206
және т.б. Аталғандар ресми құжаттардың барлығында дерлік
активті пайдаланылады.
Бұған байланысты атап өтетін жайттар мыналар: ең алдымен,
ресми құжаттар тілінде интернационалдық терминдер қазақша
баламасы болмаған жағдайда іріктеліп қолданылады. Бұл –
екіншіден. Ресми құжаттар тілінде өзге тілден тікелей сөз қабылдау
ісінде айтарлықтай қарқындылық байқалмайды. Дегенмен, 1990-
94 жылдар аралығындағы нормативтік актілер тілінде өзге тілдік
терминдер үшін бір мәртелік қолданыстарда, семантикалық
сәйкестік принципіне үйлеспейтін қазақша баламаларды
пайдалану, байқап көру процесі болса, соңғы жылдардағы ресми
мәтіндерде саралаушылық бағыты басым; яғни ресми құжатты
дайындаушылар белгілі бір интернационалдық терминнің
баламасын беруге саналылықпен қарайды. Бұл «заимствования …
свидетельствует об открытости лексической системы, что в свою
очередь служит законом ее жизнеспособности. На дальнейших
этапах эволюции язык отторгнет избыточные элементы», - [72,
261-б.] деген көзқарасқа толық сәйкес келеді.
Статистикалық тұрғыдан қарағанда, ресми-іскери мәтіннің
шамамен 25-30 пайызын интернационалдық терминдер құрайды.
Бірнеше мысалдар келтірелік.
1. Заң қызметі департаменті (Қ.Әбдіхалықов) және Мемле-
кеттік бюджет департаменті (Б.Сұлтанов) осы бұйрықтың
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін қамтамасыз етсін.
(Нормативтік-құқықтық актілер бюллетені, 20.2002, 5-б.)
Барлығы – 17 сөз, оның ішінде интернационалдық термин – 5
лексикалық единица.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Жарлығында,
дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына
сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетін
тауарларға, валютаға және тұлғалардың заттарына кедендік
бақылауды жүзеге асыру…
(Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволары
нормативтік актілерінің бюллетені, 1-2, 1997, 55-б.).
Барлығы – 33 сөз; оның ішінде интернационалдық терминдер –
8 лексикалық единица.
207
Ресми құжаттар тіліндегі интернационалдық терминдер
қолданысы бойынша түйінделетін тұжырым – біріншіден,
көрсетілген құрам ресми құжаттардың тілінде қажетті элементтер
болып саналады; өйткені олар экстралингвистикалық фактор үшін,
яғни екі тілдегі мәтіннің заң күшінің бірдей екендігін жоғары
дәрежеде сақтау үшін, ресми-іскери стильдің жіктемелік белгісі –
дәлдікті сақтау үшін айрықша қажет.
Екіншіден, ресми құжаттардағы интернационалдық термин-
дердің көрінісі қазақ әдеби тілі лексикасының дамуында бұл
мәселеге саналылық, сұрыптаушылық көзқарастың қалыптасып
келе жатқандығын көрсетеді.
Айрықша қызығушылық туғызатын жағдай – қазақ тілінің өз
потенциалдық ресурстарының термин ретінде қолданысқа түсуі.
Ресми мәтіндердің терминжасамдағы ықпалды рөлін көрсету
мақсатында бірнеше құжаттардың тіліне толық талдау жасаймыз.
1. «Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволары
нормативтік актілерінің бюллетенінде» (№3, 1994) қазақ тілі
лексикасының терминделуі мынадай сипатта көрінді:
Әділет – Әділет министрлігі (Министерство Юстиции);
мүдде – заңды мүдде (законный интерес); құзыр – ведомство
құзыры (компетенция ведомства); зерделеу – қосымша зерделеу
(дополнительное изучение); тізілім – реестр, сілтеме – ссылка;
жекешелендіру – приватизация; бағдарлама – программа;
меммүлікком – госкомимущество; өтінім – заявка; мемпакет
– госпакет; мемменшік – госимущество; тапсырыс – заказ;
мекенжай – адрес; нысан – форма; тізбе – перечень; есепшот –
счет; төлем – оплата; хаттама – протокол; мәміле – сделка;
айыппұл – штраф; ағымдағы субшот – текущий субсчет;
дерек – сведение; төраға – председатель; бастапқы баға –
первоначальная цена; соңғы құн – окончательная стоимость;
мұралану – өмірлік мұраланатын иелік құқы (право пожизненно
наследуемого владения); жерге орналастыру – землеустройство;
сызылма – чертеж; иесіздендірілген құқық – отчуждаемое
право; бап – статья; әрекет қабілеттілігі – дееспособность;
жинақтаушы – накопительный; зейнетақы – пенсия; нұсқаулық
– инструкция; торлы жабылма – вентиляционные короба;
құндылық – ценность; тексеру пунктінің шоғырландырғышы
208
– концентратор контрольно-пропускного пункта; әкімшілік
– администрация; тетік – кнопка; тежегіш – педаль; ілмек –
запоры; қатырғыш – пломбы; бақылау құлыптары – контрольные
замки; көтерме тиеу – оптовая отгрузка; рұқсат қағаз – пропуск;
қорғанша (биіктігі 1,8 м. кем емес қорғанша) – ограждение
(ограждение высотой не менее 1,8 м.); тіке сым – прямые
проводы; автокөлік – автотранспорт; сараптама бақылау –
пробирный надзор, сынама – проба; сараптау бюросы – бюро
экспертизы; растау – потверждение; тетік – механизм; дара
есептік нөмірі – индивидуальный номер; сипаттама – описание;
қайта жаңғыртылған – реставрированный; таразы және әртүрлі
өлшеуіш құралдар – весы и разновесы; тізімдеу – инвентаризация;
қатаң сәйкестілік – строгое соответствие; бағыныштылық
– подчинение; ағаш көгі – древесная зелень; мәдени сауықтыру
– культурное оздоровление; кешен – комплекс; заңды тұлға
– юридическое лицо; зақымдану – повреждение; өкілетті
орган – полномочный орган; негіздеме – обоснование; өтінім –
заявка (ұзартуға өтінімнің болмауы) – (отсутствие заявки на
продление); көркейту, аңшылықты көркейту – охотоустройство;
құжаттама – документация; дара тұлға – физическое лицо;
басымдық – приоритет; жағдаят – ситуация, өмірлік жағдаят
– жизненные ситуации; кепілдендіру – гарантированный; кеңесші
– советник;
2. «Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволары
нормативтік актілері бюллетенінің» келесі нөмірінде (1-2, 1997)
қазақ терминдерінің жай-күйі төмендегідей:
санат – категория; нұсқаулық – инструкция; Сыртқыісмин –
Министерство иностранных дел; құжат – документ; қызметтік
виза – служебная виза; пошта – почта; жеделхат – телеграмма;
тағылымдама – стажировка; құжаттарды ресімдеу – оформление
документов; деректеме – данные, паспорттық деректемелер
– паспортные данные; өкілдік – представительство; қолданыс
мерзімі – срок действия; көпмәртелік виза – многократные визы;
атаулы тізім – именной список; тек – фамилия; жапсырма –
наклейка; мәтін – текст; түпнұсқа – подлинник; иесіне тиесілігі
– принадлежность хозяину; кеден – таможня; алым – сбор;
акциздік алым – акцизный сбор; еркін айналыс – свободный
Достарыңызбен бөлісу: |