған. «Бұл кітаптың оған
аса қымбат болатын жағы да бар» десе жатықтау шықпас па еді?
9. «Еще в школе состоялась первое знакомство с произведениями
известного поэта в подлиннике, как в прочем и со стихами
Пушкина и Гете» – «Белгілі ақынның қазақ тілінде жазылған
өлеңдерімен мектепте оқып жүрген кезінің өзінде-ақ алғаш рет
танысқан болатын. Сондай-ақ Пушкин және Гете өлеңдерімен де
осы тілде танысты».
Мүлдем қате аударылған әрі шұбалаңқы болып шыққан. Әңгіме
бір белгілі ақынның шығармаларын, сондай-ақ Пушкиннің,
Гетенің өлеңдерін алғаш түпнұсқадан оқып танысқаны жайында
болып отыр. Сондықтан «Белгілі ақынның шығармаларымен,
сондай-ақ Пушкин мен Гетенің өлеңдерімен түпнұсқасынан алғаш
мектепте жүріп танысқан болатын» десе түсінікті болар еді.
10. «В старших классах почувствовал увлечение к чтению
национальной литературы» – «Аға кластарда оқи жүріп, ұлт
әдебиеттерін оқуға құныққанымды сезе бастадым».
262
Осындағы «аға кластар» дегені «жоғарғы сыныптар», ал
«ұлт әдебиеттері» – «ұлттық әдебиет» емес пе? Сондықтан бұл
арада дұрысы «Жоғарғы сыныптарда ұлттық әдебиетті оқуға
құмарлығын сезінді» болуы керек.
11. «Мне хочется сказать спасибо своей учительнице Назкен
Канаевой» – «Мен өзімнің оқушым Назкен Қанайқызына рахмет
айтқым келеді». Мұндағы өрескел қателік – түпнұсқадағы
«учительница» деген атау аудармада «оқушы» болып кеткен.
Сөйтіп мәтіннің мағынасы мүлдем өзгеріп шыға келген. Дұрысы:
«Мен өзімнің мұғалімім (немесе ұстазым) Назыкен Қанайқызына
рахмет айтқым келеді» деуі керек еді.
12. «Народ Пенджаба продемонстрировал редкое единство в
борьбе против терроризма и отпоре провокациям» – «Пенджаб
халқы терроризмге қарсы күресте және ... арандатуларға тойтарыс
беруде бірлікті сирек көрсетті» деп алыныпты.
Бұл сөйлемді бүлдіріп тұрған – «бірлікті сирек көрсетті»
деген тіркес. Ал шынтуайтында орысшасындағы біз астын сызған
«редкое единство» деген тіркес бұл арада бір «кісідей жұмылып»
деген мағынаны білдіреді. Ал аудармадағы «бірлікті сирек
көрсетті» деген тіркес мүлдем кері мағынада алынған. Сондықтан
бұл сөйлем «Пенджаб халқы лаңкестікке қарсы күресте және
арандатуларға тойтарыс беруде бір кісідей жұмылып топтаса
түсті» болуы керек.
13. «По пути наименьшего сопротивления» – «Мейлінше аз
қарсылық көрсету жолымен». Бұл да дәл жоғарыдағыдай қалай
болса солай аударыла салынған нәрсе. Сәл де болса ойланған кісі
мұны «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» деп алған болар еді.
14. «Животные при благоприятной погоде содержатся на
открытом воздухе, это очень важно для их роста» – «Мал
қолайлы ауа райы жағдайында ашық ауада бағылады, мұның өзі
олардың өсуі үшін өте маңызды». Тіл білмеушілік, тіл бұзарлық
деген осындай-ақ болар, сірә. Әйтпесе қай қазақ «мал ашық ауада
бағылады» дейді? «Мал өріске айдалады» немесе «Мал өз аяғымен
жайылады» демеуші ме еді?
15. «Работа над этим проектом...» – «Бұл жобаның үстіндегі
жұмыс». Осындай аудармаларды оқығанда не күлеріңді, не
жыларыңды білмейсің. Мұны тілге жаны ашымаған адамның ісі
263
деп білу керек болар, сірә. Әйтпесе, «жобаның үстіндегі» деген не
сөз? Жай ғана «Бұл жобаның жұмысы...» деген сөз емес пе?
16. «Казахстан и Белоруссия ... каждая по своему героические
республики» – «Қазақстан мен Белоруссия ... әрқайсысы өзінше
қаһарман республикалар...»
Осындағы «өзінше» сөзі басқаша бір реңк беріп тұр. Өйткені,
ауыз-екі сөйлескенде «өзінше әлдеқандай болады» деп біртүрлі
кекесінмен айтылады емес пе? Осы жерін «өзіндік ерекшелігі бар»
десек, түпнұсқаға қиянат жасалмас еді.
17. «Мы проявляем серьезную заинтересованность» – «Елеулі
түрде мүдделік білдіреміз» деп сөзбе-сөз аударылыпты. Мұны
«Біз бұған барынша мүдделі болып отырмыз» деп қазақшалау
керек еді.
18. «Ангола заняла ныне достойное место в рядах
прогрессивных африканских государств» – деген сөйлем «Ангола
қазір прогресшіл Африка мемлекеттерінің қатарынан лайықты
орын алып отыр» деп аударылған. Африка континентін түгелдей
прогресшіл деуге бола коймас. Бұл арада әңгіме Африканың
прогресшіл мемлекеттеріне қатысты айтылып отыр. Сондықтан
«Ангола қазір Африканың прогресшіл мемлекеттерінің қатарынан
лайықты орын алып отыр» деген жөн болар еді.
19. «А жизнь учит, что инициатива, обреченная на самотек,
глохнет, замирает» – «Ал самотекке ұшыраған бастаманың үні
өшіп, құрып бітетінін өмір көрсетіп отыр». Ал керек болса!
«Самотекке ұшыраған» деген қандай аударма? «Іс бетімен
жіберілген жерде бастаманың үні өшіп тынатынын өмір
көрсетіп отыр» десе бір сәрі.
Енді қазақ тілін шұбарлайтын аудармадан бірнеше мысал
келтірелік. Бұларды талдап, қателерін шығару, оқыған жұрт
түсінетіндей етіп редакциялау жалпы оқырмандар үшін пайдалы
болады әрі аударма ісімен айналысқысы келетіндердің тәжірибе
жинақтауына көмектеседі деп ойлаймыз. Бұл мысалдар
«Переписки семьи Ульяновых» деген кітаптан алынды:
1. Когда о нем говорит весь мир... – Ол бүкіл дүние жүзінің
аузында отырғанда ...
Дұрысы: Ол туралы бүкіл әлем сөз етіп отырғанда...
2. Как известно, в подзаголовке написано: «Из искры возгорится
Достарыңызбен бөлісу: |